"Мен қашағы жүйрігің" Мен - қашанғы жүйрігің, Топ ішінде толғаған. Шыныменен шырқасам, Бабам Қадыр қолдаған. Осылайша сөйлесем, Сөз қала ма ұртымнан. Көре алмаған біреулер Сөз айтады сыртымнан. Қас жүйріктің белгісі, - Дуды көрсе, жүлқынған. Айтулы жүйрік мен едім, Салдырмай қамшы, ұмтылған. Ұсынсам, колым жетер ме, Қырмызы қызыл түлкідей, Қырдан асқан заманға? Айтсам, сөзім өтер ме, Ақылсыз туған жаманға? Қайыра қамшы сермеме, Сүйекке біткен шабанға. Екі жақсы бас қосса, Бірін де бірі қия алмас, Екі жаман бас қосса, Төсекке басы сыя алмас. Ақылсыз туған жамандар, Ағайынға мал бітсе, Қызғаныштан көре алмас. Қас жаманнан ұл туса, Қатарымнан оздым дер, Бұл күнде өзім болдым дер. Қас жаманға мал бітсе, Ебімменен жидым дер, Мал біткенге мас болар, Жақынымен қас болар. Байқамай басар шамасын, Сыйламайды ағасын, Сыйламаса ағасын, Қайданда білсін арасын. Дүние деген - сары алтын Әркімдерді алдаған. Желді күнгі қаңбақтай Дүние кімнен қалмаған?! Қабаты калың қара жер Талай ерді жалмаған. Екі достың арасын Айырады оңбаған. Кейбір надан пенделер, Өлесің десе, нанбаған. Әзіреті Ғали, Омардан - Дүние қалған солардан. Біз де бір күн өтерміз, Артықпыз ба бұлардан?! Он сегіз мың ғаламның Падишасы Сүлеймен - Опасыз жалған дүние Қалған екен солардан. Жан жаратып, жан берген, Тіл жаратып, тіл берген, Аспан мен жердің арасын, Азғантай емес, мол берген. Он сегіз мың ғаламның, Тірісі дәурен сүрсін деп, Өлгенін қазып көмсін деп, Жеті қабат жер берген. Аспаннан нұрын төктіріп, Шапағын шашып күн берген. Жер реңі келсін деп, Жарқыратып көл берген. Көлдің көркі келсін деп, Қаптай көшкен ел берген. Елдің сәні келсін деп, Қатар-кұрбы тең берген. Теңнің көркі болсын деп, Сөйлесетін сөз берген. Сөйлеп кызық көрсін деп, Оралған қызыл тіл берген. Жақсы мен жаман көрсін деп, Жарқыратып көз берген. Бұл дүниені байқадық Қасиетті сол бір көзбенен. Әр бір түрлі сөз айттық Оралған қызыл тілменен. Жан барында сөйлейін, Неше күн жолдас болармыз, Баянсыз пәни, сеніменен? Бір күні көзің жұмылса, Саудаң болмас елменен. Жастайыңнан бірге өскен Қатар-құрбы теңменен. Төсектен жуық болармыз Төрт қырлап қазған көрменен.
Мен осы Нұрым атаның ұрпағымын мен атамды көрмедім әжемді көрдім сонда тегі Нұрымова болатын ес білгелі әкемнен естідім Нұрым ата әкемнің атасы екен Нұрым Жолым деген екі ағайынды кісілер екен солардан тараған біздерміз.
"Мен қашағы жүйрігің"
Мен - қашанғы жүйрігің,
Топ ішінде толғаған.
Шыныменен шырқасам,
Бабам Қадыр қолдаған.
Осылайша сөйлесем,
Сөз қала ма ұртымнан.
Көре алмаған біреулер
Сөз айтады сыртымнан.
Қас жүйріктің белгісі, -
Дуды көрсе, жүлқынған.
Айтулы жүйрік мен едім,
Салдырмай қамшы, ұмтылған.
Ұсынсам, колым жетер ме,
Қырмызы қызыл түлкідей,
Қырдан асқан заманға?
Айтсам, сөзім өтер ме,
Ақылсыз туған жаманға?
Қайыра қамшы сермеме,
Сүйекке біткен шабанға.
Екі жақсы бас қосса,
Бірін де бірі қия алмас,
Екі жаман бас қосса,
Төсекке басы сыя алмас.
Ақылсыз туған жамандар,
Ағайынға мал бітсе,
Қызғаныштан көре алмас.
Қас жаманнан ұл туса,
Қатарымнан оздым дер,
Бұл күнде өзім болдым дер.
Қас жаманға мал бітсе,
Ебімменен жидым дер,
Мал біткенге мас болар,
Жақынымен қас болар.
Байқамай басар шамасын,
Сыйламайды ағасын,
Сыйламаса ағасын,
Қайданда білсін арасын.
Дүние деген - сары алтын
Әркімдерді алдаған.
Желді күнгі қаңбақтай
Дүние кімнен қалмаған?!
Қабаты калың қара жер
Талай ерді жалмаған.
Екі достың арасын
Айырады оңбаған.
Кейбір надан пенделер,
Өлесің десе, нанбаған.
Әзіреті Ғали, Омардан -
Дүние қалған солардан.
Біз де бір күн өтерміз,
Артықпыз ба бұлардан?!
Он сегіз мың ғаламның
Падишасы Сүлеймен -
Опасыз жалған дүние
Қалған екен солардан.
Жан жаратып, жан берген,
Тіл жаратып, тіл берген,
Аспан мен жердің арасын,
Азғантай емес, мол берген.
Он сегіз мың ғаламның,
Тірісі дәурен сүрсін деп,
Өлгенін қазып көмсін деп,
Жеті қабат жер берген.
Аспаннан нұрын төктіріп,
Шапағын шашып күн берген.
Жер реңі келсін деп,
Жарқыратып көл берген.
Көлдің көркі келсін деп,
Қаптай көшкен ел берген.
Елдің сәні келсін деп,
Қатар-кұрбы тең берген.
Теңнің көркі болсын деп,
Сөйлесетін сөз берген.
Сөйлеп кызық көрсін деп,
Оралған қызыл тіл берген.
Жақсы мен жаман көрсін деп,
Жарқыратып көз берген.
Бұл дүниені байқадық
Қасиетті сол бір көзбенен.
Әр бір түрлі сөз айттық
Оралған қызыл тілменен.
Жан барында сөйлейін,
Неше күн жолдас болармыз,
Баянсыз пәни, сеніменен?
Бір күні көзің жұмылса,
Саудаң болмас елменен.
Жастайыңнан бірге өскен
Қатар-құрбы теңменен.
Төсектен жуық болармыз
Төрт қырлап қазған көрменен.
Алла разы болсын сізге
Қазақтың термелерін тыңдап бір демалып қаласың.
АТАКТЫ Суйиндик Жаманадай Нурым суйеги
АТЫРАУ обл Тойсойган кумында жатыр
Мен осы Нұрым атаның ұрпағымын мен атамды көрмедім әжемді көрдім сонда тегі Нұрымова болатын ес білгелі әкемнен естідім Нұрым ата әкемнің атасы екен Нұрым Жолым деген екі ағайынды кісілер екен солардан тараған біздерміз.
Мықты.
Қолыңа дерт бермесін
Елдос аға 🤲🤲🤲🤲
Өнерің өрге жүзсін!
Зор
❤
*Это же с яссауи тобы?*
Да