Мейрамбек Бесбаев - Біздің ауыл

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 18 сен 2024
  • Meirambek Besbaev - Bizdin auyl
    Жүктеу: agugai.kz/music...
    RUclips каналға жазыламыз: lnk.to/AGUGAI​...
    AGUGAI @ WEB: agugai.kz​​​​​​​​​​​​​
    AGUGAI @ Вконтакте: agugai​...
    AGUGAI @ Instagram: / agugaimusic
    AGUGAI @ Facebook: / agugai
    AGUGAI @ Telegram: t.me/agugai​​​...
    #МейрамбекБесбаев #БіздіңАуыл #AGUGAI

Комментарии • 181

  • @АйнагулСабеткан
    @АйнагулСабеткан 2 года назад +26

    Ән болса осындай болса ғой, шіркін! Мың мәрте тыңдаған шығармын. Аман болыңыздар, ағалар

  • @УринбаеваЖібек
    @УринбаеваЖібек 3 месяца назад +7

    Жан жүрегіңді баурап алатын Мейрамбектің қоңыр дауысы. ай.Халқыңды әсем әуезді әндерімен қуанта бер

  • @ГкоАоаооввр
    @ГкоАоаооввр 2 года назад +24

    Сахнаның төресі, әр әні халқының жүрегіне ұя салады, керемет, балам, аман бол!

    • @armanabilov9381
      @armanabilov9381 2 года назад +1

      Дурыс айтып отырсіз

    • @daryazhaikok3284
      @daryazhaikok3284 2 года назад +1

      Өте керемет ән ауылды еске алып құлақтың құрышын қандаратын ән бір алла денсаулық берсін аман бол Мейрамбек бауыр керемет әсерде отырмын

  • @user-go2ph2ys6p
    @user-go2ph2ys6p 2 года назад +13

    8888-рет тыңдасам тыңдай берем Мәке👍👍👍

  • @user-kj4fl3rj1x
    @user-kj4fl3rj1x 5 месяцев назад +5

    Керемет ән!Ауылылыма ай сайын барсам да сағынышым басылмайды. Ауылда өткен балалық шағымды сағынамын.😢

  • @kunsluqalieva1687
    @kunsluqalieva1687 2 года назад +29

    Ауылға арналған өлеңдер ұнайды. Ауылдан кеткім келмейді шабыт оянады. Ауылымды қатты жақсы көріп кетемін

  • @sazgenrecords
    @sazgenrecords 2 года назад +10

    Легенда 🔥💣

  • @kyrmyzy4301
    @kyrmyzy4301 2 года назад +7

    Мейрамбек аға мың жасаңыз! Ес білгелі сізді ғана тыңдадым, сізге еліктеп өстік қой

  • @ParasatKhasym-c3s
    @ParasatKhasym-c3s Месяц назад +1

    Мейрамбек қандай керемет әнші шіркін әндері жүректен шығады

  • @user-bx6pq3ex1c
    @user-bx6pq3ex1c 2 года назад +23

    Ағажаным ай, Аллам күш қуат берсін сізге! Адамдық қасиетіңізге отдуши ризамынғой! Әніңіз таусылмасын!!!

  • @КульжанАйтуова-ш6ч
    @КульжанАйтуова-ш6ч 7 месяцев назад +6

    Құрметті ағайындар.сіздерге көп рахмет.осындай жаны жайсаң перзенттеріңізді бағалап ,қолдап
    Бата тілектеріңізді аямай жазып отырсыздар.ел алдында жүрген азаматтарымызды ,осылай қолдағандарыңызға сіздерге рахмет.

    • @ГулсимДжексенбиева
      @ГулсимДжексенбиева 11 дней назад

      Мейрамбек інім Алла сізге ұзақ ғұмыр берсін,қашанда амандығыңды тілеймін керемет дауыс, тамаша орындау

  • @dianamazhitova640
    @dianamazhitova640 2 года назад +40

    Туған жер анам еркелететін
    Көңілімді менің өркелететін
    Қанаты талып жыл құстары да
    Біздің ауылға ерте жететін
    Қанаты талып жыл құстары да
    Біздін ауылға ерте жететін
    [Қайырмасы]
    Санамда қалған елесім бе екен?
    Сағындым десем сенесің бе екен?
    Түнгі аспандағы ең жарық жұлдыз
    Біздің ауылдың төбесінде екен
    Түнгі аспандағы ең жарық жұлдыз
    Біздің ауылдың төбесінде екен
    Қоныр желескен қойларында
    Сейілді ғажап орнауында
    Өзгешелеу бір шырылдаушы еді
    Жасыл бағымның торғайлары да
    Өзгешелеу бір шырылдаушы еді
    Жасыл бағымның торғайлары да
    [Қайырмасы]
    Санамда қалған елесім бе екен?
    Сағындым десем сенесің бе екен?
    Түнгі аспандағы ең жарық жұлдыз
    Біздің ауылдың төбесінде екен
    Түнгі аспандағы ең жарық жұлдыз
    Біздің ауылдың төбесінде екен
    Көркем еді ғой пәк шақтары да
    Тау бөктерінен көк шыққаны да
    Сағынышым болып қалқып өтетін
    Туған аспанның ақ бұлттары да
    Сағынышым болып қалқып өтетін
    Туған аспанның ақ бұлттары да
    [Қайырмасы]
    Санамда қалған елесім бе екен?
    Сағындым десем сенесің бе екен?
    Түнгі аспандағы ең жарық жұлдыз
    Біздің ауылдың төбесінде екен
    Түнгі аспандағы ең жарық жұлдыз
    Біздің ауылдың төбесінде екен

  • @tuganjeimkazakshtan9486
    @tuganjeimkazakshtan9486 2 года назад +12

    АУЫЛДЫҢ ӘНІІ ҚОҢЫР ДАУЫС СОЛ ДАУЫС АМАН БОЛЫҢЫЗ АҒА🤝🏻☀️❤

  • @_spravedlivost_
    @_spravedlivost_ 2 года назад +22

    Мейрамбек аға мың жасаңыз!!!Жүрегі ән салатын жалғыз әнші,менің сүйікті әншім…Ақберен Елгезек ағамызға мың рахмет ,неткен керемет сөздер ауылымның шаңы да ыстық қой маған,сағынышымды басып,жан дүниемді жылатқандарыңыз үшін мың рахмет,ұзақ жасаңыздар,ауырмаңыздар !!!

  • @user-fu2vs5tq9l
    @user-fu2vs5tq9l 2 года назад +17

    Әр әніңізді жүрекке жеткізіп, жоғары деңгейде орындайсыз. Керемет ән.

    • @DimashAdaskhanov1987
      @DimashAdaskhanov1987 Год назад

      Қандай әдемі Ән рақмет авторларға мың алғыс!!!!

  • @user-go2ph2ys6p
    @user-go2ph2ys6p 2 года назад +10

    Мәке ауырып қалмаш тек аман бол✊✊✊

  • @МаратДжакупов-р2ц
    @МаратДжакупов-р2ц 2 года назад +7

    Осындай ән, орындау шеберлігі үшін сізге мың алғыс

  • @user-vd9ww9hl4m
    @user-vd9ww9hl4m 2 года назад +10

    Аййй ширкин ауылымай бакытты балалык шагым. Ауылда тапчанда жатып талай жулдыз санауга жарысатынбыз. Ай саулеси шынында биздин уйден тобесинде жап жарык болатын.

  • @ШынгысМекебеков
    @ШынгысМекебеков 2 года назад +7

    Мәке 100жасаңыз ғұмырлы болыңыз
    Әніңіз керемет ,сөздері қандай шіркін ауылға барып қайтқандай болдым.
    Түнгі аспандағы ең жарық жұлдыз 🌟 ды тек ауылға барып көреміз , шынымен ауылдың төбесінен көрінеді
    Қаланың тұманды бұлтынан аспанның әсемдігін байқау қиын

  • @КазбекАлдамжаров
    @КазбекАлдамжаров 2 года назад +8

    Керемет ән Мейрамбек ауырма аман бол!

  • @aizharkun1990
    @aizharkun1990 2 года назад +6

    Жүрекке жетті көзге жас келді

  • @asselkairatkizi2199
    @asselkairatkizi2199 2 года назад +7

    Мейрамбек аға аман болыңыз🙏 әдемі ән👍 Ақберен ағамызға сөзін жазған мың алғыс🙏

  • @МунираАхметова-в8к
    @МунираАхметова-в8к 21 день назад

    Иә керемет қои даусы ерекше Аман болсын шарықтау берсін аспанға

  • @azamatberikbaiuly3473
    @azamatberikbaiuly3473 2 года назад +55

    Ауылды сағынғандар барма?! 😊

    • @РукколаМако
      @РукколаМако 2 года назад

      Сағынсаң ауылыңа барып қайт
      Қорадағы сиырыңды сауып қайт
      Қайтарыңда анау-мынау алып қайт

    • @Арсен-п2к
      @Арсен-п2к Год назад

      Вдвлыда

  • @user-sq3fn9lu9m
    @user-sq3fn9lu9m 2 года назад +6

    Ауылымды сагынып Бир жылып алдым. Алла разы болсын сизге.

  • @user-wt5pt5os6f
    @user-wt5pt5os6f Год назад +4

    Мейрамбек инимиздин осы анин кунине канша рет тындаймын, журегинди керемет тербетеди осындай коныр дауыстагы андер унайды озиме. Мейрамбек иниме сахнадагы онерин орлей берсин демекпин ,жаксы туындыларынды халкына сыйлай беруине тилектеспин.

  • @araiali781
    @araiali781 2 года назад +6

    Халықтың ыстық ықыласы үлкен Бақыт! Мейрамбек - Сол бақытын көтере алған өнер иесі ғой. 👏🏻

  • @Нұрай-в1я
    @Нұрай-в1я 2 года назад +6

    Сахнаның төресі ! Аман болсын 🙏

  • @mendumendigul4621
    @mendumendigul4621 2 года назад +5

    Кез келген әнді жүрекке жеткізеді ғой 😍😍😍.

  • @asultas3717
    @asultas3717 2 года назад +2

    КЕРЕМЕТ ӘН, СӨЗІ ДЕ КЕРЕМЕТ
    МЕЙРАМБЕКТІҢ КЕЛІСТІ ОРЫНДАУЫ ДА КЕРЕМЕТ

  • @БахытУдербаева-л2в
    @БахытУдербаева-л2в 6 месяцев назад +1

    Не деген ән ,не деген орындаушы. Мейрамбектің әрбір әнінің сөзі жүрегіңді тербейді. РАХМЕТ. Аман бол балам.

  • @РозаИзбасарова-р9х
    @РозаИзбасарова-р9х 2 года назад +4

    Концертинизде естип едим биринши рет. Оте керемет ан. 🌹

  • @zhainaarystanovna7305
    @zhainaarystanovna7305 2 года назад +4

    Тамаша .Андериниз шыркала берсин.Алла тагала сизге узак гумыр берсин.

  • @СалтанатСадыкова-ъ8ч
    @СалтанатСадыкова-ъ8ч 2 года назад +2

    Керемет Мәке, көп уақыттан күткен ән. Ән әншісін тауыпты. Осындай әндер ғой сіздің айтатын әндеріңіз. Жасай берші қазағымның Мейрамбегі

  • @user-yc7ml1xh4j
    @user-yc7ml1xh4j 2 года назад +5

    Маке жүз жасаңыз🤲🏽 Сіздей әнді орындайтын әнші жоқ.

  • @omirbai7777
    @omirbai7777 2 года назад +3

    Туған жерім арғы бетте қалды 🥺

  • @АйсулуКасаинова
    @АйсулуКасаинова 2 года назад +3

    Тамаша ән, керемет орындау. Мейрамбек жүрекпен айтатын майталман әнші! 7 наурыз күні концертінде алғаш естіп едім бұл әнді. Енді міне ютубта да шығыпты.

  • @hadiwaaydjanova5350
    @hadiwaaydjanova5350 11 месяцев назад +1

    Ауылға жететін жер жоқ қой шіркін. Ауыл дегенде балалық шағың, ата анаң, ата әжең, бауырларың, достарың, туыстарың еске түседі ғой. Ауылым- алтын бесігім деп беке айтылмаса керек. Мейрамбек бауырымыз аман болсын! Қандай ән орындаса да сүйіп тыңдаймын.

  • @АйнагулСабеткан
    @АйнагулСабеткан 10 месяцев назад +1

    Жан тербейтін әуен деген осы болар! Шырқай беріңіз, аға

  • @ЮркаЮра-э8ъ
    @ЮркаЮра-э8ъ 21 день назад

    Керемет тыңдай бергің келеді.Құлаққа әбден сіңген Мейрамбек ініміздің даусы.Нағыз әнші .Алла ұзақ ғұмыр берсін қазағымның біртуар ұлына.

  • @МакпалУразбаева-ц4я
    @МакпалУразбаева-ц4я 2 года назад +2

    Ширкин ауылымды сагындым😢

  • @ІзбағанбетоваРауан
    @ІзбағанбетоваРауан 2 года назад +1

    Керемет ән🤗🤗🤗💆‍♀️💆‍♀️💆‍♀️💆‍♀️💆‍♀️💆‍♀️💆‍♀️🙇‍♀️🙇‍♀️🙇‍♀️🙇‍♀️🙇‍♀️🙇‍♀️рахаттанып отырып тыңдайсың.

  • @user-cx1br3ev9b
    @user-cx1br3ev9b 3 месяца назад

    Туған жерім Тамдым ауылым, микро-район үйімді сағындым. Бақытты балалық шағым өткен😢😢😢❤❤❤

  • @ГульжазираКопбаева
    @ГульжазираКопбаева 2 года назад +3

    Оте тамаша ан...😍❤👍👍👍👍💯

  • @ДимаТанирберген
    @ДимаТанирберген 2 года назад +2

    Не деген өлең 🤩

  • @ТансулуТолепова
    @ТансулуТолепова 2 года назад +2

    Алла разы болсын керемет орындау

  • @НазгулТ-к2й
    @НазгулТ-к2й Год назад +1

    Не деген дауыс. Жалыкпайсынгой ширкин. Кандай ан айтсада жургинди тесип жибередигой😍😍😍😍

  • @ДауренМухамадиев-т2ы
    @ДауренМухамадиев-т2ы 2 года назад +2

    Ауылдын кара баласымын

  • @СаяНурланова
    @СаяНурланова 2 года назад +3

    Ауылымды сағындым...

  • @Erke___741
    @Erke___741 3 месяца назад

    Керемеееет өлең ❤

  • @user-nb8eu1ey2m
    @user-nb8eu1ey2m 2 года назад +3

    Керемет ан ,🥰🔥🔥🔥🔥👍👍

  • @Hi-wl3pr
    @Hi-wl3pr 2 года назад +3

    Керемет ән сөздері қандай!

  • @АлтынЕрмаканова
    @АлтынЕрмаканова 2 года назад +2

    Керемет даусы Мейрамбектин

  • @РинатБакытулы-м7л
    @РинатБакытулы-м7л 2 года назад +5

    Тфай тфай тфай тил коз таска👍😁😀

  • @kazak480
    @kazak480 2 года назад +2

    Ауылым алтын бесигим

  • @РусланКалык
    @РусланКалык 5 месяцев назад

    Әрине ауыл деген ыстыққо

  • @farizakaparova5639
    @farizakaparova5639 2 года назад +1

    Керемет

  • @Bagzhan_yergaiyp
    @Bagzhan_yergaiyp 2 года назад +3

    Аққу ағам керемет сазгерғой шіркін!!

  • @kazak480
    @kazak480 2 года назад +1

    Қоңырөлең ауылы! 😍😍😍

  • @КульжанАйтуова-ш6ч
    @КульжанАйтуова-ш6ч 7 месяцев назад +1

    Осы ініміздің концертіне кіре алмай өмірден өтетін болдық кой

  • @Bahabai1983
    @Bahabai1983 2 года назад +1

    керемет қой Мейрамбек ағам

  • @АйтолқынЗұлқадылқызы
    @АйтолқынЗұлқадылқызы 4 месяца назад +2

    Қытай қазақтарының әні.

  • @ЖаннаДомбаева-х9ф
    @ЖаннаДомбаева-х9ф 2 года назад +5

    Пах шіркін не деген дауыс ғажап қой.Мейрамбек ағамның қоңыр даусына ғашықпын ғой.Әннің сөзі мағыналы,ал сазы жүректің төрінен орын алады.

  • @ГүлсімМерей
    @ГүлсімМерей 2 года назад +1

    Жанға жағымды керемет қоңыр дауыс жарайсың інім халқыңа сыйлар тамаша әндерің көп болсын денсаулығың зор бақытың баянды болсын

  • @KamilaNurlibek-wc9jn
    @KamilaNurlibek-wc9jn 6 месяцев назад

    өте керемет ән

  • @МедетМахсотов
    @МедетМахсотов 2 года назад +2

    Ағамыздың Концертінен тыңдап, күтіп жүр едім😍

  • @user-yc8od8uy4v
    @user-yc8od8uy4v 2 года назад +1

    Коп коныр дауыс узак жаса Мейрамбек ага

  • @АйкоЖаксыбайкызы
    @АйкоЖаксыбайкызы 2 года назад +3

    Сіздің әндеріңіз жүрекден шығып жүреке жетеді тыңдаған сайын тыңдағың келеді

    • @mahabatbotakoz2472
      @mahabatbotakoz2472 2 года назад

      ya shin aitasiz kaita kaita tindasanizda jalikpaisin

  • @user-iw7ql3yp5t
    @user-iw7ql3yp5t 2 года назад +2

    Жалагашым ай

  • @gulzattolegenova8266
    @gulzattolegenova8266 2 года назад +1

    Даусы керемет

  • @nazymburebay5468
    @nazymburebay5468 2 года назад +1

    Әндеріңіз ерекше. Жүректі тебірентіп. Ерекше орын алады.

  • @ГульжазираКопбаева
    @ГульжазираКопбаева 2 года назад +1

    Керемееет ...😍😍😍😘👍👍👍👍👍💯❤

  • @user-ym7hs1pb5k
    @user-ym7hs1pb5k 2 года назад +1

    Есті керемет ән екен👍👏

  • @ersinnurlan85
    @ersinnurlan85 Год назад

    Пах шіркін ай ! Қандай тамаша ән !🎉🎉🎉

  • @KausarSamatkyzy
    @KausarSamatkyzy 8 месяцев назад

    Мейрамбектің дауысы керемет қой. Құлақтан кіріп бойды алар

  • @turan86_86
    @turan86_86 6 месяцев назад +2

    ✊️👍

  • @ГулдинаОтарова
    @ГулдинаОтарова 2 года назад +1

    Керемет! Қызыләуітім.

  • @АйбекКурмет-и3л
    @АйбекКурмет-и3л 2 года назад +1

    Күшті ән екен

  • @ТанжарыкИясухан
    @ТанжарыкИясухан 2 года назад +1

    قايران اۋلماي♥♥👍👍

  • @sharbatmeyramhan4610
    @sharbatmeyramhan4610 11 месяцев назад

    Қандай жағымды әуен керемет орындау.

  • @АлтынбекАманкелды
    @АлтынбекАманкелды 2 года назад +1

    Қазақтың Мейрамбегі жасай беріңіз. Алла ұзақ ғұмыр берсін.👏👏👏👏👏👏🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @БалаусаТолеген
    @БалаусаТолеген 2 года назад +2

    Ауылды сағынып жүргенде...

  • @ЖыгербекСейтхан
    @ЖыгербекСейтхан 2 месяца назад

    ақу ағаның созынде жазылған ан қои керемет ❤

  • @AbekeBaltabaev
    @AbekeBaltabaev 2 года назад +2

    Сахнаның саңлағы!!

  • @ДауренОлмесхан
    @ДауренОлмесхан 2 года назад +2

    Ракмет

  • @МаратДжакупов-р2ц
    @МаратДжакупов-р2ц 2 года назад +1

    Керемет!

  • @danakalko5135
    @danakalko5135 2 года назад +1

    Мың жасаңыз.

  • @ЖанараОмарова-в4к
    @ЖанараОмарова-в4к 2 года назад +2

    Маке супер

  • @ЖенискулМынбаева
    @ЖенискулМынбаева 10 месяцев назад

    Мейрамбек Беспаевқа мың алғыс

  • @ЖенискулМынбаева
    @ЖенискулМынбаева 10 месяцев назад

    Керемет
    Сөзіде мағналы жақсыы ән екен
    Рахмеет
    Мейрамбек Б

  • @СымбатЕлмуратова-д5ф
    @СымбатЕлмуратова-д5ф 2 года назад +1

    Керемет🥰

  • @user-xl8nd9mp1e
    @user-xl8nd9mp1e 2 месяца назад

    Ән деген осындай болу керек.Қазір екі үш сөзді айналдырып ән шығарып алғандарға қарап қарным ашады.

  • @ДауренМамбетов-ю4т
    @ДауренМамбетов-ю4т 2 года назад +1

    АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ керемет ✊💯

  • @ГаухарПанжазова-х1л
    @ГаухарПанжазова-х1л 3 месяца назад

    Супер маганалы асерлы

  • @user-ew8zd3ee7u
    @user-ew8zd3ee7u 2 года назад +1

    Беуде керемет өлең екен

  • @tursynyerkin4530
    @tursynyerkin4530 Год назад

    Әніңіз сондай жағымды Күшті
    Аман болшы аға

  • @АзаматКалыбеков-й9ъ
    @АзаматКалыбеков-й9ъ 2 года назад +1

    Мейрамбекке ешкім жете алмайды ау осы

  • @user-cz2pz7jc3y
    @user-cz2pz7jc3y Год назад

    Ай бауырым Ауылымды сагындырдын ааааа.баргым келди

  • @NoName-220
    @NoName-220 3 месяца назад

    Мейрамбектей қоңыр дауыс қазіргі жастарда бар ма?

  • @Kanzirasyieubaeva
    @Kanzirasyieubaeva 2 года назад +1

    Керемет ән, тамаша орындау