"Көмек Ақтау" командасы су тасқынынан зардап шеккендерге белсенді түрде көмектесуде.

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 14 апр 2024
  • БІЗ БІРГЕМІЗ. АҚТАУДАҒЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ ПУНКТІ ТУРАЛЫ.
    Биыл көктемгі су тасқыны елдің басым бөлігін әбігерге салғаны белгілі. Көптеген үйлер топан судың астында қалды. Күрделі кезеңде барша қазақ елі жұдырықтай жұмылып, зардап шеккендерге қол ұшын созып жатыр.
    Жан-жақтан көмек көрсетілуде. Қиын сәтте көмек қолын созғандардың қатарында әсіресе жастардың шет қалмағандығы қуантады. Елдегі жағдайға бей-жай қарамайтын азаматтар зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жөнелтіп жатыр.
    Азық-түліктен бөлек балалардың тамағы, жылы киімдер, жаялықтар қажет, сондай-ақ дәрі-дәрмектердің әлі де қажеттілігі байқалады.
    Осылайша Атырау, Құлсары және Ақтөбе қаласынан келген халыққа көмек көрсету жалғасуда. Осындай көмек көрсету пунктінің бірі Ақтауда орналасқан.
    Игі бастаманың басы-қасында жүрген Бауыржан, Әбілхайыр, Темірлан, Ықылас, Жастай, Досан, Абылай, Алмас, Маханбет, Берік, Есен, Аян, Жандос, Әбіш есімді Ақтау қаласының ерікті жастарына алғыс айтамыз.
    Көмек қолын созуға дайын жандар болса қажетті заттар тізімі төменде көрсетілген:
    - азық-түлік;
    - ауыз су;
    - киім (жылы киім, аяқ киім және т.б.);
    - заттар (көрпе, жастық және т.б.);
    - гигиеналық құралдар (жөргектер,сабын, тіс пастасы, сусабындар, майлықтар, дәретхана қағазы, тазартқыш заттар және т.б.).
    Заттай апарамын деушілер болса Ақтау қаласы, 22 ш/а, орталық базар, "Сыбаға" дүкенінің қасында орналасқан № 123 қоймаға хабарласуға болады.
    Байланысу үшін: ⬇️⬇️⬇️
    Kaspi Bank немесе WhatsApp нөмірлері ⬇️⬇️⬇️
    + 7 (705) 881 - 07 - 70
    (Берик Ислам)
    + 7 (705) 790-00-10
    (Ибайдулла Аян Өтесінұлы)
    Назарларыңызға белсенді жастың бірі Берік Исламмен өткізілген сұхбатты қарап шығуды ұсынамыз!

Комментарии •