Ат үсті болайық достар! Барша бапкерлерге, шабандоз палуандарға сәттілік тілеймін!

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 31 дек 2022
  • Ассалоумағалейкум жамағат!
    Бұл алғашқы түсірілімде тек қана доданы қақ жарып, үлкен салымдарға қол жеткізіп жүрген көкпар аттары.
    Көкпар аттарын бірме-бір таныстырған ең алғашқы 🐎 🎥 түсірілім.
    Көкпардың толық нұсқасы мында 👇
    Түсірілімді бағалап, кемшілігі болса түсіністікпен қараңыздар. Құдай қаласа алдағы уақытта аттарды да 🐎🐎🐎 көкпарды да көрермендердің көңілінен шығатындай етіп түсіруге 🎥 тырысамын 🙌
    Көкпардың аты. Көкпаршы жігіттердің білек
    қарымының сыртында астындағы аты өте
    көп рөл ойнайды. Көкпарға мінетін аттың
    ерекшелігі: еті мығым, сүйегі мықты, кеуделі,
    омыраулау екпіні қатты, жылдым һәм жүйрік,
    көкпарды жерден іліп алуға икемделгіш,
    ақылды текті жылқы таңдап алынады.
    Жануарды (жылқыны) көкпар үшін арнайы
    баптап, уйретеді және көкпардың алдында
    етiн катырып жаратады. Төрт аяғын
    таймайтын бүршікті жеңіл тағамен
    тағалайды. Семір немесе арық ат көкпарға
    жарамайды. Семіз жылқы додаға түскенде
    кызылмайланып, еті жінігіп кетеді де,
    алқынып тұрып қалады. Арық ат тез
    болдырады.
    Көкпарға қосатын атты қырық күн мінбей,
    баптайды. Бір ай бойы атқа бидай береді.
    Алғашқы күннен бастап бидайдың мөлшерін
    жылқының жегеніне байланысты бірте-бірте
    көбейтіп, кейін керісінше азайтады. Ат әбден
    қоңданып, жілігі майға толғаннан кейін
    далаға шығарып аунатып, мінбей жүргізеді.
    Бұдан соң атты суытып, іш майын
    қатырады. Бабы қанған аттың күші көп
    болады. Бундай атқа мінген жігіт тартыста
    серкені оңай іліп әкетеді. Жалпы көкпардың
    аттын баптауды көкпаршылар білгені жөн.
    Өйткені атты баптау жануарға бір уыс шөп
    пен жем беру емес, бұл - бар ынта-жігермен
    атқарылатын іс. Егер бабы келіспесе,
    жылқының бағы байланады.
    #ат #аттар #тұлпар #тулпар #от #отлар #бәйге #көкпар #көкпар2022 #тай #тайлар #жабағы #жабагы #улоқ #улок #копкар #копкари #сәйгүлік #атбазар #атсаудасы #шабандоз #атбаптау #атбазар #атбегі #атбеги #жорға #жорга #дөнен #донен #бесті #жирен #айғыр #айгыр #айгырлар #айғырлар #қазанат #казанат #арғымақ #аргымак #саңлақ #қарабайыр #карабайыр #жабы #пырақ #пырак #бұрақ #конь #кони #ипподром #конныйклуб #конныйспорт #конныйблог #конныймир #horse #horses #horseracing #horselove #horsesfight #horseman #horse #mare #foal #colt #colt #equestriansport #bull #cow #calf #sheep #ram #lamb #goat #kid #horseracing
    #horseriding #horseracing #бык #быки #бычки #корова #карова #доенаякорова #теленок #телёнок #самец #самка #баран #бараны #барашки #коза #козы #козлята #ягнёнок #ягненок

Комментарии • 84

  • @sagyndykiskakov144
    @sagyndykiskakov144 Год назад +12

    Зор түсіріпсің бауыр 👍🇰🇿 көкпардан қалма каналың өсе берсін

  • @user-kz4ii8bi6x
    @user-kz4ii8bi6x Год назад +4

    Әссәләмуғалейкум Мәке
    Ісіңізге берекесін берсін

    • @13-REGION_SAUDA
      @13-REGION_SAUDA  Год назад

      Уағалейкум әссәлям Досеке, әмин, рахмет! 🙌

  • @user-nf2tv1sv4t
    @user-nf2tv1sv4t Год назад +1

    Ассалаумалейкум рахмет сізге, ісіңізге сәттілік. 👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼

  • @user-sv5ny4py4k
    @user-sv5ny4py4k Год назад +2

    Мыкты аттар коп екен елимизде жарайсын🏇👍

    • @13-REGION_SAUDA
      @13-REGION_SAUDA  Год назад

      Бұлар Шымкенттегі көкпарға шабатые аттардың 10/1-і ғана деп естідім, басқа аудандар мен қалаларда да мықты аттар жеткілікті екен Аллаға шүкір.

  • @user-fb8uu2jy4d
    @user-fb8uu2jy4d Год назад +1

    Бауым өзінеде Алла жар болсын тек алға әдемі тусірілім

  • @svetatashenbaeva6634
    @svetatashenbaeva6634 Год назад +1

    Тамаша қылайық осындай көкпар аттары н

    • @13-REGION_SAUDA
      @13-REGION_SAUDA  Год назад

      Бүгін де түсіруге бара жатырмын, Құдай қаласа ертең көре аласыздар 🙋🏻‍♂️

  • @rys8232
    @rys8232 Год назад

    🐎🐎🐎🐎👍👍👍

  • @user-yl7pw5uc8w
    @user-yl7pw5uc8w Год назад +4

    🙋‍♂️🤝🐎👍👍👍✊✊✊

  • @user-hv1tl1ep9b
    @user-hv1tl1ep9b Год назад +1

    Ассалаумағалейкум қазақ елі амансыңба бауырым жарайсың сен сияқты жігіттер көп болсын ісіңе береке берсін егесінің есімдерін айтсаң жақсы болар еді алдынала рахмет

    • @13-REGION_SAUDA
      @13-REGION_SAUDA  Год назад

      Уағалейкум әссәлям, рахмет!
      Жарайды 🙋🏻‍♂️

  • @user-tq6ed4lq1l
    @user-tq6ed4lq1l Год назад +1

    Жақсы аға осынлай формат та шығарынз тағы

  • @user-zq6mt3ok1p
    @user-zq6mt3ok1p Год назад +1

    Ассалаумағалейкум бауырым жақсы түсіріпсің жарайсың

  • @user-nr8il9mz6x
    @user-nr8il9mz6x Год назад +2

    Супер молодец

  • @user-tm6yl3rv6j
    @user-tm6yl3rv6j 7 месяцев назад

    ☝️🤲👍

  • @user-qv2nv6oz3o
    @user-qv2nv6oz3o 8 месяцев назад

    Кыргыстандан салам

  • @user-pu9yw3bo8i
    @user-pu9yw3bo8i Год назад +1

    Барекелди тусире бер

  • @esbolomirzak1424
    @esbolomirzak1424 Год назад +1

    күшті түсірілім бауырым ісіңе сәттілік қазағым көкпар десе ат көрсе қызығып қарайтын халықпызғой сурауына қиналма жауап беріңіздер бауырлар

  • @aianatshegebai
    @aianatshegebai Год назад +2

    Әдемі тағы түсіре бер братан

    • @13-REGION_SAUDA
      @13-REGION_SAUDA  Год назад

      Рахмет! Құдай қаласа келесі жолы бұдан да жақсы етіп түсіремін ✊️🙋‍♂️

  • @user-se7st7sw4n
    @user-se7st7sw4n 6 месяцев назад

    Марадона Жане Месси Тайсон😂кушты оймен атын койган

  • @user-zd3rx2cb7p
    @user-zd3rx2cb7p Год назад +2

    Коптен кутип жургем осындай шыксакендеп аттын тукымын сурасаныз жаксы боларет

    • @13-REGION_SAUDA
      @13-REGION_SAUDA  Год назад

      Жақсы, келесі жолы сұрайын 🙋🏻‍♂️

  • @user-yf6ly7nx6e
    @user-yf6ly7nx6e Год назад +1

    🇰🇬🇰🇬👍👍👍💯

  • @user-cc2ru1qw8i
    @user-cc2ru1qw8i Год назад +3

    Нече жаш деп сурабайт айгырды,Канча Асый деп сурайт Айгырды.

    • @sagyndykiskakov144
      @sagyndykiskakov144 Год назад +3

      Қазақша сұрап отыр үкәм

    • @13-REGION_SAUDA
      @13-REGION_SAUDA  Год назад

      Асый дегенді өзім сізден бірінші рет естіп тұрмын. Мүмкін солай да шығар 🤷‍♂️

    • @13-REGION_SAUDA
      @13-REGION_SAUDA  Год назад

      Қырғыз бауырымызға да үкәм дейсің ба 😀

    • @user-cc2ru1qw8i
      @user-cc2ru1qw8i Год назад +1

      @@13-REGION_SAUDA Биринчи Кулун,,,,Экинчи Тай,,,,Учунчу Тай-Бир жаш,,,,Тай Бир жарым жаш,,,,Анан Кунан,,,Анан Бышты,,,Анан---Айгыр Бир Асый,ошогу бойдон Айгыр Асый деп саналып кетеберет,,,Ишине ийгилик Тыншчылык Аман Соо болгула Казак Туугандар.

    • @13-REGION_SAUDA
      @13-REGION_SAUDA  Год назад

      @@user-cc2ru1qw8i рахмет бауырым, Аллаһ разы болсын! 🙌
      Менің өзімде ат болмаған. Менің ат туралы білмейтінім көп 🙋‍♂️

  • @svetatashenbaeva6634
    @svetatashenbaeva6634 Год назад +1

    Өзбекстан

  • @svetatashenbaeva6634
    @svetatashenbaeva6634 Год назад +1

    Осындай көкпар аттары н және түсіру керек

    • @13-REGION_SAUDA
      @13-REGION_SAUDA  Год назад

      15-і күні түсірем Құдай қаласа 🙋‍♂️

  • @user-db3xm4rh3y
    @user-db3xm4rh3y Год назад +1

    Барлығын түсіру мүмкін болмаса хотя бы мықты шауып жүрген аттар ау дегендерді түсірсен

  • @user-dj8kv9hm5q
    @user-dj8kv9hm5q Год назад +1

    Тағыда түсір бауырым

    • @13-REGION_SAUDA
      @13-REGION_SAUDA  Год назад

      Жақсы, түсіремін Құдай қаласа 🙋🏻‍♂️

  • @user-db3xm4rh3y
    @user-db3xm4rh3y Год назад +1

    Қандай үлкен салымдар салған қайда салған, сатылатын болса жобасы қанша болады білсен дұрыс болар еді

  • @berik8974
    @berik8974 Год назад +2

    Жақсы, бірақ қазір ешкім жақтырмайды бұрдайды.
    Сіз түсіріп жүрсіз қазір, қарап отырсам онша жауап бергісі келмейді.

    • @13-REGION_SAUDA
      @13-REGION_SAUDA  Год назад

      Жәймен үйренеді Құдай қаласа, бәрі бірден болмайды.

  • @user-xf5sq8xb6m
    @user-xf5sq8xb6m 11 месяцев назад

    Кыздын жасы 18 дегендеи Бари жетидеме

  • @user-db3xm4rh3y
    @user-db3xm4rh3y Год назад +2

    Қай жақтағы көкпарда жүрсін, қай күні болған көкпар, қандай шабандоздар шабады атпен, аттын иесі кім толық сұрап білсей

    • @13-REGION_SAUDA
      @13-REGION_SAUDA  Год назад

      Бұл Темірландағы Садыбек ата ат шабары. Ең алғаш рет көкпарды 🐎 🎥 түсіруге шыққандағы түсірілім ғой

    • @user-xi5cd4fs3j
      @user-xi5cd4fs3j Год назад

      ​@@13-REGION_SAUDA их. .з😊😊

  • @Abu_Fatima93
    @Abu_Fatima93 6 месяцев назад

    Тұқымдары қандай акесі шешесі қандай соларды айтып түсірсең

  • @user-dk7xb1sz9c
    @user-dk7xb1sz9c Год назад +2

    Енди тагы тусирсеи текти аттын аитканда токтап жаксылап сурагын асыкпаи тумардын баласы деген де сурау керек еди кандаи баласы бел баласыма деп сен тумар деген атты танымаисынгои деимин ролигине сатилик

    • @13-REGION_SAUDA
      @13-REGION_SAUDA  Год назад

      Ия, танымаймын тұмарды, жақында ғана ашылды бұл канал. Мал базар мен көкпарға да канал ашқанан кейін шыға бастадым 🙋‍♂️

  • @user-im3jx8lv4s
    @user-im3jx8lv4s Год назад +1

    Ашық газелден ауру табар.

    • @13-REGION_SAUDA
      @13-REGION_SAUDA  Год назад

      Дұрыс айтасың, алыс жер болса атқа қиын, жақын жер болса тез жетіп қалар

  • @maganazarbaev5357
    @maganazarbaev5357 Год назад +2

    Ассалаумагалейкум. Айгырдын бойлары осындай болуы ушын кай жастан мынып уйреткен дурыс?

    • @user-fv2si2xy8t
      @user-fv2si2xy8t Год назад +1

      Қай жастан мінсеңде бәрі бір главный тұқымы ірі болса үлкен боладыгой сосын дұрыстап баптасаң

    • @maganazarbaev5357
      @maganazarbaev5357 Год назад +1

      @@user-fv2si2xy8t тукымы байге,бырак жабагы кезден мындык, ерте емес па?
      кандай витамин берып бой осыпуге болад?

    • @gani1541
      @gani1541 Год назад +1

      Тай кезінде ерттеп мінбеу керек сосын тай құнан кезінде қыйнап жібермеу керек

    • @user-fv2si2xy8t
      @user-fv2si2xy8t Год назад +1

      @@gani1541 тайында тасқа байла деген қайта тайында жақсылап үйрету керек

    • @13-REGION_SAUDA
      @13-REGION_SAUDA  Год назад

      Дұрыс айтасың, мінілу уақытына емес тұқымын қуалап өседі ат 🐎 👍👍👍

  • @user-kz4ii8bi6x
    @user-kz4ii8bi6x Год назад +1

    15 жасқа келіп көкпар шауып жүрсе таза қазанат екен да

  • @user-pf6mu6zt4z
    @user-pf6mu6zt4z Год назад +4

    Казир кокпарда жай адамдардын аттары салым салмайды.

    • @13-REGION_SAUDA
      @13-REGION_SAUDA  Год назад

      Баптауы болса бір емес бірнешеуін салады 🐎

    • @user-zv8qx8uv8n
      @user-zv8qx8uv8n Год назад +1

      Неге мен соны тусінбейм кілең бай патшаның

    • @13-REGION_SAUDA
      @13-REGION_SAUDA  Год назад

      @@user-zv8qx8uv8n аттың бабын келтіріп қарау оңай емес, мықты атбегілерге жалақы төлеп аттарын баптатады олар, екеуінің де (аттың да атбегінің де) жағдайын жасап.

  • @user-vb1si4zq2l
    @user-vb1si4zq2l Год назад +1

    022 танмал ат емеспа мә брат осылай түсіре берші

  • @user-qn5qg8qc3b
    @user-qn5qg8qc3b Год назад

    См им сч сч сч ,z сч сч сч

  • @janibekmirzabekov
    @janibekmirzabekov Год назад

    Не пародасын айт