Пайғамбар ﷺ өмірбаяны, 22-дәріс: Мадинаға сапар 1. Ұстаз: Омар Теміртас

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 20 окт 2024
  • 1. ҺИЖРА
    Мүшіріктер мұсылмандардың әйел-балалары мен мал-мүліктерін алып Мадинаға кетіп жатқанын көргенде, жүректерін мазасыздық жаулап, пайғамбарлықтың 14-жылы сафар айының 26-жұлдызында осыған қарсы шара қолдану үшін барлық рулар болып өздерінің мәжіліс үйіне кездесуге жиналды. Бұл кездесуде барлығы бірауыздан ислам дағуатының туын ұстаған пайғамбарды ﷺ тез арада өлтіру керек деген шешімге келді. Осындай әділетсіз шешім қабылдағаннан кейін Жибрил періште Раббысының оған Меккені тастап шығуға рұқсат бергенін хабарлайды. Сонда Алла елшісі ﷺ өз төсегіне Алиді қалдырып, досы екеуі Меккенің оңтүстігіндегі Йемен бағытындағы жолмен кетті. Осы жолмен бес мильдей жүріп, Сәуір деп аталатын таудың үңгіріне аялдады. Сол кезде құрайыштар Меккеден шығатын барлық бағыттағы жол тараптарына бақылау орнатып, қарулы күзет қойды. Сондай-ақ ол екуінің кез келгенін тірідей не өлідей ұстап әкелген адамға жүз түйе сыйақы тағайындады. Алайда бұл шаралары да сәтсіздікке ұшырады.
    Қуғыншылар мен күзетшілердің іздестіру жұмыстары тоқтап, үш күндік қызу қуғыншылықтан ешқандай нәтиже көрмеген құрайштықтардың екпіні басылған кезде Алла елшісі ﷺ, Әбу Бәкр және оның қызметшісі Амир ибн Фуһайра болып Мадинаға сапарға шықты. Олар жол көрсетуші ретінде сол кезде қурайштықтардың дінінде болған Абдулла ибн Ұрайқит есімді кісіні жалдап алды. Төртеуі теңіз жағалауындағы жүргіншілер сирек жүретін жолмен Мадинаға тартып кетті.

Комментарии • 15