Жан досым. Караоке әні 4 сынып

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 10 окт 2021
  • Жалпы білім беру мектебінің төртінші сыныбына арналған балалар әні.
    Өлеңін жазған Т.Молдағалиев
    Әнін жазған С.Бәйтереков
    Жан досым.
    1
    Іздегенде табылатын қасымнан,
    Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
    Көріспесек, сағыныштан жүдейтін,
    Кім бар жақын бала күнгі досыңнан?
    Қайырмасы:
    Жан досым, үстем болсын мерейің,
    Әрқашан жеңісіңді көрейін.
    Сырымыз да бітпесін,
    Жырымыз да бітпесін,
    Жырымыз да бітпесін.
    2
    Қос бұтағы секілденіп ағаштың,
    Қатар тұрып гүлімізді сан аштық.
    Жол тапсақ біз, бірге жүріп жол таптық,
    Адассақ та, бірге жүріп адастық.
    Қайырмасы:
    Жан досым, үстем болсын мерейің,
    Әрқашан жеңісіңді көрейін.
    Сырымыз да бітпесін,
    Жырымыз да бітпесін,
    Жырымыз да бітпесін.
    #балалар_караоке, #қазақша_караоке, #балалар_әндері, #караоке_әні, #жан_досым
  • ВидеоклипыВидеоклипы

Комментарии •