«Жақсылық жасап жарысайықшы» такырыбында шара ұйымдастырды.
HTML-код
- Опубликовано: 26 дек 2024
- Ақсай қаласының №2 ЖОББМ педагог-психологтары М.Усербаева мен Б.Кенжиева, ДТІЖО А.Пусурманова 8-10 сынып оқушыларымен «Жақсы сөз жаныңды жадыратады» декадасының жоспарына сәйкес «Жақсылық жасап жарысайықшы» такырыбында шара ұйымдастырды.
Шара мақсаты: жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және өскелең ұрпақты эмпатия, мейірімділік пен жанашырлыққа тәрбиелеу. Шара барысында ДТІЖО А.Пусурманова қатыгездік белең алған заманда жастарымыздың бойында мейірім, кең жүректі, қайырымдылық сияқты қасиеттерді дарыту туралы баяндай келе «Жылы сөз айтайық» тренингінен кейін, «Жақсылық жасап жарысайықшы» әнін караокемен орындады.
Шараға 68 оқушы жұмылдырылды.