Домбыраға қол соқпа, Шымырлатып бір-бірлеп. Жүрегім, соқпа, кел тоқта, Жас келер көзге жүр-жүрлеп. Қайғылы көңілім қайдағы Бұрынғымды жаңғыртар. Қайратты алып бойдағы, Басымды қайғы қаңғыртар. Есіңде бар ма жас күнің, Көкірегің толық, басың бос, Қайғысыз, ойсыз, мас күнің - Кімді көрсең, бәрі дос. Махаббат, қызық, мал мен бақ Көрінуші еді досқа ортақ. Үміт жақын, көңіл ақ, Болар ма сондай қызық шақ? Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар? Ақырын, ақырын шегініп, Алыстап кетті-ау құрғырлар! Көзіме жас бер, жылайын, Шыдам бер, сабыр қылайын. Жаралы болған жүрекке Дауа бер, жамап сынайын. Көлеңке басын ұзартып, Алысты көзден жасырса; Күнді уақыт қызартып, Көк жиектен асырса; Күңгірт көңілім сырласар Сұрғылт тартқан бейуаққа, Төмен қарап мұңдасар, Ой жіберіп жан-жаққа. Қарашада өмір тұр, Тоқтасаң, тоқсан көнер ме? Арттағы майда көңіл жүр, Жалынсаң, қайтып келер ме? Майдағы жұрттың іші қар, Бәйшешек қарға өнер ме? Ішінде кімнің оты бар, Қар жауса да, сөнер ме? Жақсылық ұзақ тұрмайды. Жамандық, әр кез тозбайды. Үмiттiң аты елірiп, Қос тiзгiндi созбайды. Қос тепкiнi салсаң да, Уайымнан озбайды. Бiр қайғыны ойласаң, Жүз қайғыны қозғайды, Жер қорығыш желгек шал Желiп жүрiп боздайды. Алдадым, ұрдым, қырдым деп, Шалықтап, шалқып, шатпай ма. Қапысын тауып тұрдым деп, Қулығын бұлдап сатпай ма. Момыннан жаман қорқақ жоқ, Қу, пысық деген ат қайда, Арсыз болмай атақ жоқ, Алдамшы болмай бақ қайда. АЛЛАХ деген сөз жеңіл АЛЛАХқа ауыз жол емес, Ынталы жүрек, шын көңіл. Өзгесі Хаққа қол емес. Жүректің көзі ашылса, Хақтықтың түсер сәулесі, Көңілден кірді қашырса, Адамның хикмет кеудесі
Әйй, Бекболат-ай,осылай әніңді айтып ұлтыңның ұлағатты ұлы болып, халқыңның жүрегінің төрінен орын алып, Еліңнің ортасында еркелеп жүретін азамат-ақ едің. "Осынша берген дәулетті көтеріп тұра алар ма екенбіз",-деп өзің өлеңде айтқаныңдай; Құдай Тағала басыңа қондырған соншама бақытты көтере алмай, басынан теуіп халқыңның махаббатын арабтың ақшасына айырбастап Еліңнен де кеттің баз кешіп. Қазір Ел де, Халық та сені жек көретін болды. Өте өкінішті....
Бекболат мықты орындайды
Керемет айтылған екен Рахмет Бауырым Бекболат Тілеухан Улы Мың Бир Рахмет Көп Көп Жасаңыздар ❤
Әнніңде естісі бар есері бар ,тыңдаған саиын тыңдай бергің келеді 👍👍👍👍
Бекеңнің даусы мықты. Аман болыңыз!
Жақсы айтады қалай жамандаса да елдер көреалмаушылық шығар
Абайға өлеңдеріне қанат берген Бекболат!!!
аттен Абай естисегой Бекболаттын айтканын
Домбыраға қол соқпа,
Шымырлатып бір-бірлеп.
Жүрегім, соқпа, кел тоқта,
Жас келер көзге жүр-жүрлеп.
Қайғылы көңілім қайдағы
Бұрынғымды жаңғыртар.
Қайратты алып бойдағы,
Басымды қайғы қаңғыртар.
Есіңде бар ма жас күнің,
Көкірегің толық, басың бос,
Қайғысыз, ойсыз, мас күнің -
Кімді көрсең, бәрі дос.
Махаббат, қызық, мал мен бақ
Көрінуші еді досқа ортақ.
Үміт жақын, көңіл ақ,
Болар ма сондай қызық шақ?
Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар?
Ақырын, ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау құрғырлар!
Көзіме жас бер, жылайын,
Шыдам бер, сабыр қылайын.
Жаралы болған жүрекке
Дауа бер, жамап сынайын.
Көлеңке басын ұзартып,
Алысты көзден жасырса;
Күнді уақыт қызартып,
Көк жиектен асырса;
Күңгірт көңілім сырласар
Сұрғылт тартқан бейуаққа,
Төмен қарап мұңдасар,
Ой жіберіп жан-жаққа.
Қарашада өмір тұр,
Тоқтасаң, тоқсан көнер ме?
Арттағы майда көңіл жүр,
Жалынсаң, қайтып келер ме?
Майдағы жұрттың іші қар,
Бәйшешек қарға өнер ме?
Ішінде кімнің оты бар,
Қар жауса да, сөнер ме?
Жақсылық ұзақ тұрмайды.
Жамандық, әр кез тозбайды.
Үмiттiң аты елірiп,
Қос тiзгiндi созбайды.
Қос тепкiнi салсаң да,
Уайымнан озбайды.
Бiр қайғыны ойласаң,
Жүз қайғыны қозғайды,
Жер қорығыш желгек шал
Желiп жүрiп боздайды.
Алдадым, ұрдым, қырдым деп,
Шалықтап, шалқып, шатпай ма.
Қапысын тауып тұрдым деп,
Қулығын бұлдап сатпай ма.
Момыннан жаман қорқақ жоқ,
Қу, пысық деген ат қайда,
Арсыз болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда.
АЛЛАХ деген сөз жеңіл
АЛЛАХқа ауыз жол емес,
Ынталы жүрек, шын көңіл.
Өзгесі Хаққа қол емес.
Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі,
Көңілден кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі
Бул жере Абайдын кыйналганын коре аласыздар
Мынау Мейрамбек Беспаевтың Қызым саған айтамын деген әнімен бірдей ғой
Әйй, Бекболат-ай,осылай әніңді айтып ұлтыңның ұлағатты ұлы болып, халқыңның жүрегінің төрінен орын алып, Еліңнің ортасында еркелеп жүретін азамат-ақ едің. "Осынша берген дәулетті көтеріп тұра алар ма екенбіз",-деп өзің өлеңде айтқаныңдай; Құдай Тағала басыңа қондырған соншама бақытты көтере алмай, басынан теуіп халқыңның махаббатын арабтың ақшасына айырбастап Еліңнен де кеттің баз кешіп. Қазір Ел де, Халық та сені жек көретін болды. Өте өкінішті....
Халықтың атынан сөйлемесеңіз…
Кайгылы журегим аурады.
🔥🔥🔥
Керемет
Абай атамыз ешқашан "аллаһ" демеген! олда арабтың сөзі. тек "алла" деген қазақша. құдайды тану үшін араб болудың қажеті жоқ 😔