Баку қаласына саяхат

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 дек 2024
  • 14.10 - 16.10.2023

    Қайырлы күн, достар!

    3 ел, 5 қаланы қамтитын қысқа мерзімді саяхатқа шықтық.
    Баку - Тбилиси - Батуми Трабзон - Анталия.
    Жолаушы екеу. Мен және жолдасым Амангелді.
    Жоспар 1,5 ай бұрын жасалды.
    Осы саяхаттан естелік сурет, қысқа видео жариялаймын.

    Әр қалада 2 күн ғана тоқтадық. Қалалармен қысқаша таныстық. Дәм таттық.
    Әуелі Астанадан Бакуге ұштық.

    Баку - таза қала екен. Бау-бақшасы кең, көгершін дері хауызға қонған, жасыл желекке шомылған сәнді қала.
    Көне ғимараттардан тұратын тас көшелер. 1890 - 1900 жылдары салынған. Әр ғимаратта салынған жылы, ел қайраткерлерінің мүсіні мен елге сіңірген еңбегі, атағы жазылған мәрмәр тақтайшалар. Жалпы әзірбайжан тілінде!!!
    Халқы не өз тілінде, не ағылшын тілінде сөйлейді. Орыс тілі жалпылай қолданылмайды екен. Жаңа ғимараттар да сәнді. Жолда, көшелерде сақшылар көп. Бақылау тым мықты. Мүмкін көрші армян елімен жауластықтан болар.
    Жер асты жолдары тап-таза. Олар да мәрмәр таспен безендірілген. Егде адамдарға қарағанда жастар көп ұшырасады.
    Хауыздары әдемі. Өткен ғасырда салынған ғимараттардың құрылысы таң қалып, басты шайқайтындай.
    Әнші Муслим Магомаевтың отаны.
    Ақшасы - манат.
    Ел басшысы - Ильхам Алиев.
    Кеңестер одағынан бөлінген нен бері ұлттық тәуелсіздігін мықтап орнатқан.
    Ескі және жаңа қаланы бір күн ішінде аралауға болады.
    Қазақстаннан да туристер ұшырасады.
    Туының түсі: көк, қызыл, жасыл. Көк - теңдік, қызыл - күрескер, жасыл - ислам мемлекеті.
    Қатты таң қалдырғаны ескі ғимараттар болды. Сосын тазалығы. Темірдей тәртіп сезіледі. Бакуде болған 2 күн қала туралы осындай әсер қалдырды.
    Келесі жазу Тбилиси туралы.

    Еліміздің көк туы желбірей берсін! 🇵🇼

Комментарии • 1

  • @whatsuptoday3126
    @whatsuptoday3126 Год назад +1

    Tamara hanum, zhaksy tsurgensiniz, kolinizga keledi eken