Қуандық Рахым - "Жүрегім, мұздама" | Текст 1) Жүргенде тыс қалған адамдай Жаратқанның назарынан Дəмін де татпаған жандардай Шын бақыттың базарынан Тұрғандай торығып бұл жүрек Бақытсыздық азабынан Бейнеңе жолықтым жəннаттың Суыменен тазарылған [Қайырмасы] Жүрегім, жылама, сыздама, мұздама, Тағдыр қосар бəлкім Өмірде шынымен бақытты болуға Хақылы ғой əркім Азапқа тағы да, кеуденің зарына Төзер ме екен жүрек? Ғажаптың барына мендегі дəл мына Сенер ме екен жүрек? 2) Мұңайма бес күндік жалғанда, Жарығым-ау, мұңаймашы Мені де көрмеп еді ешқашан Сезім мұңы бұлай басып Ұсыншы, өмір-ау, тағы да Жолығудың бір айласын Болмаса, тек енді қылмашы Мені ешқашан бұлай ғашық
Қуандық Рахым - "Жүрегім, мұздама" | Текст
1) Жүргенде тыс қалған адамдай
Жаратқанның назарынан
Дəмін де татпаған жандардай
Шын бақыттың базарынан
Тұрғандай торығып бұл жүрек
Бақытсыздық азабынан
Бейнеңе жолықтым жəннаттың
Суыменен тазарылған
[Қайырмасы]
Жүрегім, жылама, сыздама, мұздама,
Тағдыр қосар бəлкім
Өмірде шынымен бақытты болуға
Хақылы ғой əркім
Азапқа тағы да, кеуденің зарына
Төзер ме екен жүрек?
Ғажаптың барына мендегі дəл мына
Сенер ме екен жүрек?
2) Мұңайма бес күндік жалғанда,
Жарығым-ау, мұңаймашы
Мені де көрмеп еді ешқашан
Сезім мұңы бұлай басып
Ұсыншы, өмір-ау, тағы да
Жолығудың бір айласын
Болмаса, тек енді қылмашы
Мені ешқашан бұлай ғашық