"ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ" Әні мен сөзі: Зәуре Акошева

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 28 окт 2020
  • "Бөбек" ҰҒПББСО "Өзін-өзі тану" балабақшасы балаларының орындауында.
    "Қыс қызығы"
    ***************
    Авторы: Зәуре Акошева (Габдрахманова)
    Аранжировкасы: Бейбіт Ақош
    Аппақ, аппақ, қар аппақ!
    Айналаның бәрі аппақ!
    Аппақ үйлер қалада,
    Аппақ орман, дала да.
    Қызу еңбек аулада,
    Қаумалап ап бар бала,
    Мәз-мәйрам боп, шуылдап
    Жасап жатыр аққала.
    Аязда да тоңбаймыз.
    Жығылсақ та, қоймаймыз.
    Қызыққа еш тоймаймыз,
    Кешке дейін ойнаймыз.
    Сырғанаймыз далада,
    Коньки, шаңғы, шанада.
    Қар атысып ойнаймыз-
    Қыс қызығын тойлаймыз!

Комментарии •