Біздің Рамазан MP3
HTML-код
- Опубликовано: 17 май 2018
- Музыка Ғ. Исмбергенов
Сөзі Е. Қарақойшы
Бұл біздің Рамазан
1.
Қадірін ұқтырып,
Он екі ай күттіріп.
Ол келді көзден жас тамуда.
Көкте нұр жанғандай,
Ерекше таң қандай.
Ораза айы басталуда.
Кешіріп айыбын,
Сұрайтын xайырын.
Бұл айдың орны бөлек еді.
Кеңейіп пейілің,
Көбейіп мейірім.
Жер беті нұрға бөленеді.
Қайырмасы:
Бұл біздің Рамазан,
Отыз күн оразам.
Есігін жұмақ ашық қылған.
Бұл біздің Рамазан,
Шақырған әр азан.
Мешітке қарай асықтырған.
Аллаға шүкір нәсіп қылған,
Өзіне бізді ғашық қылған.
2.
Қара су бал болып,
Бір жұтым нәр болып.
Бойыма қуат себілетін.
Мың айлық, мың күндік,
Сауаптар, мүмкіндік.
Алладан бізге берілетін.
Қолымыз жайылып,
Дұғамен қайырып.
Қадірін білген әр ақ таңның.
Сұрайық кешірім,
Қайталап есімін.
Мадақтап, мақтап Жаратқанның. Видеоклипы
Қандай тамаша ән! Дауыстары да керемет
керемет ән , Алла разы болсын сіздерге , жүрекке жетті , кай ағамыздың ойы болсада қолдайым ,осы ән тәрізді иманды күшейтетін әндер шығарсыңыздар деймін , рахмет
Аллаға шүкір, қазақ қоғамы қайырлы әндерге, берекелі әңгімелерге сұраныс бере бастады. Ерболат бауырым үшін қуаныштымын!
Озаларыныз кабыл болсын! Кателеспесем Рамазан туралы алгашкы музыка эстрада аншилеринен Жаксы бастама , осындай андер коп болсын
Керемет Аман болыныздар 👍👍👍👍👍
Керемет!!!👍
🥹🥹🥹🥹
👍👍👍👍
Мр3 кайдан жуктеуге болады
agugai.kz/music/kazak-zhuldyzdary-bizdin-ramazan/
Раxмет
Улкен рахмет. разы болдык осындай ғибратты андер коп болсын