Достар, каналымызға жазылып қойыңыздар. Осы видеоны бөлісіп жіберейік. Апта сайын сіздерді жаңа подкастпен қуантып отырамыз. www.youtube.com/@kitapal5276
Біріншіден жап-жаңа жоба үшін рақмет, осындай подкасттар ізін жалғастырып артынша келесі сандары шыға берсін. Негізінде өзім көп кітап оқимын. Кітаптың саған беретін идеясын, креативін, фантазиясын ешбір нәрсе бере алмайды. "Әрбір қазақстандық күнінің 1 сағатын кітап оқуға арнаса, мүмкін ойлау қабілет, қозғайтын тақырыптар тек жеңіл желпі , бос сөз, әзіл болып қалмас па еді?" деген ой қатты мазалайды. Әр кітапта өзінше бір әлем, сол кітаптың ішіндегі тұңғиыққа батып, түсініп оқу адам интеллектуалдылығын арттырады деп ойлаймын. Сондықтан, кітаптар сөремізде жай сән үшін емес, сізге қызмет ету үшін тұрсын.
Ассалаумағалейкүм, осы подкаст барлығығымызға хайырлы болғай. Мына подкасттан кейін кітап оқуға ниет х2 болды. ИншаАллаһ оқып жатырған кітабымды бітіре сала Мартир Иденді бастаймын. Осыған дейін оқымаппын ол кітапты.
@kitapal Кітап оқу - ақылды адамдармен оларды кешкі асқа шақырмай-ақ байланысудың жолы. Кітап оқу - уақыт пен кеңістікте саяхаттау сияқты, тек билет сатып алып, сөмкелеріңізді жинамай-ақ. Кітаптар жай ғана кітап емес, олар бізге ақылды және қызықтырақ болуға көмектесетін білім әлеміне жол сілтейді. Кітап оқу - бұл басқа адамдардың басына үңіліп, олардың осы әлем туралы не ойлайтынын білудің тәсілі. Кітаптар әрқашан қасында және сізбен тәжірибесі мен даналығын бөлісуге дайын достар сияқты. Кітап оқу - сізді кез келген жерге апаратын сиқырлы кілем сияқты. Ол үшін бар болғаны кітапты ашып, оқуды бастау жеткілікті.
*«Жәмиғ ат Тауәрих»* -Рашид адДин *«Зафар Нама»* -Шараф адДин *«Михман мана и Бухара»* -Фазлуллаһ Ибн Рузбихан *«әл Кәмил фи Тарих»* - Ибн Асир *«Дивани луғат ат Турки»* - Махмур Қашқари *«Тарихи Рашиди»* - Мухаммед Хайдар дулати Сияқты бағалы тарихи кітапты оқыңыздар. Және Александр Бернштам…. Оқыңыздар
Мен жасым 75-те . Жас кезімнен өте көп кітап оқыдым. Мамандығым физик . Бүгінгі сіздердің әңгіме барысында үлкен мотивация алдым Шүкір. Видеоны немерелеріме жіберіп нұсқау бердім . Сіздерге Алла разы болсын , айналайындар ! Қазір Құранды оқып аят сырларына үңілуді көбірек ойланамын .
Түнгі 2 жарым. 14 минут қана видеоларыңызды көріп, кітап оқуға желаниям ашылып, 2 жыл оқылмай жатқан кітаптың 53 бетін оқып тастадым. Істеріңіз бос емес екенін білсін деп жазып отырмын. Алла разы болсын
Бір лайфхак айтайын . Студент кезімде, соңғы курста практиканы НИШта өтетін болдым. Таңертең келдік, бір қоңырауларында бәрі орындарында отыра қалып сөмкесінен кітап алып оқып жатыр. Оқушы, администрация, кураторлары, мұғалімдер тіпті тех.персонал кітап оқып жатты. Ұялғаным ай) не істерімізді білмей. Сонда олардың 1 қағидалары болды. Өздері DEAR time дейді (яғни drop everything and read) бәрін таста да оқы деген. 20 минут тым-тырыс бәрі кітап оқиды. Қазір анамын өзімнің үйіме сағ.11 ге қоңырау қойдым. 2 жасар ұлым ұнаған кітабын алып маған оқы дейді. Екеуміз отырып оқимыз. Міне осылай болашағымызды, балаларымызды Кітап оқитын алып тұлға тәрбилей аламыз!
Окы окы және окы деп бекер айтпаған бабаларымыз кітап окыганнын озиде созиде тузу болады бул сурак адамнын ойын көзін ашды екен оте тамаша алга жигиттер
Маған күшті моттвация бердіңіздер,енді тек кітап қана оқымай,болашақта бар әлем оқитын мықты қаламгер боламын.Бұйырса менің есімімді естисіздер.Құдай қаласа,филолог болып,осы жобаны дамытуға сіздердің жандарыңызға барамын.Алла сол күнді жазуға бұйырсын!
Маған осы подкасттың соңын есіткенде бір инсайт келді . Мысалы айтып жатырғой кітапты оқысаң сол автордың мінезі саған жұғад деп . Онда ойланып корсек Құранды оқысақ ше , онда мінезің қандай ғажайып болып озғерүі мүмкін . Ойткені оның авторы Алла.✨
📚 Кітап оқыған адам - жеңіл өмір сүреді. 🤯 Кітап оқымаған адам ойланудан қалады. 🎬 Ең күшті кинотеатр - адамның миы. 💪🏻 Кітап оқымау - адамның ерік-жігерін әлсіретеді. Ондай адам жеңіл нәрсеге әуес болады. 😇 Неғұрлым қанша кітап оқисың - соған сай қиын жағдайларға шешім дайын тұрады. *Мидың азығы - КІТАП*
Бізге 60қа таяған шағымда кітапқа деген махаббатымды ояттыңдар, Рахмет 😘, бала күнімде балдырғаннан бастап, артынан әдеби кітаптарды көп оқитынбыз. Шынымен көзімізді аштыңдар, мың алғыс! Жарайсыңдар!
“Кітап оқитын ел” миссиясы өте керемет миссия,және бұл миссияны сіз секілді ағаларымыз қолға алғаны өте керемет✊🏻Келесі подкасттарыңызды асыға күтемін!
Кітап деген бөлек ғажайып әлем ғой.Бірақ,көрінген көпжақтыға есік аша бермейтін тылсым дүние.Кітап сенің жүрегің мен жаныңды баурап алар,бар сыры мен шынын ашар ғалым іспеттес.Тек қана зер салып оқи білсең болғаны.Кітап оқымайтын жандарға бір сәт жаным ашиды.Қандай білімнен,қызықтан мақұрым қалып жатқандығына қарап. Аллам зейінімізді ашсын.Екі дүниеде де қайырлы білім нәсіп еткей. Жаңа жобадағы қадамдарыңызға нұр бітсін.
15жыл өмірімде бір кітапты толық оқып көрмеппін(мектеп оқулықтан басқа оның өзін толық оқымағанмын) 16жасқа келгенде оқып бастадым бизнес-литература,көркөм-әдебиет,психологиялық-әдебиет. Қазір 19кітап оқып тастадым Қыркүйек айынан бері. Енді ұққаным кітап деген ол бір өзге әлем тәрізді одан білім аласың,сөздік қорың көбейеді,бір оқыған кітабың кіші жеңіс тәрізді, сол кейіпкерлерді түсіне бастайсың солармен бірге күліп,жылап,мұңая аласың. Енді кітаптарды жиі оқуға тырысамын P.C. Негізі оқыған кітабыңнан не түсінгеніңді жазып отырған дұрыс екен, есте қалады,ұмытып қалған кезде түсінген түйініңді оқып еске түсіресің және ең бастысы Практикада қолданып үйренген дұрыс.
Тағы бір нұсқам: Алланың маған беретін болашақ балаларымның ақысына қалмай,дұрыс тәрбие беретін ана ретінде болуым үшін мен алдымен өзімді дамытуым керек. Ол үшін кітап оқуым керек. Артық білім кітапта,ерінбей оқып көруге ❤️ Балаларыңның тәрбиесі,өмірі саған аманатталған соң оны қалай болса солай өткізгім келмейді.
Өміріңді шедеврға айналдыру үшін - кітап оқу керек 👍 Жаратушымыздың пайғамбарымызға түсірген бірінші аяты “ Оқы! “ деп келмеді ма? Өте ұнады, жарайсыңдар балалар!!! Қанаттарың талмасын!
Жасым 54те осы уақытқа дейін көп кітап оқып қарық қылмаппын. Жас кезімізде окыдым, махаббат қызық мол жылдар, Кен сияқты кітаптарды. Казір сіздердің подкасттарыңызды кітапқұмар қызым тыңдап отыр екен, содан естіп тыңдадым, қап дедім, әттең- ай осы уақытқа дейін осыны неге білмегенмін деп ойладым. Ештен кеш жақсы, не де болса кітапқа деген махаббатым оянды. Көп нәрседен құр қалғанымды ойлап ұялдым, ұлдарым мен немерелерімен өз әсерімді жеткізіп ойлануға ойларын өзгертуге қадам жасауға кеңес бердім, әзірше қолымнан келшені осы, алға қарай кітапты жаныма серік қылып жолдасыммен бірге жарыса оқимыз ба деп отырмыз. Кітап оқудың көмегі туралы өз бойымдағы өзгерістерді сіздермен бөлісе отырамын. Кәзірдің өзінде көп ой салып, алдыма жоспарлар жасап отырмын,,Алла қаласа,
Өте пайдалы, мотивацияға толы подкаст болды. Көп көп рахмет! 1) Кітап оқу адамның ойлау жүйесін (мышление) арттырады; 2) Талдау,сараптауға (анализ) көмектеседі; 3) Сөздік қорды әдемілеп, адамдарға сөзіңді аз және нақты сөздермен жеткізуге және ойыңды толық жеткізуге көмектеседі; 4) Жақсы серік (собеседник) болуға көмектеседі, яғни сенімен әңгімелескен адамдарға қызық. 5) “Өмірді жеңіл сүруге және өмірлік қиындықтарда оңай және тез шешім қабылдауға көмектеседі”,- деген сөздеріңізге тоолықтай келісемін! Бірнеше рет өзімнің осы қырымды байқадым. Мен бірақ бұл қырымды “Алаңсыз өмір сүру жолдары” және “Тонкое искусство пофигизма” кітабын оқығандықтан деп ойлап жүргенмін. Сіздердің “көп оқыған адамның миында көптеген мәселелерге шешімі дайын тұрады және өмірге жеңіл қарайды”,- деген сөздеріңіз маған бір жаңа инсайт болды. Подкаст үшін тағы да рахмет!
Өзімізбен қоса ұл қызымыз дамысын деген бағытта оқып бастаған ата ананың бірімін .Бүгін 1-сыныпта оқитын ұлыммен 4-тегі қызымды кітапханаға бірге алып бардым.Ұлым үйге келгеннен ертегілер жұрналын қызығып оқып бітірді.Қазіргі таңда Данияр. Жігітбектің 1-жылда 50-кітап оқу жобасының қатысушысымын.Отбасымды кітап оқитын отбасы қатарына қосу мақсатым..Подкаст өте жақсы өтті. Қанаттарың талмай самғай беріңдер .🤲🏻📿🔥
Мен бала кезімнен әдеби шығармаларды көп оқыдым.Мектепте тұйық, ұяң оқушы болдым,өзіме ұнамайтын сабақтарда оқулықтың арасына өзім оқып жүрген кітапты салып алып оқып,басқа әлемде жүретінмін...Дәстүрлі оқу кезінде менің кітапқұмарлығыма ешкім назар аударған жоқ, керісінше анам "көзіңді құртасың,көп оқыма..."деп ұрсатын😊Ауыл кітапханасындағы бүкіл қызықты кітапты оқып шыққан сияқтымын...Сол кітаптардың әсерінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу туралы шешім қабылдадым...Айтайын дегенім сол кезде оқыған кітаптарым маған осы жасыма дейін (52жастамын)өмірдің барлық саласында зор көмегін тигізіп келеді... Өмірдің небір қиын сәттерінде бір ішкі үн рух,жігер беріп отырады...Сондықтан да өз оқушыларымның міндетті түрде кітапқа қызығушылығын туғызуға тырысамын...Балалар жасына лайықты қызықты,шағын кітаптарды өз ақшама сатып алып,кезекпен оқушыларға оқытамын және пікірлерін жаздырамын...Кітап оқитын оқушы мен оқымайтын баланың арасындағы айырмашылық бірден ажыратылады... Сол себепті де баршаңызды жас кезден жақсы кітаппен дос болуға шақырамын... Қазақтың осындай игілікті іс атқарып жүрген тамаша жігіттері барына өте қуаныштымын👏🏻👏🏻👏🏻👍🏻❤️
Подкасты жаксылап тыңдап шықтым. Тамаша Рахмет жігіттер. Ілімдерің артсын. Кітап оқуға деген ынтаны арттырдыңдар. Қуанып отырмын казактан осындай білімді жігіттер шықанына. Жас кезімде көркем әдеби кітапты көп оқушы едім. Бертін келе әр түрлі мазмұндағы кітаптарды оқып жүрмін. Айналама пайдам тисін деген ниетте бірнеше кітаптың аудио нұскасын жасап шыктым. Ең болмаса адамдар тыңдасын деген ниетте. Санжар Керімбайдың ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МАЙДАН КІТАБЫН, ҚАНЫШ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МАЙДАН КІТАБЫН, ҚУЫС КЕУДЕ, КЕМЕЛ АДАМ Т.Б Кандай керемет кітаптар.
Сәлеметсіздерме! Өте жақсы жоба. Күшті мотивация алдым кітап оқымағаныма көп болды 😊 кітап оқуға желаниям ашылып жатыр. Өркендей берініздер жобаларыныз ұзағынан болсын. Қазіргі кезде кітап оқуға деген адамдарда қалып бара жатыр ған сияқты. Сондықтан сіздердің жобаларынызды әр қазақ көрсе екен қазіргі жастар әсіресе. Көп рахмет сіздерге. 👍👏👏🙏
Прекрасный подкаст, раньше много читала, после замужества стало некогда. Вы сподвигли меня начать заново читать 👍 P.s. есть пожелание, чтобы вы обращались по имени друг к другу без "Маке Шаке" вы ведь писатели и имя это одно из ключей к вашей узнаваемости
1. Өзіңді дамыту 2. Айналаңдағы адамдарға берер білімің мен кеңестерің нақты әрі түсінікті болу үшін. 3. Табиғи, руһани, ғылыми т.б. құбылыстарды жақсы түсіну үшін кітап оқу қажет.
Жаңа нұсқасыдағы подкаст үшін рахмет! Кітап оқуға деген ынтамды келесі бір деңгейге шығарды. Көптеген пайдалы инсайттар алдым. Әсіресе Мирас мырзаның қарапайым ағашқа деген көз қарас әр адамда әртүрлі болуы мүмкін екені және Шразаддин мырзаның әрбір оқылған кітап ол жаңа өмір сүргенмен тең деген сөздері ойландырарлық екен.
Ұйқым ашылып кетті ғой,Аллаға шүкір осы подкасты көргенім үшін,тағы да өмірге деген мотивациям көтеріліп кетті,кітап оқысам мына өмір оңай секілді көрінеді,мен кітап оқысам өзімді мақтан тұтамын,жаңа деңгейге көтерілемін❤
Осындай жігіттерді көрсем, тыңдасам, танысам нағыз қазақты көргендей боламын. Жарайсыздар! Жас болсаңыздар да, 80-90жыл өмір сүрген, шашы күнге ағарған қариядан сұрайтын ақылды сұрар едім, сіздерден.
Кітапта өзің Режиссерсың дегенге қызық әңгіме айтайын. Бұрын кітап оқымай жүрген кезімде. Фильмдерді өте көп қарайтынмын. Сол кезде астындағы пікірге , көпшілігі кітапта қызығарақ деп жаза беретін. Ондай пікірлерді сан рет кездестірдім. Ол кезде оларды түсінбейтінмін. Неменесі қызық, параққа үңіліп отырғанда не өзгерет деген секілді ой пайда болатын. Содан кейін, кітабы көп әпкеме барып, Алхимик дейті алып кеттім, одан кейін кезек кезекмен оқи бердім. Ең қызығы Агата Кристідің бір кітабын оқып одан соң, фильмін қарадым. Соңына дейін өзімді қинап отырып көрдім. Ақырында жаңағыдай фильмнің астына “кітапта қызығарақ болған “ деп жазатын адамдардың қатарына кірдім.
Мұхтар Әуезов атамыз айтып кетті ғой:"Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан бастап адам өзін "интеллигент" бола бастадым деп санауына болады",-деп.Кітап оқу арқылы мәдениетті болуға ұмтыласың,жаңаша көзқарас қалыптастырады,сөз сөйлеу мәнерің өзгеріп,бай тілде сөйлей бастайсың,қысқаша айтқанда КЕМЕЛДЕНЕСІҢ.Күніңнің кем дегенде 10-15 минутын кітапқа арнасаң,ол кейін келе әдетіңе айналып,кітапсыз өмір кеше алмайтын сияқты болып қаласың. Подкаст өте керемет.Алла разы болсын!Күнде бір бет болсын кітап оқимын.Бірақ,мынау сіздердің әңгімелеріңізге қарап,кітапқа деген махаббатым тағы да ашылып отыр.Қолдаймыз,дами беріңіздер👏
Шынымды айтсам мен біріншіден кітапты өзімді дамыту үшін және Қазақстанды білімді, зиялы мұсылман қоғам билеуіне үлес қосу үшін оқимын. Елімізде Шразаддин сияқты кітап оқитын жастарды көргенде Қазақстанның болашағы бар әлі соңы емес деген ой келеді.
Адамзатың асылы болған Мұхамед с.ғ.с ға Алладан келген алғашқы хабар оқы деген сөз болды осы аятта оқыудың қандай маңызды екенін түсіндіріп тұрған секілді. Кітап оқыу адам затың миын дамытатын үлкен құрал кітап оқысаңыз сіздің сөз саптауыңыз сөз сөилеу мәнерңңіз мүлде басқа бағытқа өзгерері хақ сондықтант кітап оқыу маңызды адамзат әрдайым дамыу үстінде келе жатыр ал дамыудыуға ең үләсер берер құрал ол кітап🎉
Дәке & Шәке & Мәке подкаст зор болды. Уақытың 2-3 сағатқа созсаңыздар болады. Кітап туралы көп ойларды осылай қозғасаныздар жастарға жақсы үлгі мотивация болар еді. Кітап не үшін оқимыз деген сұраққа? Әр адам өзің табу үшін 10 кітап оқуы керек деп ойлаймын. Бірақ сол 10 кітапты табу үшін = 100 кітап оқуымыз керек. Басты себеп адам өзің табуы үшің өзінің өмірлік мақсатын анықтау үшін кітап оқуы керек ізденуі керек!!!
Өте пайдалы ақпарат, рақмет сіздерге. Не үшін кітап оқымайтынымды, кітап оқымағандықтан кеудемде үлкен пустота екенін түсіндім . Кітап оқуға мотивация болды
Өөте пайдалы сұхбат болды мен үшін, өзім кітап оқығанды ұнатамын бір-ақ ерініп жарты жолда тастап кететінмін, соңғы кездері әлеуметтік желіні титтей балаларыммен жарысып көріп жүр едім және солай күнім бос өткеніне іштей қынжылатынмын, мен бүгін өз керегімді тапқандаймын үшеуіңізденде аларым болды, , кітапта көөп дүние жатқанын түсіндім, қәзіргі психологтарлың түрлі техникалары осы миды ояту екенгой, ал оны кітаппенақ реттеуге болады екен, ең бастысы енді мектеп табалдырығын аттаған балаларыма берерім бар болатын болды, рахмет сіздерге, осыны көруді нәсіп еткен Аллаға сансыз рахмет
Үй шаруасын жасап жүріп осы кітап ал подкастын қосып қоятын болдым. Тамаша! Бізге көптеген мотивация мен түртіп аларлық жақсы ойлар салып жатырсыздар! Көп рахмеет сіздерге! Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер💐💐💐
Еще недвано поймала себе такую мысль: если ты мастер своего дела, значит жерде қалмайсың, ты уважаемый человек, ты можешь каким-то образом быть полезным обществу. Чтобы стать мастером нужно много изучать. Изучать значить- читать. Обязанность изучать все, с чем вы имеете дело. Бізге "шын" мамандар керек. Ол үшін Қазақстан кітап оқитын елге айналу керек. Спасибо вам за такую идею.
Рахмет мен, кітапты көп оқитынмын... Бірақ қазір бәсеңдеп қалдым қызығушылық азайып қалды, оның себебі бір ғана түрлі кітапты қайта қайта оқи бергенім екен... Енді қайта ынтам пайда болды
өте дұрыс бастама! Қазақтардың кітап оқитын санын көбейту қажет. Қазіргі өсіп келе жатырған ұрпақ кітапты қолына алғысы келмейді, тиктокпен ғана өмір сүргісі келеді. Сіздерге рахмет осы сұрақты көтергендеріңізге! Көрермендеріңіз, оқырмандарыңыз көбейсін!
Улкен рахмет. Слушала с удовольствием. 6 лет не живу в Казахстане и начала забывать свой язык. Благодаря вам, слушала с удовольствием и повторяла некоторые предложения вслух! Казак тили сондай мадиниетти! Продолжайте пожалуйста 🙏💜
Ең қатты қызықтарған жері: кітап адамдардың мүмкіндігін ашады дегендеріңіз. Осы қазіргі таңда менің басты сұрағым болып жүр) сондықтан ізденіп, оқи бастаймын ақырындап. 1ші подкасты енді аяқтадым әрі қарай дами беріңіздер жаңа дүние күтемін💪🏻👍
Подкаст өте әдемі, қызықты болды. Баяғыда атам батырлар жырын оқы деп күнде кешкі алтыда жанына шақырып, кітап оқытатын. Сол кезде балалық қой, ойнағым келіп тұрады, іштей “бәрі ойнап жүр ғой, неге мен де солар сияқты еркін ойнай алмаймын” деп ойлап, кейде оңашада көзімнің жасын сығымдап алатынмын. Жаңа подкастта: “Адамның бейсанасында балалық шағында оқыған кейіпкерлердің тағдыры қайталанады” деген негіздеме айтылды ғой. “Кербезмүйіз” атты фэнтезиде сол батырлар жырында оқыған фольклорлық мотивті қайталаған болатынбыз. Батырлар қиындыққа түскенде тұлпарының қылын тұтатын болған. Міне, тура сол мотив шығармада қайталанды. 🎉подкасттың келесі шығарылымдарын асыға күтетін боламыз. Сәттілік✨
Кітап - өмірді сүрудің ең ғажайып құралы.Онын мәнін түсініп оқу- өмірге жаңаша көзқарас пен жетістіктің қалыптасқан дағды екенін санаңа тоқу.Шексіздіктің кішкене бөлігін ұғынуға деген ұмтылыс.Кітап оқу- ол таным көкжиегімді үнемі жаңартып және кемелдікке шақыратын ең ұлы ұстаз.Қиялыңның ұшқырлығына қарай - дүниенің ұсақ-түйегіне мән беру.Тіршілік иесінің нендей құзіреттілікке ие екендейтін ұғындыратын асыл зат.Өмірімнің маңызды өлшеміне айналған кітап оқу әдеті мені бір орында тұрғызар емес.Жоғарыдағыларды қорытындылай келе ,кітап оқу не үшін? неге оны біз оқуымыз керек? Біздің қажеттіліктерімізді қанағаттандыру мен мүмкін болатын әрекет мөлшерін анықтау үшін деп ойлаймын. Кітап оқудың маңызыдылығын тек кітапқа ғашық ғана түсіне алар.Рахмет.керемет подкаст.Алла бәрімізге хайырлы білім бұйырсын.
Мен үшін тамаша видео болды, сөз саптауларыңызды айтпағанда қиялдарыңыздың ұшқырлығы тәнті етті, баламның тілінің кемістігін кітап оқумен кетірген анамын, өмірге ризамын, осындай мазмұндағы қазақ тілді контент көп болсын 💥💥💥
Ассаляму'алейкум. Армысыздар! Подкаст ұйымдастырғандарың өте жақсы. Бірақ: 1. Уақыт тығыз. Асығып, қысқаша айтып ойларын толық жеткізе алмай жатыр қатысушылар. Минимум 2 сағат болған жақсы болар еді. 2. Соңына дейін тыңдамай сөзден бөлу көп. "Айтып жіберейін"-деп. Сәл шыдап, құрметпен соңыда дейін айтқанын күту керек. Бұл жеке ойым.
Өзімді өте ғажайып бір әлемге еніп кеткендей сезіндім😍 Шыны керек өз-өзімібен өмір сүріп, әлемнің, өмірдің осындай бір ашылмаған сырларын кітап арқылы аша алуға болатынын біле тұра, осындай жақсы қасиетті әдетке айналдырмау мүмкін еместей көрініп жатыр. Осындай әңгімесінің тұзы бар жандарды тыңдағанда жаның бір рахаттанып қалады екен, өзіміздің алтындай уақытымызды бос сөз бен бос әңгіме тыңдауға құртып жатқанымызды түсініп, осындай 3 жаңа кітаппен (3 адам) танысқаныма қуаныштымын. Қолдауға тұрарлық подкаст👍 Енді подкасттан түсінгенімді қысқаша қорытындылап жаза кетсем. Не үшін кітап оқу қажет? Шексіз мүмкіндіктер, ең жақсы дос және сеннен еш нәрсе талап етпейтін, бірақ көп нәрсе беретін шынайы дос, миды азықтандырады, қайғы-мұңнан арылтып, данышпандық алып келеді! Әр кітап-бір адам. Көп кітап оқыған сайын жаңа, қайталанбас тұлғаны жаңа қырынан танисың🫶😍
Кітапты оқуға ниетім бар өз кітабымды жанрымды таба алмай жүрмін дитің жандарға ақылым,әр жанр жеке тарих әр жанр әр автор қуаныш пен қайғы,уайыммен мықты мотевация,әдемі бине мен көрініс сыйлай біледі,мүмкін сізге қуанышқа толы сәттер мүмкін сізге соңы екі ғашық қосылмауы, бір бизнестің дамымауы мотевация болуы мүмкін.Әр адам жеке тұлға жеке тарих әр тұлғаға әр түрлі оқиға ұнайды,кітап оқи отыра сіз өз тұлғанызды өз киіпкерінізді не күлдіріп не жылата аласыз,биік шыңға шығарып құлата аласыз.Өз миынызды шектемисіз дамытасыз қиялдайсыз,алға ұмыталасыз.Кітапты мақтаудың қажеті жоқ, кітап тілің ұұқанда сізде кітаптың құдіретің айқын білесіз түсінесіз.Кітап оқуға жас пен өмір дағды керек емес кітап сізді балалық шаққпен адам басқан үлкен өмірге әкеле сала алады,Оқыныздар дамыныздар,Кітап теңдесіз қазына!
Кітап оқып жүргеніме шамамен 1 - 2 жылдай уақыт болды. Ең алғаш оқыған кітабым әлем әдебиетінен заманауи роман, қазіргі таңда 11 - сынып оқушысымын, алдымда ҰБТ тұр. Таңдаған пәнім Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті, әдебиеттен оқитын шығармалар мен романдар саны айтарлықтай өте көп. Заманауи романдарды оқып үйреніп қалған маған көркем әдебиетті бастау қиындау болып жатыр. Бірақ осы подкастың арқасында көркем әдебиеттіңде орны ерекше екенін түсіндім және мен үшін кітап оқуға деген үлкен бір мотивация болды. Кітап оқудың арқасында ойлау қабілетім бір жыл ішінде айтарлықтай өзгерді. Және іштей болсын, сырттай болсын өзіме де, өзгелерге де бұл өзгеріс байқалуда. Сондықтан кітап оқуға кеңес беремін, оқи отырып расымен де өз зейіндеріңізді аша аласыздар сонымен қатар қиялыңызды дамытып шығармашылық қырыңызды аша түсесіз. Осы уақытқа дейін небәрі 7 - 8 ғана кітап оқыдым, 7 - 8 кітаптың өзі мені өзгертті. Кандай ортада болсамда ойымды қорықпай, сасқалақтамай ашық жеткізе білемін. Ең бастысы өз көзқарасым, өз ойым қалыптаса бастады. Сол үшін де кітап оқып жүріңіздер!!! Подкаст өте пайдалы болды, керемет мотивация мен керемет мәліметтер аладым, алғысым шексіз!!!
Ассалаумалейкум кітап охуға ниеттеніп жүр едім, сөз қорын байытама сосын тіл байлығын дұрыс сөйлеу жағын дамытама, ойымды толық жеткізе алмайм сөз қорым аз
@@БахаКарим-ш8р сәлеметсіз бе, кітап оқудың еш қиындығы жоқ. Менен сізге бірнеше кеңес болсын. 1. Ең алдымен өзіңізге ұнайтын жанрдағы, оқылуы жеңіл кітап таңдағаныңыз жөн. 2. Кітапқа арнайы уақыт бөліңіз. Дисциплинамен жұмыс жасайсыз бір жағынан. 3. Бірден бас салып 100 бет оқудың қажеті жоқ. Күніне 10 - 15 бет жеткілікті кейін әдетке айналып кеткен соң кітап парақтары да көбейе бастайды. Бастысы қызығушылыңызды аша білу және түсініп оқу. Сәттілк!!
@@БахаКарим-ш8рСәлем. Иә, кітап сізге ойыңызды дәл әрі анық жеткізе алуыңызға көмектесе алады. Менде көпшіліктің алдына шығып сөз сөйлей алмайтынмын, сөздік қорымда аз еді, 11-сыныптан бастап кітаппен достастым, яғни өзімнің ішкі сұранысымдағы кітаптарды оқи бастадым, қазір 2-курспын универде көпшіліктің алдына шығып сөз сөйлеуден еш қиналмаймын, ойымды еркін жеткізе аламын. Кітап әсер етуші күш болды. Сондықтан қандай жанр болмасын кітап оқуға кеңес беремін.
Необычный контент! Окинишлысы бундай аса пайдалы подкасттардын корилим саны коп емес. Сизлерге биды озгертип, ойымызды жаксы жакка бурып атырганынызга алгыс.
Мен енді оқу бітіріп, өз күнімді өзім көріп, өздігімше өмір сүре бастағанда, жанымда мені бұрынғыдай қадағалап тұратын не ата-анам, не мұғалімдерім болған жоқ. Мен жұмыс істеп жүрген жерде темекі шегетін, пиво ішетін, кальян шегетін қыздар болды. Олармен күнде көрісіп, жұмыс істесемде, мен темекі шегіп, пиво ішуге, кальян шегуге қызығушылық танытпаппын. Қазір неге деп ойлап қарасам, мен оқыған кітаптағы маған ұнаған кейіпкерлер қай ғасырда өмір сүрседе темекі шегіп, пиво не шарап, арақ ішпепті. Оған құмарлығы болмаған екен. Үсті-басын барынша таза ұстап жүретін, қарыны жоқ, өзін сыйлайтын амбициозный адамдар болған екен, ойлап қарасам. Мысалы: Бенджамин Франклин, мың бір түн ертегісіндегі иманды текті сері шахзада не ханзада (Шахрияр емес🙂), текті ханшайымдар, алаш ордашылар, Абай, Бауыржан Момышұлы, Стив Джобс, тағысын тағы. Бұл адамдарға ұқсағым келгендіктен, сәйкесінше жаман әдеттерге де көңіл аудармаппын. Кітап шынымен байлық, қазына ғой😊
Жалпы шынымды айтсам, өзімнің бойымдағы жаман əдеттердің болу себебін түсіндім, осы күнге дейін кітап көп оқымадым, саусақпен санарлықтай аз ғана. Кітап оқуға деген ынтам қатты ашылды. Алла разы болсын сіздерге, қарыштап дами беріңіздер ✨
СҰРАҚ:Кітап оқу не үшін қажет? ЖАУАП:Өмірде қабылдайтын шешімдерің мен адами мінез-құлықтарыңның және қиындықтан шығатын жолдарыңның көп болуы үшін. Яғни мүмкіндіктер көп болу үшін. Көп біліп, өмірдің оңай қағидаларын түсіну үшін.📖
Альхамдулиллях недеген бақытты жандар. Анам кітапты көп оқитын, бірақ өкінішке орай мен оқымадым мектепте 🥲😏 25тен аса оқи бастадым, осы кезге дейін тек 5 кітап оқыппын 😏😏😏😏
Жігіттерге ақ жол! Өте сауапты іс.Тақырып жанды⚘Көкірек көзі ашық жастардың бар екені көңіл өрекпіп,кеудені қуаныш кернейді! Шраз балама , достарына , "Кітап ал" шығармашылық холдингіне СӘТТІЛІК ,ТАБЫС ТІЛЕЙМІН!💐💐💐
Кітап менің пікірімше, адамзат баласының рухани құндылығын байытып қана қоймай, сыртқы әлеуеттік әлемінің жақсаруына ықпал ететін мықты қорған деп айтар едім. Ақ пен қараны, жақсы мен жаманның аражігін ажыратып қана қоймай, өмір атты асыл кемедегі тегеурінді тығырықтардан шығудан жол көрсететін компас сынды. Қазіргі инновациялық дәуірде адамзаттың барлық жағдайының толыққанды жақсаруы өте керемет, алайда оның кері ықпалы кітапқа деген сүйіспеншіліктің ыстық лебіне бір су шашқандай болғандылығы рас. Бірақ, осы бір кітаптың мағыналы бірлігінің негізінде қазіргі ғасырдың ұлы жетістіктерінің негізінде болып жатқандылығын ұмытпаған жөн. Кітап оқиық, өзімізге деген инвестициялық кешеннің айқынды бірлігін қазірден бастап ойлайық.
Рахмет, жігіттер! Бірақ, Шраззаддиннің Санжар Керімбай туралы айтып жатқан пікіріне қақпақ қойғандарың жарамады... (режиссер ма, біреу жарнама болады деп жатыр)... Жарнама жасасаңдар да артық болмас еді... Қазақ үшін жанын салып тегін жұмыс жасап жүрген сондай тұлғаның еңбегін арнайы бір подкаст жасап жарнамаласаңдар жарасады!
“Білген сайын білмейтінімді біліп жатырмын”-деген сияқты ойда тұрмын.Кітап оқып жүрсемде көп кітап оқымайтынымды біліп жатырмын.Өте керемет подкаст болды !Дәл қазір миымда бомбалар жарылып жатыр!Осы жылға бір арман мақсатым пайда болды.Рахмет сіздерге үлкен!Келесі шығарылымдарыңызды асыға күтетін боламын!❤❤❤ Кітап не үшін деген сұраққа жауап беріп көрсем:менің ойымша өміріңнің сапасын жақсарту үшін тәжірибелерден алынған кітаптардан тәжірибе жинайсың.Өзіңнен үлкен жақының немесе кез келген бір сенен жасы үлкен кісі бағыт бағдар көрсетсе ,айтқанына иланып сол қателіктерді жасамауға тырысасыңғой!Кітап оқуда сол сенее үлкен адамның айтқанын өз өміріңде қолдану секілді.Дәл қазір мен ағаларымның сөзінен өзіме бағыт бағдар алып отырмын кітап оқу деген.Ал мен оқымаған қаншамаа кітап бар.Мен білмейтін қаншама тәжірибе бар десеңізші!Және тағы бір ойымды айтып кетсем осы сұрақтың төңірегінде.Кітапты өмірден рахат алу үшін оқу керек.Өзіңді қалыптастыру үшін оқу керек.
Керемет подкаст 🌸 Сіздердің шығарылымдарыңызды асыға күтем Кітап оқуға жастарды ынталандырғандарыңызға мың алғыс Аллаһым қадамдарыңызға гүл бітірсін. Осы мақсатты Қазақстанды ғана емес жер жердегі қазақтарды кітап оқитын болдыруға деп қоссақ болар ма.🌸🤗 Моңғолиядағы қазақтардан жалынды сәлем. 📖🇰🇿🇲🇳
Керемет, біз қарапайым дүние деп білгендерді, кең ауқымда ашып жеткізе білдіңіздер. Рақмет. Мирас ағайдың, инстаграмға байланысты айтқаны өтімді болды, шынымен де ойлап қарасам, инстаграмнан алған дүниелерімді, кітаптан алғандарымдай қолданбайды екенмін. Пайдалы болды, Алғыс🙌🔥🔥
Важна ли роль книги в нашем современном обществе? Почему важно читать? Наша казахская общеста очень-очень нуждается размышляющим людям, нам нужен амбициозные молодёжь который стремиться быть лучшим в своем отрасле, стремиться быть профом в своем деле. Мир нуждается образованным людям. Чтобы сделать нашу обществу лучшим, чтобы улучшить качеству нашей жизни нам нужен читать.
Подкаст өте керемет маған өте қатты ұнады👍👍 Шыныменен қазір барлық білім кітапта ғой)) Мен қазір 13 жастамын қазірдің өзінде біршама кітап оқып тастадым. Барлығы мектептегі апайымның арқасы сол кісіге үлкен рақметімді айтамын🫶🏻 Маған өзіме жалпы әртүрлі жанрдағы кітаптарды оқып көрген ұнайды шетел жазушыларыныңда керемет кітаптары бар. Жаңа айтып жатырсыздарғой оқырман жалпы өзінің оқыған кітабындағы басты кейіпкерге ұқсап кетеді деп расында да сондай мен қай кітапты оқысам дәл сол кейіпкерден аумай қаламын😁 тіпті кейде басты кейіпкердің сөздерін айтатын болыппын мінезімде ұқсап барады😂 Кітап оқығанда ерекше бір сезімде боласың ол кітапты оқып алғаннан кейін сол кітаптың атмосферасынан шыға алмай тағы жүресің тек кітап оқитындар түсінетін шығар)) Жаңа подкастта айтқандай кітап оқысаң ерекше бір кино көргендей боласың. Оның үстіне кітап адамға көп ақпарат береді мысалға Данияр Жігітбектің лайфхактар деген кітабы керемет сөзсіз👍👍 Ішінде маған керекті көөпп ақпарат болды. Қазір көп жастар қазақ жазушыларының кітаптарын оқымайды негізі қазақтың жазушыларының кітаптары тұнып тұрған өнеге өсиетқой. Осы жақында Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» кітабын аяқтадым. Өте керемет кітап екен. Мен сол кітапты оқи отырып автордың жазу шеберлігіне таң қалдым өте-өте керемет жазылған. Маған ұнаған кітаптардың ең кереметі болды десем өтірік айтқаным болмас. Жалғыз өзім сол кітаптардағы білімдерді алмайын деп достарымменде бөлісіп жүрмін. Оқыған кітаптарымды соларға айтып беремін. Олардыңда кітапқа деген қызығушылығын оятқым келеді. Тіптен өзімнің достарыма сіздердің түсірген подкасттарыңызды жібердім. Ең болмағанда кітап оқудың құндылығын түсінсе деймін.
Достар, каналымызға жазылып қойыңыздар. Осы видеоны бөлісіп жіберейік. Апта сайын сіздерді жаңа подкастпен қуантып отырамыз.
www.youtube.com/@kitapal5276
Біріншіден жап-жаңа жоба үшін рақмет, осындай подкасттар ізін жалғастырып артынша келесі сандары шыға берсін. Негізінде өзім көп кітап оқимын. Кітаптың саған беретін идеясын, креативін, фантазиясын ешбір нәрсе бере алмайды. "Әрбір қазақстандық күнінің 1 сағатын кітап оқуға арнаса, мүмкін ойлау қабілет, қозғайтын тақырыптар тек жеңіл желпі , бос сөз, әзіл болып қалмас па еді?" деген ой қатты мазалайды. Әр кітапта өзінше бір әлем, сол кітаптың ішіндегі тұңғиыққа батып, түсініп оқу адам интеллектуалдылығын арттырады деп ойлаймын. Сондықтан, кітаптар сөремізде жай сән үшін емес, сізге қызмет ету үшін тұрсын.
Ассалаумағалейкүм, осы подкаст барлығығымызға хайырлы болғай. Мына подкасттан кейін кітап оқуға ниет х2 болды. ИншаАллаһ оқып жатырған кітабымды бітіре сала Мартир Иденді бастаймын. Осыған дейін оқымаппын ол кітапты.
Бастамаларыңызға береке берсін.
@kitapal Кітап оқу - ақылды адамдармен оларды кешкі асқа шақырмай-ақ байланысудың жолы.
Кітап оқу - уақыт пен кеңістікте саяхаттау сияқты, тек билет сатып алып, сөмкелеріңізді жинамай-ақ.
Кітаптар жай ғана кітап емес, олар бізге ақылды және қызықтырақ болуға көмектесетін білім әлеміне жол сілтейді.
Кітап оқу - бұл басқа адамдардың басына үңіліп, олардың осы әлем туралы не ойлайтынын білудің тәсілі.
Кітаптар әрқашан қасында және сізбен тәжірибесі мен даналығын бөлісуге дайын достар сияқты.
Кітап оқу - сізді кез келген жерге апаратын сиқырлы кілем сияқты. Ол үшін бар болғаны кітапты ашып, оқуды бастау жеткілікті.
*«Жәмиғ ат Тауәрих»* -Рашид адДин
*«Зафар Нама»* -Шараф адДин
*«Михман мана и Бухара»* -Фазлуллаһ Ибн Рузбихан
*«әл Кәмил фи Тарих»* - Ибн Асир
*«Дивани луғат ат Турки»* - Махмур Қашқари
*«Тарихи Рашиди»* - Мухаммед Хайдар дулати
Сияқты бағалы тарихи кітапты оқыңыздар. Және Александр Бернштам…. Оқыңыздар
Мен жасым 75-те . Жас кезімнен өте көп кітап оқыдым. Мамандығым физик . Бүгінгі сіздердің әңгіме барысында үлкен мотивация алдым Шүкір. Видеоны немерелеріме жіберіп нұсқау бердім . Сіздерге Алла разы болсын , айналайындар ! Қазір Құранды оқып аят сырларына үңілуді көбірек ойланамын .
Түнгі 2 жарым. 14 минут қана видеоларыңызды көріп, кітап оқуға желаниям ашылып, 2 жыл оқылмай жатқан кітаптың 53 бетін оқып тастадым. Істеріңіз бос емес екенін білсін деп жазып отырмын. Алла разы болсын
мәләдес ботам
Перегореть етип кетпе потихоньку окып баста
Аз аздан үздіксіз(пайғамбарымыз үйреткен лайфхак)
“Қызыл жебе” деген кітапты оқуға кеңес берем, кез келген жасқа түсінікті жеңіл
@@RUclipsshorts_sultan Өте дұрыс
Бір лайфхак айтайын .
Студент кезімде, соңғы курста практиканы НИШта өтетін болдым. Таңертең келдік, бір қоңырауларында бәрі орындарында отыра қалып сөмкесінен кітап алып оқып жатыр. Оқушы, администрация, кураторлары, мұғалімдер тіпті тех.персонал кітап оқып жатты. Ұялғаным ай) не істерімізді білмей. Сонда олардың 1 қағидалары болды. Өздері DEAR time дейді (яғни drop everything and read) бәрін таста да оқы деген. 20 минут тым-тырыс бәрі кітап оқиды.
Қазір анамын өзімнің үйіме сағ.11 ге қоңырау қойдым. 2 жасар ұлым ұнаған кітабын алып маған оқы дейді. Екеуміз отырып оқимыз. Міне осылай болашағымызды, балаларымызды Кітап оқитын алып тұлға тәрбилей аламыз!
-Кітапты не үшін оқу керек?
-Өміріңді үздік үлгідей сүру үшін, ықтимал өмірдің үздігін сүру үшін оқу керек.
Өте ұнады😍
Окы окы және окы деп бекер айтпаған бабаларымыз кітап окыганнын озиде созиде тузу болады бул сурак адамнын ойын көзін ашды екен оте тамаша алга жигиттер
Қазақстан кітап оқитын елге айналсын ✊🏻
Адам өмірін өзгертуі үшін 1 кітапты оқуы жеткілікті. Бірақ сол кітапты табу үшін 1000 кітапты оқу керек.
Тапсір оқыңыз сонда қажет емес 100 кітәп оқып
@@imrana1927ол не
Китаппа
Кітап оқып жүрсем де осы подкасттан соң вообще желанием ашылып кетті ғой😍👏🏻
Біраз адамның самооценкасы түссе біреулерге шабыт сыйлаған подкаст болды🔥🔥🔥
@fc.bayernmunchen9293 збс
Кітапты не үшін оқу керек?
Өмірге саналы түрде қарау үшін білім жинау үшін 👍жақсы подкаст 👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻✊🏻🇰🇿Еліміз аман болсын!
Маған күшті моттвация бердіңіздер,енді тек кітап қана оқымай,болашақта бар әлем оқитын мықты қаламгер боламын.Бұйырса менің есімімді естисіздер.Құдай қаласа,филолог болып,осы жобаны дамытуға сіздердің жандарыңызға барамын.Алла сол күнді жазуға бұйырсын!
Жарайсың, сәттілік!
Аумин
сәттілік🎉
Сәттілік жолдас болсын,тоқтама👍
Сәттілік!!!!
Ішкі жан дүниемде кітап оқуға деген үлкен бір жарылыс пайда болды
рахмеет сіздерге осыдан ертен қолыма кітап алып оқымасам 1-2 сағат уақытымды арнап
Маған осы подкасттың соңын есіткенде бір инсайт келді . Мысалы айтып жатырғой кітапты оқысаң сол автордың мінезі саған жұғад деп . Онда ойланып корсек Құранды оқысақ ше , онда мінезің қандай ғажайып болып озғерүі мүмкін . Ойткені оның авторы Алла.✨
📚 Кітап оқыған адам - жеңіл өмір сүреді.
🤯 Кітап оқымаған адам ойланудан қалады.
🎬 Ең күшті кинотеатр - адамның миы.
💪🏻 Кітап оқымау - адамның ерік-жігерін әлсіретеді. Ондай адам жеңіл нәрсеге әуес болады.
😇 Неғұрлым қанша кітап оқисың - соған сай қиын жағдайларға шешім дайын тұрады.
*Мидың азығы - КІТАП*
Керемет.
Дұрыс мен де ұстанымым осы.
Керемет, сіздерден үлгі алатын ұрпақ көп болсын!
Бізге 60қа таяған шағымда кітапқа деген махаббатымды ояттыңдар, Рахмет 😘, бала күнімде балдырғаннан бастап, артынан әдеби кітаптарды көп оқитынбыз. Шынымен көзімізді аштыңдар, мың алғыс! Жарайсыңдар!
“Кітап оқитын ел” миссиясы өте керемет миссия,және бұл миссияны сіз секілді ағаларымыз қолға алғаны өте керемет✊🏻Келесі подкасттарыңызды асыға күтемін!
Кітап оқымайтын адам - бір өмір сүреді,
Кітап оқитын адам - мыңдаған өмірді сүреді!
Кітап деген бөлек ғажайып әлем ғой.Бірақ,көрінген көпжақтыға есік аша бермейтін тылсым дүние.Кітап сенің жүрегің мен жаныңды баурап алар,бар сыры мен шынын ашар ғалым іспеттес.Тек қана зер салып оқи білсең болғаны.Кітап оқымайтын жандарға бір сәт жаным ашиды.Қандай білімнен,қызықтан мақұрым қалып жатқандығына қарап.
Аллам зейінімізді ашсын.Екі дүниеде де қайырлы білім нәсіп еткей.
Жаңа жобадағы қадамдарыңызға нұр бітсін.
15жыл өмірімде бір кітапты толық оқып көрмеппін(мектеп оқулықтан басқа оның өзін толық оқымағанмын) 16жасқа келгенде оқып бастадым бизнес-литература,көркөм-әдебиет,психологиялық-әдебиет. Қазір 19кітап оқып тастадым Қыркүйек айынан бері.
Енді ұққаным кітап деген ол бір өзге әлем тәрізді одан білім аласың,сөздік қорың көбейеді,бір оқыған кітабың кіші жеңіс тәрізді, сол кейіпкерлерді түсіне бастайсың солармен бірге күліп,жылап,мұңая аласың. Енді кітаптарды жиі оқуға тырысамын
P.C. Негізі оқыған кітабыңнан не түсінгеніңді жазып отырған дұрыс екен, есте қалады,ұмытып қалған кезде түсінген түйініңді оқып еске түсіресің және ең бастысы Практикада қолданып үйренген дұрыс.
Тағы бір нұсқам: Алланың маған беретін болашақ балаларымның ақысына қалмай,дұрыс тәрбие беретін ана ретінде болуым үшін мен алдымен өзімді дамытуым керек. Ол үшін кітап оқуым керек. Артық білім кітапта,ерінбей оқып көруге ❤️
Балаларыңның тәрбиесі,өмірі саған аманатталған соң оны қалай болса солай өткізгім келмейді.
Өміріңді шедеврға айналдыру үшін - кітап оқу керек 👍 Жаратушымыздың пайғамбарымызға түсірген бірінші аяты “ Оқы! “ деп келмеді ма? Өте ұнады, жарайсыңдар балалар!!! Қанаттарың талмасын!
Жасым 54те осы уақытқа дейін көп кітап оқып қарық қылмаппын. Жас кезімізде окыдым, махаббат қызық мол жылдар, Кен сияқты кітаптарды. Казір сіздердің подкасттарыңызды кітапқұмар қызым тыңдап отыр екен, содан естіп тыңдадым, қап дедім, әттең- ай осы уақытқа дейін осыны неге білмегенмін деп ойладым. Ештен кеш жақсы, не де болса кітапқа деген махаббатым оянды. Көп нәрседен құр қалғанымды ойлап ұялдым, ұлдарым мен немерелерімен өз әсерімді жеткізіп ойлануға ойларын өзгертуге қадам жасауға кеңес бердім, әзірше қолымнан келшені осы, алға қарай кітапты жаныма серік қылып жолдасыммен бірге жарыса оқимыз ба деп отырмыз. Кітап оқудың көмегі туралы өз бойымдағы өзгерістерді сіздермен бөлісе отырамын. Кәзірдің өзінде көп ой салып, алдыма жоспарлар жасап отырмын,,Алла қаласа,
1 жыл өтіпті нәтиже қалай болып жатыр бөліссеңіз
Үшеуің үш кітап екенсіңдер! Келесі жолы алты кітап боласыңдар! Сосын целая библиотека болыңдаршы!)) 👍🏼
😂😂😂😂😂😂😂
Арзан приколма?
Өте пайдалы, мотивацияға толы подкаст болды. Көп көп рахмет!
1) Кітап оқу адамның ойлау жүйесін (мышление) арттырады;
2) Талдау,сараптауға (анализ) көмектеседі;
3) Сөздік қорды әдемілеп, адамдарға сөзіңді аз және нақты сөздермен жеткізуге және ойыңды толық жеткізуге көмектеседі;
4) Жақсы серік (собеседник) болуға көмектеседі, яғни сенімен әңгімелескен адамдарға қызық.
5) “Өмірді жеңіл сүруге және өмірлік қиындықтарда оңай және тез шешім қабылдауға көмектеседі”,- деген сөздеріңізге тоолықтай келісемін! Бірнеше рет өзімнің осы қырымды байқадым. Мен бірақ бұл қырымды “Алаңсыз өмір сүру жолдары” және “Тонкое искусство пофигизма” кітабын оқығандықтан деп ойлап жүргенмін. Сіздердің “көп оқыған адамның миында көптеген мәселелерге шешімі дайын тұрады және өмірге жеңіл қарайды”,- деген сөздеріңіз маған бір жаңа инсайт болды. Подкаст үшін тағы да рахмет!
Өзімізбен қоса ұл қызымыз дамысын деген бағытта оқып бастаған ата ананың бірімін .Бүгін 1-сыныпта оқитын ұлыммен 4-тегі қызымды кітапханаға бірге алып бардым.Ұлым үйге келгеннен ертегілер жұрналын қызығып оқып бітірді.Қазіргі таңда Данияр. Жігітбектің 1-жылда 50-кітап оқу жобасының қатысушысымын.Отбасымды кітап оқитын отбасы қатарына қосу мақсатым..Подкаст өте жақсы өтті. Қанаттарың талмай самғай беріңдер .🤲🏻📿🔥
Бәрекелді... 👏🏻👏🏻👏🏻
Кітапты адам-адам болу үшін оқу керек!
Мен бала кезімнен әдеби шығармаларды көп оқыдым.Мектепте тұйық, ұяң оқушы болдым,өзіме ұнамайтын сабақтарда оқулықтың арасына өзім оқып жүрген кітапты салып алып оқып,басқа әлемде жүретінмін...Дәстүрлі оқу кезінде менің кітапқұмарлығыма ешкім назар аударған жоқ, керісінше анам "көзіңді құртасың,көп оқыма..."деп ұрсатын😊Ауыл кітапханасындағы бүкіл қызықты кітапты оқып шыққан сияқтымын...Сол кітаптардың әсерінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу туралы шешім қабылдадым...Айтайын дегенім сол кезде оқыған кітаптарым маған осы жасыма дейін (52жастамын)өмірдің барлық саласында зор көмегін тигізіп келеді... Өмірдің небір қиын сәттерінде бір ішкі үн рух,жігер беріп отырады...Сондықтан да өз оқушыларымның міндетті түрде кітапқа қызығушылығын туғызуға тырысамын...Балалар жасына лайықты қызықты,шағын кітаптарды өз ақшама сатып алып,кезекпен оқушыларға оқытамын және пікірлерін жаздырамын...Кітап оқитын оқушы мен оқымайтын баланың арасындағы айырмашылық бірден ажыратылады...
Сол себепті де баршаңызды жас кезден жақсы кітаппен дос болуға шақырамын...
Қазақтың осындай игілікті іс атқарып жүрген тамаша жігіттері барына өте қуаныштымын👏🏻👏🏻👏🏻👍🏻❤️
Осындай жігіттер барына қуаныштымын 🔥 сәттілік
Ақыр заман келгенше тәуелсіз ел болып қалуымыз үшін - кітап оқу керек!
Ең жақсы ұнағаны, подкаст 98% қазақша өткені❤ Кітап оқығандарыңыз және білімдеріңіз байқалып тұр. Рахмет. Шразаддин ағамызға үлкен рахмет.
Подкасты жаксылап тыңдап шықтым. Тамаша Рахмет жігіттер. Ілімдерің артсын. Кітап оқуға деген ынтаны арттырдыңдар. Қуанып отырмын казактан осындай білімді жігіттер шықанына. Жас кезімде көркем әдеби кітапты көп оқушы едім. Бертін келе әр түрлі мазмұндағы кітаптарды оқып жүрмін. Айналама пайдам тисін деген ниетте бірнеше кітаптың аудио нұскасын жасап шыктым. Ең болмаса адамдар тыңдасын деген ниетте. Санжар Керімбайдың ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МАЙДАН КІТАБЫН, ҚАНЫШ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МАЙДАН КІТАБЫН, ҚУЫС КЕУДЕ, КЕМЕЛ АДАМ Т.Б Кандай керемет кітаптар.
Сәлеметсіздерме! Өте жақсы жоба. Күшті мотивация алдым кітап оқымағаныма көп болды 😊 кітап оқуға желаниям ашылып жатыр. Өркендей берініздер жобаларыныз ұзағынан болсын. Қазіргі кезде кітап оқуға деген адамдарда қалып бара жатыр ған сияқты. Сондықтан сіздердің жобаларынызды әр қазақ көрсе екен қазіргі жастар әсіресе. Көп рахмет сіздерге. 👍👏👏🙏
Өте керемет! Адамды дамытатын да, бай ететін де кітап…
Керемет подкаст болды, әсіресе Шразаддин інім керемет ашып берді, ойын нақ және деректермен жеткізіп отырды!!!
Міні біздің жастар, жарайсыңдар, алғыс сендерге. Мешітте адасып жүрген жастарды кітапқа тарту керек өйстіп🎉🎉🎉
Кітап жалпы өмірді мәнді әрі құндылыққа бастайтын қағидалар жиынтығы Рахмет сіздерге✊
Жалпы кітап біз ойлағаннанда үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Осы мүмкіндіктерді көре алмау, не пайдаланбау үлкен ақымақтық.
Прекрасный подкаст, раньше много читала, после замужества стало некогда. Вы сподвигли меня начать заново читать 👍
P.s. есть пожелание, чтобы вы обращались по имени друг к другу без "Маке Шаке" вы ведь писатели и имя это одно из ключей к вашей узнаваемости
1. Өзіңді дамыту
2. Айналаңдағы адамдарға берер білімің мен кеңестерің нақты әрі түсінікті болу үшін.
3. Табиғи, руһани, ғылыми т.б. құбылыстарды жақсы түсіну үшін кітап оқу қажет.
Жаңа нұсқасыдағы подкаст үшін рахмет! Кітап оқуға деген ынтамды келесі бір деңгейге шығарды. Көптеген пайдалы инсайттар алдым. Әсіресе Мирас мырзаның қарапайым ағашқа деген көз қарас әр адамда әртүрлі болуы мүмкін екені және Шразаддин мырзаның әрбір оқылған кітап ол жаңа өмір сүргенмен тең деген сөздері ойландырарлық екен.
Жігіттер жарайсыңдар 🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥
Керемет!Осындай жастар барда,еліміздің болашағы жарқын болатыны сөзсіз.Сәттілік!
Кайырлы кун.кітапты миды эрдайым дамыту үшін оқу керек.инша АЛЛА.әмин
Ұйқым ашылып кетті ғой,Аллаға шүкір осы подкасты көргенім үшін,тағы да өмірге деген мотивациям көтеріліп кетті,кітап оқысам мына өмір оңай секілді көрінеді,мен кітап оқысам өзімді мақтан тұтамын,жаңа деңгейге көтерілемін❤
Осындай жігіттерді көрсем, тыңдасам, танысам нағыз қазақты көргендей боламын. Жарайсыздар! Жас болсаңыздар да, 80-90жыл өмір сүрген, шашы күнге ағарған қариядан сұрайтын ақылды сұрар едім, сіздерден.
Кітапта өзің Режиссерсың дегенге қызық әңгіме айтайын.
Бұрын кітап оқымай жүрген кезімде. Фильмдерді өте көп қарайтынмын. Сол кезде астындағы пікірге , көпшілігі кітапта қызығарақ деп жаза беретін. Ондай пікірлерді сан рет кездестірдім. Ол кезде оларды түсінбейтінмін. Неменесі қызық, параққа үңіліп отырғанда не өзгерет деген секілді ой пайда болатын.
Содан кейін, кітабы көп әпкеме барып, Алхимик дейті алып кеттім, одан кейін кезек кезекмен оқи бердім.
Ең қызығы Агата Кристідің бір кітабын оқып одан соң, фильмін қарадым. Соңына дейін өзімді қинап отырып көрдім. Ақырында жаңағыдай фильмнің астына “кітапта қызығарақ болған “ деп жазатын адамдардың қатарына кірдім.
Мұхтар Әуезов атамыз айтып кетті ғой:"Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан бастап адам өзін "интеллигент" бола бастадым деп санауына болады",-деп.Кітап оқу арқылы мәдениетті болуға ұмтыласың,жаңаша көзқарас қалыптастырады,сөз сөйлеу мәнерің өзгеріп,бай тілде сөйлей бастайсың,қысқаша айтқанда КЕМЕЛДЕНЕСІҢ.Күніңнің кем дегенде 10-15 минутын кітапқа арнасаң,ол кейін келе әдетіңе айналып,кітапсыз өмір кеше алмайтын сияқты болып қаласың.
Подкаст өте керемет.Алла разы болсын!Күнде бір бет болсын кітап оқимын.Бірақ,мынау сіздердің әңгімелеріңізге қарап,кітапқа деген махаббатым тағы да ашылып отыр.Қолдаймыз,дами беріңіздер👏
Шынымды айтсам мен біріншіден кітапты өзімді дамыту үшін және Қазақстанды білімді, зиялы мұсылман қоғам билеуіне үлес қосу үшін оқимын. Елімізде Шразаддин сияқты кітап оқитын жастарды көргенде Қазақстанның болашағы бар әлі соңы емес деген ой келеді.
Өзім Кітап окысам мыйм тынышталып сабырлы боламын.
Адамзатың асылы болған Мұхамед с.ғ.с ға Алладан келген алғашқы хабар оқы деген сөз болды осы аятта оқыудың қандай маңызды екенін түсіндіріп тұрған секілді.
Кітап оқыу адам затың миын дамытатын үлкен құрал кітап оқысаңыз сіздің сөз саптауыңыз сөз сөилеу мәнерңңіз мүлде басқа бағытқа өзгерері хақ сондықтант кітап оқыу маңызды
адамзат әрдайым дамыу үстінде келе жатыр ал дамыудыуға ең үләсер берер құрал ол кітап🎉
Дәке & Шәке & Мәке подкаст зор болды. Уақытың 2-3 сағатқа созсаңыздар болады. Кітап туралы көп ойларды осылай қозғасаныздар жастарға жақсы үлгі мотивация болар еді. Кітап не үшін оқимыз деген сұраққа? Әр адам өзің табу үшін 10 кітап оқуы керек деп ойлаймын. Бірақ сол 10 кітапты табу үшін = 100 кітап оқуымыз керек. Басты себеп адам өзің табуы үшің өзінің өмірлік мақсатын анықтау үшін кітап оқуы керек ізденуі керек!!!
Тұрмыс сананы билейді 🤯🤯🤯
Осы ойды мен 15-20 сөзбен ойлап жүр едім. Сіздер үш сөзбен сол ойды жеткіздіңіздер
Өте пайдалы ақпарат, рақмет сіздерге. Не үшін кітап оқымайтынымды, кітап оқымағандықтан кеудемде үлкен пустота екенін түсіндім . Кітап оқуға мотивация болды
Өөте пайдалы сұхбат болды мен үшін, өзім кітап оқығанды ұнатамын бір-ақ ерініп жарты жолда тастап кететінмін, соңғы кездері әлеуметтік желіні титтей балаларыммен жарысып көріп жүр едім және солай күнім бос өткеніне іштей қынжылатынмын, мен бүгін өз керегімді тапқандаймын үшеуіңізденде аларым болды, , кітапта көөп дүние жатқанын түсіндім, қәзіргі психологтарлың түрлі техникалары осы миды ояту екенгой, ал оны кітаппенақ реттеуге болады екен, ең бастысы енді мектеп табалдырығын аттаған балаларыма берерім бар болатын болды, рахмет сіздерге, осыны көруді нәсіп еткен Аллаға сансыз рахмет
Үй шаруасын жасап жүріп осы кітап ал подкастын қосып қоятын болдым. Тамаша! Бізге көптеген мотивация мен түртіп аларлық жақсы ойлар салып жатырсыздар! Көп рахмеет сіздерге! Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер💐💐💐
Замандастарыма өте қатты риза болып отырмын. Қазіргі заманның Міржақыптары! Тек қана алға!
Еще недвано поймала себе такую мысль: если ты мастер своего дела, значит жерде қалмайсың, ты уважаемый человек, ты можешь каким-то образом быть полезным обществу. Чтобы стать мастером нужно много изучать. Изучать значить- читать. Обязанность изучать все, с чем вы имеете дело. Бізге "шын" мамандар керек. Ол үшін Қазақстан кітап оқитын елге айналу керек. Спасибо вам за такую идею.
Сен екі тілді микс қылмай тек бір тілде жазшы
Нага Казашының Шала қазақ деген қысқа әзіл бағдарламасын көп көріп қойғансың-ау шамасы
@@ALLEN-GRI жаза берсин енди калай жазгысы келсе де. Оз ойын айтып Кетти гой, тиысудин кажеты жок деп ойлаймын
Әдейі екі тілді қолданып жаздыңыз ба? Ну поидеи әдемі
Рахмет мен, кітапты көп оқитынмын... Бірақ қазір бәсеңдеп қалдым қызығушылық азайып қалды, оның себебі бір ғана түрлі кітапты қайта қайта оқи бергенім екен... Енді қайта ынтам пайда болды
өте дұрыс бастама! Қазақтардың кітап оқитын санын көбейту қажет. Қазіргі өсіп келе жатырған ұрпақ кітапты қолына алғысы келмейді, тиктокпен ғана өмір сүргісі келеді. Сіздерге рахмет осы сұрақты көтергендеріңізге! Көрермендеріңіз, оқырмандарыңыз көбейсін!
Керемет сұхбат болды көкейде жүрген нәрселерді дөп басып айта білдіңдер рахмет көп.Жастарымыздың зейіні ашылсын!Кітап сүйер қолдаушылардың бірімін.
Улкен рахмет. Слушала с удовольствием. 6 лет не живу в Казахстане и начала забывать свой язык. Благодаря вам, слушала с удовольствием и повторяла некоторые предложения вслух! Казак тили сондай мадиниетти! Продолжайте пожалуйста 🙏💜
Ең қатты қызықтарған жері: кітап адамдардың мүмкіндігін ашады дегендеріңіз. Осы қазіргі таңда менің басты сұрағым болып жүр) сондықтан ізденіп, оқи бастаймын ақырындап.
1ші подкасты енді аяқтадым әрі қарай дами беріңіздер жаңа дүние күтемін💪🏻👍
Подкаст өте әдемі, қызықты болды. Баяғыда атам батырлар жырын оқы деп күнде кешкі алтыда жанына шақырып, кітап оқытатын. Сол кезде балалық қой, ойнағым келіп тұрады, іштей “бәрі ойнап жүр ғой, неге мен де солар сияқты еркін ойнай алмаймын” деп ойлап, кейде оңашада көзімнің жасын сығымдап алатынмын.
Жаңа подкастта: “Адамның бейсанасында балалық шағында оқыған кейіпкерлердің тағдыры қайталанады” деген негіздеме айтылды ғой.
“Кербезмүйіз” атты фэнтезиде сол батырлар жырында оқыған фольклорлық мотивті қайталаған болатынбыз. Батырлар қиындыққа түскенде тұлпарының қылын тұтатын болған. Міне, тура сол мотив шығармада қайталанды.
🎉подкасттың келесі шығарылымдарын асыға күтетін боламыз.
Сәттілік✨
Жігіттер жарайсыңдар! Өте керемет подкаст. Көп рақмет!
Кітап - өмірді сүрудің ең ғажайып құралы.Онын мәнін түсініп оқу- өмірге жаңаша көзқарас пен жетістіктің қалыптасқан дағды екенін санаңа тоқу.Шексіздіктің кішкене бөлігін ұғынуға деген ұмтылыс.Кітап оқу- ол таным көкжиегімді үнемі жаңартып және кемелдікке шақыратын ең ұлы ұстаз.Қиялыңның ұшқырлығына қарай - дүниенің ұсақ-түйегіне мән беру.Тіршілік иесінің нендей құзіреттілікке ие екендейтін ұғындыратын асыл зат.Өмірімнің маңызды өлшеміне айналған кітап оқу әдеті мені бір орында тұрғызар емес.Жоғарыдағыларды қорытындылай келе ,кітап оқу не үшін? неге оны біз оқуымыз керек? Біздің қажеттіліктерімізді қанағаттандыру мен мүмкін болатын әрекет мөлшерін анықтау үшін деп ойлаймын. Кітап оқудың маңызыдылығын тек кітапқа ғашық ғана түсіне алар.Рахмет.керемет подкаст.Алла бәрімізге хайырлы білім бұйырсын.
Алла разы болсын,нағыз елім деген азаматтар❤️✋
Мен үшін тамаша видео болды, сөз саптауларыңызды айтпағанда қиялдарыңыздың ұшқырлығы тәнті етті, баламның тілінің кемістігін кітап оқумен кетірген анамын, өмірге ризамын, осындай мазмұндағы қазақ тілді контент көп болсын 💥💥💥
Кітап Адам болып қалыптасу жолындағы ең үлкен ұстаз және Өзін өзі тәрбиелеитін ең үздік құрал
Жарайсыңдар жігіттер✊👍Алла разы болсын, халықтың санасын оятып жүргендерін үшін мың алғыс❤
Ассаляму'алейкум. Армысыздар!
Подкаст ұйымдастырғандарың өте жақсы.
Бірақ:
1. Уақыт тығыз. Асығып, қысқаша айтып ойларын толық жеткізе алмай жатыр қатысушылар. Минимум 2 сағат болған жақсы болар еді.
2. Соңына дейін тыңдамай сөзден бөлу көп. "Айтып жіберейін"-деп. Сәл шыдап, құрметпен соңыда дейін айтқанын күту керек.
Бұл жеке ойым.
Өзімді өте ғажайып бір әлемге еніп кеткендей сезіндім😍 Шыны керек өз-өзімібен өмір сүріп, әлемнің, өмірдің осындай бір ашылмаған сырларын кітап арқылы аша алуға болатынын біле тұра, осындай жақсы қасиетті әдетке айналдырмау мүмкін еместей көрініп жатыр.
Осындай әңгімесінің тұзы бар жандарды тыңдағанда жаның бір рахаттанып қалады екен, өзіміздің алтындай уақытымызды бос сөз бен бос әңгіме тыңдауға құртып жатқанымызды түсініп, осындай 3 жаңа кітаппен (3 адам) танысқаныма қуаныштымын. Қолдауға тұрарлық подкаст👍
Енді подкасттан түсінгенімді қысқаша қорытындылап жаза кетсем.
Не үшін кітап оқу қажет?
Шексіз мүмкіндіктер, ең жақсы дос және сеннен еш нәрсе талап етпейтін, бірақ көп нәрсе беретін шынайы дос, миды азықтандырады, қайғы-мұңнан арылтып, данышпандық алып келеді! Әр кітап-бір адам. Көп кітап оқыған сайын жаңа, қайталанбас тұлғаны жаңа қырынан танисың🫶😍
Сөздік қорыңыз кереремет👏
Кітапты оқуға ниетім бар өз кітабымды жанрымды таба алмай жүрмін дитің жандарға ақылым,әр жанр жеке тарих әр жанр әр автор қуаныш пен қайғы,уайыммен мықты мотевация,әдемі бине мен көрініс сыйлай біледі,мүмкін сізге қуанышқа толы сәттер мүмкін сізге соңы екі ғашық қосылмауы, бір бизнестің дамымауы мотевация болуы мүмкін.Әр адам жеке тұлға жеке тарих әр тұлғаға әр түрлі оқиға ұнайды,кітап оқи отыра сіз өз тұлғанызды өз киіпкерінізді не күлдіріп не жылата аласыз,биік шыңға шығарып құлата аласыз.Өз миынызды шектемисіз дамытасыз қиялдайсыз,алға ұмыталасыз.Кітапты мақтаудың қажеті жоқ, кітап тілің ұұқанда сізде кітаптың құдіретің айқын білесіз түсінесіз.Кітап оқуға жас пен өмір дағды керек емес кітап сізді балалық шаққпен адам басқан үлкен өмірге әкеле сала алады,Оқыныздар дамыныздар,Кітап теңдесіз қазына!
МашаАлла жигиттер шабыт аштындар
Истеринизге береке берсин!✊🏼
Ма ша Алла ✊🏻 Алла береке берсін істеріңізге
Кітап оқып жүргеніме шамамен 1 - 2 жылдай уақыт болды. Ең алғаш оқыған кітабым әлем әдебиетінен заманауи роман, қазіргі таңда 11 - сынып оқушысымын, алдымда ҰБТ тұр. Таңдаған пәнім Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті, әдебиеттен оқитын шығармалар мен романдар саны айтарлықтай өте көп. Заманауи романдарды оқып үйреніп қалған маған көркем әдебиетті бастау қиындау болып жатыр. Бірақ осы подкастың арқасында көркем әдебиеттіңде орны ерекше екенін түсіндім және мен үшін кітап оқуға деген үлкен бір мотивация болды.
Кітап оқудың арқасында ойлау қабілетім бір жыл ішінде айтарлықтай өзгерді. Және іштей болсын, сырттай болсын өзіме де, өзгелерге де бұл өзгеріс байқалуда. Сондықтан кітап оқуға кеңес беремін, оқи отырып расымен де өз зейіндеріңізді аша аласыздар сонымен қатар қиялыңызды дамытып шығармашылық қырыңызды аша түсесіз.
Осы уақытқа дейін небәрі 7 - 8 ғана кітап оқыдым, 7 - 8 кітаптың өзі мені өзгертті. Кандай ортада болсамда ойымды қорықпай, сасқалақтамай ашық жеткізе білемін. Ең бастысы өз көзқарасым, өз ойым қалыптаса бастады. Сол үшін де кітап оқып жүріңіздер!!!
Подкаст өте пайдалы болды, керемет мотивация мен керемет мәліметтер аладым, алғысым шексіз!!!
Ассалаумалейкум кітап охуға ниеттеніп жүр едім, сөз қорын байытама сосын тіл байлығын дұрыс сөйлеу жағын дамытама, ойымды толық жеткізе алмайм сөз қорым аз
@@БахаКарим-ш8р сәлеметсіз бе, кітап оқудың еш қиындығы жоқ. Менен сізге бірнеше кеңес болсын.
1. Ең алдымен өзіңізге ұнайтын жанрдағы, оқылуы жеңіл кітап таңдағаныңыз жөн.
2. Кітапқа арнайы уақыт бөліңіз. Дисциплинамен жұмыс жасайсыз бір жағынан.
3. Бірден бас салып 100 бет оқудың қажеті жоқ. Күніне 10 - 15 бет жеткілікті кейін әдетке айналып кеткен соң кітап парақтары да көбейе бастайды. Бастысы қызығушылыңызды аша білу және түсініп оқу. Сәттілк!!
@@БахаКарим-ш8рСәлем. Иә, кітап сізге ойыңызды дәл әрі анық жеткізе алуыңызға көмектесе алады. Менде көпшіліктің алдына шығып сөз сөйлей алмайтынмын, сөздік қорымда аз еді, 11-сыныптан бастап кітаппен достастым, яғни өзімнің ішкі сұранысымдағы кітаптарды оқи бастадым, қазір 2-курспын универде көпшіліктің алдына шығып сөз сөйлеуден еш қиналмаймын, ойымды еркін жеткізе аламын. Кітап әсер етуші күш болды. Сондықтан қандай жанр болмасын кітап оқуға кеңес беремін.
МашАллаһ керемет Алла разы болсын керемет подкасты болды.Өзіме кітап оқу қатты ұнайды мына подкастан кейін тағыда кітап оқуға деген махаббат артты🎉❤
Пайдалы болсын!
Необычный контент! Окинишлысы бундай аса пайдалы подкасттардын корилим саны коп емес. Сизлерге биды озгертип, ойымызды жаксы жакка бурып атырганынызга алгыс.
Мен енді оқу бітіріп, өз күнімді өзім көріп, өздігімше өмір сүре бастағанда, жанымда мені бұрынғыдай қадағалап тұратын не ата-анам, не мұғалімдерім болған жоқ. Мен жұмыс істеп жүрген жерде темекі шегетін, пиво ішетін, кальян шегетін қыздар болды. Олармен күнде көрісіп, жұмыс істесемде, мен темекі шегіп, пиво ішуге, кальян шегуге қызығушылық танытпаппын. Қазір неге деп ойлап қарасам, мен оқыған кітаптағы маған ұнаған кейіпкерлер қай ғасырда өмір сүрседе темекі шегіп, пиво не шарап, арақ ішпепті. Оған құмарлығы болмаған екен. Үсті-басын барынша таза ұстап жүретін, қарыны жоқ, өзін сыйлайтын амбициозный адамдар болған екен, ойлап қарасам. Мысалы: Бенджамин Франклин, мың бір түн ертегісіндегі иманды текті сері шахзада не ханзада (Шахрияр емес🙂), текті ханшайымдар, алаш ордашылар, Абай, Бауыржан Момышұлы, Стив Джобс, тағысын тағы. Бұл адамдарға ұқсағым келгендіктен, сәйкесінше жаман әдеттерге де көңіл аудармаппын. Кітап шынымен байлық, қазына ғой😊
Эрих Мария Ремаркты оқыған ба едіңіз?
Тамаша! Сәттілік
Жалпы шынымды айтсам, өзімнің бойымдағы жаман əдеттердің болу себебін түсіндім, осы күнге дейін кітап көп оқымадым, саусақпен санарлықтай аз ғана. Кітап оқуға деген ынтам қатты ашылды. Алла разы болсын сіздерге, қарыштап дами беріңіздер ✨
Соңғы айдағы көрген ең мықты,өте пайдалы подкаст ☺
СҰРАҚ:Кітап оқу не үшін қажет?
ЖАУАП:Өмірде қабылдайтын шешімдерің мен адами мінез-құлықтарыңның және қиындықтан шығатын жолдарыңның көп болуы үшін. Яғни мүмкіндіктер көп болу үшін. Көп біліп, өмірдің оңай қағидаларын түсіну үшін.📖
Құранда ең алғаш түскен аят ОҚЫ.
Оқымай еш нәрсе жоқ...
Альхамдулиллях недеген бақытты жандар.
Анам кітапты көп оқитын, бірақ өкінішке орай мен оқымадым мектепте 🥲😏
25тен аса оқи бастадым, осы кезге дейін тек 5 кітап оқыппын 😏😏😏😏
Кітап оқу Тұлға болып қалыптасуға үлкен әсері бар. Еліміздің жастары қарттары білімге құштарлығы артып еліміз дами берсін.
Жігіттерге ақ жол! Өте сауапты іс.Тақырып жанды⚘Көкірек көзі ашық жастардың бар екені көңіл өрекпіп,кеудені қуаныш кернейді! Шраз балама , достарына , "Кітап ал" шығармашылық холдингіне СӘТТІЛІК ,ТАБЫС ТІЛЕЙМІН!💐💐💐
Кітап менің пікірімше, адамзат баласының рухани құндылығын байытып қана қоймай, сыртқы әлеуеттік әлемінің жақсаруына ықпал ететін мықты қорған деп айтар едім. Ақ пен қараны, жақсы мен жаманның аражігін ажыратып қана қоймай, өмір атты асыл кемедегі тегеурінді тығырықтардан шығудан жол көрсететін компас сынды. Қазіргі инновациялық дәуірде адамзаттың барлық жағдайының толыққанды жақсаруы өте керемет, алайда оның кері ықпалы кітапқа деген сүйіспеншіліктің ыстық лебіне бір су шашқандай болғандылығы рас. Бірақ, осы бір кітаптың мағыналы бірлігінің негізінде қазіргі ғасырдың ұлы жетістіктерінің негізінде болып жатқандылығын ұмытпаған жөн. Кітап оқиық, өзімізге деген инвестициялық кешеннің айқынды бірлігін қазірден бастап ойлайық.
Не үшін кітап оқу керек:
Кез-келген дүниенің мәнін білу үшін!
Өте пайдалы болды,алғысым шексіз!
Алла разы болсын🙌🏻
Кітапты қайта қолыма алуға үлкен септігін тигізді, рақмет!
Көп рақмет еңбектеріңіз үшін😍 пайдалы білім болды. Кітап оқуға деген одан сайын мотивациямды оятты. Аллаһ разы болсын сіздерге 🤗
Рахмет, жігіттер! Бірақ, Шраззаддиннің Санжар Керімбай туралы айтып жатқан пікіріне қақпақ қойғандарың жарамады... (режиссер ма, біреу жарнама болады деп жатыр)... Жарнама жасасаңдар да артық болмас еді... Қазақ үшін жанын салып тегін жұмыс жасап жүрген сондай тұлғаның еңбегін арнайы бір подкаст жасап жарнамаласаңдар жарасады!
“Білген сайын білмейтінімді біліп жатырмын”-деген сияқты ойда тұрмын.Кітап оқып жүрсемде көп кітап оқымайтынымды біліп жатырмын.Өте керемет подкаст болды !Дәл қазір миымда бомбалар жарылып жатыр!Осы жылға бір арман мақсатым пайда болды.Рахмет сіздерге үлкен!Келесі шығарылымдарыңызды асыға күтетін боламын!❤❤❤
Кітап не үшін деген сұраққа жауап беріп көрсем:менің ойымша өміріңнің сапасын жақсарту үшін тәжірибелерден алынған кітаптардан тәжірибе жинайсың.Өзіңнен үлкен жақының немесе кез келген бір сенен жасы үлкен кісі бағыт бағдар көрсетсе ,айтқанына иланып сол қателіктерді жасамауға тырысасыңғой!Кітап оқуда сол сенее үлкен адамның айтқанын өз өміріңде қолдану секілді.Дәл қазір мен ағаларымның сөзінен өзіме бағыт бағдар алып отырмын кітап оқу деген.Ал мен оқымаған қаншамаа кітап бар.Мен білмейтін қаншама тәжірибе бар десеңізші!Және тағы бір ойымды айтып кетсем осы сұрақтың төңірегінде.Кітапты өмірден рахат алу үшін оқу керек.Өзіңді қалыптастыру үшін оқу керек.
Кітап оқу- Аллаһтың Берген үлкен нығметі. Кітап оқысаң көкірегін кеңейіп, көзін ашылады. Кітап оқымаған адам нағыз надан болады.
Керемет подкаст 🌸
Сіздердің шығарылымдарыңызды асыға күтем
Кітап оқуға жастарды ынталандырғандарыңызға мың алғыс
Аллаһым қадамдарыңызға гүл бітірсін. Осы мақсатты Қазақстанды ғана емес жер жердегі қазақтарды кітап оқитын болдыруға деп қоссақ болар ма.🌸🤗 Моңғолиядағы қазақтардан жалынды сәлем. 📖🇰🇿🇲🇳
Өте керемет,тек бір өтініш ортадағы кісі оң жақта отырғае кісінің сөзін бөле бермесе одан да жақсы болатын секілді🫰
Керемет подкаст. Кітапты одан әрі көп оқуға желание ашылып кетті ғой. Рақмет сіздерге😍
Керемет, біз қарапайым дүние деп білгендерді, кең ауқымда ашып жеткізе білдіңіздер. Рақмет. Мирас ағайдың, инстаграмға байланысты айтқаны өтімді болды, шынымен де ойлап қарасам, инстаграмнан алған дүниелерімді, кітаптан алғандарымдай қолданбайды екенмін. Пайдалы болды, Алғыс🙌🔥🔥
Важна ли роль книги в нашем современном обществе? Почему важно читать? Наша казахская общеста очень-очень нуждается размышляющим людям, нам нужен амбициозные молодёжь который стремиться быть лучшим в своем отрасле, стремиться быть профом в своем деле. Мир нуждается образованным людям. Чтобы сделать нашу обществу лучшим, чтобы улучшить качеству нашей жизни нам нужен читать.
Миды төңкеретін подкаст болды. Алла берекесін берсін
Кітап - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы
Кітап оқитын жігіттер.бір бірінің сөзін тыңдай біледі.
Осы видеодан кейін.сразу кітапка заказ бердім.❤рахмет сіздерге
Подкаст өте керемет маған өте қатты ұнады👍👍 Шыныменен қазір барлық білім кітапта ғой)) Мен қазір 13 жастамын қазірдің өзінде біршама кітап оқып тастадым. Барлығы мектептегі апайымның арқасы сол кісіге үлкен рақметімді айтамын🫶🏻 Маған өзіме жалпы әртүрлі жанрдағы кітаптарды оқып көрген ұнайды шетел жазушыларыныңда керемет кітаптары бар. Жаңа айтып жатырсыздарғой оқырман жалпы өзінің оқыған кітабындағы басты кейіпкерге ұқсап кетеді деп расында да сондай мен қай кітапты оқысам дәл сол кейіпкерден аумай қаламын😁 тіпті кейде басты кейіпкердің сөздерін айтатын болыппын мінезімде ұқсап барады😂 Кітап оқығанда ерекше бір сезімде боласың ол кітапты оқып алғаннан кейін сол кітаптың атмосферасынан шыға алмай тағы жүресің тек кітап оқитындар түсінетін шығар)) Жаңа подкастта айтқандай кітап оқысаң ерекше бір кино көргендей боласың. Оның үстіне кітап адамға көп ақпарат береді мысалға Данияр Жігітбектің лайфхактар деген кітабы керемет сөзсіз👍👍 Ішінде маған керекті көөпп ақпарат болды. Қазір көп жастар қазақ жазушыларының кітаптарын оқымайды негізі қазақтың жазушыларының кітаптары тұнып тұрған өнеге өсиетқой. Осы жақында Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» кітабын аяқтадым. Өте керемет кітап екен. Мен сол кітапты оқи отырып автордың жазу шеберлігіне таң қалдым өте-өте керемет жазылған. Маған ұнаған кітаптардың ең кереметі болды десем өтірік айтқаным болмас. Жалғыз өзім сол кітаптардағы білімдерді алмайын деп достарымменде бөлісіп жүрмін. Оқыған кітаптарымды соларға айтып беремін. Олардыңда кітапқа деген қызығушылығын оятқым келеді. Тіптен өзімнің достарыма сіздердің түсірген подкасттарыңызды жібердім. Ең болмағанда кітап оқудың құндылығын түсінсе деймін.
Жарайсың, ойыңды анық жеткізіп отырғаның жақсы👍🏻
Алтыным, Ма Ша Алла жарайсың!❤
кітапқа жақын екенсіз көрініп тұр сау болшы ботам