Жасөспірімдер арасындағы буллинг | Қыздар арасындағы бөліну | zhuldyz podcast

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 10 ноя 2024
  • #буллинг#бөліну#переходнойвозраст#zhuldyzpodcast
    Біз буллинг деп жүрген ұғым - әлімжеттік көрсету, психологиялық қысым жасау, ортадан бөліп тастау. Кез келген адам/бала буллинге қатысады (қатысқан). Бірі буллинг құрбаны болған, енді бірі куәгер болса, үшінші топ соны жасаған. Бұл тақырып қай кезде де өзекті. Буллинг тек ұлдар арасындағы ұрып-соғу ғана емес. Ортадан шеттету, бір адамды бөліп тастау. Соңғы уақытта осы мәселені көп жасөспірімнен естідім. Подкастың тақырыбы ретінде алғаным да сондықтан. Көбі аутсайдер болады да, өзін жексұрын сезініп, стресске түсіп кетеді. Бұдан қалай шығады? Жауабын психолог Айнұр Дүйсенмен болған сұхбаттан біле аласыздар.
    Бұдан бөлек, буллингке ұшыраған баланы қалай анықтауға болады? Мұндайда ата-ананың рөлі қандай? Сондай-ақ жасөспірім шақта жаңа ортаға қалай бейімделу керек деген сұрақтарға жауап іздедік.
    Тайм код:
    01:19 Сәлемдесу
    02:42 Буллингке ұшыраған баланы қалай анықтайды?
    05:25 Неге бала әлімжеттік жасайды?
    07:55 Неге балалар буллингке қатысқанын ешкімге айтпайды?
    10:21 Ата-ана қалай көмектесе алады?
    11:32 Қыздар арасындағы бөліну неден басталады?
    14:38 Ортадан бөлініп қалған жасөспірім ситуациядан қалай шығу керек?
    17:43 Бала мен ата-ана арасындағы үйлесім жақсы болу үшін не істеу керек?
    18:40 Ата ананың қолдауы маңызды
    20:50 Жаңа ортаға қалай бейімделу керек?
    24:35 Бәрі ата анадан басталу керек
    25:00 Неге бәрі өздігінен шешілмейді?
    25:40 Мектеп психологтары қалай жұмыс істейді?
    29:00 Баламен сөйлесу керек
    33:22 Буллингке түскен болсаңыз
    Подкаст қонағы Айнұр Дүйсеннің Instagram-дағы парақшасы:
    / psiholog_ainuraduisen
    Подкаст авторы Назира Қасымбекпен байланысу жолдары:
    Instagram: / ⁠
    Telegram: web.telegram.o...
    #жасөспірімдер#буллинг#психология#қыздар#бөліну

Комментарии • 2

  • @БатырИсатай-т5п
    @БатырИсатай-т5п Год назад +2

    Өте пайдалы ақпарат 👍

  • @meruyerta.7906
    @meruyerta.7906 Год назад +2

    Сәттілік тілеймін 👍👏
    Видео формат құтты болсын!🎉