Игілік Омаров. Арқа аруы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 8 сен 2024
  • Игілік Омаров 1934 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Арқа музыка мектебін қалыптастырған әнші ретінде танылған лирикалық тенор. 1957 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жастар мен студенттердің фестивалінде күйші Мағауия Хамзин екеуі лауреат атанған. 1978 жылы Қызылордада өткен Бүкілодақтық халық орындаушыларының конкурсында лауреат атанған. Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосыновтың ұстазы. Өкінішке орай, 1982 жылы науқасқа шалдығып, сахнаға шыға алмаған. Қазақ радиосынның алтын қорында 17 әні таспаға жазылған. Ақан серінің, Біржанның әндерін, Балуан Шолақтың “Ғалиясын” нақышына келтіре орындаған, бірақ олардың әндері жазылмай қалған. Игілік Омаров туралы жаңаарқалық жазушы Төкен Әлжанов кітап жазған, 2014 жылы әншінің 80 жылдығына орай “Қазақстан” телеарнасы “Жарқын бейне” атты деректі фильм түсірген. Мақтымқұлының, Қайып Айнабековтың сөздеріне ән жазған композитор әрі орындаушы. Игілік Омаров 2007 жылы 73 жасында өмірден озды. Қайтыс болғаннан кейін Қазақстанның мәдениет қайраткері деген атақ берілді.
    Игілік Омаровтың ән жинағы:
    • Игілік Омаров ән жинағы

Комментарии • 36