Отыншы Көшбай - Ақбөбектің соңғы әні. Маңғыстау махабатының символы. Қайып пен Ақбөбек!
HTML-код
- Опубликовано: 8 мар 2020
- #Қайып пен #Ақбөбек оқиғасы #Маңғыстау өңіріне кеңінен белгілі жайт.
Кедей етікші Қайып байдың ару қызы Ақбөбекке ғашық болады. Өзі әнші, өзі шебер, сері жігітке Ақбөбек те ынтығады.
Алайда, атастырылып қойған жер, төленіп қойған қалың бар, ең бастысы, айтылған сөз, берілген уәде бар, қос ғашықтың махаббаты тұйыққа тіреле береді.
Ақыры, Қайып шыдамай Ақбөбекті алып қашады. Ел іші дүрлігіп, бұл жайтты сұмдыққа балап, жастарды айыптайды. Тығылып жатқан жерінен тауып, айырып әкеледі.
Көп шырғалаңнан соң Қайып та түңіледі, Ақбөбек те торығады.
Алдағы баяндалар оқиғада осынау екі ғашықтың - жолы түйіспеген екі тағдырдың сол машақаттардан кейінгі өмірі жайлы айтылады. Видеоклипы
Бұл каналды ешкім қаржыландырмайды.
Қолдаушысы халық. Сіз де үлес қоса аласыз.
KASPI GOLD: 4400 4302 1443 6385
Жақсы қазағым
Һ
Кереметаныз
һ
Расписание намаза в Актобе
Қазағым аман болсын. Тек қана Қазақтың пейілі кең екен. Қазақстанға келген бврлық ұлтты өгейсінбей ,бауырына басып соңғы нанына дейін бөліп беріп басына шығарды. Қайран қазақ!!!!!!!!!.
Ақбөбек пен Қайыптың арасындағы махаббат өте әсерлі баяндалған.
Тарыдай шашылған қазақ халқының туған жеріне деген сағынышы жүрек тебiренттi.
Осылай маңғыстаудың батырларын кең байтақ жерімізде болған аңыз әңгімелеріңізді айтып жүрейік. Балаларымызға айтып жүректеріне адайдың кім екенін түсіндіріп батырлықты уйретейік. Қыздарымызға ар ұят намыс не екенін ұялатайық. Рахмет.
Дурыс айтасыз
Қазақ деген қандай керемет халық десеңші төмендеп азып кетпесе екен дініне қарамай қанша халықты аман сақтап қалған . Қазақтың әнінің өзі тарихқой
Қандай аянышты, ей, қазағым не көрмедің. " Көресіңді көрмей , көрге кірмейсің",- деген рас. Ақбөбек ақын, ақылды қыз, ал, Қайып ақын, сері жігіт. Екеуінің арасындағы сезім шынайы, адал, мәңгілік. Ақбөбек апамыз бен Қайып ағамыздың жандары жаннатта, иманы жолдасы болсын. Ұрпақтары көп болып, өсіп- өнсін. Бекзат, балам, саған шексіз алғыс, толық мағлұмат бергеніңе. Мен Жұлдыз журналынан шамалы оқып едім. Дендерің сау, көңілдерің жай, төрт түлігің сай, жегендерің қазы- қарта, құйрық- май болсын.
Рахмет, Алла разы болсын, бауырлар! Жазған адамға да,оқыған адамға да мың алғыс!
Тарыдай шашылған қазағым- ай!
Қай жерде жүрсе де аман болсын, Отанымызға оралсын!
Х
Айналайын қазағымай, жанымай, əттең сенің жақсы өміріне жаным садаға.Ендіге жерде бəрі қазақ өмірінде жақсы болса екен.
@@user-ou6lv1jw9z p
H
Ақбөпенің басынан өткен өмірі, мың өліп, мың тірілген бүкіл қазақ руларының тарихы деп білемін. Бұл қазақтың басынан не өтпеген не көрмеген. Қайран қазағым, алдымызда не күтіп тұр екен. Ұрпақтарымыз аман болғай.
..
Қандай қиын тағдыр. Жерді, суды, ауаны сағыну. Өзекті өртер сағынышпен өткен өмір.
йә,бірақ осы неге солар сағынатын мөлдір бұлақ,үйір мал,жайқалған дала,мол дастарқанды емес,қит етсе кейінгі сорлап қалған кезін ғана көрсетеді фильмдерде
Отыншы ағай,қазақ халқына,тарихына ерен еңбегіңіз сіңіп жатыр,Алла разы болсын,сізге!Ақбөбектің бір ауыз сөзімен бүкіл қазақ халқының қиын тағдырын көрсете білдіңіз.Өте қарапайымсыз,адамгершілігіңізге басымды идім,мен сізді Адай Ата-Отпан тау тарихи-мәдени кешенінде жұмыс жасап жүргенімде көрдім.Көзі ашық,көкірегі ояу қазағымның сіздей азаматтары аман жүрсін!
Сағыныш деген қыйын ақ, нелер Қыйыншылық өтті қазақтың басынан. Бейбіт күннің өзінде де осыған ұқсас еді ау өмір. Жүрек ауырады екен неше мәрте тыңдасам да өткен өмірім көз алдыма келіп. Шүкір, тауба деумен отырған, Ел аман жұрт тыныш болып Ұрпағымыздың келешегі жарқын болса екен деймін. Жүректің түбінде сақтаған тұнық та, таза сезім бар екені анық. Қартайған шақта жиі еске түседі екен.
Ой дүние ай, осындай өткен ата- бабалар өмірін естіп өмірдің тірліктің қымбат та, тәтті екенін; жалған екенін түсінесің. Қолда бардың қадірін біліп қанағат етіп тірлігімізді қадірлей білейік. Әсіресе жастар..,
Тыңдап көзімді сулап алдым 😢.
Әдемі әңгіме,жақсы оқылған. Ақбөбектің әңгімесін осы естіп тыңдап отырғаным. Иранға көшіп кетті деп еститінмін,өмірі қалай өтті екен деп ойлайтын едім.
"Туған жердің торғайыда сүйкімді" - деген ғой атап қазақ. Халқымыз небір қиындықты бастан кешіп, басқа елдерге қоныс аударды. Бір - бірін ұнатқан жастарғада көп қиындық жасады. Ендігі жастарымыз тәуелсіздікті бағалап, көк туымызды көкте желбіретіп бақытты өмір сүре екен
Рахмет, тамаша, мен орыс мектебін бітірсемде барін тусініп тындадым... қайран елім не көрмеді.. Алла разы болсын.
Керемет әңгіме!
Қайран қазақ босып басың әр далада қалдау. жусанды дала ның шығысындағы шығыс түркіста қазақ тарыда босып көрмеғені жоқ.
Бул әңгіме менің көзіме жас үйірды. 😭
Осындай ангымелер керемет
Ақбөбектің әнін менің әжем айтатын еді.Бала кезімнен есімде. Керемет сізге 1000
алғыс
Бекзат бауырым, дауысың жағымды, үнің керемет екен, Алла разы болсын саған!
Батыста түркімен, шығыста ұйғыр мен қытай тоз-тоз болған қазақты есіркемеді ғой. Обалымыз орысқа! Сол үдере көшу тағы да басталды ғой.Жастарымыз жүздеп, мыңдап шетел ауып жатыр.Олар: "Қазақстанның болашағы жоқ, өңкей ұры-қары, жемқорлар жайлаған.Олар Жаңа Қазақстанды құрғызбайды" дейді.Кімге сенейік?! Аллаға сенуден, аллаға жалбарынып дұға етейік. Момын халықтың жары бір АЛЛА!
Бəрекелде інім əманда жоғарыда бол. Жат жерде қалған қандастардың жандары жəннəтта болсын. Ақбөбек апамыздыз əруағы риза болсын
Әмин Жаны жәннатта болсын
Пали ,Алла разы болсын !
Керемет окыган адамга саулык тилеймин.
Бекзат Қосай аман жүр, жарайсың..дауысың,оқу мәнерің келісіп тұр...өнегелі еңбегің көп болсын..
Керемет оқыдың, талабың тассысын, асыға күтеміз
Күшті әңгіме екен. Рахмет!
Оте жаксы.
Тамаша!
Рахмет...
Тамаша қайта қайта қойып тыңдаймын.
Иә, өмір деген осындай екен-ау дейсің?! Қандай-қандай жандар өтті ғой бұл өмірден. Біздің жастар осындай әңгімелерден сусындап өссе керемет болар еді.
Орыстың қазаққа келтірген қызыл қырғынымен сары сүргіндері бүкіл ұлттың ғасыр бойына орны толмас жазылмас жарасы!!!
Казагын да ондирип жатканы шамалы ,кеше кырды гой ,жазыксыз канша жастар кетти ау 🙏
Өте дүрыс айтыңыз,
Ықылас, дұрыс айттыңыз
Өткенді айта бересіздер! Бүгін, ертең не брларын ойласақ қалай болар еді!
@@user-iw3wl8sr1l орыс боп кеткен мангурт кыргыздыгой, таза казак болса олай истемес еди.
Керемет 👍 тындай бергин келеди.
Тамаша әңгіме
ОТЕКЕ МЫНА ЖАЗЫЛҒАН ӘҢГІМЕҢ КЕРЕМЕТ. ТІПТІ ТЫҢДАЙ БЕРГІҢ КЕЛЕДІ..
ТЕК ҚАЛАМЫҢ МҮЖІЛМЕЙ АЛЛА ДЕНІҢЕ САУЛЫҚ , ҚУАТ БЕРЕ БЕРСІН..ТЕБІРЕНЕТІН ӘҢГІМЕ.
Қайран Ата Бабаларым жатқан жерлерін жайлы мекендерін жұмақ болсын.Менде ағыл тегіл жыладым.Жауыз орыстар елімізді тарыдай шашып қорлық көрсеткенімен тұрмай оларды бізге байлықтарын алып қашқан жау көрсетті шіркін асыл Қазағым енді бұндай зобаланды РАББЫМ көрсетпесін!ҚАЗАҚТЫ ТУҒАН ЖЕРДЕН АЙЫРМАСЫН !АУМИН!
Әумин 🤲
Маңғыстауда жауын жоқ болды ғой,жауса енді аздап жауатын болып жатыр.
Тарихта орыстың зобалаңы аз болған жоқ
АҚБӨБЕК ПЕН ҚАЙЫП ТУРАЛЫ КИНО ТҮСІРІЛУІ КЕРЕК, НАҒЫЗ ЕРЛІК МАХАББАТ,
Театр сахналарында сан мәрте рет қойылған қойылымдар (спектакль) баршаға белгілі,ал әндері болса отырыстарда көп орындалатын,оны естіп өскендер еске ала беретіні белгілі.
Керемет , Отыншыага рахмеет Сизге оте керемет , Жадаукок анинин тарихын билдик , каламыныз уштала берсын🤲👏
Керемет осындай тарихы естеликтерди, жариялаб отырганынызга коп Рахмет
Керемет тамаша
Қайран қаағым ай не көрмедің
Тамаша менин аттасым екен Акбөбек
Адай Алланың байдың кызынан Алланың нұрынан жаралған оны Кашаған дəлеллеген бізге бар барлык берген сол ушін Аллатағала!!
Рахмет бауырым әңгімеңе әр қазаққа ои салатын өте әсерлі болды👍
Елім деп келген әр қазақты қандас бауырым келді деп түсінеиік олардың көбісі Ата Балаларының өсетімен келгендер.шекарадан өте алмаи қаншама қандас Ата бабалар қалды шетте
Өте тамаша жазылған екен.Оқыған Бекзат қа жазған Отынды ағайға рахмет.👍👍👍
Осындай әңгімелерді жиі салып тұрыңыздар. керемет 👍
Жазған оқыған бауырыиызға Алланың нұры жаусын! Өкініштен өзек өртенді ау!!
О Махаббат Алланың Өзі жаратқан..❤🤲
Керемет!!! Бекзат бауырым аман жұр. даусын өте керемет екен. Рахмет саған.
Жанымау,қазағым. Қазағым жаным менің.
Ия, адам сенгісіз сезім, нағыз отанға, артта қалған елге махаббат. Әні керемет екен.
Кандай асерли! КЕРЕМЕТ!
Сізбен бірігіп маңғыстау тарихын шығару керек екен.
Мың да бір рахмет!
Қандай әсерлі,шіркін осы туған жердің қадірін білмей жүргендер қаншама,шет елге жалға беріп,сатып жатыр.
Жасай берш 👍👍👍
Керемет оқу үні жағымды екен 👍
Қайран менің қазағым солкезде де арылмаған ау азабың.Тарихқа кейінге үңілу де силағандық ау қазағымды.
Керемет естелік! Қайран махаббат құрбандары! Оқылуы да тамаша! Соңына дейін жалықпай тыңдайсың!
Жаксы тарихта болган окига келешек жастар да коп тындау керек
👍керемет ангиме
Маңқыстауда отырып, маңқыстауымды сағынып кеттім ғой. Қазір маңқыстауда жан жоқ сыяқты бір дұрыс адам таппай ойланып отырам үнемі. Бәрі ұсақталып кеткендей.Әттең өмір ай..
Керемет 👍👍👍
👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻Осындай дүниелерді көп жазып сала беріңіздер💪🏻
Керемет казагымаий мын одып мын тырылген
Осындай ғашықтар өміріін неге кино түсірмеске
Алла разы болсын сізге Бекзат Қосай керемет.
Кандаи керемет ангиме👍
Әй сау болшы Бекзат інім!
Анық та көркем оқисың.
Жүрегім езіліп кетті ғой уһ
Керемет оқисыз, қайран елім не көрмедің
Қайыптың урпағынан Сәлем ✓
Кашаган мен Кайып бир Рудан ба, Балилер емес па?
@@user-vu1kh4pz3f Қайыптың руы Бегей. Ақбөбектің руы Мамыртай.
Салем
@@user-vu1kh4pz3f жо екеуи екі болек кайып малай бегей
@@user-wi9qn4gs4n дұрыс айтасың Мамыртаймын мен
Отыншы Көшбай ағамыздың осындай шығармаларды жарыққа шығарып, елдің жанына рух сыйлайтын осындай еңбектері үшін Алла разы болсын дейміз! Жасы ұзақ, дені сау болсын! Диктор мырза, комментарийлерге жауап жазарда *автордың еңбегі* деп айту қиын емес шығар.
Жадау көк әні, мені қатты толғандырды, жадау көк, көркем филмін түсірсе шіркін! Жатқан жері жаннаттан болсын Ақбөбектің!
Мангыстау ойын шукыр кырын биiк. Айналып кете алмадым козим кыйып. Алыска сени тастап кетсем дагы. Журе алман еки коздин жасын тыйып. ТАСТЕМИР.
Қайран қазағым, мың өліп, мың тірілген, не көрмегенсің, мына пәниде?
p0
Қышқылмысқвл
Сәлем
тө
Ь
Алла разы болсын.
Өте аянышты
Керемет! Өте əсерлі!
Адамның басы Алланың добы қалай домалатса солай кетеді деп дұрыс айтқан. Біздің де ата бабаларымыз сол сергелдеңге түскен. Сондағы мақсат артына ұрпақ қалдыру. Біз сол ұрпақтың. Оларға біз мәңгілік қарызбыз. Бұл дүниесі тозақ болсада Бақи дүниесі жұмақ болсын. Мәңгілік жұмақта болсын.
👍👍❤
👍👍👍👍👍👍👍
Даусың осы оқиғаны өз басыңнан кешкендейсің аман бол !
Айналайын дар ай
Қайран Адайым не келіп не кетпеді басыңа😢😢😢
Сонда да мектептин окулыгынан тарих пен адебиеттен али орын бермеди
адай ғана емес бар қазақтың басна түскен бүл күн
Бекзат айналайын коп рахмет, даусында керемет
Рахмет 💓💓
Қайран Қазағым жат жерде, жат елде жабырқадыңау қорлықта көрдің.Қайып Ақбөбек мəңгі махаббат символы. Дариғай, екі ғашық қосылғанда əттен əттен
Неге жынжыпыр белден томен сайқы мазақ кино тусіргенше осы Ақбобек пен Қайыпқа бір кино тусірілмейді
Оой кино болар тарихы мол ау Маңғыстауда, жыршы жыраулар калдырыып кеткен. Жоғары жақтың адамдары тырысып қалады Адай десең.
@@user-lf3km6yc2t ×=05
Ризамын осылай жейі шығарып отыршы .
Осындай, жаныңа ой салатын əңгімелер көп болсыншы. Тарыдай шашылған қазағым- ай.
Ұрпақтарымыз сауатты, білімді, намысты болса екен.
Қайыптай жігіт жоқ қой енді. Бөбегім дегеніне ғашық болады екенсің. Керемет ән
Керемет əсер алдым Бекзат бауырым мың жаса
ф
@@user-kv4pj4eo9h ХЪЪЭЭФФЭЭЪЭЭҺ
Һ
ЭФФ
Қазақ бір бірімен қырлысып жатса жат басынбай қайтсін
Керемет 😘💞🙏😘
Қандай керемет әнгіме. Бекзат саған Алла разы болсын. Осы ігі істерің тарихта мәнгі қалады. Тағыда тез тез салшы бауырым. Мен сенің каналыңды күтіп отырамын
Тагыда жии жии салып туршы. Кешир.
Осындай ұлы әннің кейіпкерлерінің тағдыры осыншама ауыр боларын кім білген...
Менде қызығушылықпен тыңдадым
Мен солтүстік қазағымын
Орысша оқыдым,бірақ қазақ әдебиетін оқыдым өзім
Коментарий оқып ренжідім бір адамға,ол айтыпты,адай тұқымы ерекше адамдар деп
Содан батыр да,намысшыл да қазақтар шығады екен-мыс..
Басқа қазақтар қызғанышпен қарайды екенбіз..
Бұны қалай түсінуге болады?
Тағы бөліну керек пе?
Білу керек руыңды,бірақ бөліну,әсіресе қазіргі кезде,неменеге керек?
Басқа халық естісе не дейді?
Өздері тату емес,бірінің алдында бірі мақтанады, деп..
Қазақпыз бәріміз,бір жұдырық болайық,бір уыс !
Мен сонда бұл әңгімені тыңдап бекер жылағанмын ғой,біздің рудан емес екен..
Мен сіз сияқты ойламаймын!
Маған барлық қазақ туысым!
Жекелеген есуастың сөзіне көңіл бөлме.Ол халықтың сөзі емес. Әйтпесе ,қазақтың бір бірінен айырмасы,артық кемі жоқ.Істеген ерлігі де,көрген қорлығы да бірдей.
Дұрыс айтасың бауырым
Дұрыс!
Мын олип,мын тирилген кайран елим-ай 😭😭😭
Отыншы аға ата баба аруағы қолдасын сізді шіркін ақбөбекпен. Қайптың бір. Уыс топрақтарын алып келіп екеуіне қойылған ескерткішіне төгсе қандай сауап болар еді қорғантөбеде тəжіктер қайыптың мазарына əлікүнге деиін тəу етеді əулие атайды мазарында жалғыз ағаш өсіп тұр
ДАУЫСЫҢ КЕРЕМЕТ,БАУЫРЫМ.
Бір емес екі сағыныш арқак болған әңгіме екен, өте әсерлі
Қор болған қазағым ай💔
Күшті жеп жатыр әңгіме 👍бармақ баспадыңдарма ағайындар.
Анашым да Қайып пен Акбобек туралы көп ангимелейтин еди
АДАЙЫМА,КАЗАГЫМА АМАНДЫК БАКЫТ БЕРЕГОР ЖАРАТКАН АЛЛА!!!!!.
Айналайын дар ай Жылаттың ау
Зор екен
Әттеген-ай
Сауысқанның суындай, түйенің қарнына толтырылған, тереңнен келетін судың дәмі өзгеше,ал оныңқұрамын бір Құдай біледі ,iшкен адамның көпке дейін шөлi қанып, қарны тойып жүретін, түрікменнің жерінде Адайдың қыздарын бағып жүріп ұрлап алып кете беретін деп көбірек еске алатын баяғы үлкендер толғанып отыратын...
Тамаша ,ия қанша адам өксіп өтті жат жерде
Кандай керемет көз алдыңа элестетесің əттің сүйүү. ..
Бегзат кушты окиды