Аралас жекпе-жекке қолдау қажет

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 сен 2024
  • Күні кеше аралас жекпе-жектегі 17-ші жеңісіне қол жеткізген Шавкат Рахмоновтың дайындықтары спортты қолдау қорынан қаржыландырылады. Бұл кездесуге дейінгі оқу-жаттығу процесін айтарлық жеңілдетуге мүмкіндік бермек. Әрі әлемге аты шыққан жекпе-жек шеберлері де бұл саланы дамытуға күш саламыз деп ағынан жарылып отыр. Мәселен, кәсіби мансабында бір де бір рет жеңілмеген Шавқат мақсатым елге UFC-дің чемпиондық белбеуін әкелу дейді. Айтуынша, жартылай орта салмақтағы ендігі қарсыластарының ішінде осалы жоқ. Әсіресе, абсолютті жекпе-жек чемпионатының үздік бестігіне кіретін жауынгерлердің әрбірі қауіпті.
    Десе де, Шавкат топ бестіктегі кез келген спортшымен кездесуге әзірмін деді. Бірақ чемпиондық белбеуге таласу үшін әлі кемі бір жекпе-жек өткізуі қажет. Өйткені дәл қазіргі уақытта орта салмақтағы бәсеке тым жоғары. Демек, отандасымыз тағы бір қарсыласын ұтып барып қана басты айқасқа жолдама алады. Ал UFC-дегі келесі жекпе-жегі не жаздың соңғы айында, не күздің басында өтуі ықтимал. Қазір Джефф Нилді жеңген Шавкат алтыншы орынға жайғасқан. Сондықтан ендігі қарсыласы UFC рейтингісінің төртінші нөмірі Белал Мұхаммед, не екінші нөмірі Колби Ковингтон болуы мүмкін екен. Әрі отандық спортшы UFC президенті Дана Уайттың қабылдауында болып, алдағы жоспарларымен бөліскен. Сөйтіп, қазақстандық жекпе-жек шеберлерін қолдауды ұсыныпты. Енді жыл соңына дейін тағы бірнеше отандасымыз абсолютті чемпионаттың жауынгерлері қатарын толықтырмақ. Айта кетейік, Шавкат аралас жекпе-жекте 17 кездесу өткізген. Оның сегізінде қарсыласын нокаутқа жіберсе, тоғызын сабмишн әдісімен аяқтаған.
    ШАВКАТ РАХМОНОВ, аралас жекпе-жек шебері:
    - Қазір немесе 5-6 айдан кейін берсе де титульный бойға шығып кете беремін мен. Мен дайынмын деп ойлаймын. Бірақ енді ЮФС-дегі 77 келі салмақта өте тартысты салмақ. Сондықтан да маған тағы бір бой жеңу керек деп ойлаймын. Содан кейін мен бірден чемпионский поясқа претендент боламын.

Комментарии • 15

  • @КуатКасымбеков-ш1л

    Шавкат бауырымызды Алла тіл көзден сақтасын, әумин 🤲

  • @rinatmuratalinov1555
    @rinatmuratalinov1555 Год назад +5

    Жарты жолдан қаржыны жеп қоймасаңдар болды ғой . Жемқорларды грушаның орнына қою керек қаржыны жеп жатса .

  • @kino.777.
    @kino.777. Год назад +2

    АЙ САУАТСЫЗДАРАЙ НЕ МАЗАҚ МЫНАУ ТАРАФОНОВ ДЕГЕН НЕ ОДАН ДА НОРМАЛЬНО КҮТІП АЛМАҒАНЫН НЕГЕ АЙТПАЙСЫҢДАР

  • @astanaproteamastana5929
    @astanaproteamastana5929 Год назад +5

    Дұрыс қолдау қажет👍👍👍👍🙏

  • @Kenes_Alpamysov
    @Kenes_Alpamysov Год назад

    Колби Ковингтонды, Белал Мухаммадтың аттарын дұрыс айтып, Шавкат Тарафонов дейма?
    Топас екен ғой Аида Торанфаева👎

  • @РусланСмаилов-ч9ь

    Шавкат бауырым мықты алға Қазақ. 🇰🇿🇰🇿💪💪

  • @МухитБайжариков
    @МухитБайжариков Год назад +2

    Тарафонов емес Рахманов

  • @BGQ123
    @BGQ123 Год назад

    🤝🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿✊💪👍

  • @adilhanadilhan658
    @adilhanadilhan658 Год назад

    Колби керекко бизге

  • @БагдатБагдат-ы2п

    👍👍👍👏👏👏

  • @Куаныщ
    @Куаныщ Год назад

    Жаксы

  • @nonierbol2147
    @nonierbol2147 Год назад +1

    Аида ханым шашының түсі әдемі болып 🤗

  • @user-li7qc3ne4t
    @user-li7qc3ne4t Год назад +1

    Окметтен колдау көрсету керек

  • @Рус-э6д
    @Рус-э6д Год назад +1

    Ап барекелды