АНТАЛИЯҒА 🇹🇷 ЖҰРТТЫҢ БӘРІ НЕГЕ ҚЫЗЫҒАДЫ? ТҮРКИЯҒА САЯХАТ/ҚАЗАҚША ВИДЕО

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 10 сен 2024
  • Анталия қаласына барғанда нені көруге болады? Қаланың көрікті жерлері қандай? Анталлияға неге жұрттың бәрі барғысы келеді? Түрік тамақтары арзан ба? Анталиядан Түркияның басқа қалаларына баруға бола ма? Осы сауалдарға осы видео блогымда жауап беремін. Бұл видеодан Анталияның бүкіл тыныс тіршілігімен таныса аласыз.
    #анталия #анталья #түркия
    ТАЙМКОД
    1:09 - Анталияның қысы қандай?
    1:19 - Анталияның ең әдемі жағажайы
    4:07 - Анталиядағы Рим заманынан қалған көне қақпа
    5:10 - Анталияның жүрегі - Калеичи (ескі қалаға) саяхат
    6:35 - Селжуктер салған ең әдемі мешіт
    7:39 - Дарға асқандарды іліп қойған Сағат мұнарасы
    8:52 - Құлдар мен тауар сатқан ескі порт
    11:21 - Түріктің дәмді асынан дәм татайық
    12:55 - Анталиядағы құпияға толы Қыдырлық мұнарасы
    13:53 - Ататүрік және Анталиядағы Республика алаңы
    14:23 - Анталия символы - Ретро трамвайлар
    14:40 - Анталияның киім базарлары
    15:10 - Анталиядан шығып басқа қай қалаға баруға болады?
    15:17 - Тазы каньонының ғажабы
    15:50 - Рим мен грек заманынан қалған Сиде қаласының кереметтері
    16:45 - Түнгі Анталияның қызығы
    17:24 - Анталиядағы қоғамдық көлік пен Анталия карт
    АНТАЛИЯҒА ҚЫСТА БАРҒАНДА ШЫҒЫН ҚАНША?
    Анталия қыста да туристерге толы. Мұнда желтоқсан-ақпанда күн райы 13-19 градус болады. Суға түсуге мүмкіндік жоқ, бірақ жеңіл киіммен қаланы аралап, Жерорта теңізі толқынының үнін тыңдап, қаланың әдемілігін тамашалауға болады. Сонымен қыста Анталияға 7 күнге барам десеңіз шығын қанша болады?

    ✈️Қазақстаннан ұшақ билеті: 170-190 мың теңге
    🏨Қонақ үй: 60 мың теңге.
    🥨Тамақ: 20 мың теңге.
    🚌Қоғамдық көлік: 5 мың теңге
    💵Қосымша шығындар үшін: 20 мың
    📌7 күнге шамамен бір адамға: 270-295 мың теңге
    🌤Ауа-райы 12-20 градус жылы
    🇹🇷Анталияға Қазақстаннан Алматы, Астанадан тікелей рейстер бар. Стамбулға келіп, кейін Анталияға ұшақпен жетсеңіз болады.
    🇹🇷Анталияда қонақ үй бағасы әртүрлі. Күніне бес мың теңгеден басталатын отельдерді де тауып алуға болады. Ал конфорт маңызды болса қаланың тыныш жерлерінен қымбатырақ отельдер алсаңыз болады. Отель бағасы қалтаңызға қарай таңдасаңыз болады. Күніне шамамен 8 мың теңгелік отельді есептедім.
    🇹🇷Кафелердің де түрі көп. Тамақ бағасы да әртүрлі. Туристер көп жүретін жерлерде, жағажай маңында тамақ қымбат. Ал қаланың тыныш аудандарындағы кафелерде тамақ арзан. Отельді таңғы асымен алыңыз. Түскі және кешкі асқа шамамен 3-4 мың теңге кетеді.
    🇹🇷Анталияда автобус және трамвай бар. Отель қаланың ортасында, Муратпаша ауданында болса қоғамдық көлікке көп шығын кетпейді. Ал орталықтан алыс жерде тұрсаңыз күніне 300-400 теңге автобус, трамвайға кетеді. Бұл қалада қоғамдық көлікпен жүру үшін "Анталия карта" қажет. Оның құны 12 лира (400 теңге). Жүргізушіге төлей алмайсыз.
    🇹🇷Кемемен қыдырамын, кәдесый аламын десеңіз қосымша ақша ала келіңіз. Оны енді қалауыңыз бен қалтаңыз біледі. Анталиядан Түркияның Памуккале, Каш, Перге, Аспендос қалаларына барамын десеңіз қосымша 100 доллар керек. Оны да ескеріңіз.
    🇹🇷Қыста Анталияда суға түсе алмайсыз. Ауа райы кешке салқындап кетеді. Сондықтан куртка, ветровка ала келіңіз. Аса жұқа емес крассовкамен де келуге болады. Қалада жауын жиі жауады. Оны да ескеріңіз.
    🇹🇷Аэропорттан қалаға жету үшін, кейін қаладан аэропортқа бару үшін 1200 теңге қажет. Аэропорттан қала орталығына трамваймен я Havas (Хаваш) автобустарымен жетуге болады.

Комментарии • 31

  • @ERKINQAZAQ
    @ERKINQAZAQ 2 года назад +9

    Шолуыңыз керемет болды. Рахмет ✊

  • @user-wo5fm8dy2i
    @user-wo5fm8dy2i 2 года назад +7

    Керемет шолу! Рахмет!

  • @user-qt9lt5is4j
    @user-qt9lt5is4j 2 года назад +6

    Дами бер Руслан

  • @turar432
    @turar432 Год назад +4

    👍оте адемы

  • @user-wl6db4vu6b
    @user-wl6db4vu6b 2 месяца назад

    Керемет шолыу барып қайтқанда әсер алдық бұйырса міндетті түрде барып қайтамыз 👍

  • @user-lp5it4fn8v
    @user-lp5it4fn8v 2 года назад +5

    Керемет баратын жер екен,👍

  • @user-qt9lt5is4j
    @user-qt9lt5is4j 2 года назад +8

    Көрмей жатып лайк 👍👍👍👍🔫

  • @user-qt9lt5is4j
    @user-qt9lt5is4j 2 года назад +6

    Топ

  • @user-yc7gq5gi8w
    @user-yc7gq5gi8w 2 года назад +5

    👍👍👍

  • @user-rd3qh7oo8c
    @user-rd3qh7oo8c 2 года назад +6

    Бәрекелді керемет 👏👏👍👍🔥🔥🔥

    • @ruslanmedelbek
      @ruslanmedelbek  2 года назад +1

      Рақмет!

    • @user-kz6kc7zg1h
      @user-kz6kc7zg1h 2 года назад +1

      Ассаламалекум бауыр 1доллар 200рубл леген распа соны билип берсен рахмет

  • @user-yi6qg2wl4c
    @user-yi6qg2wl4c 2 месяца назад

    Өтееее сауатты жігіт екен👏👏 рахмет көп көп!

  • @user-xj3nx4uq2i
    @user-xj3nx4uq2i Год назад +3

    Рахмет Өте жақсы

  • @Сакен-х5э
    @Сакен-х5э 4 месяца назад +1

    Күшті керемет әдемі

  • @somnambul5004
    @somnambul5004 6 месяцев назад +1

    Өткен ғасырлардан сыр шертетін көне шаһардың сәулеті өте әсем екен

  • @ozbebasunnat7448
    @ozbebasunnat7448 2 года назад +5

    мардымды әдемі ақпарат, + әдемі музыкаларды ұрып жіберсеңіз үйлесіп кетейін деп тұр ғой

  • @chingizzhaparkulov5038
    @chingizzhaparkulov5038 7 месяцев назад +1

    Ассалаумағалайкум бәрекелді бауырым, қайда жүрсіңдер аман бол

  • @zhanarsayahattraveltoqazaq8577
    @zhanarsayahattraveltoqazaq8577 Месяц назад

    Әумин🤲🏻🙏👍

  • @user-em2tg1df5s
    @user-em2tg1df5s 6 месяцев назад +1

    ❤❤❤❤❤

  • @zhantorekaliyakpar3830
    @zhantorekaliyakpar3830 8 дней назад

    🎉🎉🎉

  • @user-rp5ge8kh9y
    @user-rp5ge8kh9y Год назад +1

    Мықты ғой негізі Анталия

  • @altorekalmurat1500
    @altorekalmurat1500 Год назад +2

    Керемет

  • @qazaqbalasy1469
    @qazaqbalasy1469 2 года назад +4

    Сонда Анталияға турмен барған дұрыс ба әлде өзі барған дұрыс па? Қайсысы қолайлы және арзан

    • @Janbolat_Ahmet
      @Janbolat_Ahmet 2 года назад +4

      Турпакет сатып алған дұрыс

    • @Akimova98
      @Akimova98 2 года назад +4

      Турмен келип сосын болек экскурсияларды сатып алуга болады

  • @somnambul5004
    @somnambul5004 6 месяцев назад +1

    Көше қуыс қалтарыста үйіліп жатқан қоқыс жоқ екен. Мұнараларға көтерілуге болама?

  • @guljanatdulatbai3358
    @guljanatdulatbai3358 7 месяцев назад +1

    Анкарагой анталыйа десен музды мукыт еске суседы

  • @Ernur0108
    @Ernur0108 Месяц назад

    Руслан аға Анталяға қыста барса шомыла аламызба және қай айларда баруға болады қыс мезгілінде👍👍👍

    • @ruslanmedelbek
      @ruslanmedelbek  Месяц назад

      @@Ernur0108 қыста суық, шомылу мүмкін емес

    • @Ernur0108
      @Ernur0108 Месяц назад

      @@ruslanmedelbek жалпы кай айларда баруға кеңес бересіз