Қасиетті Құранан Иса пайғамбардың (әлейһи сәләм) қайтыс болғандығына, ол қазір тірі еместігіне шүбәсіз дәлелдер келтіргеннен кейін, кей мұсылман бауырларда келесі сұрақ туындауы мүмкін: онда, ақыр заманда «ИСА ТҮСЕДІ» ДЕЛІНГЕН ХАДИСТЕРДІ ҚАЛАЙ ТҮСІНУГЕ БОЛАДЫ? Расында да, ақыр заманға қатысты хадистерде, «Иса түседі» делінген көріпкелдіктер бар. Бірақта мұндағы «түседі» («нузул») сөзін тура мағынада емес, астарлы мағынада түсінген абзал. Неге? - десеңіздер. Бұған ақылға қонымды бірнеше себептер бар: 1) Хадистерде ақыр заманда Иса «түседі» делінгенмен, ол «аспаннан түседі», не «аспаннан жерге түседі», не «қайтып оралады» деген сөздер жоқ. Тіпті, Құранның және хадистердің түп нұсқасында Иса пайғамбар (әлейһи сәләм) кезінде «аспанға денесімен көтерілген» деген сөздерді де кезіктірмейсіздер. (Толығырақ қара.: my.mail.ru/community/blog_akyluly/34F4F0C6B60D25C6.html ) 2) Арапша «Нузул» («Түседі») сөзінің тура мағынасынан басқа, астарлы мағынасы да бар. Құранның бірнеше жерінде «түседі» сөзі осы астарлы мағынада қолданылған-ды. Яғни, Алла Тағала бір нәрсені адамзатқа түсірем дегенде, ол заттың аспаннан тура мағынада түсетінің білдірмейді, тек ол заттың адамзат үшін пайдасы зор болатының білдіреді. Мысалы, Алла Тағала Құранда: адамдарға малдардан сегіз бас түсірдім (39:6); киім-кешек түсірдім (7:26); темір түсірдім (57:25) және т.с.с. деген аяттар бар. Бұны енді: қой, сиыр, жылқылар және көйлек, шалбар, пәлтөлер және темір-терсек, арматуралар аспаннан жаңбырша жауып, жоғарыдан төмен заттық тұрғыда түсті - деп, тура мағынада түсінуге болмайтының өздеріңіз де байқаған шығарсыздар. (Толығырақ қара: my.mail.ru/community/blog_akyluly/4C19C461577929F1.html ) 3) Құран, кезінде яһуди халқына келген Иса пайғамбардың (әлейһи сәләм) анық қайтыс болғандығын дәлелдейді. Тіпті, Мұхаммед пайғамбарымыздың (сәлләллаһу әлейһи уә сәләм): «Егер Мұса мен Иса тірі болғанда, олар менің соңымнан ерер еді» - дегені бар. Сондай-ақ, Құранның бірнеше жерінде өлген адам бұ дүниеге қайтып оралмайды делінген. Демек, Иса пайғамбар (әлейһи сәләм) қайтыс болғандықтан, ол өзі оралмайды. (Толығырақ қара: my.mail.ru/community/blog_akyluly/2B5839CA8BF56C5C.html ) 4) «Исаның өзі келмесе, онда оның орнына кім және қалай келеді?» - деген сұрақ туындаса, онда оның жауабын дін тарихы өзі-ақ дайындап қойған-ды. Яһудилердің сенімі бойынша, кезінде Ілияс пайғамбар (әлейһи сәләм) аспанға көтеріліп кеткен-міс, сосын яһуди үмметіне Мәсіх келерде Ілияс аспаннан түсуі керек екен-міс. Сөйтіп, яһуди халқына Иса Мәсіх (әлейһи сәләм) келгенде, яһудилердің молдалары Исадан Ілиястың аспаннан түсуін талап етті. Сондағы, Исаның жауабы: сендердің күтіп жүрген Ілиястарын мына кісі деп, Яхия пайғамбарды көрсеткен. Яғни, Ілиястың қайтадан келуі астарлы мағынада Яхия пайғамбардың келуінде жүзеге асқан. (Толығырақ қара: ruclips.net/video/NTW_BXcgHNM/видео.html ) 5) Сондықтан, ақыр заманда «Иса түседі» дегенді тура мағынада емес, астарлы мағынада түсіну керек-ті. Бұл дегеніміз, мұсылман үмметіне Уәделенген Мәсіх ретінде келетін адам атқаратын міндетімен, насихаттайтың тәлім-тәрбиесімен, адамдарға қалай уағыз жүргізетінімен, оны адамдар қалай қабылдайтынымен бұрынғы Исаға (әлейһи сәләм) қатты ұқсайтын болады. (Толығырақ қара: my.mail.ru/community/blog_akyluly/3DAE4A9C06A009D0.html )
Ассалаумағалейкум! Бұл арада ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисі келтірілген. Ол жерде Пайғамбарымыз, өзі қайтыс болған кезде, о дүниеде орын алатын оқиғалар жайында айтады. Сол кезде Пайғамбарымыз, өзінің қайтыс болғандығына қатысты Иса пайғамбардың сөздерін қолданамын дей келе, 5 сүренің 117 аятын оқиды. Яғни, бұл хадис, әлгі аятта Иса пайғамбардың қайтыс болғандығы жайында айтылғандығын дәлелдейді. Бірақ, Исаның (оған Алланың сәлемі болсын) қайтыс болғандығына сенбейтіндер, оны көкке тірідей көтерілді дейтіндер, сол 5 сүренің 117 аятын өздерінше бұрмалап аударуда. Бұ жайында видеоның 3:50 -ден 4:33 -ке дейінгі уақыт аралығында айтылады. Бірақ, бұндай аударманы ардақты Пайғамбарымыздың жаңағы хадисы түбегейлі жоққа шығарады (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын).
Менде солай ойлаймын Алла Тагала тынштык берсн баршамыза Аумин
Ахмалият жасасің.Аллаһбəр.
Аликмсалам паигамбар
Қасиетті Құранан Иса пайғамбардың (әлейһи сәләм) қайтыс болғандығына, ол қазір тірі еместігіне шүбәсіз дәлелдер келтіргеннен кейін, кей мұсылман бауырларда келесі сұрақ туындауы мүмкін: онда, ақыр заманда «ИСА ТҮСЕДІ» ДЕЛІНГЕН ХАДИСТЕРДІ ҚАЛАЙ ТҮСІНУГЕ БОЛАДЫ?
Расында да, ақыр заманға қатысты хадистерде, «Иса түседі» делінген көріпкелдіктер бар. Бірақта мұндағы «түседі» («нузул») сөзін тура мағынада емес, астарлы мағынада түсінген абзал. Неге? - десеңіздер. Бұған ақылға қонымды бірнеше себептер бар:
1) Хадистерде ақыр заманда Иса «түседі» делінгенмен, ол «аспаннан түседі», не «аспаннан жерге түседі», не «қайтып оралады» деген сөздер жоқ. Тіпті, Құранның және хадистердің түп нұсқасында Иса пайғамбар (әлейһи сәләм) кезінде «аспанға денесімен көтерілген» деген сөздерді де кезіктірмейсіздер. (Толығырақ қара.: my.mail.ru/community/blog_akyluly/34F4F0C6B60D25C6.html )
2) Арапша «Нузул» («Түседі») сөзінің тура мағынасынан басқа, астарлы мағынасы да бар. Құранның бірнеше жерінде «түседі» сөзі осы астарлы мағынада қолданылған-ды. Яғни, Алла Тағала бір нәрсені адамзатқа түсірем дегенде, ол заттың аспаннан тура мағынада түсетінің білдірмейді, тек ол заттың адамзат үшін пайдасы зор болатының білдіреді. Мысалы, Алла Тағала Құранда: адамдарға малдардан сегіз бас түсірдім (39:6); киім-кешек түсірдім (7:26); темір түсірдім (57:25) және т.с.с. деген аяттар бар. Бұны енді: қой, сиыр, жылқылар және көйлек, шалбар, пәлтөлер және темір-терсек, арматуралар аспаннан жаңбырша жауып, жоғарыдан төмен заттық тұрғыда түсті - деп, тура мағынада түсінуге болмайтының өздеріңіз де байқаған шығарсыздар. (Толығырақ қара: my.mail.ru/community/blog_akyluly/4C19C461577929F1.html )
3) Құран, кезінде яһуди халқына келген Иса пайғамбардың (әлейһи сәләм) анық қайтыс болғандығын дәлелдейді. Тіпті, Мұхаммед пайғамбарымыздың (сәлләллаһу әлейһи уә сәләм): «Егер Мұса мен Иса тірі болғанда, олар менің соңымнан ерер еді» - дегені бар. Сондай-ақ, Құранның бірнеше жерінде өлген адам бұ дүниеге қайтып оралмайды делінген. Демек, Иса пайғамбар (әлейһи сәләм) қайтыс болғандықтан, ол өзі оралмайды. (Толығырақ қара: my.mail.ru/community/blog_akyluly/2B5839CA8BF56C5C.html )
4) «Исаның өзі келмесе, онда оның орнына кім және қалай келеді?» - деген сұрақ туындаса, онда оның жауабын дін тарихы өзі-ақ дайындап қойған-ды. Яһудилердің сенімі бойынша, кезінде Ілияс пайғамбар (әлейһи сәләм) аспанға көтеріліп кеткен-міс, сосын яһуди үмметіне Мәсіх келерде Ілияс аспаннан түсуі керек екен-міс. Сөйтіп, яһуди халқына Иса Мәсіх (әлейһи сәләм) келгенде, яһудилердің молдалары Исадан Ілиястың аспаннан түсуін талап етті. Сондағы, Исаның жауабы: сендердің күтіп жүрген Ілиястарын мына кісі деп, Яхия пайғамбарды көрсеткен. Яғни, Ілиястың қайтадан келуі астарлы мағынада Яхия пайғамбардың келуінде жүзеге асқан. (Толығырақ қара: ruclips.net/video/NTW_BXcgHNM/видео.html )
5) Сондықтан, ақыр заманда «Иса түседі» дегенді тура мағынада емес, астарлы мағынада түсіну керек-ті. Бұл дегеніміз, мұсылман үмметіне Уәделенген Мәсіх ретінде келетін адам атқаратын міндетімен, насихаттайтың тәлім-тәрбиесімен, адамдарға қалай уағыз жүргізетінімен, оны адамдар қалай қабылдайтынымен бұрынғы Исаға (әлейһи сәләм) қатты ұқсайтын болады. (Толығырақ қара: my.mail.ru/community/blog_akyluly/3DAE4A9C06A009D0.html )
5:10 нан 5:50ге дейінгі видео түсініксіз болды
Ассалаумағалейкум! Бұл арада ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисі келтірілген. Ол жерде Пайғамбарымыз, өзі қайтыс болған кезде, о дүниеде орын алатын оқиғалар жайында айтады. Сол кезде Пайғамбарымыз, өзінің қайтыс болғандығына қатысты Иса пайғамбардың сөздерін қолданамын дей келе, 5 сүренің 117 аятын оқиды. Яғни, бұл хадис, әлгі аятта Иса пайғамбардың қайтыс болғандығы жайында айтылғандығын дәлелдейді.
Бірақ, Исаның (оған Алланың сәлемі болсын) қайтыс болғандығына сенбейтіндер, оны көкке тірідей көтерілді дейтіндер, сол 5 сүренің 117 аятын өздерінше бұрмалап аударуда. Бұ жайында видеоның 3:50 -ден 4:33 -ке дейінгі уақыт аралығында айтылады. Бірақ, бұндай аударманы ардақты Пайғамбарымыздың жаңағы хадисы түбегейлі жоққа шығарады (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын).
Автор сіз Ахмадия жамагатынансыз ба?
Ассаламуғалейкум! Видеоның авторы көрермендерге, аталмыш тақырыпқа қатысты, ахмади-мұсылмандарының көз-қарасын ұсынады.
@@Aq_Munara уагалейкумассалям.түсінікті