Қош кермиық келіншек -Толғанбай Сембаев

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 14 май 2022
  • Қош кермиық келіншек -Толғанбай Сембаев

Комментарии • 12

  • @berikshirak5539
    @berikshirak5539 Год назад +4

    Қош, кермиық Келiншек, ерке күлген,
    Менi ұмыт,
    Бақытты бол еркегiңмен.
    Махаббат кеудемдегi көзiн жұмсын,
    Беймезгiл өткен жандай ерте өмiрден.
    Қош, қош, қош,
    Ол аз болса, тағы да қош.
    Бұлбұлым, ендi басқа бағыңа көш.
    Жаңғырып жадымызда жатсын мəңгi,
    Жақсы күн,
    Жəннат түн мен жадыра кеш...
    Қош, бикеш, бейпiл бейiл, тəттi ерiндi,
    Тəрк еттiм, амал қанша, тақ-төрiңдi.
    Оңаша ой кешкенде еске алармын,
    Өзiңмен бiрге болған сəттерiмдi.
    Қош, бикеш,
    Қош дейiн де қол бұлғайын,
    Уақыт бермес бiзге ендi ыңғайын.
    Жастық та бiр қызық қой, қас қағымда,
    Өтетiн төгiп-төгiп жаңбырдайын.
    Қош, кермиық Келiншек, сұңғақ бойлы,
    Уақыт ендi бiзге қымбаттайды.
    Мың мақам мұңын шағып, сырын шертiп,
    Жүрегiм ендi ешкiмге үн қатпайды.
    Қош, бикеш,
    Қош, Келiншек, сұңғақ бойлы...

  • @gulziramakhmetova8640
    @gulziramakhmetova8640 Год назад

    Керемет дауыс қой

  • @user-fo1px9yk6l
    @user-fo1px9yk6l Месяц назад

    Кет жыртылат бір жерің

  • @user-gx1ee1nz7u
    @user-gx1ee1nz7u 2 месяца назад

    ❤❤❤🎉😂😂

  • @user-ii7le8pd3d
    @user-ii7le8pd3d 2 года назад +1

    Ғаламат!

  • @aydsnurtay2324
    @aydsnurtay2324 2 года назад +2

    👍👍👍👍

  • @user-ir8bb5iw1x
    @user-ir8bb5iw1x Год назад

    Керемет дауыс.
    Орындауы да жаксы.

  • @user-yh3dt4fe5x
    @user-yh3dt4fe5x Год назад

    Ғажап...
    Толық нұсқасы барма?