Тойхана мен мешіттің жарысы. «Сақалдылардың» реваншы. Аманжол Әлтайға реніші. Тәңірші - Д.Кәпұлы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 июн 2024
  • ADAL Adam RUclips арнасына айтыскер, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Астанадағы өкілі Дәулеткерей Кәпұлы сұхбат берді. Ол қазақ тілі, діни ахуал, айтыс төңірегіндегі дау-дамай, көкпар спортының қаупі, қаламгерлерге жасалған жағдай туралы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мен өзінің арасындағы «кикілжіңнің» анық-қанығын ашып айтты.
    #ДәулеткерейКәпұлы #айтыс #АманжолӘлтай #қазақтілі

Комментарии • 166

  • @adal-adam
    @adal-adam  День назад +6

    Видеоны тайм-код арқылы көру
    00:00 Тизер
    02:04 Қарағанды - Балқаш жолында қаза тапқан көкпаршылар, Қазақстанда жол апатынан қырылып жатқан адамдардың ажалына кім жауап береді?
    05:07 Халықты күшпен тәрбиелеу дұрыс па?
    07:29 Көкпар - ең қауіпті ат спорты
    11:18 Жаппай көкпарға баратындардың психологиялық портреті
    12:29 Көкпар - аттарын қымбатқа сатқысы келетіндердің бизнесі
    13:13 Көкпар - қоғамнан, дүниеден шаршаған еркектердің пар шығаратын жері
    14:14 Жаппай көкпарға тыйым салу керек пе?
    14:38 Адам өміріне қауіп төндіретін спорт ережелеріне тыйым салу туралы
    15:03 Ат жарыстарды букмекерлік кеңселердің өткізе бастағаны - алаңдатарлық
    15:58 Ұлттық спорт лудомандардың көбеюіне “атсалыспақ”
    18:01 Балаларды, жастарды лудоманиядан қалай құтқарамыз? Ұлтты қалай тәрбиелейміз?
    19:37 “Біз өзімізді жапондармен салыстыруды қоюымыз керек”
    20:05 Өз тілін білмеген адам отансүйгіш, ұлтжанды бола ма?
    22:17 Орыстілді қазақтар жаңа ұлт па?
    24:47 Астананы Арқаға көшіру тіл мәселесін шешті ме?
    29:06 “Путинге айтам…”
    29:49 Зиялылар тіл мәселесін көтерем деп шаршады…
    31:05 Орыс тілінің үстемдігіне мойынсұнған қауым туралы
    32:27 Астаналық қаламгерлерге берілген ғимарат туралы
    34:33 Жазушылар одағының Астанадағы өкілдігіне ғимаратты берген кім?
    36:14 “Поэзияның дәуірі өтті” деген Дулат Исабековке жауап
    40:18 Айтыс кімдікі?
    41:03 Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабековтің айтысқа ықпалы туралы
    43:06 Билік қаржыландыратын ақындар айтысы керек пе?
    45:06 Аманжол Әлтаймен арадағы келіспеушілік
    49:00 Тазабековпен болған сойқан айтыс туралы
    52:11 Әсіредіншілдердің кесірінен исламға тіл тиіп жатыр…
    54:23 Дәулеткерей Кәпұлы тәңірші ме?
    56:17 Ақпараттық майданда Ринат Зайытов жеңе ме, әлде Бекболат Тілеухан ба?
    57:25 “Сақалдылар қайтадан жондарын күжірейте бастады”
    57:59 Тұрмыстық зорлық-зомбылық, отбасы құндылығы туралы
    1:00:44 Мешіт салған дұрыс па, әлде мектеп пе?
    1:03:08 Дәулеткерей Кәпұлы адал адамның рөлін сомдап жүр ме?
    1:04:49 Аяқталуы

    • @user-yj4ir3tb1p
      @user-yj4ir3tb1p День назад

      ❤Дінде жүргендер қазақша сөйлесе мен дінді құптар едім. Сапситып сақал қойып әйелі хиджап киіп алғандар қазақша сөйлесе екен. Ал олар арабша біліп, арабша дінді уағыздайды, орысша біліп, орысша сөйлейді. Ал қазақша білмейді, білседе сөйлемейді. Сондықтан оларды мен қазақы мұсылман деп есептемеймін. Осыларды құртатын заң күтемін. Ал, өттерің жарылып кетсін вахабистер.

  • @beriksaimaganbetov2916
    @beriksaimaganbetov2916 2 дня назад +47

    Дәулеткерей ойын ашық айтатын азамат!

    • @user-gm5pk2li7d
      @user-gm5pk2li7d 2 дня назад +2

      АЛЛАҺУ ТАҒАЛАҒА СЫЙЫНАЙЫҚ
      Әруақты Сыйлайық 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 Ата-бабаларымызға Құран Хатым бағыштайық 📖 📖 📖 📖 📖 📖

  • @user-yw7jb6xx8n
    @user-yw7jb6xx8n День назад +19

    Риза болдым,Дәукеңнің жүрегі қазақ деп соққан,соғады,соға да береді,керемет!!!

  • @user-ok4cp9ng1h
    @user-ok4cp9ng1h День назад +17

    Дәлеткерей нағыз қазақтың азаматты. Қазақтың салт-дәстүрімен, ата-баба жолымен кележатқан нағыз ұлтшыл азамат.

  • @user-mh7go1iq2s
    @user-mh7go1iq2s День назад +13

    Бүгінгі сұхбатқа көөөөп Рахмет.Таза,шынайы,қазақи әңгіме өрбіді.Әсіресе қазақ тілі үшін толғаныс өте шындық.Осындай азаматтарымызға қарап бой түзер,ой түзер жастарымыз көбейе берсін.Тілеулеспін.

  • @user-df5dg6gz1v
    @user-df5dg6gz1v 2 дня назад +40

    Дәукең қазақы азамат қой.

  • @amankeldi7
    @amankeldi7 2 дня назад +14

    Бос әңгімелер көп айтылып жатыр.
    Кен орындарының көпшілігі басқа ұлттардың қолында.
    Қаржы кімнің қолында болса, билік те солардың қолында.
    Қаржы қазаққа көшпей дымда шешілмейді.

  • @user-wp2lz8wg7z
    @user-wp2lz8wg7z 2 дня назад +14

    Ассалаумағалейкум Дәулеткерей ағамыз журегынде тектылыгы бар екены былынып тұр өте жақсы сұхбат болды.айтып отырғаны таза дұрыс айтып отыр.Журналис бауырымызға да рахмет көптеген тақырыптарды қозғап быраз ақиқаттың бетын ашып жатыр.Иассауи ылымы ол қазақты адастырмай тура жолға бастайтын жол.Аулиелерды құрметтемеген ол азғындар

  • @user-yk6lm1wb6r
    @user-yk6lm1wb6r День назад +4

    Керемет, келелі, мағыналы сұхбат болды. Журналист жігіт те мықты екен. Дәулеткерейдің пікірі, көзқарасы менің де көзқарасыммен сәйкес екен. Сен сияқты ұлтын сүйетін азаматтар керек қазіргі біздің қоғамға.

  • @user-be1mp6ge2t
    @user-be1mp6ge2t День назад +9

    Қаңтардан билік ешқандай сабақ алған жоқ бұл өкінішті халық ашынып барады ұзаққа бармайды

  • @user-yk6lm1wb6r
    @user-yk6lm1wb6r День назад +7

    Дін туралы да, тіл туралы да өте дұрыс пікір айтып отыр Дәулеткерей

  • @CerikhanKamelbai
    @CerikhanKamelbai День назад +9

    Керемет сұқбат болады өте дұрыс айтады Қазақ тілі дәстүрін мықтап дамыту керек тіл жоқ жерде Қазақ жоқ

  • @user-ut6ws6wv4b
    @user-ut6ws6wv4b День назад +7

    Керемет сұқпат болды! Әсіре діншіл қоғаммен азаматтық қоғам құру мүмкін емес. Әсіре діншіл адам- өзгелердің құқығын шектей бастайды. Әсіре діншіл адам - басқалардың көзқарасына төзімсіз бола бастайды. Өзгеше пікірге, өзгеше ойға, өзге сенміге төзімсіз қоғаммен «Толеранттық» қоғам құру мүмкін емес. Біздің елдің болашағы ата заңды ең асыл құндылық еткен демократиялық, зайырлы жол! Біз осы жолмен өркениетті жолға түсеміз.

  • @user-yr8xz5in2h
    @user-yr8xz5in2h День назад +4

    Керемет сұхбат, өзекті мәселелерді қозғап жатырсыз. ❤❤❤😊

  • @user-ry9ji1jh2j
    @user-ry9ji1jh2j День назад +2

    Билік қаржыландырған айтыстың барынан жоғы жақсы.Елімізді Тәңір жарылқасың.

  • @user-md4rk5vd3m
    @user-md4rk5vd3m 2 дня назад +12

    Бұл кісі бір сұхбатында Талдылағы Ескерткішті құлатқан жігітті батыр деп санамаймын деп соққан . Жалпы біздің ақын-жазушылар тек қара бастарының қамымен жүрген , халық қанша шулап жатса да ауыздарына су толтырып алғандай үндемей жүретін қауым деп санаймын .Ал болары болып бояуы сіңген соң көсемсіп сөйлегенді қатырады .

  • @user-pm3yn5bq4j
    @user-pm3yn5bq4j День назад +7

    Өте орынды айтып отыр!

  • @sadiksadik4774
    @sadiksadik4774 2 дня назад +10

    Біздің Еліміздегі жағыдаи дың барлығына өзіміз әр біріміз кінәліміз, өзіміз жолберіп есімізді бұгінде жыиалмаи отырмыз, Дәукең деи азаматтарымыз көбеимесе руқымыз тіктелмесе, және 40жыл жұн жеп жабағы тышамыз.

  • @user-lg7yl3mk3s
    @user-lg7yl3mk3s День назад +3

    Қазақ тілі десе жанын беретін адамдарды қатты құрметтеймін✊🏼

  • @user-ft1pw5ng2f
    @user-ft1pw5ng2f 11 часов назад +1

    Керемет 👍 айттыңыз. Қаптаған ұстаздарға шектеу қойылса нұр үстіне нұр болар еді. Көк Тәңірім Қазағымды қолдап қорғасын 🤲 Ата Бабаларымыз салып кеткен сара жолмен, салт дәстүрімізден Құдайым адастырмасын. Әулие Аталар жар болсын 🤲 Әруақ қолдасын әумин 🤲🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @user-hl4fp5xk1x
    @user-hl4fp5xk1x День назад +5

    Тәңір жарылқасын🤲

  • @gulsaradoskozhayeva5218
    @gulsaradoskozhayeva5218 День назад +3

    Өте дұрыс айтып отырсыздар,тілімізді сақтап қалмаса болмайды

  • @user-di8ye3pn6i
    @user-di8ye3pn6i 2 дня назад +10

    ӘЛЕМ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ШҰҒЫЛДАНСА, ҚАЗАҚ ӘЛІ КӨКАЛА КӨКПАРМЕН, БӘСЕКЕ БӘЙГЕМЕН, ДАРАҚЫ ТОЙМЕН, ЫСЫРАП АСПЕН БАС ҚАТЫРЫП ЖҮР. ҚАНШАМА ҚАРЖЫ ЖЕЛГЕ ҰШЫП ЖАТЫР. СПОРТ РЕТІНДЕ АЙНАЛЫСҚАНЫ ДҰРЫС, БІРАҚ БАСПЕН КІРІП КЕТКЕНІ АДАСУ. МОТОЦИКЛ ЖАСАЙ АЛМАЙДЫ, АТАМ ЗАМАНҒЫ АТТАН ШЫҒА АЛМАЙ ЖҮР.

  • @user-cq4hv8uy9y
    @user-cq4hv8uy9y 2 дня назад +11

    Осы билиқпен бир жақсылық болады дегенге сенбеймін сенетин кезден өтип кеттик ески жаңа деген оттаған сөз ата заңды орнына қойыу керек баса айтарым биздиң халық дайын емес саясый сауатсыз даңғой бөспе тойшыл жалқау қандай халық сондай басшы

  • @user-zc4en3dd7t
    @user-zc4en3dd7t День назад +3

    Дәке мықты! Өте жақсы айтты барлық жағынан.

  • @user-jo1bf2pv6p
    @user-jo1bf2pv6p 2 дня назад +11

    сот бизнес бәрі орысша аңқау қазақ қор болды өз елінде😢😢😢

  • @Azamat-Kalybekov.
    @Azamat-Kalybekov. 2 дня назад +8

    Аманжол аға Даукеңді шеттетуді қойыңыз , бәрібір халықтың алдында сіз жеккөрінішті болып қаласыз.

  • @lyazzatabiyeva9414
    @lyazzatabiyeva9414 2 дня назад +3

    Ен биринши Аитыс Онерин оте бир Тамаша сауатты Талгаммен дамуына улес косса...Аитыс Онери корсетеди барл.жан -жакты Ел омирин...Дурыс жолды устау жолына.иа,абаи болатын жактар оте коп.Таяктын еки ушы

  • @user-wj2vf3ct6d
    @user-wj2vf3ct6d 2 дня назад +8

    Яссауи болсын басқасы болсын дінді..Пайғамбарымыз Мухаммед (с.а.у ) артық білмейді сондықтан ең адастырмайтын жол пайғамбар жолы басқа жол жоқ!

    • @nursultan.g
      @nursultan.g 14 часов назад

      🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️Яссауидай құтып әулие пайғамбар жолынан еш адасқан емес

  • @user-xs6ir7kb6s
    @user-xs6ir7kb6s 12 часов назад +1

    Керемет сұхбат, нағыз қазаққа жаңы ауратын адам

  • @zubairaabidin3762
    @zubairaabidin3762 День назад +4

    Мешіттердің көбін жеке қалталы азаматтар салады, әрі қарай халықтың садақасына өмір сүреді. Иәә, мектептер, спорт кешендеріне зәру, біздің қоғам. Спорт -байлардың, байшыкештердің ғана қолы жететін артықшылық екенін күнде көріп жүрген адаммын,өкінішке орай.Көп үшін қолжетімсіз болып барады. Ал қалталы азаматтар мектептер,спорт кешендерін салса, оны әрі қарай ұстау шығыны көөп, мемлекетпен бірлесе қаржыландыруды қолға алса болады ғой.. Онсыз да қаладағы спорт кешендері жекеменшік, ондағы түрлі секциялар қарапайым халық үшін қолжетімсіз, өте қымбат.

  • @zubairaabidin3762
    @zubairaabidin3762 День назад +3

    "Түркиядағы бір кісіміз" Бекболат болар?! Ойпырмаай, Бекболаттың уаххаб болып шыға келгені-ай!!
    Қилы-қилы заман болар, Қарағай басын шортан шалар"...-дың нағыз көрінісін біздің ұрпақ басынан өткізуде

  • @zubairaabidin3762
    @zubairaabidin3762 2 дня назад +10

    "Жол ақысы -көр ақысы" дегенді естімеппін, "жол азабы -көр азабы" деген бар.

    • @dossymsegiz3232
      @dossymsegiz3232 День назад +1

      Шатасқан шығар,адамғой

  • @kuralaibektemirova1590
    @kuralaibektemirova1590 День назад +2

    Керемет сұхбат болды.

  • @user-cm2xt9ej2g
    @user-cm2xt9ej2g День назад +3

    Тамаша сұхбат!

  • @amankeldi7
    @amankeldi7 2 дня назад +8

    Ауыз бірлік болмаса, түкте болмайды.

  • @dauletkereizhangudei4939
    @dauletkereizhangudei4939 20 часов назад +1

    Жақсы сұхбат болыпты Алла разы болсын

  • @Play-gz7er
    @Play-gz7er День назад +3

    Даулеткерей ,Туркистандыктар мен ,Караганды ,Семейлик Акындармен бириксен Нур Отан ЖандарбекАлтаев Аманжол,Аманат , т б женесин!?

  • @user-vi1mc6je7u
    @user-vi1mc6je7u День назад +4

    Дәукеңнің ойымен 100% келісемін.

  • @user-fj7qi6oc6l
    @user-fj7qi6oc6l День назад +2

    ❤❤❤❤ керемет адам нағыз қазақ

  • @user-me3wp7rp2w
    @user-me3wp7rp2w 2 дня назад +2

    Жаңартылып жатқан ештеңеміз де жоқ, халықтың қолында тұрған ештеңе жоқ, халықтың бірдеңе істеуіне билік мүмкіндік бермейді, соттайды, қудалайды

  • @user-ip2il6ln6k
    @user-ip2il6ln6k День назад +3

    Қазақ тілі кері кетіп бара жатыр дегеніңіз шындық! Өзім көрген дәлелі мынау деп ойлаймын: балабақшасы мен бастауыш сыныптардан тұратын жекеменшік оқу орнында бес дайындық сыныптарының біреуі ғана қазақша сынып, қалған төртеуі орысша сынып болды! Сол төрт орысша сыныпта орыс балалары толып отырса, сөзім болмас еді! Онда негізінен бәрі деуге болады, өңшең қазақ балалары, орыс балалары саусақпен санарлықтай аз. Сонда өз тілін құртып отырған қазақтың өзі болып отыр!

  • @zubairaabidin3762
    @zubairaabidin3762 День назад +2

    Айтыс ұлттық сана,ұлттық бірлікке,біртұтастыққа, халықтың эстетикалық талғамын дамытуға қызмет етуі керек! Бірі сәләфи, бірі уаххаб, енді бірі тәңіршіл болып жүріп халыққа не айта алады?! Биліктің айт дегенін ғана айта алатын болса, ондай айтыс не керек?!

  • @user-hc9lu7sy4m
    @user-hc9lu7sy4m День назад +5

    Нағыз жан ашыр қазақ азаматы екен,айтқанының бәрі дұрыс, құжаттардың бәрін қазақ тіліне көшіру керек ,делопроизводства орыс тілінде болғансоң осындай тілге деген көңіл бөлінбей отыр,қазақ тіліне ауыстырса бәріде сөйлеп кетер еді.сізге осы берген сұхбатқа рахмет,сіздей азаматтар көп болса екен,жүрегі қазақ үшін уайымдап отырған

  • @user-gm5pk2li7d
    @user-gm5pk2li7d 2 дня назад +17

    АЛЛАҺУ ТАҒАЛАҒА СЫЙЫНАЙЫҚ
    Әруақты Сыйлайық 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 Ата-бабаларымызға Құран Хатым бағыштайық 📖 📖 📖 📖 📖 📖

    • @user-wl7oj8mm4p
      @user-wl7oj8mm4p День назад +1

      Осы сенің жүрмейтін жерің жоқ екен. Тикток, фейсбук, инстаграмда осыны неге жаза бересің

  • @user-xx1pc1ij8f
    @user-xx1pc1ij8f День назад +3

    Өте дурыс айтып отыр

  • @zubairaabidin3762
    @zubairaabidin3762 День назад +3

    Жастар отбасын құрарда отбасылық құндылық үшін ерлі-зайыптылар бірдей жауапты екенін ұғуы керек, тәрбие сол бағытта берілуі керек, үйде, мектепте.
    Зорлық-зомбылық заңы дер кезінде қабылданды - деп ойлаймын. Бұл заң тек ер азаматқа ғана емес, әйелге де ой салуы керек, таяқтың екі ұшы барын ұмытпауы керек. Ал аталған заң күштілердің аяқ тартуына сәл де болса себеп болар..

  • @user-uw5qc5ii5k
    @user-uw5qc5ii5k 2 дня назад +1

    Айтыстың жоғарғы марапаты бір миллион теңгеден аспауы керек.

  • @koksheakyn6733
    @koksheakyn6733 День назад +5

    Дәу бауырым, діни ұстанымына байланысты, өз жуабын бергені дұрыс болды.

  • @Nurhan-vp4ek
    @Nurhan-vp4ek День назад +2

    Дәулеткерей💎🤝

  • @user-ew6um1mo4f
    @user-ew6um1mo4f 11 часов назад

    Дәулеткереи балам саған көп рахмен іркілмеи оиыңжы ащық аитқаныңа әрине тіл жөнінде толықтаи келісемін журналистердің міндеті күресуі керек тіл жөнінде

  • @user-sg6vj7lw1h
    @user-sg6vj7lw1h День назад +2

    ШІРІГЕН БИЛІК ҚАРА-ХАЛЫҚТЫ БАСЫНСА,ОНЫҢ ДА ШЕГІ БОЛАРЫ ТАРИХТАН БЕЛГІЛІ.

  • @zubairaabidin3762
    @zubairaabidin3762 День назад +1

    Бізде әлі күнге рушылдық сана, ұлттық санаға қашан жетеміз! Мешітте де көрініс тауып отыр екен-ау!! Садақалары басқаға кетпесін дейтін шығар, ұят-ай!! Мен ұялып отырмын! Жоқ-жітігіне де солай көмектесе ме екен, әр рудың мұқтаж жандары өз мешітінен сұрай ма екен?!

  • @zubairaabidin3762
    @zubairaabidin3762 День назад +1

    Көкпарды ат спорты түрінде дамыту керек.

  • @user-yd9we6iu9u
    @user-yd9we6iu9u День назад +1

    Соны айтқан адамның тілін кесу керек тіл білмеген адам қалай Отанын сүйеді ол ар жағында басқа ои тұр

  • @user-di8ye3pn6i
    @user-di8ye3pn6i 2 дня назад +4

    ДҰРЫС АЙТТЫ БӘРІН.

  • @user-jv2vz3vn8z
    @user-jv2vz3vn8z 2 дня назад +2

    Жарайсың Дәулеткерей

  • @user-xd5bx1bd5j
    @user-xd5bx1bd5j 2 дня назад +3

    Жол азабын тартқан білер» деген бар

  • @user-uf6bx6wd5m
    @user-uf6bx6wd5m День назад +4

    Аманжол ағамыз туралы өте дұрыс айтты. ренішін мәдени білдірді. 100 жасаңыздар екеуіңізде

  • @amankeldi7
    @amankeldi7 2 дня назад +2

    Боқтық сөздер жұмыс істетудің бір тәсілі ретінде күнделікті өмірімізге дендеп еніп кеткелі қашан...

  • @user-zo9nb1mr8w
    @user-zo9nb1mr8w 12 часов назад +1

    Шынайы тәуелсіздік тілден басталды сол үшін тек қазақша сөйлеп және талап етейік бауырлар.
    Қазақ тілін білуге міндетті деген заң шығару керек. Сонда амалсыз қазақша сөйлейді.
    Қазақша таза, сауатты сөйлеу керек бауырлар. Мысалы,
    айтып ем емес АЙТЫП ЕДІМ
    бопты емес БОЛЫПТЫ.
    папа емес ӘКЕ.
    мама емес АНА.
    бешбармақ емес ҚАЗАҚША ЕТ
    проблема емес МӘСЕЛЕ.
    кредит емес НЕСИЕ.
    светофор емес БАҒДАРШАМ
    мост емес КӨПІР.
    қақта емес ҚАЙЖАҚТА.
    балдар емес БАЛАЛАР.
    Әділетсіз билік отставкаға кетсін халық талыбы. Халық билікті өз қолына алуы керек және әділ үкімет құру керек сонда барлық мәселе ретімен шешіледі.
    Саясатты білмеу, әділетсіздікпен күреспеу, ұрпақты аяқ, қолын жіпсіз байлап жауға бергенмен бірдей. Оян қазақтар. АЛЛАҺУ АКБАР.

  • @user-xm6pu1cl1o
    @user-xm6pu1cl1o 2 дня назад +9

    "Баланың тілі, Анасы қай тілде сөйлесе, сол тілде шығады", '250-жыл бұрын; орыстың бір ойшылы айтқан екен, бұлардың әсіресе қыздарын орысша оқыту керек, ұрпақтары өздігінен орыстанады', деген екен, бұған дәлел; мүйізі қарағайдай, Қазақ жазушыларының, басым көбінің ұл-қыздары, қазақша сөйлемейді!

    • @user-mx1bt4jd5x
      @user-mx1bt4jd5x 2 дня назад

      Дәл айттыңыз,аралас некемен туылғандардың 99%дүбәрә,анасының тілінде сөйлейтіндер.

  • @user-tf7qf9uj7l
    @user-tf7qf9uj7l День назад

    Керемет мықты ризамыз

  • @user-jv2vz3vn8z
    @user-jv2vz3vn8z 2 дня назад +2

    Бар бол бауырым

  • @zubairaabidin3762
    @zubairaabidin3762 2 дня назад +8

    Көкпаршыны Дәулеткерейдің балуан дегені таңқалдырып отыр, сөз білмейтін азамат емес. Көкпаршыны шабандоз демейміз бе?!

    • @oryngazyargyngazy9146
      @oryngazyargyngazy9146 2 дня назад +2

      Шабандоз бәйгеге шабатынды айтады,көкпаршы,аударыспақ балуан дейді қазақ😊

    • @gulmiraanuarbekkyzy5388
      @gulmiraanuarbekkyzy5388 18 часов назад +1

      Дұрыс айтты балуан деген мықты деген сөз. Күшің болмаса қалай тұсесің додаға

  • @user-yd9we6iu9u
    @user-yd9we6iu9u День назад +1

    Дулат Исабековта айтқыш екен бәрі жерде театр жоқ сондықтан айтыс көреміз өлең кітаптар оқыимыз

  • @Damir_Tolegen
    @Damir_Tolegen День назад +1

    Еее сол баяғы жарты тас.

  • @user-iz9ts6fj6f
    @user-iz9ts6fj6f День назад +1

    Ой аға сізбен таңды таңға ұрып әңгіме айтатын кісі екенсіз.

  • @mamirkerei4556
    @mamirkerei4556 2 дня назад +2

    Неге солаймыз ортак муддеге (ұлыт )келгенде іш тарлықты жеке бас проблемді ұмыту керек меилі ол христан буд мүсылман болсын

  • @user-fc1yr1cp8j
    @user-fc1yr1cp8j День назад

    Тәңір жарылқасын!)

  • @user-io4ik9pb5n
    @user-io4ik9pb5n День назад +1

    Дәлеткери дұрыс азамат

  • @user-yc2ne9gx2g
    @user-yc2ne9gx2g 2 дня назад +16

    Ең дұрысы Қазақ боп қалу. Мен еш дінге сенбим бәрін адамдар ойлап тапқан тобырды басқару үшін.

    • @user-mx1bt4jd5x
      @user-mx1bt4jd5x 2 дня назад +2

      Дұрыс айтасыз.

    • @bakitzhanbokhanov1138
      @bakitzhanbokhanov1138 День назад +1

      Дінсіз қоғам азып тозады Асыл дініміздің қадірін білмеген тексіз дер Қалай қазақ боласың

    • @abdulkhamid316
      @abdulkhamid316 День назад

      Маймылдан жаралдым деп қосып қойсай

    • @user-ij6bu4wr2e
      @user-ij6bu4wr2e День назад

      Тобырдың қатарында емес екенсіз жеке дара шауып қазаққа қандай пайда әкеліп жатқаныңызды да айта жүріңіз егер ол бар болса.

  • @user-hg5fv9is7g
    @user-hg5fv9is7g 2 дня назад +4

    Бәс тігу -- Исламда : тыйым салынған нәрсе. құмарлыққа жатады.

    • @user-mx1bt4jd5x
      @user-mx1bt4jd5x 2 дня назад

      Иә,патшаға қарсы шықпа дейді тағы.

  • @user-di8ye3pn6i
    @user-di8ye3pn6i 2 дня назад +3

    БАРЛЫҚ ПАРТИЯ ХАЛЫҚ ҮШІН ЖҰМЫС ЖАСАУ КЕРЕК. ӘЛТАЕВТЫҢ БӨЛУІ НАДАНДЫҚ.

  • @user-oo5lx7qx8g
    @user-oo5lx7qx8g День назад

    1991 жылы Қазақстан тәуелсіз алған кезде, Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері. Орыс тілді қазақтар сол сәтте енді бұдан былай мемлекет тілі Қазақ тілі болады деп мойындап, өздері тіл үйреніп, балаларын, немерелерін қазақ бала бақшалар мен мектептерге беріп қазақ тілінің мәртебесін көтерген еді. Тіпті ғалымдар да ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша қазақ тілінде қазақ диссертациялар қорғай бастаған еді... Яғни Қазақстан халқы бір ауыздан қазақ тілін үйренуге кіріскен еді... 2000 жылдары Назарбаев экономикалық кризистен шыққан нан кейін, қазақ жерінің байлығын тонаудан пайда көре бастаған кезде қазақ тілін өз қолымен тұшықтыруды бастады...Себебі сол кездегі Назарбаев билігі таза қазақ тілді қоғамнан қорықты.... Міне содан бастап қазақ тілі біртіндеп қоғамнан шеттеліп келе жатыр... Қазір өгей баланың күйін кешіп жатқан жағдайы осыған байланысты

  • @iskakovadilzhan
    @iskakovadilzhan День назад

    Қоғамдағы өзін тұлға көріп жүрген адамның жеке пікірі ретінде қабылдайтын сұқбат! Аузым дуалы менде бір мешітті қаралайын дегені секілді көрінді

  • @user-zg8yf8ox2l
    @user-zg8yf8ox2l 18 часов назад

    Жазушылар одағы деген ұйым Халықтар Ассамблеясынан айырмашылығы шамалы. Қоғамдағы өзгерістерге , ұлт тағдырына қатысты ешқашан өз ұстанымын жеткізе алмайтын, жалтақ , жағымпаз, билікшіл ұйымға айналды ғой. Өкінішті-ақ ...

  • @Садуакас
    @Садуакас День назад

    Тамаша сұхбат

  • @user-lb1ln4li4p
    @user-lb1ln4li4p 16 часов назад

    Журналист ешек Қазақша амандас

  • @user-ul9ti4ej3n
    @user-ul9ti4ej3n 2 дня назад +4

    👍

    • @user-gm5pk2li7d
      @user-gm5pk2li7d 2 дня назад

      АЛЛАҺУ ТАҒАЛАҒА СЫЙЫНАЙЫҚ
      Әруақты Сыйлайық 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 Ата-бабаларымызға Құран Хатым бағыштайық 📖 📖 📖 📖 📖 📖

  • @arukashow9540
    @arukashow9540 День назад

    Дурыс айтады

  • @user-xk1np7fs9l
    @user-xk1np7fs9l 2 дня назад +2

    Жол ақысы- тәңір ақысы-дегенді аталарымыз айтатын.Атам 1908 жылы туылған.Соғыс ардагері еді.Сонда ,тәңір деген не ол-деп немересі болғандықтан сұрайтынмын,сонда атам айтатын: тәңір,құдай,алла -деген мағананы білдіреді-дейтін.Дұрысы "Жол ақысы -құдай ақысы-дегеніміз дұрыс-ау.Себебі жолдың ақшасын ,ақысын жегенді,бір құдай көріп тұр.

    • @user-mx1bt4jd5x
      @user-mx1bt4jd5x 2 дня назад

      Көрші ақысы-тәңір ақысы дегенде бар ғой.

  • @user-rl3ef3sf9o
    @user-rl3ef3sf9o 10 часов назад

    Біз зайырлы елміз, мешіттерді жеке адамдар салады, мемлекет салмайды және қаржыландырмайды. Ал, мектепті және т.б. Әлеуметтік нысандарды мемлекет салуы қажет. Жеке мектептерді бизнестермен и так та салып жатыр. Ата дінімізді ұстанбасақ якуттер, сахалар сияқты жоқ болып кетеміз

  • @user-dp4ty2rz3g
    @user-dp4ty2rz3g День назад

    👍👍👍

  • @user-bt7ur1bc4n
    @user-bt7ur1bc4n День назад

    Жол азабы-кор азабы.

  • @user-id5vc7hy9c
    @user-id5vc7hy9c 20 часов назад

    Осы халықтың бəрі" адал" болып кетті ме?....

  • @lyazzatabiyeva9414
    @lyazzatabiyeva9414 2 дня назад

    Тамаша оте бир сауаттылыкпен аитып жатыр деп оилаимын. Жол акысы -т
    Танир акысы...Биреудин енбек акысын жеу дег.маг.аитылады.Оте дурыс аитты Тил керек оз Ана тилди биринши орынга коимаса калаи дамиды.Аз гана халыктын ишинде оз ана тилине араша да жак орыс тилин биринши орынга коятындар бизде кп _ак...Тилден аирылсак ...Оилауга коркынышты...ен ауыр нарсе казактын озин каншага болу ...не нарсенин алдын алмаи ОЗИМИЗ ЖОЛ бердик биликке сендик ...

  • @user-mz6hx4xm9u
    @user-mz6hx4xm9u День назад +1

    Ултты улт кылатын тiл гой.

  • @user-sp7ji3rw7u
    @user-sp7ji3rw7u 11 часов назад

    Астанадағы орыс тілді мектептерді аралас мектептерді жабу керек. Астана балалары орыстанып барады.

  • @user-sp7ji3rw7u
    @user-sp7ji3rw7u 11 часов назад

    Көкпар байге деп әңгіме айтқан жақсы әрине бірақ үлкенірек саясат туралы әңгіме керек еді. Ат спорты европадағыдай даму үшін ақша тігу керек. Казиноларды жауып тастасын футбол болсын басқа спорт болсын ақша тігуге тосқауыл қою керек. Тіл туралы дұрыс айтты.

  • @user-hk3hv3if8g
    @user-hk3hv3if8g День назад

    Қазақтың Аташка апашкаларын қазақша үйрету керек, немерелеріне орыша сөйлеп орысша үйрететін.

  • @user-ig6my9dw5o
    @user-ig6my9dw5o День назад +1

    Мна косе алдар не депжатр

  • @user-cq4hv8uy9y
    @user-cq4hv8uy9y 2 дня назад

    Биздиң тилимиздиң есиктен жетим бала секилди сығалап турғаны осы ақын жазыушыларының зыялыларының кесели 30 жылдан бери биликти қолдап қолпаштап қара бастарының қамын жеп келгени шындық қар жауды көктем келди жаз келди күз келди жапырақ тусти одан қалса қызға қашық болып қалып ерте туғанына өкинип жургениде шындық

  • @user-kf7pb4zm9b
    @user-kf7pb4zm9b 19 часов назад

    Иә жол апатынан ,өзі азғантай қазақ қырылыа жатыр.Қыршын жастар кетіп жатыр.Не істеуге болады?

  • @user-sz1yf6sn5w
    @user-sz1yf6sn5w День назад

    Уахабизм сіңіп кетті қанға! Ендігі кештеу

  • @akilbekdorbethan6589
    @akilbekdorbethan6589 2 дня назад +5

    Бұл ақымақ не оттап отыр Тәңіршімін деп. Ақындығын Исламған сенген мұсылман Абайдың, Шәкәрімнің, т.б қазақтың ұлыларының , зиялыларының жырымын , айтқан құнды қара сөзімен осы дәрежеге жеткен жоқпа? Өзін арақ ішіп тәрбиелеп, жан серігі арақ болған кісіден қандай ақыл сұрап отырсыңдар, Қазақтың үлгі тұтатын немесе ақыл сұрайтын адамы емес. Дәл бұл Дәулеткерей бізге мәдениетті немесе қазақтың ұлттық құндылықтарын үйретпейақ қойсын. Ысылдаған екі метр улы тіл жыланда да бар.

    • @user-mx1bt4jd5x
      @user-mx1bt4jd5x 2 дня назад +1

      Тәңір құдайдың аты.Тәңіршіл,исламшыл,буддашыл,исашыл,атеист деп бөліп жүрген өздерің ғой.Өз еркі асыра діншілдерді де көріп жүрміз.

  • @user-kw4oq6ff5i
    @user-kw4oq6ff5i День назад +1

    Қалмақтың қалдықтары не дейді

    • @user-lf2mp1zc6j
      @user-lf2mp1zc6j День назад +1

      Өзің кімнің сідігісің, алдымен соны анықтап алсаңшы😅😅😅

  • @user-ip2il6ln6k
    @user-ip2il6ln6k День назад

    Осы адамдарға таң қалам. Малды қинап, зорықтырғаннан қалай ләззат алуға болады? Жарыстан өліп кететін аттар туралы да естігемін. Жарыс шауып келе жатқан атқа түсінікті шығар, бір бағытқа қарай шаптыра береді. Ал көкпар деген аттар үшін кошмар сияқты. Оның ережесін үстіндегі адам біледі, атты не шапқызбайды, не жүргізбейді, олай да бұрмалайды, бұлай да бұрмалайды, мал байқұстың есін шығарып. Делебесін қоздырғысы келсе, адамдар өздері бір -бірімен сайыса берсін, күрес, бокс сияқты. Ал малға обал, тектен текке азаптау.

  • @user-oo5lx7qx8g
    @user-oo5lx7qx8g День назад

    Өзбектер сонау 1991 жылы тәуелсіздік алған күні, орыс тілін мүлдем алып тастады...

  • @user-hz5tj5bo7k
    @user-hz5tj5bo7k 9 часов назад

    Аманжол Әлтаев мәйізіп алып сөйлейтін "әдемі-жаман" адам сияқты.