Әһлюс сунна уәл жамаға ақидасы 1. Аһлюс-суннаның дәлел алу және келтіру жолы. Ұстаз: Омар Теміртас

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 8 сен 2024
  • Бисмилләһир Рахманир Рахим
    Аһлюс-суннаның дәлел алу және келтіру манхажы
    Аһлюс-сунна уәл-жамаға, ақида, ғибадат, жалпы мәміле жасауда, мінез-құлық пен қаулы сияқты барлық дін мәселелерін, Құран мен пайғамбарымыздың ﷺ сүннетінен, сахабалардың түсінгеніндей алады. Және пайғамбарымыздан ﷺ келген барлық хабарларға сырттай және іштей ереді. Және алғашқылардан болған мухаджирлер мен ансарлардың жолына еріп, сол жолда бекем болады. Пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Сендерге менің сүннетіме еру және менен кейінгі, тура жолдағы халифаларға еру уәжіп етілді. Оларға азу тістеріңмен тістеп, жабысып алыңдар. Және жаңалықтардан сақ болыңдар! Расында, әр бір жаңалық - адасушылық». Олар ең шынайы ақиқат сөз, Алланың сөзі екенін біледі. Ең жақсы жол пайғамбарымыздың ﷺ жолы екенін біледі, және осы екеуіне қарсы келетін адамдардың сөзін, және Құран мен сүннеттен сахих дәлелі жоқ нәрселерді қабылдамайды. Олар Алланың сөзін, кім болса да, соның сөзінен жоғары қояды. Және пайғамбарымыздың ﷺ жолын басқалардың жолынан артық көреді. Олар, адамдар арасындағы ішкі және сыртқы дінге қатысты амалдар мен сөздердің барлығын, Құран, сүннет және сәләфтардың жолымен өлшейді.
    Ижмағ - ол ілім және дін мәселесінде адамдар сүйенетін үшінші асыл. Алла айтты: {Ал кімде-кім, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жолға ерсе, оны бұрылған жағына бұрамыз да тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын!} (Ниса, 115). Пайғамбар ﷺ айтты: «Менің үмметімнің ішінен бір топ Алла Тағаланың әміріне берік тұруын тоқтатпайды. Оларды тастап қойғандар мен қарсы шыққандар оларға еш зиянын келтіре алмайды. Олар осы халде Алла Өз әмірімен келгенге дейін болады».
    Олар барлық жаңалықты адасушылық деп біледі. Ол - дәлелсіз дінге енгізілген барлық нәрсе. Пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Кім де кім біздің дінімізде жоқ жаңалық ашса, ол қайтарылады». Муслим риуаятында: «Кім де кім біздің ісімізге қатысы жоқ бір амал жасаса, ол қайтарылады».

Комментарии • 51