Бердібек Сапарбаевтың соңғы сұхбаты 22.04.2023

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 5 окт 2024
  • Белгілі мемлекет және қоғам қайреткері, QazBioPharm ұлттық холдингі директорлары кеңесі төрағасы Бердібек Машбекұлы Сапарбаев 70 жасында дүние салды.
    Бердібек Машбекұлы 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында туған.
    1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді.
    Экономика ғылымдарының докторы, профессор.
    Еңбек жолы:
    Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысы (1969-1971 жылдары);
    әскери қызметін өткерді (1971-1973 жылдары).
    Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары (гострудсберкассы) басқармасында экономист (1977);
    ҚазКСР Қаржы министрлігінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары (1977-1988 жылдары); жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, Бас экономика басқармасының бастығы;
    Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары (1988-1993 жылдары);
    Президент Аппараты бөлімі мен Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті меңгерушісінің орынбасары (1993);
    Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Істер басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі (1994-1995 жылдары);
    Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Аппаратының басшысы (1995);
    Қызылорда облысының әкімі (1995-1999 жылдары);
    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (1999-2002 жылдары);
    Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі - Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2002-2006);
    Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкіметтің Өкілі (2006-2007);
    Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі (2007 жылы ақпан - 27 тамыз):
    2007 жылдың тамызынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
    2009-2014 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының әкімі;
    2014-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
    2015-2019 жылдары - Ақтөбе облысының әкімі;
    2019 жылдың ақпан-тамыз айларында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
    2019-2020 ж. ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары:
    2020-2022 жылдары Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды.
    «Құрмет» (1999), «Парасат» (2007) ордендерімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.
    Бердібек Сапарбаев 2022 жылдан өмірінің соңына дейін QazBioPharm ұлттық холдингі директорлары кеңесі төрағасы болды. Осы лауазымда жүріп Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласының іргесін бекітуге өлшеусіз үлес қосты.
    Бердібек Мәшбекұлы өміріндегі соңғы сұхбатында COVID-19 инфекциялық вирусы туғызған пандемиядан қалай сабақ алдық, QazBioPharm ұлттық холдингі не үшін құрылды, биологиялық қауіпсіздік саласына маман даярлаудың өзектілігі, ғылым қаржыландыру, OtarBioPharm зауытының маңызы, аталған зауытқа жас кадрларды тарту үшін қандай іс-шаралар атқарылуы керек екені туралы көлемді сұхбат берген еді. Назарларыңызға сол сұхбаттың үзіндісін ұсынамыз.
    Бердібек Мәшбекұлының отбасына, туған-туыстарын, дос-жарандарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Комментарии • 44

  • @МаксатМадимаров-в8в

    Елге,жұртқа жаны ашитын азамат еді,өте қарапайым кісі,менімен бірге суретке түсіп,қалдарыңыз қалай деп сұраған,жиналыста нақты тапсырмалар беретін, иманы саламат болсын, топырағы торқа болсын

  • @daursanders4718
    @daursanders4718 Год назад +4

    Жаныңыз жәннатта болсын ел ағасы, халықтың әкімі аға 🤲🤲

  • @Пакимоннурай
    @Пакимоннурай 3 месяца назад +2

    Жаны жаннатта болсын. Жақсы кісі еді

  • @ЖамигаКасенова
    @ЖамигаКасенова Год назад +1

    Жаныңыз жәннатта болсын! Әттегені ай көп Өскеменде тағы бірнеше жыл отырғанда Маралды да емдік шөптер өте көп, бұрындарда ауданда қабылдайтын орталық бар еді. Қазір жерін қопарып алтын қазғыш жауыздар түгін қалтырмауда. #Маралдыэкология.

  • @ШынарСламулы
    @ШынарСламулы Год назад +5

    Алла рахымына алсын

  • @Рауан-н9д
    @Рауан-н9д Год назад +6

    Халық 90 паиізі біледі, Қазақ халқының жанашыр және іскер, кісі екенін біледі, көкеміздің жәні жәнәтә болсын ағайындар, Аумин...

  • @ТолкынМустафаева
    @ТолкынМустафаева Год назад +1

    Иманды болсын! Керемет азамат еди

  • @гулсимрахимовна
    @гулсимрахимовна Год назад +10

    Әліде берері көп еді,осындай жанашыр,тәжірибелі азаматтар мемлекетке керек-ақ еді.Ағамыздың жаны жәннатта болсын!

  • @КонабайИргалиев
    @КонабайИргалиев 2 месяца назад

    Нағыз енбекқор бердыбек

  • @AskarIzteleuov-fy4em
    @AskarIzteleuov-fy4em Год назад +8

    Жаны жәннатта болсын. Алла күнәларын кешіре көрсін.

  • @ТайрханКарсакбаев

    Тек ақтөбе емес шымкентке де сіңірген еңбегі елеулі болды шымкент төмендеп кеткенде аяғынан тұрғызды алла алдынан жарылқасын бауырым

  • @КуанышМырзабеков-ъ1м

    Жаксы Адам жаткан жери жайлы болсын

  • @КуанышМырзабеков-ъ1м

    Жаны Жаннатта болсын

  • @ЖанылсынНурлаева-ч9г

    Елге укиметке жумыс жасамады емес жасады колыинан келетин азамат

    • @ЖанылсынНурлаева-ч9г
      @ЖанылсынНурлаева-ч9г Год назад

      Жаманатты да болды елге болсын деген азамат озинин колыннан келгенин жасады иманды болсын артындагы семьясы аман болсын балдары озиндей болсын

    • @ЖанылсынНурлаева-ч9г
      @ЖанылсынНурлаева-ч9г Год назад

      Жаткан жери жайлы болсын елді тусінетин колынан іс келетин азамат елі кеткен азаматтын артыннан алды жарык болсын деген жаксы сөз айтам

  • @ЖеңісбекСейілхан
    @ЖеңісбекСейілхан Год назад +2

    айта береды
    өтыз жылда қайда қалды

  • @АбдималикКайназаров

    Ағамыздың әр бір айтқан ақыл кеңесі тайға таңба басқандай еді.Алла тағала талант пен қоса білім,біліктілік, ақыл парасат, кемеңгерлік барлық биіктік жоғары жағдайда болған керемет жан еді. Алла алдынан жарылқасын.

  • @ГульнарТашимова-б9ш

    30 ЖЫЛ КАИДА КАРАП ЖУРДИН КАЛКЫНДЫ ОИЛАМАИ ИТКЕ КОНИЛ АИТКАН СЕНИ КИМ ДЕСЕК БОЛАДЫ ЕНДИ АКЫЛСЫП ОТЫРСЫН ЖЕП ЖЕП ТОИЫП КЕТИНГОИ ОЛ ДУНИЕДЕДЕ СУРАУЫН БЕРИП ЖАТКАН ШЫГАРСЫН

    • @Nazar_kz
      @Nazar_kz Год назад

      Ой Алла! Нағыз иманды адамдар өз ұлын өлтіргенді де кешіріп, өлтірген адамға іші қанжылап тұрсада, "саған иман берсін, Алла күнәңді кешсін, мен сені кештім" деп айтып жатады. Сізге жол болсын. Недеген санаңыз төмен адам едіңіз. Өмірден өтіп кетті, бұл коментті жазғанша үндемей ақ қоймадыңызба. Тәкәппарлығыңыз коменттен көрініп тұрғой. Алла сізге хидаят берсін. Өзіңіз үшін уайымдаңыз. Қашан кетерімізді бір Алла біледі. Алла атынан үкім айтпаңыз. Мүмкін оның күнәлерін кешірген болар білмейсізғой. Өзіңіз бұданда ауыр күнәмен өмірден өтіп кететініңізге де ешқандай кепілдік жоқ. Соны саралап ойланыңыз...

  • @СандугашКусайнова-л2к

    Иманды болсын!Жатқан жері жайлы болсын ,көрінген көшесінен жарылқасын .🤲 Қазағымыздың осындай азаматтары көп болса екен .Жаныашар халқына .

  • @СерикНурденов
    @СерикНурденов Год назад +5

    Жатқан жері жайлы болсын.

  • @user-bo4ws2qz4i
    @user-bo4ws2qz4i Год назад

    Каудаи жазаңды бери.Олип тындын.

  • @СабитКошеков
    @СабитКошеков Год назад +3

    Агамыздын жаткан жери жайлы топырағы торка болсын жаксы киси еди алла куналарин кеширсин алла мйирине алсын

  • @ЖакыпКабылов
    @ЖакыпКабылов Месяц назад

    Калай жаксы ргамытон сойлейды кагазга карап оыкымай кобысы арыптеп окып турады мына кысынын барлыгы басында миымен айтып тур

  • @ОоБб-к9ц
    @ОоБб-к9ц Год назад +3

    Иманды болсын.., мына кісі бауырдан қайтыс болған сияқты, себебі байқап жүрмін, бірден тері ауруына ұшырап кетті, ол деген сөз бауыр дұрыс жұмыс атқаралмаған.

  • @kazaxkazax9560
    @kazaxkazax9560 Год назад +4

    АЛЛАҺЫМ ЖАНЫНЫЗ ЖӘННАТТА БОЛСЫН АҒА

  • @ЛазатКажанова
    @ЛазатКажанова Год назад +1

    Жаныңыз жәннәттә болсын. Солтүстік өңірден. 🤲🤲🤲

  • @Mira-kb5mi
    @Mira-kb5mi Год назад

    Жақсы ит өлігін көрсетпейдыдейтынеды.Өлдыңбе қараңды батырсай.

  • @КуанышМырзабеков-ъ1м

    Иманды болсын!

  • @Айша-ч4г
    @Айша-ч4г Год назад +2

    Осы маселені баяғыдан біледіғои
    Енді кеш қалды ерте оиланған екен ағамыз
    Арты жақсы болсын

  • @Aluk-uk2gs
    @Aluk-uk2gs Год назад

    Омирден кайтса

  • @КуанышМырзабеков-ъ1м

    Агамыз коп кызымет жасады

  • @Aluk-uk2gs
    @Aluk-uk2gs Год назад

    Сенбеймін ештенеге

  • @qazaq.bilsin
    @qazaq.bilsin Год назад +2

    Фура айдайтын жігіттерге сұрақ. 2000 жылдары қалай еді қазір қалай ? Жолда гайге отметка дегендей

  • @ДаниярАскарулы-р2н

    Рухы пейіште шалқысын!

  • @albiaibi
    @albiaibi Год назад

    🤡🤡🤡

  • @Светлыйпуть-ф2у
    @Светлыйпуть-ф2у Год назад +1

    В О Р С У Л Т А Н , ОНБАҒАН ЕЛДЫ Т....

  • @КуанышМырзабеков-ъ1м

    Жаны Жаннатта болсын

    • @makostamakos695
      @makostamakos695 Год назад

      Аганын жаткан жери жайлы болсын топырагы торка болсын Балашагасы аман болсын ендиги жерде Алла жылатпасын ешкимди балдарын бакытты болсын отте жаксы киси талай жумысты аткарды кай жерде ЧП БОЛСА СОЛ ЖАККА АЛЫП КЕТЕ БЕРДИ ОСЫ КИСИГЕ КООП РАХМЕТ ТАЛАЙ ЖУМЫСТЫ АТКАРДЫ БЫЛЫКПАЙ ЖЕРДИН БАРИН ЖАКСЫ БАГАМЕН АТКАРДЫ БИЛМЕСЕНДЕР ОЛГЕН АДАМДЫ ЖАМАНДАМАЙ БЕРМЕНДЕР АКЫЛЫ КООП КИСИ 19 96 ЖЫЛДАРЫ ХАЛЫКТЫН ЖАГДАЙ НАШАРЛАП КЕТКЕН КЕЗДЕ ОСЫ КИСИ КРИЗИСТЕН АЛЫП ШЫККАН ЕДИ ОТТЕ ЖАКСЫ АДАМ ЕДИ КАЛАЙ УМЫТУГА БОЛАДЫ ЖАКСЫ ЖАГЫ КООП БОЛДЫГОЙ КЕЗИНДЕ РАХМЕТТЕН БАСКА АЙТАРЫМ ЖОК БУЛ КИСИГЕ