Бекболат Тілеухан Білім жүйесі құрдымға кетіп барады

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 20 окт 2019
  • Білім, оның ішінде орта білімнен маңызды нәрсені көріп тұрған жоқпын. Өйткені, бәрінің іргетасы сол. Үйді алтынмен аптап, күміспен күптесең де, мәрмәрдан қаласаң да, іргетасы шірік болған үй құлап қалады. Ал енді жасыратыны жоқ, орта білімдегі сорақылық, оқулық мәселесі қоғамның титығына әбден тиіп бітті. Бала түгіл, ата-ана түсінбейтін тақырып, шешілмейтін есеп қоғамда қандай сынға ұшыраса да, қандай нарызылыққа тап болса да, міз баққан жүйе жоқ. Мазақ па, енжарлық па, оны түсінбедік.
    Қазіргі ішкі жүйені өзгертпесе, оқулықтар шығарудағы жүйені шірік деп батыл айтуыма негіз бар. Біз ұрпақты азаптап жатырмыз. Біз орысша айтқанда, "мучить" етіп жатырмыз. Бір есепті бала емес, әке-шешесі шығара алмай отырған мұндай білім жүйесі барып тұрған қаскөй жүйе. Сорақылыққа жауап беретін нақты ешкім болған жоқ.

Комментарии •