Жүрек анатомиясы | 1 минутта | үлкен және кіші қан айналым шеңбері | Қазақша
HTML-код
- Опубликовано: 8 фев 2025
- Жүрек анатомиясы/үлкен және кіші қан айналым шеңбері
Канал ссылкасы: • Жүрек анатомиясы | 1 м...
Жүрек - іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер ұлпасынан түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады.
Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys - бұлшықет, kardia - жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі - сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы - құлақшадан және төменгі - қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.