Туған жер-Тайсойған

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 7 янв 2025

Комментарии •

  • @ЗияшКонарова
    @ЗияшКонарова 11 месяцев назад +1

    Керемет

  • @lazzatkulmaganbetova6761
    @lazzatkulmaganbetova6761 Год назад +3

    бұл менің әкем Сейсенбі Құлмағаанбетовтың әні ,әкемнің жандосы Қарабаутұрғыны Жолаев Кәдірбай тәтеміздің сөзіне жазылған.тамаша ән.түсінген адамға

  • @АйболатНұрнияз
    @АйболатНұрнияз 4 года назад +7

    Туған жерім🙏🙏♥♥💯💯

    • @omirbekkz5960
      @omirbekkz5960 4 года назад

      Менің де құда менго өмірбек

  • @user-to9mx8oo6d
    @user-to9mx8oo6d Год назад

    Мен Қараабалин Абзалмын,. Әкем Қарабалин Тайпақ Қарабалаұлы осы Тайсойған мектебінде оқып білім влған. Кезінде осы өңірде аштық жайлағанда аталарымыз Оралға қарай қашқан екен.Сода барып туған екен әкем. Тайпақ деген елді мекенге барғанда туған екен пахан.

  • @МейрханТуреханов-в4р
    @МейрханТуреханов-в4р 4 года назад +4

    Ассалау магалейкум. Тайсойган керемет жер деп естип жатырмын.. Буйыртса отпускада барармыз.Кеше бир Тайсойган да туратын агамызбен жолшыбай кездесип калган мын.

  • @МарсПланета-к7ш
    @МарсПланета-к7ш 4 года назад +4

    Шіркін бала күнімізде осы шағылда талай ойнап едік 🥺🥺😭

  • @berishstudio1013
    @berishstudio1013  4 года назад +8

    - Содан бір күні, 1967 жылдың қазан айында мені Қарағандыға бастауыш комсомол ұйымы жетекшілерінің білім көтеру курсына жіберді, - деп Сейсенбі аға әңгімесін одан әрі жалғады. - Бұрын Атыраудан ұзап көрмеген басым бір ай ішінде елді қатты сағынбасым бар ма?! Көкірегімде туған ауылға деген сағыныш атойлап барады... Осындай ғаламат сезім құшағында, қараша айының басында ауылға оралдым. Мені мұнда алғашқы болып жан құрдасым, әрі талантты ақын досым Кәдірбай Жолаев қарсы алды. Шұрқыраса табысқан екі дос Тайсойған ауылындағы біздің үйде отырмыз. Менің қолымда домбыра. Әр әуенді бір іліп ойнап отырғанмын. Кенет бұрын-соңды өзім естімеген бір әдемі қоңыр саз бебеулеп кетіп барады. Нота білмейтін басым ұмытып қалмайын деп қайта-қайта тарттым. Сол сәт Кәдірбай да елең етіп, «Япырау, мынау мен естімеген әуен ғой, кімдікі бұл?» еді. Мен: «Соны өзім де білмей отырмын, менікі деуге батылым бармайды, біреудікі болып шықса ұят қой» дедім. Содан екеуміз ап кеп ойланайық. Білетін әндердің бәрін еске түсірдік. Ақыры Кәдірбай: «Қой, бұл ешкімдікі емес, сен бір ғаламат ән жазыпсың, енді мен бұған өлең жазайын» деді. Әнді туған ауылымызға арнайық деп шештік. Сол сәтте әннің сөзі жазылды. Бір ғажабы, ауыл шаруашылығы институтынан өзге оқу орнын бітірмеген Кәдірбай нотаны өз бетімен үйренген еді. Ол сол жерде әнді нотаға түсірді. Алайда, екеуміз бұл әнді өзіміздікі деп айтуға ақыры ұялдық. Содан ертесі күні достармен болған думанды отырыста әнді жергілікті белгілі композитор Жакула Нұрғалиевтікі, өлеңін жазған белгілі ақын Қабижан Сағиев деп айттық. Себебі күнде өздерімен бірге, ауылда қатар жүрген Кәдірбай екеуміз осындай ән жазды дегенге кластас достарымыз сене қоймас деп ойладық. Сонымен, сол думанды кеште «Туған жер - Тайсойған» қайта-қайта шырқалды. Арада бір-екі күн өтпей ол бүкіл Қызылқоға өңіріне тарады. Содан арада көп күндер өткенде біреулер Жакулаға кездесіп, «Ой, Жәке, бір тамаша ән жазыпсыз, құтты болсын!» демей ме. Жакула марқұм да өзгенің бақшасына көз алартпайтын иманды азамат қой, өзінің ондай ән жазбағанын айтады. Талантты ақын, марқұм Қабижан Сағиев та: «Мен мұндай әнге өлеңді қайдан жазамын, егер Тайсойғанда тумасам» деп өзінің авторлығын дереу теріске шығарады. Содан сұрақтың бір ұшы өзімізге айналып келген кезде Кәдірбай екеуміз әнді жазғанымызды «мойындадық» қой.
    Міне, «Туған жер - Тайсойған» осылайша өмірге келген қарақтарым...
    ***
    Сөйтіп, бұл ән елу жылдан астам уақыт бойына тек Қызылқоға емес, күллі Атырау жерін өзінің көркем де кестелі сөзімен һәм сұлу сазымен тербеп келеді. Енді осы ән республика көлеміне тараса ғой деген тілегіміз бар. Оны бүгінде Қызылқоға топырағында туған, елімізге танымал әнші Амангүл Орынбасарова мен Дастан Сағи деген әнші нәшіне келтіре орындап жүр.
    Кезінде Илья Жақановтың «Жайлаукөл кештерін» тыңдаған жұрт Жайлаукөлді көруді арамандап еді. Тіпті бір топ студенттер құрылыс отрядына Жайлаукөлге сұранып барып, көлдің кермек суынан іштері бұзылып, масаға таланып, қашып құтылғаны жөнінде қызық хикая да бар. Көктемде ғана уақытша жасанып, одан басқа уақытта құмы көз аштырмайтын Жайлаукөлді өнер құдіреті қалай әдемі қылып көрсетті?! Сол Жайлаукөл секілді біздің Тайсойғанымыз бар емес пе? Егер «Туған жер - Тайсойған» республика көлемінде Сейсенбі мен Кәдірбайдың авторлығы аталып тұрып айтылар болса, Атыраудың мерейі үстем бола түсер еді. Онда өнер фанатиктері кезінде Жайлаукөлге ағылғандай, Тайсойғанды да іздер бәлкім?!..
    Енді бәріміз сағынған осы бір аяулы әннің мәтінін еске түсіріп, әрі Дастанның орындауында тыңдап көрейік:
    Туған жер жайлауың,
    Ақ алтын бесігім.
    Аралап қойнауын,
    Ашқанмын өмір есігін.
    Қайырмасы:
    Төріңде сайраңдап,
    Көктемде құлпырған.
    Өсірдің аялап,
    Туған жер - Тайсойған.
    Достарды сағынған,
    Еске алам әрдайым.
    Кеудемнен ағылған,
    Әнімді бүгін арнаймын.
    Аялап тұғырдан,
    Ұшырдың асқарға.
    Оралам қайтадан,
    Сағына күткен достарға.
    Міне, тыңдағанды еріксіз тамсандырған «Туған жер - Тайсойған» осы.
    Тарас НАУРЫЗӘЛІ
    Атырау

    • @alihanarmat374
      @alihanarmat374 3 года назад +1

      Ассалаумағалейкум!
      Тайсойғанда менің ата бабам тұрған екен. Атам Ишан болған,бала оқытқан деп естим.Тайсойғанда үлкен кісілер болса сұрайын деп едім. Қалай барсам болады? Көлікке жол жоқ деп естідім

    • @ERKONN
      @ERKONN 2 года назад

      @@alihanarmat374 бар

  • @БерикМуканов-с4в
    @БерикМуканов-с4в 3 года назад +4

    Атынан аиналаиын Алтын олкем

  • @БерикМуканов
    @БерикМуканов 4 месяца назад

    Сөз жок ❤❤❤

  • @ДастанСаги
    @ДастанСаги Год назад +1

    Осы әнді дұрыстап аитқан тіріме

  • @aldabergenjoldasbaitegi4499
    @aldabergenjoldasbaitegi4499 Год назад +1

    Исатай батыр мен Махамбет батырдың жүрген киелі мекені

  • @Merey_
    @Merey_ 3 года назад +2

    Мына жердің құмдарына Сафари жасауға болатын сияқты ғой

  • @ЖаксылыкМаханова
    @ЖаксылыкМаханова 3 года назад +1

    Оралханды қара 🤣🤣🤣