Тым сапасыз! «7-20-25» бағдарламасымен үй алған тұрғындар жаңа пәтерлерінен үдере көшіп жатыр.

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 14 май 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Шымкентте «7-20-25» бағдарламасымен үй алған тұрғындар жаңа пәтерлерінен үдере көшіп жатыр. Себебі, қолданысқа берілгеніне екі жыл да болмаған үйдің қабырғалары сыз тартып, қисая бастаған. Сапасыз салынған баспананың жертөлесі суға толып, жұрт аурудан көз ашпаймыз деп шулады. Бірақ халықтың шағымын естір құлақ жоқ. Себебі, мердігер компания тұрғын үйдің сыртқы қасбетіне ғана кепілдік берген екен.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Шымкент қаласындағы Әдия-2 тұрғын үй кешеніне жұрт екі жыл бұрын көшіп келген. Басым бөлігі баспананы 7-20-25 бағдарламасымен, қалғаны банк арқылы несиеге алған. Әрқайсысы айына 300 мың теңге ипотека төлейді. Бірақ тұрғындар 5 қабатты тұрғын үйдің сапасы сын көтермейді деп отыр.
    НҰРЖАН ӘТЕШОВ, Шымкент қаласының тұрғыны:
    - Мына үйдің бәрі көгеріп жатыр. Мынаның астының бәрі көгеріп кеткен. Мынаның астына пена тыққан. Суық, жел уілдейді. Қазір сатып-ақ жіберемін. Алатын адам болса. Табылмайды. И так квартиралар бос бұл жерде. Келген адамдардың барлығы қашып кетіп жатыр.
    Жұрт кірпіштен салынған үйді қызығып алғандарын айтады. Бірақ жарнамасында айтылған балкон да, саябақ та сол күйі салынбапты. Себебі, құжат жүзінде оның бір де бірі көрсетілмей, тек сөз жүзінде қалған. Соның кесірінен көпшілік жуған киімдерін үй ауласына жайып жүр.
    МАЛИКА ЖАҚСЫБАЕВА, Шымкент қаласының тұрғыны:
    - Дайын кілемдеріңді саласыңдар, перделеріңді ілесіңдер, отыра саласыңдар деді. О деп жақсы болды, жақсы болды деп келдік қаяқтан. Келіп газ плитаны сұрасақ договорда жоқ. Балконды сұрасам договорда жоқ. Көздеріңіз қайда болды дейді.
    Құрылысқа жауапты компаниясы салған 31 үйдің кейбірінің жертөлесінде су жиналып, тұрғын үйде маса да қаптаған екен.
    ҚҰТТЫҚЫЗ БЕКНАЗАРОВА, "ALTYN LAND CONSTRUCTION" компаниясы директорының орынбасары:
    - Бізде компанияның беретін 5 жылдық кепілдігі бар. Ол тек сыртқы каркасына, фасадына және жертөлеге беріледі. Шатырына беріледі. Қалған ішкі нелерге кепілдік жүрмейді.
    Баспаналы болдық деп қуанған шымкенттіктер енді кімге шағымданатындарын білмейді. Себебі, мердігер компания ауызша үйіп-төккен уәдені келісімшартқа жазбаған болып шықты. Алтын лэндке оңбай алдандық деген көпшілік екі бөлмелі пәтер үшін енді 25 жылда 45 миллион теңге төлеуге тура келеді деп отыр.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии •