ТАҢҒЫ ЖӘНЕ КЕШКІ ЗІКІРЛЕР - АЛЛАДАН ПАНА ТІЛЕУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН!

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 10 сен 2024
  • ТАҢҒЫ ЖӘНЕ КЕШКІ ЗІКІРЛЕР - АЛЛАДАН ПАНА ТІЛЕУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН!
    1. «Лә иләһа иллә-Ллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, юхйи уә юмиту, уә һууә хайюл ләә яамут. Биядиһиль хайр. Уа һуә ‘алә кулли шайиң қадир»
    Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Онікі және барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Ол тірілтеді, әрі өлтіреді. Сондай-ақ, Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді»
    бұл сөздерді таң намазы мен ақшам намазынан кейін он реттен қайталау керек)
    2. Субхан Аллаһ - 33 рет, Әлхамдулилләһ - 33 рет, Аллаһу Әкбар - 33 рет.
    3. «Лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһу-л-мулку уә ләһу-л-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-иң қадир»
    ((لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ، وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ))
    Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз әрі Оның серігі жоқ. (Бүкіл) билік Онікі, әрі (барлық) мақтау-мадақ Оған лайық. Әрі Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді»
    (Бұл сөздерді күнде таңертең жүз рет қайталау керек)
    Бұл дұғаны күні бойы жүз рет айтқан адам он құлды босатқанмен тең болады және оған жүз iзгiлiктi істер жазылып, ал жазылған жүз жаман істері өшіріледі. Бұл сөздер оған күні бойы кешке дейін шайтаннан қалқан болады, әрі оларды жүз реттен көбірек қайталаған адамды санамағанда, ешкім осыдан лайықтырақ іс істей алмайды»
    (Бұхари 3293, Муслим 2691)
    4. «Аятул Курсиді» оқу («Бақара» сүресінің 255-аяты)
    Әр намаздан соң және таңертең, кешке бір реттен айтылады)
    Кім оны таңертең оқыса - сол кешке дейін жындардан қорғалған болады, ал кім оны кешке оқыса - сол азанға дейін жындардан қорғалған болады»
    (Әл-Хаким (1/562)
    5. «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерін таң мен ақшам намаздарынан соң 3 реттен оқыған абзал.
    "Оларды таңертең және кешке үш реттен оқитын адам үшін бұл бүкіл (жаман) нәрседен (қорғануға) жеткілікті болады"
    (Әбу Дәуд (5082), Тирмизи (3575)
    6. Бұл - кешірім сұрау дұғаларының төресі! (таңертең және кешке бір реттен айтылады)
    «Аллаһуммә, Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә ‘абдукә, уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уә’дикә мә-стәтағту, ә’узу бикә мин шәрри мә санә’ту әбу-у ләкә би-ни’мәтикә ‘әләййа уә әбу-уби-занби, фәғфир ли, фә иннәһу лә яғфиру-з-зунубә иллә Әнта!»
    ((اللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ، خَلَقْتَنِي وَأَنَا عَبْدُكَ، وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ، أَبُوءُلَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ، وَأَبُوءُ بِذَنْبِي فَاغْفِرْ لِي فَإِنَّهُ لاَ يَغْفِرُ الذُّنوبَ إِلاَّ أَنْتَ))
    Аудармасы: «Иә, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күш-құдіретім жеткенше Саған деген уәдемді, әрі сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сыйынамын. Маған берген нығметтеріңді де мойындаймын, әрі күнәларымды да мойындаймын. Мені жарылқай гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды жарылқаушы ешкім жоқ!»
    «Кім (осы сөздерді) күндіз қайта-қайта айтатын болса әрі (өзінің айтып жатқан сөздеріне) кәміл сенсе және сол күні кеш батқанға дейін қайтыс болса, сол Жәннат тұрғындарының арасында болады, ал кім(өзінің айтқан сөздеріне) кәміл сенген күйде (осы сөздерді) түнде айтатын болса, әрі таң атқанға дейін қайтыс болса, сол Жәннат тұрғындарының арасында болады»
    Бұхари (6306)
    7. «Радыйту би-Лләһи Раббән, уә бил-Исләми динән, уә би-Мухаммәдин саллә-Ллаhу‘аләйhи уәсәлләма нәбийән» (3 рет)
    ((رَضِيتُ بِاللَّهِ رَبَّاً، وَبِالْإِسْلاَمِ دِيناً، وَبِمُحَمَّدٍ × نَبِيّاً)).
    Аудармасы: «Мен Аллаға Раббы ретінде, Исламға дін ретінде және Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбар ретінде разымын»
    (Бұл дұғаны таңертең және кешке үш рет айтып жүрген кісіге Қиямет Күні Алла Тағала міндетті түрде рақымын танытады)(Ахмад (4/337 18967), Әбу Дәуд (5072) #тахаджуд #намаз #дуа #ислам #салауат #шипа #пророкмухаммадﷺ #пайғамбар #рамазан #рамадан

Комментарии • 4