Компаниядағы кризистер мен дамулар, кривая Грейнера

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 28 сен 2024
  • Бизнес бастамақсыз ба? Онда кемі 4 рет кризиске тап болуға дайын болыңыз! 😉
    1972 жылдары америкалық ғалым Ларри Грейнер кәсіпкерліктің шыңдалу кезеңінде 4 рет кризиске ұшырайтынын, 5 рет даму жолына түсетінін сипаттап өткен. Модель өткен ғасырдың ортасынан кейін өмірге келгенімен, әлі күнге дейін маңыздылығын жоғалтқан емес.
    Қысқаша айтар болсақ,
    Шығармашылық кезең - компания құрыла салысымен, құрушылар өзара ақылдасып шешім шығарып жүре береді. Жоба көбейген сайын, араларынан көшбасшы тағайындау кризисі туындайды.
    Орталықтан басқару - кім не істейді, қандай сұрақтарға жауапты, қандай бөлімдер болады деген сұрақтар туындайды. Бұл кезеңде компанияның базалық структурасы қалыптасады. Бұл автономдық кризис.
    Үлестіру - әр бөлім басшыларына шешім қабылдау құқығын өздеріне қалдырады. Әр жобаға әр бөлім тиісінше атсалысып жұмыс істейді. Салдарынан кімнің не істеп жатқаны бақылаудан шығып, контроль кризисі туындайды.
    Координация және мониторинг - жобалар санымен қатар, бөлімдердің есеп беру саны да көбейіп, саны бар сапасы жоқ жұмыстар қаптап кетеді, яғни бюрократиялық жүйеге ұшырайды. Бұл қызыл кризис (red type) деп аталады.
    Әріптестік - жобалар саны көбейіп кеткендіктен, енді бір компанияңыз барлық жобаны басқарып, параллельно бастап, аяқтауға, іске асыруға, қадағалауға мұршасы жетпей қалады. Сол кезде белгілі бір тапсырманы шеше алатын сырт күштің көмегіне жүгінесіз. Көбіне партнер, аутсорс компаниялар, субподрядчиктердің жұмысы осыған келеді.
    #бизнес #кризис #кәсіпкерлік #ларригрейнер #thegreinercurve #googlepartners #management #gpaap

Комментарии • 1