Бұл Абай облысы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 21 сен 2024
  • Әлібек Ізбасаровтың орындауындағы Төлеген Жанғалиевтің сөзіне жазылған Кентау Назарбектің "Бұл Абай облысы" әнін қабыл алыңыздар.

Комментарии • 7

  • @НуржамалТурсунова

    Керемет! Семейимиз гулденип, жайнай туссин! Жарайсын Рыскен! Шыгармашылык табыстар тилеймин.

  • @КентауНазарбекәндер

    Бұл Абай облысы.
    Бәрекелді Рыскен.

  • @СакеСаке2
    @СакеСаке2 8 месяцев назад +1

    Тамаша! Жасай бер Абайым!

  • @ЖазираДаутбаева-о3щ

    Керемет!

  • @СаятКамшыгер-к7з
    @СаятКамшыгер-к7з Год назад +2

    Бәрекелді!

  • @РыскенМусабалинова

    Әні: Кентау Назарбектікі
    Сөзі: Төлеген Жанғалиевтікі
    Орындаған: Әлібек Ізбасаров
    Сапырған өнер құтын,
    Семейім, сері Ертісім.
    Көркейген көңілімді,
    Көзімнен көрермісің?!
    Дарытқан даналығын,
    Хан Шыңғыс, Қарауылым.
    Ғасырдан ғасыр жасап,
    Өлмейтін сен абызым.
    Ақсуат - асыл елім,
    Ағытқан ақыл кенін.
    Ырғызбай баба қолдап,
    Ырғалып жатыр жерің.
    Аягөз - шуақ мекен,
    Артық па, жұмақ десем?!
    Өзіңе келген сайын,
    Өлмейтін жыр ап кетем.
    Қайырмасы:
    Бір үйдің баласындай,
    Бір өзен сағасындай.
    Біреуі іні болса,
    Біреуі ағасындай.
    Бұл Абай облысы,
    Алашқа дара шыңдай.
    Арайлап атқан таңы,
    Абайым дәл осындай.
    Жан-жаққа шашқан арай,
    Жаннатым - Бесқарағай.
    Жаныңнан өте алмайды,
    Бір адам жалт қарамай.
    Қалбатау - қалың елім,
    Жарма мен Шарым едің.
    Зере әже әлдиіндей,
    Зердемді жанып едің.
    Қайнарым, Абыралым,
    Шалқыған шаңырағым.
    Әміре әндеріндей,
    Өзіңді сағынамын.
    Көкпектім - көшелі елім,
    Көшімді жетеледің.
    Жуасы жусап өскен,
    Жусан мен бетегелім.
    Қайырмасы
    Атомның аймағы едің,
    Атуды қойған едің.
    Дертімдей Дегелеңім,
    Келеді жайнап елің.
    Аямай адал асын,
    Ойламай қара басын.
    Аштықтан сақтап қалған,
    Ардақтым, Белағашым.
    Алакөл - туған айым,
    Арудай - Үржар-айым,
    Суыңа дертке дауа,
    Шомылып нұрланайын!
    Мақаншым, Шұбартауым,
    Биіктер шығар тауың.
    Көрінер көзімізге,
    Көк тіреп тұрар шағың.
    Қайырмасы

  • @НурбахытИбраева-ф6ш

    Улы адамдар улагаты