Мағжан Жұмабаев. Пайғамбар

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 19 апр 2020

Комментарии • 150

  • @kazakbalasi5990
    @kazakbalasi5990 3 года назад +44

    Мағжан атамыздың жатқан жері жарық болсын! Топырағы торқа болсын!!!

  • @atyraukazakhstan1708
    @atyraukazakhstan1708 Год назад +14

    Таңірім жарылқасын.

  • @user-df5of1mf6y
    @user-df5of1mf6y 3 года назад +23

    МЕН келемін мен келемін,
    Күннен туған Ғұннан туған Пайғамбар,

  • @user-gc7pl1fk8m
    @user-gc7pl1fk8m Год назад +16

    Пайғамбарым-ай...🇰🇿😔🌞

    • @user-kw4oq6ff5i
      @user-kw4oq6ff5i Год назад +1

      Пайғамбар деген сөздің атаудың мағанасын білесіңбе?

    • @azamattolmakov5140
      @azamattolmakov5140 11 месяцев назад +2

      @@user-kw4oq6ff5i пайғамбар казакша сөз арабша расулдар деп айтады

  • @zhansayaartykova3388
    @zhansayaartykova3388 Год назад +19

    Күнбатысты қараңғылық қаптаған,
    Күнi батып, жаңа таңы атпаған.
    Түнерiп жүр түннен туған перiлер,
    Тәңiрiсiн табанына таптаған.
    Күнбатысты қараңғылық қаптаған,
    Көгiнде жоқ жалғыз жұлдыз батпаған,
    Түн баласы тәңiрiсiн өлтiрiп,
    Табынатын басқа тәңiрi таппаған.
    Күнбатысты қараңғылық қаптаған,
    Жалғыз жан жоқ қараңғыда лақпаған.
    Бiлген емес иман деген не нәрсе,
    “Қарын” деген сөздi ғана жаттаған.
    Түн баласы...Түн жолына түскен ол,
    Сақаусың деп Мұса тiлiн кескен ол,
    Тәңiрiнiң сүйiктi ұлы Айсаның
    Тiтiркенбей ұрттап қанын iшкен ол...
    Түн баласы түнерген түн жамылған,
    Аллаға емес, әзәзiлге табынған.
    Iнжiлдi өртеп, табанға сап құранды,
    Әдiлдiктi күткен ессiз қарыннан.
    Түн баласы өмiрiнде арзан таңменен,
    Қабыл ұлы ауызданған қанменен.
    Табынатын құр денеге жануар,
    Болған емес жұмысы оның жанменен.
    Төгiлмей ме кемерiнен асқан су,
    Өлтiрмей ме жайылған соң күштi у.
    Түн баласы түнерiп тұр өлгелi,
    Көзiңдi сал - күнбатыста қанды шу.
    Көзге түртсе көрiнбейтiн қара түн,
    Күңiрене ме, күле ме, әлде, әлдекiм?
    Жылайды да, шулайды да ұлиды,
    Бұл кiм? Бұл ма - түн баласы түссiз жын.
    Қап-қара түн.Түн баласы күңiренед,
    Күңiренумен бiр-бiрiне үн беред.
    Сөгiнедi, сүрiнедi, жығылад,
    Қара түнде көр көзiмен не көред?!
    Қап-қара түн. Шегiр көздi жындар жүр.
    Қап-қара түн. Қайғы мен қан ойнап тұр.
    Қайғы менен қара қанға тұншығып,
    Түн баласы ауыр ойлар ойлап тұр.
    Қап-қара түн. Уақыт ауыр өтедi,
    Ой артынан ойлар келiп кетедi.
    Түн баласы көр көзiнен жас төгiп,
    Күншығыстан бiр пайғамбар күтедi...
    Ерте күнде отты Күннен Гун туған,
    Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам.
    Жүзiмдi де, қысық қара көзiмдi,
    Туа сала жалынменен мен жуғам.
    Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
    Мен - Күн ұлы, көзiмде Күн нұры бар.
    Мен келемiн, мен келемiн, мен келем,
    Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар.
    Соқыр сорлы, көрмей ме әлде көзiң көр?
    Күншығыстан таң келедi, ендi көр.
    Таң келедi, мен келемiн - пайғамбар,
    Күт сен менi, “лахаулаңды” оқи бер.
    Күншығыстан таң келедi - мен келем,
    Көк күңiренед: мен де көктей күңiренем.
    Жердiң жүзiн қараңғылық қаптаған,
    Жер жүзiне нұр беремiн, Күн берем!
    Қап-қара түн. Қайғылы ауыр жер жыры,
    Қап-қара түн. Күңiренедi түн ұлы.
    Күншығыста ақ алтын бiр сызық бар:
    Мен келемiн, мен пайғамбар - Күн ұлы.

  • @user-my8mc3fq7z
    @user-my8mc3fq7z Год назад +5

    Керемет, сөз жоқ!

  • @user-oe9du1vy4q
    @user-oe9du1vy4q 6 месяцев назад +3

    Осы Пайгамбар деген поэзия Магжанга Алла дан берилген оны айту керек

  • @user-ex7kt3kc7i
    @user-ex7kt3kc7i 10 месяцев назад +4

    Жаны жаннатта болсын!

  • @user-my8mc3fq7z
    @user-my8mc3fq7z Год назад +5

    Мағжан атамызға мында бір рақмет Өмірде көрмеген жақсылықты ана дүниеде көрсін.

  • @user-bg9yp7gd5h
    @user-bg9yp7gd5h Год назад +8

    МАҒЖАН - өлең сөздің патшасы.

  • @user-wn1sm5iv4u
    @user-wn1sm5iv4u 9 месяцев назад +5

    АТАМЫЗҒА АЛЛАҺ РАЗЫ БОЛСЫН

  • @user-tw2cg5it9w
    @user-tw2cg5it9w 4 месяца назад +3

    Тәңір жарылқасын, Қазақ елін!

  • @user-ls5dh5py7j
    @user-ls5dh5py7j 2 года назад +13

    осы өлеңді тыңдап әлемде ең көп қиыншылық көрген ел қазақ ең.әдебиеті керемет ел қазақ

  • @user-jv9ub8bt7n
    @user-jv9ub8bt7n 4 месяца назад +3

    Жаны жәннатта болсын! Ұлы ақынымыз...❤

  • @user-vq5dp1lj4y
    @user-vq5dp1lj4y 4 года назад +33

    Жаткан жери жарык болсын!!!

  • @user-hf8gz7fh1u
    @user-hf8gz7fh1u 2 года назад +17

    Керемет! Жазықсыз Мағжан жатқан жері жайлы болсын

  • @user-jk5mb6te3b
    @user-jk5mb6te3b 3 года назад +19

    Жатқан жері жайлы болсын бабам. Жаны жәнәтта болсын 🤲🏻 Желеп жебеп жатсын. 🤲🏻 43 ағым шабондаздарына күш қуат берерсін!

  • @user-xn3wy8go9p
    @user-xn3wy8go9p Год назад +5

    Мағжан бабамыз желей берсін. Иманы жолдас, жастығы құран, жамылғаны мамық болсын. 2012жылы қатты күйзеліске түскенмін, Досым болсын т.б.айтсамда түсінбейтін, осы Мағжан бабамыздың сөзі газет бетінде жазылған менің өкпелейтінімде ренжейтінімде ауылымның иті қапқан деген. Қандай дана адам. Аллаға шүкірмін.

    • @atyraukazakhstan1708
      @atyraukazakhstan1708 Год назад +1

      Мағжан атамыз Таңіршіл !,
      Лаухулыңды оқи бер. 😎

  • @user-oy8wd5yy2c
    @user-oy8wd5yy2c Год назад +4

    Жаткан жери жарык болсын. Кандай мыкты поэзия, кандай иман. Барлык тилдерге аударылса, букил элем таныса

  • @amantayainabekova6816
    @amantayainabekova6816 Год назад +4

    Қандай керемет өлең. Маңдан атвмыз қайтанбас тұлға. Жатқан жері жайлы болсын атамыздың.

  • @user-df5of1mf6y
    @user-df5of1mf6y 3 года назад +21

    Мағжан Атамызды Өлеңнің Пайғамбары деп айтуға болат.

  • @user-uk4yp3qp5q
    @user-uk4yp3qp5q Год назад +5

    Мағжан ақынның иманы жолдас болсын!

  • @user-px5ye7qd2f
    @user-px5ye7qd2f 3 года назад +20

    Не Деген керемет Адам болган бабаларымыз жаткан жери жайлы болсын кайран бабаларымыз

  • @user-ic6mh1ju6o
    @user-ic6mh1ju6o Год назад +5

    Өте терең ойлы екен

  • @user-lu1bn5nn6s
    @user-lu1bn5nn6s 4 года назад +13

    Керемет 👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍соз таппай тұрм !!!

  • @user-vm1wy3gz9y
    @user-vm1wy3gz9y 11 месяцев назад +3

    ⚜️ия Кудай Мен-мен бармын. Ертен Кун,Нур шикпасын 🤲 Аумин атканы болсын!!! 04.08.2023ж.

  • @jkjk1191
    @jkjk1191 3 года назад +12

    Жаткан жерің жайлы болсын,бабам

  • @user-nw1yh8qk3n
    @user-nw1yh8qk3n Год назад +4

    Осыдай тулғалардын аркасында,біздің болашағымыз жарық.Жатқан жери жайлы болсын.Еркек тоқты курбандык.

  • @user-lu1bn5nn6s
    @user-lu1bn5nn6s 3 года назад +16

    Эх қаншама түн баллары адасқан ,сөз ұқпай көз кормийтын адаскан Мағжан Атамыз,дұрыс айтқан бұлардың милары ұланға 100 жыл отседе......

    • @user-kg3iq2tl9l
      @user-kg3iq2tl9l 3 года назад +3

      Дұрыс айтасын бауырым

    • @musanurlanuly9772
      @musanurlanuly9772 Год назад

      Мусульмандарды жамандап жатсың ба.

    • @musanurlanuly9772
      @musanurlanuly9772 Год назад

      Мусульмандарды жамандап жатсың ба.

  • @user-qi4hu1rv7s
    @user-qi4hu1rv7s 2 года назад +7

    Қараңғы Еуропаға Күн-Пайғамбар болып келе жатқан Қазақтың Хакім Абайының Ілімі-" Толық адам","Кемел адам"- Ілімі ғой!
    Ол Ілім Қазақтан басқа еш-бір елде жоқ!

  • @user-mv7bd3dc4p
    @user-mv7bd3dc4p 8 месяцев назад +1

    💎💎💎💎

  • @user-iy9hx1tn5x
    @user-iy9hx1tn5x 3 года назад +13

    Пайғамбарсың жаныңды арға жұттырған .Арлысың сен пайғамбарсың.Адамзатқа əділетті ұқтырған.

    • @user-mk8ye6tu5v
      @user-mk8ye6tu5v Год назад

      Ол Паинамбар емес Бирак жаксы адам

  • @beyzazulal3689
    @beyzazulal3689 3 года назад +23

    🇹🇷Türkiye olarak kardeşlerim sizi çok özledik. Kokunuza, sesinize, yüzünüze hasret kaldık. Tanrı bizi tekrar kavuştursun. Bitsin bu ayrılık.😭🤧
    🇰🇿Түркиядағы бауырлар сіздерді сағындық. Біз сенің иісіңді, даусыңды, жүзіңді аңсадық. Құдай бізді қайта қауыштырды. Бұл бөлу аяқталды.
    Türkïyadağı bawırlar sizderdi sağındıq. Biz seniñ ïisiñdi, dawsıñdı, jüziñdi añsadıq. Quday bizdi qayta qawıştırdı. Bul bölw ayaqtaldı.😭🤧

  • @user-xm6pu1cl1o
    @user-xm6pu1cl1o Год назад +1

    Жарықтықтың жаны,
    жұмақта болсын!

  • @user-ot7zh6ix9d
    @user-ot7zh6ix9d Год назад +7

    Ұмытпаймыз, Алаш арыстары.Пейіште нұры шалқысын!Мағжан әлі жас,рухты тірі сияқты

  • @user-sp9ph2gk1k
    @user-sp9ph2gk1k Год назад +4

    Қараңғы қапаста қараңғы өмірі жайлы, елдің тағдыры қараңғы боп тұрғанын жырлаған екен.

  • @zhansultankaliakpar2310
    @zhansultankaliakpar2310 2 года назад +2

    Рахмет!

  • @user-rv4nm6os6y
    @user-rv4nm6os6y 2 года назад +9

    араптарда расул наби дейді. ?. араптарда пайғамбар деген сөз жоқ. қорандарында да ондай сөз жоқ. ( Пайғамбар . Абыз. Пір) деген сөз , Ғұн , Сақ халықтарында айтылады.

  • @user-ns7ne8jq8e
    @user-ns7ne8jq8e 3 года назад +12

    Күн шығыста АҚШ.., пен Япония жатыр : бүгінгі озық технологияның бәрі сол жақтан келді ! Керемет.., көрегендік ! Бекболат Т.С.

    • @geek101grew8
      @geek101grew8 2 года назад

      Қумашы күн бататын Ақша таза

    • @user-ns7ne8jq8e
      @user-ns7ne8jq8e Год назад

      @@geek101grew8 Қуып жүрген сорлы Қазақ.., АҚШ , Япония , сорлы Қазақты аштан қырып.., күллі оқыған зиялыларын атып , қамап , қырған жоқ..! Соқыр .., керең бишара..! Бекболат Т.С.

    • @user-im7ld4pl1z
      @user-im7ld4pl1z 8 месяцев назад

      дін жайында айтылған

  • @bekmukanov8337
    @bekmukanov8337 11 месяцев назад +2

    2:50 ерте күнде отты күннен ғұн туған.

  • @agilanarymbetova2337
    @agilanarymbetova2337 Год назад +2

    Мен жастарга сенемин!

  • @bakerusbakerus9196
    @bakerusbakerus9196 2 года назад +7

    Магжан атамыз казак елине, Пайгамбарды катты куткен.

    • @sakenkazakhstan7611
      @sakenkazakhstan7611 2 года назад +2

      кетшей, сыктыде кол койды пайгамбарга

    • @mervetsadykova734
      @mervetsadykova734 2 года назад

      @@sakenkazakhstan7611 сен сияқтыларды жеркенішті адамсындар

  • @bakerusbakerus9196
    @bakerusbakerus9196 2 года назад +4

    Магжаннын арбир сози дана деп Мухтар Ауезов айткан Магжанды озинен биiк корген

  • @Bigeldin
    @Bigeldin Год назад +2

    Ол ақын Қазахтың тек бізде бар

  • @user-hh2pi8xt7p
    @user-hh2pi8xt7p Год назад +2

    Сөз жоқ ғажап !

  • @nurgvlnurka9471
    @nurgvlnurka9471 9 месяцев назад

    Сәлеметсіздер. Мына музыка қалай аталады? Білсеңіздер жазып қалыңыздар.

  • @user-si9je3fd3m
    @user-si9je3fd3m 9 месяцев назад +1

    Асылдарымызды уақытында дер кезінде қадірін де білмейміз біз. Уақыт өткенде есімізге түседі мақтаймыз құрметтейміз бірақ өте кеш. Оларды жауыздар өлтіріп түрмеде қинағандада үндемейміз. Үн жоқ айтатұғын. Үнсіз осылай отыра беріңдер қазақтар. М. Аблязовқа көмектіде беруге қорықтыңдарма әлде бір бір мың теңгелеріңді де аядыңдарма. Осы Мақжан, Міржақып секілді ол да талпынып арпалысып жүр ғой қайтсем қазақты алға шығарамын деп.

  • @user-op6yq9qb1o
    @user-op6yq9qb1o 8 месяцев назад +1

    Барлық пайғамбарлар ауыр сынақты көтерген. ( великомученик) Алла оларға сол сынақты көтере алатындай рух берген. Мағжан бұл жерде өз тағдырының ауыр болатынын іштей сезген. Шынымен де оның өмірінің соңғы кездері адам төзгісіз ауыр болған.

  • @q.orynbekuly4528
    @q.orynbekuly4528 3 года назад +30

    Мағжан өзін шынмен пайғамбармын деп тұрған жоқ қой, тура түсібесеңдерші, теңеу, ауыстыру, әсерлеу деген нәрсе болады ғой

    • @atyraukazakhstan1708
      @atyraukazakhstan1708 Год назад +3

      Мұхаммад Расул !,
      Мағжан пайғамбар Таңіршіл!,
      Так што лаухулыңды оқи жүр.

  • @Raha-kenja
    @Raha-kenja 2 года назад +1

    өлеңнің мағынасын түсіндіріп берші...

    • @user-dl6uo5tp7f
      @user-dl6uo5tp7f Год назад +2

      Сол кездегы казактардын жагдайы жайлы гой. Карангы казактар жайлы. Оленде айтып жатыр гой ойлагандары иман емес карын деп. Султанмахмут Торайгыровта осылай айткан. Карангы казак торыне ормелеп шыгып кун болам, мен болмаганда кым болады деп. Арбыр казак осылай ойлау керек. Баскада адамдар бар солар жасай салады деп емес, ответственность алып уйрену керек. Озгерысты кутсен озыннен бастау керек деген сиякты ойлар

    • @atyraukazakhstan1708
      @atyraukazakhstan1708 Год назад +1

      Мен Таңіршілмін деп тұр !, мұсылмандар лаухулыңды оқи бер дейді.

    • @inn7427
      @inn7427 10 месяцев назад

      Негізі бұл исламға сатира. Магжан исламға берілген адамдарды түнмен салыстырып тұр. Батыстан келген бір пайғамбардың артынан ерген надан адамдар десе болады. Сол бір келген пайғамбарға қызығушылық деген соншалық, түк білмей, өте нашар еліктеушілікпен айналысып отыр. Магжан исламга және ислам пайғамбарларына әзіл күлкі ретінде қараған.

  • @user-xr9jz9ge5d
    @user-xr9jz9ge5d Год назад +4

    Мағжанды пайғамбар дегенге келісемін неге тек орыстан арабтан болу керек пе пайғамбар

    • @targettalgatuly4032
      @targettalgatuly4032 Год назад

      Орыстан пайғамбар болмаған. Егер Исаны (алейһиссалам) айтып тұрсаңыз онда ол яһудилерден шыққан.

    • @user-pl3sc7id5s
      @user-pl3sc7id5s Год назад +1

      user-xrjz9ge5d,АҚ САРБАЗ ТӘҢІР ЖАУЫНГЕРІ видиосын ютубтан көріңіздер ,тыңдаңыздар .

    • @user-ti3if5jg7z
      @user-ti3if5jg7z 2 месяца назад

      кеш болсада айтайн Мұхаммед соңғы пайғамбар

  • @zhanbota149
    @zhanbota149 Год назад

    2:33

  • @Alpysbai_07
    @Alpysbai_07 Год назад +1

    2:48

  • @user-hz6rl6mg9o
    @user-hz6rl6mg9o Год назад +1

    Дұрыс айтады пайғамбар қазақтың сөзі
    Пайымдап болашақты айтады
    Расуыл елші деген мағына білдіреді арабша

  • @lloydbanks3442
    @lloydbanks3442 2 года назад +2

    Пайгамбар
    Наби емес?

  • @user-pv6dk7pf9z
    @user-pv6dk7pf9z 8 месяцев назад

    МЕЛОДИЯНЫ АЙТЫП ЖІБЕРЕСІЗДЕР МЕ?Каспий 200 жіберемін!

  • @user-ns7ne8jq8e
    @user-ns7ne8jq8e 3 года назад +2

    Тағы дуние жүзілік соғыс болады деп ескерткені ғой : Бекболат Т.С.

  • @user-lc2xb3dp7z
    @user-lc2xb3dp7z 3 года назад

    Аллаху акбар улы агамызга

  • @alashuly-baibakty2041
    @alashuly-baibakty2041 3 года назад +10

    Мен пайғамбармын деп жатқан жоқ. Монолог пайғамбарды айтып жатыр. Дұрыстап тыңдаңдарш.

  • @user-kw4oq6ff5i
    @user-kw4oq6ff5i Год назад

    Өтірік сілекейімізді шұбыртып таңғалмай ойланайық

  • @bilenkabdulov5979
    @bilenkabdulov5979 Год назад +1

    Мухаммед ешкашанда озин пайгамбардын деп айтпаган.Пайгамбар дарежесин айналасындагылар Берген.Жанеде Ал Бухари,Торт мазхаб басшылары пайгамбардын заманында омир сурмеген тек тарихи ауыз адебети сиякты болашакта жеткизген.

  • @tet3122
    @tet3122 3 года назад +1

    Менин ойым ол пайгамбар деп, баска магынада айтып турган сиякты! Негизи кошпендилерди айтып турган сиякты, себеби олар журген жер адилетти болган, адилетти канмен орнаткан, оздерин карандар, монголдар негизи(турктер) арабтарга шабуыл жасаган, бирак кеин олардын кейбиреуи Исламды кабылдап, Исламды баска Исламга отпеген турктерден коргап калган султан Бейбарыс,! Тагы кошпендилер Константинопольди алган - Турция! Турктер Исламды динди катты котерген Аллахтын калауымен.

  • @user-kw4oq6ff5i
    @user-kw4oq6ff5i Год назад

    Есі дұрыс, сенімі дұрыс адам өзін Пайғамбар деп өлең жазбайды бұрмаланған,... Не есі ауысып жазған.

  • @user-kw4oq6ff5i
    @user-kw4oq6ff5i Год назад

    Мағжан жазбаған

  • @inn7427
    @inn7427 10 месяцев назад +1

    Пайгамбар сатиралык олен. Казах ишинде исламга берилу темасы котерилген. Жане Магжан исламга берилген адамдар тунмен тенейди.

  • @musanurlanuly9772
    @musanurlanuly9772 3 года назад +11

    Мухаммед с а с жайлы айтқан гой бұл кісі Макен Намаз оқыған Ислам ды ұстанган мусульман болған адам.

    • @sakurat9162
      @sakurat9162 2 года назад

      Исламды устамаган!

    • @musanurlanuly9772
      @musanurlanuly9772 2 года назад

      @@sakurat9162 өтірік сіктіре бермеңдерші тарихты дұрыс оқыңдар

    • @sakurat9162
      @sakurat9162 2 года назад +4

      Нағыз өлеңдермен окымаган екенсин, сауатынды аш! Ислам десе жандарың шығып кетеді. Саған көбірек оку керек деп жатырмын бауырым...

    • @musanurlanuly9772
      @musanurlanuly9772 2 года назад

      @@sakurat9162 Өлеңді дұрыс тап тыңдасаң Пайғамбар с а с жайлы айтқан. Ислам дінін жамандамаған.

    • @saqalash649
      @saqalash649 Год назад +1

      Оттапсың

  • @seyfullahqazaq2261
    @seyfullahqazaq2261 2 года назад +1

    Мағжан Омскде алаш орда курсында 5 паннен берген, соның бірі исламтану, намазда имам болып уйреткен екен.

    • @Bruno..191
      @Bruno..191 9 месяцев назад

      Екі жыл болыпты сіздің мына комент жазғаныңызға әлі ешкім бірде-бір лайк баспапты неге, өйткені өтірікті былш етіп жазған екенсіз.

    • @seyfullahqazaq2261
      @seyfullahqazaq2261 9 месяцев назад

      @@Bruno..191 Өтірігі жоқ, нақты дәлелдер бар. Мағжан курс жүргізгені рас, оның ішінде шариғат сабақтары болғанын жазады.

    • @Bruno..191
      @Bruno..191 9 месяцев назад

      @@seyfullahqazaq2261 өтірік айта беру күнәға жатады, ашщы болсада шындықты айту керек, ол заманда Халық сауатсыз хат танымайтын еді ғой, мектептер мүлдем болған жоқ, медреседен басқа, сауат ашып хат тану үшін балаларын діни медреселерге беретін, сіз Мағжанның мен оттан жаралғанмын деген өлеңін оқыңыз

  • @sanshosaco748
    @sanshosaco748 Год назад

    Пайғамбарынес түсінбедік қой мағжаның сонда өзі шығарған қара өлең ба

  • @user-mo4ve8oy4j
    @user-mo4ve8oy4j 4 года назад +2

    Қате өлең екен сөзі . Мен Пайғамбар дегені нес . Мұхаммед соңғы Пайғамбар . Оны Құранда Аллаһ айтқан .

    • @user-we8cr5cy8b
      @user-we8cr5cy8b 3 года назад +3

      Пайғамбар монологын жазғанғо

    • @user-px5ye7qd2f
      @user-px5ye7qd2f 3 года назад

      Магынасын жаксылап окындар кандай керемет

    • @user-hz6rl6mg9o
      @user-hz6rl6mg9o 2 года назад

      Райгамбар деп дұрыс айтады
      Ұйткені қазақтың сөзі

    • @S_Din361
      @S_Din361 Год назад

      Мухаммад ол нәби,пайғамбар емес

    • @user-qw3cu5yf7f
      @user-qw3cu5yf7f Год назад

      ​@@user-we8cr5cy8b неге күннің, ғұнның баласымын, шығыстан келдім дейді

  • @user-mo4ve8oy4j
    @user-mo4ve8oy4j 4 года назад

    Бұл өлең Маған Жұмабаевтыкі деп ойламаймын . Ол кісі медреседе оқыған . Мына өлең медреседе оқыған адамның өлеңі емес .

    • @tumaraskar8860
      @tumaraskar8860 3 года назад +2

      Мағынасын туснсеңші дурыстап тындап🤦🏻‍♀️

    • @kosmos1117
      @kosmos1117 3 года назад +5

      Неге оның өлеңі емес? Тәңір дінін таптадың, деп тұрған жоқпа?

    • @user-ru5ze4ch7o
      @user-ru5ze4ch7o 3 года назад +8

      Кезінде барлығы медреседе оқып білім алып, ілімін арттырған. Бірақ олар бар ынтасымен құлшынып арабша оқыса дағы өз Тәңірлік Ұлы дала дүниетанымы мен Қазақи салт-дəстүрге, Исламдық дүниетаным мен дәстүрі бір-біріне қарама-қарсы екеніне көз жеткізген, Қазақтың көрегені болған кісі.

    • @kosmos1117
      @kosmos1117 3 года назад +5

      @@user-ru5ze4ch7o өте дұрыс айтасың! Ол кезде, ахундық және ишандық мектептері болды. Олар алғаш келген шәкіртке бірінші тәңіршіліктен келе жатқан ырым, тиым, нанымдарды оқытты. Содан соң, құран әріптерін үйрете бастады! Сондықтан, Мағжан атамыз пайғамбарларды ағартушы ретінде көрсетіп отыр. Ол егер өмірден ерте кетпегенде қазақтың пайғамбары ретінде қалуы ықтимал ғой! Ол кездегі көзі ашық адамдар ислам дініне сенген жоқ! Яндекстен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері деп жазсаң шығады Ол атамыздың да дін дегеніміз ертегі деген дін, деген өлеңі және мешіт, жұмақ деген өлеңдері бар!

    • @seyfullahqazaq2261
      @seyfullahqazaq2261 2 года назад

      Мына жерде тәңіршіл шаманизмнің қатысы жоқ, )) т дыбысын естісе өздеріне бұрмалап надандар ай,надандар ))). Алланы тәңір ,құдай деп айтқан қазақ,). Тәңір турікше құдай деген сөз. Жалпы мына жерде саясат туралы айтылған, оның тәпсірін көбі біле бермейды,

  • @nurbekbazarbai1946
    @nurbekbazarbai1946 4 года назад

    Өтірік ең соңғы Пайғамбар Мұхаммед пайғамбар

    • @user-ch9lu3zs4o
      @user-ch9lu3zs4o 4 года назад

      @Richard Wagner Ричард уат?

    • @user-mo4ve8oy4j
      @user-mo4ve8oy4j 4 года назад

      @Richard Wagner Мұхаммед пайғамбар , олай деме .

    • @user-mo4ve8oy4j
      @user-mo4ve8oy4j 4 года назад

      @Richard Wagner Наби деген сөз қазақша Пайғамбар .

    • @user-ek5ox4nr7q
      @user-ek5ox4nr7q 3 года назад +2

      @@user-mo4ve8oy4j далбан Пайгмбар Ол улы алланын кулы, Магжан соны сипаттады

    • @user-xr9jz9ge5d
      @user-xr9jz9ge5d Год назад

      Неге тек арабтан орыстан болу керек қазақ тың да пайғамбары бар ол мағжан Абай емес мағжан әр заманның өзінің пайғамбары болады