БІР ЖЫЛ: КӨРЕРМЕНГЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕ АЛДЫҚ? | ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА | 4 МАУСЫМ | #38

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 18 ноя 2024

Комментарии • 407

  • @aidarova9
    @aidarova9 2 года назад +33

    Ең басты алаңдайтын нәрсеміз "Алламен байланысымды қалай нығайтамын" деген болса сіздің "мына дүниелік, қалай шешсем екен?" деген проблемаңыздың шешімін Алла Өзі-ақ көрсетеді, ин шаа Алла.

  • @ainurbekova910
    @ainurbekova910 2 года назад +14

    Алаңдама өткеніңе, алға ұмтыл жай ғана.
    Алаңдама аласұрған, ала-ғұла жағдайда.
    Алаңдама қиын сәтте, тек шыдай біл, сен достым
    Алаңдама Алла өзі ретін табар қалайда.
    Алаңдама жарқ-жұрқ еткен желідегі өмірге,
    Алаңдама кірбің салар сан қилы ойлар көңілге.
    Алаңдамай өз жолыңды таба білгін, сен достым
    Алаңдама, бекер емес келгенің бұл өмірге!

  • @nurdauletkaratayev526
    @nurdauletkaratayev526 2 года назад +67

    "Құдайсыз қурай да сынбайды"
    деген халық сөзі бар. Дегенмен,
    "Үйде отырып салғанмен сары уайым,
    Тілегенің тұра ма саған дайын.
    Жүріп-тұрып, ойланып істеп көрсең,
    Харекеттің білесің соңда жайын"
    деп Шәкәрім атамыз айтқандай, жоқты уайым қылып, жел тұрғанға алаңдап немесе жұрт не дейді деп сандалмай,
    "Әрекет - адамнан
    Берекет - Алладан"
    екенін ұмытпайық, әрекет етейік!

  • @МаханбетГеннадиев-и8о

    Алаңдама!
    Бәрі Алланың қалауымен.
    Тек қана біз амал етеміз,
    Нәтиже Алладан,
    Сол үшін энергиямызды құртпай, Алаңдамайық!

  • @РолланДоненбаев-е1ж
    @РолланДоненбаев-е1ж 2 года назад +90

    Ешкімді еш уақытта жамандама🥰
    Болмағын тәрбиесіз жаман бала😚
    Пешенеге жазғанын көреміз ғой☺️
    Уайымдап әр нәрсені АЛАҢДАМА!🤗
    Осынау конкурент көп заманда да🤑
    Жетістікке жеткізер дөп амал ғана☝️
    Заманауи білімді игерейік🦾
    Қалғаны өзі келер, АЛАҢДАМА!🤠
    АЛАҢДАМА, бауырым, АЛАҢДАМА!😊
    Әлі-ақ біздер боламыз "Адам Жаңа"😎
    Төрт жігітке, отдуши рақмет айтам,✊
    Спикерлер ТТБ-ны тәмамдама✋

  • @ЕркебуланТуребеков-б7ф

    Алаңдама:
    1. Қарыз туралы шығарылымнан:
    Қарызыңды ойлама (Қарызға АЛАҢДАМА), табысыңды қалай арттыруды ойла.
    1) 2миллион қарызды қайтару
    2) 2миллион табыс табу
    Екеуіде бірдей, бірақ қабылдануы әртүрлі.
    2. Мақсат қою туралы шығарылымнан:
    Мақсатқа жетпеу - мақсатқа жетудің бір бөлшегі.
    Мақсатыңа жетпегенің үшін АЛАҢДАМА.
    Мақсатыңа жетпей қалудың пайдасы:
    1) Қайжерде қателік жасадым. (анализ жасауға көмектеседі)
    2) Өзінің жетістікке дайын еместігін түсіну. (білім алу, тәжірибені шыңдау, жаңа әдістерді үйрену керектігін түсіну)
    3) Қайта аяққа тұруға сенім ұялатады.
    3. Ақшаны дұрыс жарату туралы шығарылымнан:
    Төменде көрсетілген пункттарға ақша жаратқанда АЛАҢДАМА.
    Ақшаны 3 нәрсеге жарату керек:
    1) Адамның өзіне (денсаулығына, психикасына)
    2) Ішіп-жейтін тамағына; үйіне, тұратын жеріне
    3) Өзінің дамуына (қабілеттерді дамытуға).

  • @rama6an
    @rama6an 2 года назад +26

    Алаңдау - бізде барлық жерде болатын сияқты: үйде, автобуста, жұмыста, кезекте және пробкада. Практикалық жүйеде, алаңдаушылықпен алаңдамаған ешқандай адам жоқ. Бірақ кейбір адамдар болады, осы сәтте өз - өзін қолға алып, сол сәтті бастан кешетін, ал кейбір адамдар, жәй ғана эмоциялық жағдайды стресске айналдырып, бастары сол оймен босамай жүреді.
    1. Не үшін алаңдамау қажет?
    Алда (болашақта) болатын немесе мүмкін проблемаларға алаңдамас үшін осы сәтте, шақта өмір сүру қажет. Өткен мен болашақты бөліп тұратын ойша жапқышпен жауып қою керек сияқты, өткен қателектерімізге ойланып, өкінбес үшін және алдағы болатын қателектерге алаңдамай.
    2. "СҰРАҚҚА ЖАУАП ІЗДЕУ" керек сияқты.
    - Осы жағдай ең нашар қандай жағдай болуы мүмкін?
    - Осы проблеманы қалай шешуге болады?
    - Осы қиындықтармен мен күресе аламынба?
    Егерде сіз өзіңізге шынайы осы сұрақтарға жауап берсеңіз, ең нашар деген келеңсіздікте де жеңе алатыныңызды түсінесіз.
    3. Алаңдау - бұл эмоциялық бөлінетін күш. Бұл кезеңде қандай да бір стресс болмасын немесе алаңдаушылық сіздің денсаулығыңызға зиян тигізетінін ескеру қажет сияқты.
    Факт бойынша: әрдайым стрессте уайымда, алаңдаушылықта жүретін іскер адамдар ерте өмірден өтеді. Сол үшін өзіңізге қамқорлық жасап, сабыр сақтау маңызды.
    3. Позитивті ойлау қажет сияқты.
    Көңілді ойлар арқылы сіз өз уайымыңызды азайтып, тез сабыр сақтай аласыз. Ол үшін өзіңізде позитивтік ой - өрісті дамытып, жақсы көңіл-күйді сақтауға тырысып, өмірге күлімсіреп қарау қажет сияқты.

  • @sultsbq
    @sultsbq 2 года назад +13

    Өтіп кеткен өмірге және келешекте болатын өмірге алаңдама. Қазіргі сәтте өмір сүр, энергияңды алаңдауға құртпа. Бәрі жақсы болады😉
    ТТБға мың алғыс👍

  • @Abzal.Ondirisbek
    @Abzal.Ondirisbek 2 года назад +1

    Сиздерге отирик ,маган шын мен ютубтагы тек осы багдарламаны коремин ,тек ТТБ ны .Даму жагынан барлык жагынан тек осы программаны коремин.Асиресе Ескендир мырзаны катты тындаймын.

  • @OmkaNika
    @OmkaNika 2 года назад

    ТТБ Үлкен білім ордасы. Саналы сапалы қазақ жастарымыз көп болсын. Сіздерге көп рахмет.

  • @dilnaz111
    @dilnaz111 2 года назад +8

    өмірмізге мән мағына бермейтін адамдардың сөзіне алаңдамаған жөн. Жалпы алаңдама деген уайымдаманың синонимі ғой.👌🏻

  • @АкмартаНаурызбаева
    @АкмартаНаурызбаева 2 года назад +1

    Төртеуіңізді құдай қосқан қазаққа тұтқа болған тұлғалы азаматтар! Қазақтың ер азаматтары осындай болу керек. Қандай тамаша әңгімелер, мәні бар, мағынасы бар, мазмұны бар, сапасы бар, жаны бар, түсінігі бар, тәрбиесі бар, жағымы бар, әсері бар, махаббаты бар, сезімі бар! ТТБ ны көру жүрегіңді тыныштандырады. Тыңдай бергің келеді. Қуаныш мырза сізге рақмет! Сіздің бастауыңызбен жасалған дүние! Қуаныш мырзаны 2018ден бері тыңдап көріп келемін. Еңбегіңіз зор тарихи тұлғасыз. Игі істердің басында қасындасыз. Осы төрт кісіні керемет таңдағансыз. Әрқайсының халыққа берер пайдасы зор ақыл кеңестері бар. Жалғасын тапсын алдағы уақытта. Мен сұқпатты сүйіп тыңдайтын адаммын. Адамның қажеттілігін қанағаттандыратын бағдарлама! Сіздерге Алланың нұры жаусын!

  • @abayzhumazhanov7876
    @abayzhumazhanov7876 2 года назад +8

    Алаңдатар нәрсеге алаңдама,
    Көңілмнен шықпады деп жамандама.
    Бар күшіңді сал бар арманыңа,
    ТТБ-ны достарыңа жарнамала.

  • @Elev8_astana_bepic
    @Elev8_astana_bepic 2 года назад

    Нағыз азаматтар ! Халқымның сүйер жігіттері болуларыңа тілектеспін ! Жасым 40 толды биыл сендерді күтіп жүрем

  • @seppiseppi1346
    @seppiseppi1346 2 года назад

    Ескендір мырза қарым-қатынас туралы Мейірбек мырзаны мысалға өте, өте дұрыс келтірді, өте маңызды! Адамдар, әсіресе туыстар, бауырлар бір тиын қылады ғой, әсіресе ең жақын адамдарыңыз арасындағы жағдай өзім өте жақсы білемін және сол үшін қанша энергиямды кетірдім, не үшін деп…Бірақ, қазір бұл мәселерді көп ізденіп шештім десем болады, ол үшін қатты алаңдаудың қажеті жоқ екені және өз қарым-қатынасымды айналама өзгерткенде, жеңіл бола бастады. Сіздерге көп рақмет. Тәуелсіздік тұғырлы болсын ағайын!

  • @qural_n_b
    @qural_n_b 2 года назад +14

    Өзің өзгерте алмайтын нәрселерге алаңдамау керек!
    Өмірдегі заңдылықтарды біз тек қабылдай алуымыз керек. Мәні жоқ іс болғандықтан, ол іс тек уақыт пен жүйкенің соры!

  • @АлтынайАбдикадырова-б2в

    Бәрекелді, азаматтар!
    Қазақтың маңдайына біткен жұлдыздарысыңдар!
    Жастар арасынан сендердей терең ойлы азаматтар шығып жатқанына қатты қуанамын және Аллама сансыз шүкір етемін! Сендердің аудиторияларың жас талғамайды. Әрқайсысыңда да түртіп алар мәнді ой көп, шүкір.
    Аман болыңдар! Аллам сақтасын!

  • @Nurdaulet.S
    @Nurdaulet.S 2 года назад +8

    ТТБ ның бір жыл шапқан шабысы құтты болсын ✊✊✊
    Өз өзіңді дамыту жолында көретін жақсы бағдарламаның бірі болды мен үшін ☝️☝️☝️
    Жалпы алаңдау адам табиғатында бар зат қой...
    Мүлде алаңдамау адамды дамытпайды, жетістікке жеткізбейді...
    Алаңдауда Алланың берген нығметі түсінген адамға...
    Және алаңдау арқылы ахиретімізге қам жасап Алланың разылығына жетеміз деген жақсы ойдамын...🤲🤲🤲
    Бірақ алаңдау керек екен деп не болса соған алаңдап аласұрып кетсеңіздер.👌👌👌
    Орташа жолды ұстанайық сол ең дұрыс, жетістік, бақыт жолы ағайын...
    Баршаңызға сәттілік, жақсы күніміз мол болсын және жамандығымыздан жақсылығымыз көп болсын✊✊

  • @zhannurzhastalapova2345
    @zhannurzhastalapova2345 2 года назад +3

    Өткенің мен келеріңе алаңдамай бүгінгі күнмен өмір сүр, қазіргі сәтіңнен ләззат ал!

  • @АсхадКудайбергенов-ю9ы

    Алаңдамай омир сүру қиын негизи барлық нәрсеге анандайсынго ягный Қуаныш мырзаның қорқу негизи керемет сезим оны дұрыс қолданса деп айтқан секилди аландауда керек шығар балким. Бирак барлығымыз төрт кубыламыз тең болып аландамай омир сүру насип етсин.

  • @ДинараМусабаева-с2ц
    @ДинараМусабаева-с2ц 2 года назад +7

    ТТБ -ның контенттері өте керемет, форматы мазмұнды, функционалды, адамды жалықтырмайды, 1 жылдықтарыңыз құтты болсын,!

  • @samalmanatova4686
    @samalmanatova4686 2 года назад

    Әр адам бірінші өзіне сұрақ қою арқылы өзін тәрбиелеу керек.
    Менде көреалмаушылық барма?
    Мен біреуді жамандаймын ба?
    Менде жаман әдет барма?
    Мен ашушаңмын ба? тағы басқа сұрақтар арқылы өзін тәрбиелесе, өзі да айналасы да өзгеріп барлығы жақсы болады ❤ Сіздерді үзбей қараймыз, Ескендір мырзаға көп алғыс, бала тәрбиесі жөнінде ақпараттары өте құнды👍

  • @geniussnius2767
    @geniussnius2767 2 года назад +18

    2021 жыл мен үшін сәтті өтті! ютуб каналға сапалы дүние салып халықтың көзін ашқандарыңызға үлкен рахмет. ТТБ ұжымына үлкен табыс тілеймін 2022 жылы асаға күтемін сіздірдің контентеріңізді.

  • @nurekenureke8950
    @nurekenureke8950 2 года назад +3

    Алаңдау ол қорқыныш,дабыл сезімі. Әр адам алдымен өз өміріне алаңдауы шарт. Осы өміріне,сосын арғы дүниесіне. Одан кейін отбасына,туыстарына,достарына алаңдайды. Бірақ сенің ықпалың әсер етпейтін нәрселерге алаңдаудың түкке қажеті болмас,ол босқа құртқан энергия болады. Табиғатқа, қоршаған ортаға алаңдасаң алдымен өзіңнен баста, кішігірім қолыңнан келетін нәрселерді жасау арқылы өз септігінді тигіз.

  • @ЗангарКунес
    @ЗангарКунес 2 года назад +3

    Әрбір адам бұл өмірде жанбай жатып сөнуге алаңдау керек секілді ! Жанбай жатып сөнуден асқан қасірет бар ма бұл өмірде ? Деген сұрақ , қатты әсер етті өзіме )

  • @БотакозДосекова
    @БотакозДосекова 2 года назад +2

    Төртеу тугел болса төбедегі келеді,Алтау ала болса ауыздағы кетеді.Ауызбірліктеріңізді Алла берік қылсын🤲.Жастарға өтте керексіздер.

  • @aitbai_bai3052
    @aitbai_bai3052 2 года назад

    Табиғат Қуатай мырзаны күтемін қонақта 🙏, ттб бомба передача 💯💥💥💥💥💥💥💥

  • @Детскиймир-л4п
    @Детскиймир-л4п 2 года назад

    Ассалаумағалейкум ! ТТБ ның әрбір шығарылымы керемет . ТТБ ны көре келе білім деңгейім көтерілді . Аллаһ разы болсын сіздерге ! Алаңдамаудың ең тиімді жолы білімді болу . ТТБ ны көріп біраз тақырыпта алаңдамайтын болдым . Мысалы Отбасы салыққа алаңдама - ТТБ көр шешімін табасың !

  • @АселДуйсенкожа
    @АселДуйсенкожа 2 года назад +4

    ТТБ өте керемет осы күнге дейін өзіме көптеген инсайттар алдым.Қуаныш мырза,Ескердір мырза мықтысыздар!Келесі шығарылымды асыға күтемін!

  • @sakenzaikenov
    @sakenzaikenov Год назад

    Ттб барына Аллага шукир
    Оте керемет подкаст
    Пайдалы, мадениетти, арасында кулкили)
    Алла разы болсын сиздерге

  • @МаратСаулетхан-я4р
    @МаратСаулетхан-я4р 2 года назад +1

    ТТБ-ның әрбір шығарылымы ішімізде жүрген сұрақтардың жауабы ретінде көрініс табады, 1 жыл бойы көрген 38 шығарылымның әрқайсысының өзіндік мәні мен ерекшеліктері бар. Осы ТТБ бағдарламасының өзі бізге алаңдамауымызға, сұрақтарымызға жауап беріп, өзіндік бір стильмен іштей дамуымызға әсер етеді. Жаңа шығарылым - жаңа инсайд, жаңа білім, жаңа дәреже👌✊

  • @stickwarlegacyaibar4581
    @stickwarlegacyaibar4581 2 года назад

    Рахмет сыздерге.Ттб мен ауырамыз кадымгыдей. Өзбек ағайындарда тап свздердыкындей форматта шығарыпты жакыннан бастап.Жумыстарынызга саттылык .Алла риза болсын сыздерге.

  • @Аида_апай
    @Аида_апай 2 года назад

    Рахмет. Көп инсайттарға толы бағдарлама. 21 жыл сіздерді тындаумен өтті. Аллах әрқайсымызды ерекше қылып жаратты. Нақты жетістікке жету жолы жоқ, деген жақсы өтті👍

  • @БексултанАбуталип-н1ж

    Төртеу түгел болса керемет жоба болды тек шабыт табыс тілеймін Аман болыңыздар бар болыңыздар бай болыңыздар
    Алаңдама дегенге ойым өз ісіңді жасап өз ісіңе тианақты жатап сенімді болсаң алаңдамауға болады деген ой барынша жұмыс болсын қиыншылық болсын жақсы жағынан шешіліп алаңдамай Аман жүріңіздер
    Лайкты аямайық

  • @olzhasa5992
    @olzhasa5992 2 года назад +1

    Құтты болсын жігіттер! Жарайсыздар! Аллаһ разы болсын! Омар Жәлел мырза мен Рауан мырзаның шығарылымын көріп сіздің тұрғылықты көрермені болдым. Рахмет тамаша.
    Ұсыныс: астына жазатын жазу оқылмайды. Түсін өзгертіп шрифтті үлкейтіп қойсаңыз жақсы болар еді. Продакшнға мың алғыс дыбысы керемет!

  • @aitzhanzhumadullayev4650
    @aitzhanzhumadullayev4650 2 года назад +2

    Болашаққа мақсат қойып, жоспар жасау барлығымызға ұнайды. Бірақ осы жерде бізді тығырыққа тірейтін нәрсе ол- Алаңдау! Ертеңгі күн не болады, бизнес жүрмей қалса не болады деген сұрақтар біздің тек уақытымызды алады. Дәл осы сәтте болған дұрыс! Ең бастысы өзімізге сеніп әрекет ету. Біздікі тек жолға шығу -Қалғаннын Алла өзі реттейді🤝✊

  • @su1tango
    @su1tango 2 года назад

    Қімге аландама десе адамдар не ойлап қалады деген ойға аландама деп ойлаймын. Себебі әр адам әр түрлі, біреуге жағады, ал біреуге жақпайды. Неге аландама десе өзіннің тұлғалығына, дене пішініне қоғамдағы рөліне егер төмен дәрежеде болса, сол үшін аландама. Тек алға қарап бұнын бәрін берүші Алла және көбейтүші Алла деп алға қарай қадам бас. Дамы.

  • @НурелНургабыл
    @НурелНургабыл 2 года назад

    Ескендір мырза өте мықты,ғұлама адам . Әрқашан мойындатады.

  • @bekazhumadilov5929
    @bekazhumadilov5929 2 года назад

    Ассаламалейкум жигиттер!
    Бир жылдык кутты болсын! Токтамандар жигиттер.
    Мырзалар сиздердин багдарламаларыныз аркылы талай казактын кози ашылуда. Казактын болашагы жаркын болсын!

  • @БибинурБайжигитова-ю3я

    Керемет тыңдаған сайын миыңның кесесі толып рахаттанасың ғой. Кітаппен де осындай ттб ның жігіттерінің тажірбиесі арқылы миымызды кеңге жайып жаткан жайым бар🤗

  • @ДамирТулебаев-и1т
    @ДамирТулебаев-и1т 2 года назад +2

    Қазіргі барлығымыз Отанымыздың болашағың ойлап алаңдап жүрміз ғой, асыл дінімізді шамамыз келгенше насихаттап жүрсек, міндетті түрде Алла Отанымыздың болашағың жарқын қылады

  • @istanbulturkey9953
    @istanbulturkey9953 2 года назад

    Алаңдама!!! Ойыңдағы өмірің шындыққа айналады! Сен арманыңның орындаларына сен және ол үшін керекті әрекетті жаса! Алаңдама!!!

  • @ЖансұлтанЖенисбекұлы

    Басқалар сен туралы не деп ойлайды деп адаңдама, білімге салған ақшам құр кетті жеп алаңдама, және біліміңді ал жа әрекет ет, берекетін Алла беретініне алаңдама!

  • @АкмартаНаурызбаева
    @АкмартаНаурызбаева 2 года назад +1

    Бұрын жүрегме жақын сұқбат іздеп алаңдайтын едім, шүкір Аллаға алаңдамай ТТБ көріп отыратын болдым. Адамның жандүниесінің қажеттілігін қанағаттандырады. Бұл бағдарламаны білмей жүрген адамдар көп деп ойлаймын.

  • @diasbaltashyli7719
    @diasbaltashyli7719 2 года назад +6

    Өткенге аландамай, Болашақтан үрейленбей, Қазіргі сәттен ләззәт алайық ТТБ көрермендері 😇

  • @lyailyademessinova2637
    @lyailyademessinova2637 2 года назад +1

    ТТБ спикерлерінің тондемі тамаша. Кез келген сұрақты төртеуі жан-жақтан ашып беріп отырады.
    Кімге және неге алаңдама: сіздердің кеңестеріңізбен бүгінгі балаларыма беріп жатқан тәрбием, уақытым, ақшамды, өз үлгімнің Алла қаласа болашақта ақталатынына сенімдімін, ақырындап жемісін де көріп жатырмын, жақсы фундамент қаланса, жаман болады деп ойламаймын, еш алаңдамаймын. Алла соған жазсын.

  • @ЕрканатХусман
    @ЕрканатХусман 2 года назад +3

    ТТб жобасына бір жыл, құтты болсын,бір жыл көріп , бір комментарий жазбаппын, айтқым келгені жасай беріңіздер, Алаңдамай 🤗👍👍👍👍

  • @АнарАбилкаирова
    @АнарАбилкаирова 2 года назад +1

    Алаңдама! Кімге? и Неге?
    1. Өтіп кеткен өмірге. Жеке өзімнің және таныс адамдармен сөйлескендегі түйген ойым көп адамдар әлі де өтіп кеткен өміріне алаңдап, кеткен қәтеліктер мен өкініштер, ыза мен кек, немесе бұрынғы бар, кәзір қолында жоқ табысы тағы да басқа өтіп кеткен ситуацияларға алаңдап өмірі өтіп жатыр.
    2. Уақытты қалай басқарамын деп алаңдама.Уақыт жайлы Марғұлан ағамыз керемет айтты.Уақытты емес, энергия, күш-қуатты басқару керек екен. Уақыттың ішіне көп жұмысты бітіруім керек деп жүгіріп көп уақытты нәтижесіз өткізіп аламыз немесе жетістікке жеткен мен энергиямызды бітіріп аламыз. Сол үшін маңызды іс - асығыс болмайды, асығыс іс - маңызды болмайды. С.Марғұлан.
    3.Енді келетін табысқа алаңдамау. Әрекет бізден-берекет Алладан.Бүгінгі істі- ертеңге қалдырмай тек алға жүрейік, ағайын!!!

  • @ЕрланСыдыков-о9к
    @ЕрланСыдыков-о9к 2 года назад +1

    1-жылдық төл мерекелеріңмен БАУЫРЛАР!Сәттілік сендерге.

  • @АкмаралЖонысова-л4э
    @АкмаралЖонысова-л4э 2 года назад +3

    Бугін куні бойы сіздерді көрдім.Ерекше ой береді,елеусіз қалдырмау керек💪

  • @maza_lime
    @maza_lime 2 года назад +3

    Болашаққа алаңдау, өткенге өкіну ж/е осы шаққа шүкір ету жайында Марғұлан ағамыз жақсы айтқан.Қысқаша түйін: ізденіспен әрекетті тоқтатпай өзіміздің қолдан келерін жасау.Қалғанына ,яғни Құдайдың бізге жазғанына алаңдап қажеті жоқ

  • @alataualatau4291
    @alataualatau4291 2 года назад +24

    Менімше Алаңдамау деген ол-осы жалған дүниенің ешбіріне алаңдаудың керегі жоқ. Бұл жалған өмір әрбір пендеге уақытша нәрсе... Тек кейінгі өмір ол мәңгілік сол үшін осы өмірдегі іс әрекетке дұрыс мән беріп мен не істеп жүрмін?Мен қандай бағытпен жүрмін? Деп әрбір пенде кейінгі өмірлері үшін алаңдауға міндетті...

  • @ayanarch
    @ayanarch 2 года назад

    Ассалаумаалейкум құрметті ТТБ ұжымы! Жалпы 2021 жылы қазақстандық ютубта көптеген контент түсірілді, әрқайсысы өз алдына бөлек бір төбе. Бірақ менің өзіме ең қатты әсер еткені, осы ТТБ шоуы. Керек уақытта, керек жерден табыла білдіңіздер мен үшін, сол үшін мың алғыс! Істеріңізге Аллаһ береке берсін!

  • @davidbazar6970
    @davidbazar6970 2 года назад

    Ассалом алейкум.
    " ТТБ " га Алланын нуры жаусын.
    Ташкенттен салем

  • @zhanbota_zhandoskyzy
    @zhanbota_zhandoskyzy 2 года назад

    Алаңдама Алла бәрін береді. Тек Әрекетке берекет болу үшін ниет түзеп алаңдамай жасай бер.

  • @nurbolnurbol9747
    @nurbolnurbol9747 2 года назад

    Төрт жігіт әрдайым "түгел болсын".

  • @quannur147
    @quannur147 2 года назад

    Қазақ қоғамы үшін қазіргі кезде арнайы контенттер жасау өте мөте қажетті дүние! Мысалы: әрбір өркениеттің жетілу көрінісі болып ғалымдардың өз салалары бойынша арнайы философиялық мектептердің ашылуы және онда терең ойлардың саралануы өте пайдалы көрініс береді. Сондықтан да, сіздердің экономикалық философиялық мектептің болуы оның контенттік көрініс табуы өте қажетті кәсіби дағды. Басқа салаларда осылай контенттік орталары қалыптастыра алуы өте қажетті жұмыстардың бірі. Сіздер осы жағынан да талпыныс бере аласыздар! Қандай жағдай болмасын істеріңіз оңға баса берсін! Контенттеріңіз баянды болсын!

  • @erkasimspabai1236
    @erkasimspabai1236 2 года назад +2

    Өте жақсы шығарылым болды ерекше көп пайдасын алдым алға дами беріңіздер шығарылым жалғастыра беріңіздер!
    Әр шығарылымның орны бөлек маған қаты әсереткен. шығарылым
    Марғұлан Сейсенбай, РУСЛАН БЕРДЕНОВ, РАУАН ЧИНГУЖИНОВ. Өте жақсы әсер еті қаты ұнады.
    Аландамау туралы Ойым Еш нәрсеге уайымдаудын пайдасы жоқ Өткенге өкінбей ертеніне уайымдамаи өмір сүру керек
    Әуел алла сосын өзін ақылмен жұмыс жасасан болғаны

  • @nurik8883
    @nurik8883 2 года назад +1

    Нәтижеге алаңдама,процесске алаңда. Дұрыс техникамен әрекет ет,нәтижесін Аллаға тапсыру керек.
    Жалпы ТТБ ұжымына,еңбектеріңізге үлкен рахмет! Жалғасын таба берсін, барша Қазақ заманауи сауатты,бай-қуатты болғай!👍

  • @BrotherRICH
    @BrotherRICH 2 года назад +2

    Жігіттер жарайсыңдар! Алаңдамауға үйретіп жатсыңдар бізді. Зор заман келе жатыр оның бастаушысы сендерсіңдер.

  • @happi407
    @happi407 2 года назад +1

    АЛДА НЕ БОЛАТЫНЫНА АЛАҢДАМА!
    АЛЛА ЖАЗГАН ТАҒДЫР БАР САҒАН ҒАНА !
    БІРАҚ СЕБЕП ЖАСА ӘРЕКЕТ ЕТ.
    ӨЗІҢДІ СЫЙЛА ,ЕШКІМ ДІ ЖАМАНДАМА !

  • @ҚуандықКүзембаев-й3с
    @ҚуандықКүзембаев-й3с 2 года назад +7

    Күнделікті ризығыңа алаңдама, тек қана әрекет ет !!!
    Әрекет сізден ризық Алладан 🙌

  • @ЖандосНуфтоллаев
    @ЖандосНуфтоллаев 2 года назад +2

    Өткен шақтан сабақ алып, Осы шақтан ләззат алып, сол моментте өмір сүріп, Келер шақтан позитивті жоспарлай білетін болсан және "ТТБ" подкастынан құнды инсайттар алып отырсан Өміріне еш аландамауға болатыны сөзсіз🤝👍

  • @ТомирисБолатова-ы8ч

    Ооо құттықтаймын ТТБ-ның 1 жылдығы өте керемет.Әр бөлім өзінше керемет әр бір минуттарының өзін өткізгін келмейді.Сериалдар кино көргенше ттб көрген өте пайдалы👏🏻👏🏻🥳🥳🔥🔥

  • @KAZTAU
    @KAZTAU 2 года назад +1

    Төртеу тугел болса төбедегі келет
    Жарайсындар жігіттер👍
    Сіздерге оқысақ қалай қабарласам

  • @БотакозДосекова
    @БотакозДосекова 2 года назад

    Алаңдама!Екінші болма!ТТБ💪✊

  • @Gulzada-zhumurova
    @Gulzada-zhumurova 2 года назад

    Бір жыл жасалып келе жатқан жоба, мықтығой!!! 🔥🔥🔥 көп рахмет жасап жатқан істеріңізге! Ттбны күтіп отыратындардың бірі менмін. Ең мықты сұхбат Рауан мырзамен болды мен үшін. Сол кісімен тағы бір выпуск шығарсаңыз 👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻 құтты болсын 1 жылдығыңыз 🥳🥳🥳 Алла разы болсын сіздерге 🤲🤲🤲

  • @bota7270
    @bota7270 2 года назад +1

    Адамдардың айтқан сөзіне АЛАҢДАМА. Мейлі ол жақсы немесе жаман болсын, себебі шын ынтаңмен бір іспен айналысып белгілі бір шыңына жеткенде, кез-келген адам саған қызыға да ,қызғана да қарайды. Яғни сол сәтте алаңдамай, өз дегенімен шешім қабылдай алуы осы жетістікке жеткізді деп ойлаймын.
    Және де , басқалар жетіп жатыр мен әлі бір жерде тұрмын деген ойлар мазалауы мүмкін. Бірақ әркімнің жолы әр бөлек , оның қызығушылығы, көзқарасы басқа. Өзіңді басқалармен салыстырып АЛАҢДАУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ. ӨЙТКЕНІ өзіңді салыстыратын адам ол - КЕШЕГІ СЕН. Яғни кешегі күнге қарағанда бүгін бір істі жақсы істей алсаң ол прогресс және өсу көрсеткіші деп түсінемін .

  • @yelpatsalimzhan7147
    @yelpatsalimzhan7147 2 года назад +2

    Бір жыл бойы сіздермен бірге болдым. өте пайдалы ақпарат бердіңіздер!!!!!!!!!! келесі жылы одан да жақсы сұхбаттар көреміз деп ойлаймын!!!!!!!!!

  • @erzatmurat8105
    @erzatmurat8105 2 года назад +1

    Алаңдама болашаҚҚа Еңбектен Береді АЛЛАМ АлаҢ болма..... ☝

  • @zhadyrabeketaeva
    @zhadyrabeketaeva 2 года назад +1

    *Аллага шукир прям кушти*

  • @АружанЖагпарова
    @АружанЖагпарова 2 года назад

    Осы 1 жылдық шығарылымдарды көріп көп жақсы ақпараттарды білдім, түсіндім. Обычно адамдар болашақты ойлап алаңдайды, ал менім осы алаңдамау туралы түсінгенім істеген ісіме сену, ол туралы ақпарат тарды білу, үйрену, және көру қателесу. Мен осы кезге дейін қателіктен қорықтым, сол үшін әлі болмаған затқа қате жасасам не болады деп алаңдайтынмын, қазір түсінгенім қателікте процесстің бір бөлігі онсыз тәжіриебе де болмайды.

  • @БиржанМухамбет-ц5х
    @БиржанМухамбет-ц5х 2 года назад

    Осы бағдарламаға және де ұжымға алғысым шексіз. Өте көп мағлұматтар алдым және ой-өрісім өзгерді жаңашалап ойлауды үйрендім .
    Жалпы ала келсек алаңдамау дегеніміз белгілі бір іске уайымдамау яғни тек қана сеніммен , нақты шешім қабылдап өзгелердің пікірін көзге ілмеу , қорқыныш пен үйренден өзін-өзі жемеу деп ойлаймын . Бұл ұғым жалпы адам бойындағы шешім қабылдай білу , тәуекел етудің өсуіне әсер етеді деп ойлаймын . Көп алаңдау құрдымға алып келуі мүмкін деп ойлаймын .

  • @КуанышКурмамбаев-я1э
    @КуанышКурмамбаев-я1э 2 года назад +1

    Жалпы адемі тыңдаған адамға әдемі білім ТТБ, мықты ой қалыптастыруға үлкен дүние жасалған. Осындағы білім иелерінің айтылған сөздерін тыңдап ой түйіп соны қолдансақ алдағы бес жылдыққа алаңдамай омір сурсек болады - ау.

  • @Iman_Shuagi
    @Iman_Shuagi 2 года назад

    Уақыт өтер алаңдама бауырым, Алда күтер шын бақытың бауырым. Жүрегіңде иман болсын амал болсын, Жеткізер Раббың Алла жүргін аман.
    Алла жар болсын баршамызға. Еліміз аман жұртымыз тыныш болғай. Екі дүниенің бақыты баршамызға жар болғай. Алла разы болғай баршамыздан. Әссәләму әлейкум уа рахматуллахи уа барокатуһ.

  • @ОрынбасарМахамбетов-ф1ь

    АЛАҢДАМА, МАҚСАТЫҢ - АЙҚЫН БОЛСА,
    АЛАҢДАМА, ТІРЛІГІҢ-КАЙФЫҢ БОЛСА!
    АЛАҢДАҒЫН АЛТАУЫ АЛА БОЛСА,
    АЛАҢДАМА, ТӨРТЕУІ ТҮГЕЛ БОЛСА!

  • @АйданаТохсанова-у9щ

    ТТВ-ның барлық шығарымын қарап шықтым. Өркен Кенжебек ағамыз айтпақшы сериал сияқты әр шығарылымын күтіп жүрдім! Пайдалы контент! Жұмыстарыңызға береке тілеймін. Ттв-дан алғандарымды өмірде қолданып жүрмін! Келесі жылға төрт көзіміз түгел аман есен жетейік. Сіздердің шығарылымдарыңызды асыға күтеміз🤝✊🏻

  • @mukhtarbimurat5106
    @mukhtarbimurat5106 2 года назад +8

    Сіздерге үлкен рахмет! ТТБ ның ойымды өзгертуге сенімдерімді бекітуге көп пайдасы болды.
    Алаңдамауға бір мысал: мақсатыңа жету үшін білім алып, қолыңнан келгенін жасап, һәм бар істің нәтижесі алладан екеніне сеніп, шынайы тәуекел етіп, нәтижесіне алаңдамау

  • @saltannan
    @saltannan 2 года назад

    Өмірге алаңдама, бәрі жақсы болады!
    Тағдырыңа алаңдама, бәрі өз қолыңда!
    Өзіңе сен,
    Өзіңді алып шығар.
    Еңбегің мен қайратың екі жақтап.

  • @Kuanush
    @Kuanush 2 года назад +2

    Келесі жылдада дамып көрермендеріңіз көп болып денсаулықтарыңыз мықты болып аман болып жүреберіңіздер ✊✊👍

  • @nurjanoman7017
    @nurjanoman7017 2 года назад +1

    Ескендір мырза өзіне көп алады ақылды болып көрінгісі келеді)

  • @sundetnazarkulov5487
    @sundetnazarkulov5487 2 года назад

    Сөз құрау, сөз саптауы мықты екен мына кісінің кім екенін біліп тұрсыздар....

  • @phenomrelaxing6300
    @phenomrelaxing6300 2 года назад

    Болашаққа алаңдамасақ, өткенге өкінбесек, қазіргі уақытқа көңіл бөлсек - бақытты боламыз инша Алла

  • @donenamanyazov6305
    @donenamanyazov6305 2 года назад

    Алаңдама болашаққа
    Болады бәрі жақсы болар шақта
    Қиындық пен сынақ өмір заңы
    Тәуекел ет АЛЛАҒА сабыр сақта.

  • @Aidos0601
    @Aidos0601 2 года назад +2

    “Өз ойымыздың дұрыс не бұрыс екенін естуге “ алаңдама деп өзімнің көз қарасымды айтқым келеді. Барлық көз қарастар өзінше дұрыс

  • @muslim.oryngaliev
    @muslim.oryngaliev 2 года назад

    Құтты болсын 1 жылдық ТТБ үздіксіз даму подкасты

  • @Хамзабатыр-ч1ш
    @Хамзабатыр-ч1ш 2 года назад

    ТТБ бірталай пайдалы нәрсе берді, дами беріндер.

  • @_assylzhan_
    @_assylzhan_ 2 года назад +40

    Өмірде алдағы болатын нәрсеге алаңдаудың қажеті жоқ. Қалай өмір сүрсең солай өмірден өтесің дейді. Сол үшін бүгінге алаңдау керек бірақ алдағы дүниеге емес.

  • @БахтиярРаев-р3х
    @БахтиярРаев-р3х 2 года назад +3

    Супер ✊✊✊✊

  • @erkemaratkuzi9415
    @erkemaratkuzi9415 2 года назад +1

    Алаңдама өткеніңе өкініп,болашаққа алаңдаудың қажеті жоқ.Дәл қазіргі сәтпен өмір сүр🌈
    Өзіңді сапалы өмірге лайықты ет🌀
    Арманда☘Әрекет жаса🦄Нәтиже міндетті түрде болады.Әрекет бізден🤞Берекет Алладан✅

  • @Класснаясемейка-п3к

    Әйел адам болған соң уайымшылмыз, әр нәрсеге бір алаңдап жүреміз. Бойжеткен кезіңде өмірлік жар таңдауды , балалы болғанда- балаңның болашағы уайым. Әр нәрсе Алланың қалауымен әрине. Сіздер ТТБ жобасы арқылы біраз адамға инсайт беріп жатырсыздар. Қуаныш мырзаның өмірге деген құлшынысы, Ескедір мырзаның даналығы, Мейірбек мырзаның ақ жарқындылығы, Құлан мырзаның қарапайымдылығы. Біздерге алаңдамай жеңіл өмір сүрудегі ойларыңызбен бөліскендеріңізге рахмет!

  • @МадиярМырзалимов
    @МадиярМырзалимов 2 года назад +2

    Алаңдама! Егер:
    Алтау ала болмаса,
    Жаратқан өзі қолдаса.
    Ата-анаң аман боп,
    Жапырағың солмаса.
    Қуаныш, Мейірбек, Ескендір,
    Құландайын мырзалар
    Номер один мен үшін
    ТТБ тоқтап қалса да!
    Тәуелсіздік мәңгі болсын, қазақ елі!!! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

    • @МадиярМырзалимов
      @МадиярМырзалимов 2 года назад

      Алаңдама, ағайын,
      Бола тұра мәселе
      Шешілмейтіндей болса да!
      Бір Алла өзі жар болсын,
      Аяқтан жауың шалса да.
      Сәттілік болсын серігің
      Әрбір басқан қадамда,
      Соңғы демің қалса да.

  • @edison_kz
    @edison_kz 2 года назад

    Садық Шерімбек, Айдын Бекмұхамед, Думан Ерқанаттарды сұхбатқа шақырыңыздар!

  • @histryomongh1194
    @histryomongh1194 2 года назад

    Аландама, амал ет, калганын Аллага тауекел ет!

  • @erdaulet_ts
    @erdaulet_ts 2 года назад +2

    Алаңдама қажеті жоқ Алаңдарға
    Қателікті жойсаң сен Алаңдаған Ең жақсы амал болып осы қалар
    Жаса тек алға қарай Алаңдама
    Нәтижені күтпегін Алаңдатар
    Алла берер нәтижеңді Алаңдаған
    Амалы көп болған адам озып қалар
    Амал бізден
    Нәтиже алладан алаңдаудың қажеті жоқ
    Ең керемет жол таңдау іздену осыда

  • @alataualatau4291
    @alataualatau4291 2 года назад +5

    Құттықтаймын 😘

  • @KAZTAU
    @KAZTAU 2 года назад

    Туманбай Молдағалйев айтпақшы
    алдымен Жанбылдын жасына жет
    Одан кейн қайда кетсен сондакет
    Дегенекен сол сияқты 100 жыл болсын
    Жігіттер ТТВ дамйберсін👍

  • @АқгүлИманқұлова
    @АқгүлИманқұлова 2 года назад

    Осы бағдарлама арқылы көп нәрсе түйдім, үйрендім, “Бала тәрбиесі” туралы курсты да сыйлыққа алдым шүкір🙏 ризамын, разымын. Әрі қарай да тағылымды, ой салар, адамды өзгеріске жетелер бағдарламалары болса екен деген ЫҚЫЛАС ЫНТА НИЕТПЕН, кімнен не үйренемін, қалай біліммен толысамын деп АЛАҢДАМАЙ бір жыл естіген көрген дүниелердің ЖАЛҒАСЫ болады деген үмітпен Баршаңызға алғыс кадрдың ар жақ бер жағындағы АЗАМАТ ЖІГІТТЕРГЕ🙏💞

  • @БотакозДосекова
    @БотакозДосекова 2 года назад

    Ерсін Әміре ағамызды шақырыңыздаршы.Иманы білімді болу бірінші орында болу керек деген ғой.

  • @asiyaazhimanova
    @asiyaazhimanova 2 года назад +1

    Алаңдаймын деген адамға алаңдайтын нәрсе де, адам да өте көп. Әрекетіңді жасаған болсаң, онда ертеңгі күніңе, бір істің нәтижесіне алаңдау артық деп ойлаймын. Әркім өзі үшін алаңдасын, басқа біреудің өміріне алаңдап қажеті жоқ.