Мопед айдау үшін де жүргізуші куәлігі керек

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 6 сен 2024
  • Жол ережесінің 24-бөлімі, 1 тармағында мопедті тек 16 жасқа толған адамдар жүргізе алатыны жазылған. Соған қарамастан соңғы уақытта қала көшелерінде 16 жасқа толмаған балалардың скутер және электросамокат айдауға рұқсат жоқ бола тұра, осы көлік түрін басқарып жүргенін жиі көреміз. Тәртіпті ескермеу салдарынан жол апаты болып жатқан жайттар да аз емес.
    Бұл-екі доңғалақты мопед. Көліктің бұл түрі қолжетімді. Бағасы 300-400 мың теңгенің арасы. Жол қозғалысы ережелерінің 24-бөлімі 165-тармағында 16 жастан асқан адамдар мопед міне алады деп жазылған. Әйтсе де, көліктің бұл түрі талай жасөспірімнің өмірін жалмады.
    Ақтөбелік полицейлер күн сайын шаһарымыздың басты даңғылдарын торуылдауға шығады. Мопед жүргізушілерін тоқтатып, оларға ережелерді түсіндіруден тайынбайды. Өйткені 1 қате бірнеше адамның өмірін жалмауы мүмкін.
    Мопед мектеп оқушылары мен студенттердің сүйікті көлік құралы. Сабақтан тыс уақытта курьер болып жұмыс істейтіндер үшін қызметтік көлік. Алайда олар жастықтың мастығымен жолда жүйіткіп жүреді. Өз басымен қоса өзгенің де өмірін қатерге тігеді.
    Мопед қазір жастардың сүйікті құралы.Бағасы да қолжетімді. Желмен жарыса жүретін көліктің мұндай түріне сұраныс күннен-күнге артып келеді. Осы орайда біз мопед тізгіндеген бозбаламане тілдестік. 23 жастағы Темірлан Байеркешов жылдамдықты 40 тан асырмаймын,-дейді. Өзі заңгер, сондықтан талап қатаң орындалуы тиіс. Басында шлемі бар,құжаттары да түгел. Тыныш жүрсең айға да жетесің,-дейді бозбала.
    Көше қозғалысына енді ғана араласа бастаған бұл көлік түріне сұраныс артқан. Заң аясында белгілі ережелер мен шектеулер де бар. Полицейлер жастарға түсіндіріп әлек. Зырылдаған әр мопедті тоқтатып, жасөспірімдермен тілдесуде. Мұндағы мақсат-баланы қорқыту емес, қауіпсіздік ережелерін еске салу.
    Сайт телеканала www.rikatv.kz/
    Twitter / rika_kz
    Вконтакте rikatv
    Telegram t.me/evrikaaktobe

Комментарии •