Парижде алтын ала алмасақ "спрос" кімнен болады? Боксшылар жұлдыз ауруына шалдыққан ба?

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 8 сен 2024
  • Қазақстан спортшылары Парижге аттанып кетті. Енді санаулы күндерден кейін Сена өзенінің жағасында XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады. Отандастарымыз төртжылдықтың басты бәсекесіне 92 лицензия алған. Оның қаншауы жүлде алуға қауқарлы? Бүгінгі продкаст қонақтары - белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов пен спорт сарапшысы Исатай Мәдиев осы сұраққа жауап іздеп көрді.
    Соңғы Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына бірде-бір алтын медаль түспеген еді. Үміт артқан боксшылар да сенімнен шыға алмаған. Ал, енді спортқа жауапты шенеуніктер мен бапкерлер сол қателіктерден сабақ ала алды ма, соны байқайтын боламыз.
    Аслан қаженовтің пікірінше, лицензияға соңғы сәтте ғана қол жеткізген боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасының чемпионы болады. "Бірінші болдың" тұрақты резиденті Олжас Байбосын болса легионерлердің бірі Қазақстан қоржынына бір алтын салатынына сенімді. Әсіресе, жеңілатлет Нора Джерутоның әлеуеті зор дейді ол. Исатай Мәдиевтің болжауынша, ел аса сенім артпаған спортшылардың бірі топ жарады.
    Бүгінгі шығарылымда сондай-ақ, балуандар мен боксшылардың Олимпиада ойындарына дайындық деңгейі, олардың жеке өмірі мен оқу-жаттығу жиындары туралы сөз қозғадық. Спортшылардың тәрбиесі де назардан тыс қалмады.
    Telegram: t.me/birinshybol
    Сайтымыз: 1bol.kz/
    "Бірінші гол" арнамыз - / @1golkz
    Подкаст жүргізушісі:
    Олжас Байбосын - / olzhas_baibosin
    Қонақтарымыз
    Аслан Қаженов - / kazhenov.aslan
    Исатай Мадиев - / issatay_madi
    #біріншібол #бокс #подкаст

Комментарии • 246

  • @birinshibol
    @birinshibol  Месяц назад +15

    VIP-клиенттер үшін кешбэк және біздің серіктестерімізден жағымды бонус: clck.ru/3AN7t4

    • @YOUNGG27
      @YOUNGG27 Месяц назад +4

      Кінәні Ислам дінінен көрсеңдерші?! Үйреніп қалдыңдар гой😊

    • @atakhanzhumadil8784
      @atakhanzhumadil8784 Месяц назад

      тайм кодтар жасау керек ағасы

  • @isusjsjsi836
    @isusjsjsi836 Месяц назад +80

    Аслан өте дұрыс айтады қазақ қазақты қолдау керек

  • @Eqnar
    @Eqnar Месяц назад +87

    Исатай ағам жәй ғана спорт журеалисті емес. Кәдімгідей Қазаққа, тілге, спортымызға жаны ашитын азамат. Еркекқой таза ✊🏻👍🏻. Аман жүр Братан. Про ММА Подкаст оқырманадарынан Салам ✊🏻

  • @alibitazhibaev9294
    @alibitazhibaev9294 Месяц назад +56

    Аслан өз жұмысына тиянақты,нақты сөйлейді, еңбегі бар барлық спортшыларды іздеп жүріп сұхбат алып жүреді, жұмысын алға баса берсін!

  • @user-bm8wd7dg8t
    @user-bm8wd7dg8t Месяц назад +31

    Журналист бауырыма риза болдым, нағыз Қазақтарға жаны ашитын жігіт екені көрініп тұр, аман жүр бауырым, біреулердің көңіліне қарамай шындықты айтып жүрсең қарапайым халыққа.

  • @user-vz2no5gt6e
    @user-vz2no5gt6e Месяц назад +34

    Головкин өте дұрыс айтады,шығу керек АИБА - дан.әйтпесе ұтып тұрған қазақтың жеңілгені жеңілген.

    • @user-hs9ux8mg6v
      @user-hs9ux8mg6v 29 дней назад

      АИБА нын Олимпиадага не катысы бар катырасын,Аибадан шыксан Чемпионат Мирадан 3-4 алтын алмайсын,Олимпиадники МОК

  • @gibratkakimov7505
    @gibratkakimov7505 Месяц назад +24

    Кеш жарық!
    Қазақ тілді журналистер дами беріңдер! Дұрыс айттың барлық жауапкершілік басшыдан болу керек. Істейді алмаса алып тастау керек. Бұға берсем, соған береді нің кебін киіп, болдық қой.

    • @qabylasylbek5154
      @qabylasylbek5154 Месяц назад

      Сол бастық болып отырғандар да тілді жетік білмейді. Сол үшін оларға орыс тілді журналистер жақсы

  • @user-nh3lg2kw1o
    @user-nh3lg2kw1o Месяц назад +11

    Қазақ тілді қорғайтын сіз жане біз бармыз✅🇰🇿

  • @user-zc4en3dd7t
    @user-zc4en3dd7t Месяц назад +25

    Мықты шығарылым 🔥 Олжас осылай профтарды шақыршы үнемі.

  • @alibekorazbay
    @alibekorazbay Месяц назад +35

    Все.
    Олимпиада бітті.
    Миллиардтар ұшты.
    Мақтанатын дым жоқ,
    Киім ғана күшті.
    Негізінде халық
    Бір жүлдені күтті.
    Өйткені бұл жолы
    Эстония да ұтты,
    Латвия да ұтты,
    Беларусь та ұтты,
    Жаңа Зеландияның өзі
    Қос алтынды құшты.
    Ал, жерлестер болса
    Бестіктен бір шықты,
    Ондықтан бір шықты,
    Қалғандары қалып
    Маңырады тіпті.
    Одан кейін сасып
    Сылтау айтып бөсті.
    Қар жасанды деді,
    Бұғаулапты бұтты.
    Мұз дегенің жұмсақ
    Жел қатты деп қыртты.
    Вобщым кінә содан
    Ал, команда мықты.
    Сөйтіп-сөйтіп жаймен
    Жұбатты да жұртты.
    Қалталарға басты
    Майлап алды ұртты.
    Қалың қазақ аң-таң
    Түсінбеді түкті.
    Тағы алданып қалды,
    Тағы ауызын с*кті.
    Аслан Қаженов

    • @user-on4fz5pc7v
      @user-on4fz5pc7v Месяц назад +3

      Киімде күшті емес қой мектептің балдары ның киімі сияқты

    • @saimaneshmurat3960
      @saimaneshmurat3960 Месяц назад +1

      Мына оленди каз естип жыртылдым бляя 😂

  • @user-sx9gs8fr4r
    @user-sx9gs8fr4r Месяц назад +30

    Қазақ тілді журналисттер неге апарылмауда бұл не масқара

    • @qabylasylbek5154
      @qabylasylbek5154 Месяц назад +5

      Бастықтар орыс тілді оларға сол ыңғайлы

  • @AisanaAset-ie1mu
    @AisanaAset-ie1mu Месяц назад +12

    Аслан красавчик кой. Осы Аслан Ермухан журналистер казактын мактаныштары

  • @user-ji4xl6jq6q
    @user-ji4xl6jq6q Месяц назад +16

    ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІ ҚАЗАҚ ТІЛІН КӨТЕРМЕЙДІ СЕБЕБІ ҮКІМЕТ БАСЫНДАҒЫ БАСҚАРЫП ОТЫРҒАН ДАР МИНСТР ЛЕР ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕМЛЕКЕТІК ТІЛДІ🎉БІЛМЕЙДІ ТҮСІНБЕЙДІ ОЛАР ОРЫС ТІЛДІ ОРЫСТЫ ЖАҚТАЙДЫ

  • @erkebulanzhasaganbergenov603
    @erkebulanzhasaganbergenov603 Месяц назад +13

    Аслан Қаженов өте мықты журналист

  • @user-qp7gj7mo1m
    @user-qp7gj7mo1m Месяц назад +14

    ҰОК жұмыстан қуу керек, әлбетте өз қандастарын, өз жақындарын тықпалап жатқан ғой

  • @Ghu009
    @Ghu009 Месяц назад +13

    Қазақ спортшыларына сәттілік тілейміз. Алла қолдасын🤲

  • @Aibar1106
    @Aibar1106 Месяц назад +24

    Бахтияр Артаевтын сұхбатын көріңдер Жылқышыбаймен болған

  • @user-sy9oi3kc7y
    @user-sy9oi3kc7y Месяц назад +11

    Ассалаумағалейкум 🎉🎉🎉 Аслан шындықты айтып жүр 🎉🎉🎉

  • @user-xj8bc5rb1c
    @user-xj8bc5rb1c Месяц назад +21

    Аслан Каженовты көп шақырсаңыздар!

  • @KUKADZAKI
    @KUKADZAKI Месяц назад +7

    Өз ісінің мамандары келген екен...Керемет подкаст👏👏👏

  • @user-xk3vf8gl4p
    @user-xk3vf8gl4p Месяц назад +6

    Жараисыңдар жигиттер қазақ тілді журналистика дами берсін

  • @Almas-mi3dq
    @Almas-mi3dq Месяц назад +6

    Осы екеуин жии шакыру керек,оте кызыкты отти🎉

  • @ablay.oshakbaev
    @ablay.oshakbaev Месяц назад +15

    Кім барсада, жұлдыз аурумен болсада, алтын алса бәрін кешіреміз

    • @damnazwehnazyas9569
      @damnazwehnazyas9569 Месяц назад +2

      Бир алимпиада женип әкім болсадама😂😂

    • @ablay.oshakbaev
      @ablay.oshakbaev Месяц назад

      @@damnazwehnazyas9569как минимум депутат қой сразу

    • @abyss_Appl.2203
      @abyss_Appl.2203 Месяц назад +1

      Сенин кеширимин кимге керек 😂

  • @MenQazaqpyn-xl2gx
    @MenQazaqpyn-xl2gx Месяц назад +4

    Тамаша жоғары деңгейдегі пікір алмасу болды. Сауатты, тәжірибесі мол жігіттер екен. Сөздері, ойлары орынды.

  • @Абдигаппар
    @Абдигаппар Месяц назад +3

    Жигиттер Алла жар болсын сендерге сиздерге денсаулык бакыт тилеймиз

  • @user-oj4kh2nt4o
    @user-oj4kh2nt4o Месяц назад +27

    Бәрі билікке тіреледі екен, басында орысқұлдар отыр, оны қарапайым Қазақ біліп отыр. Шындығы осы ағайын!

  • @user-gh5hw9rd5v
    @user-gh5hw9rd5v Месяц назад +9

    Мұхит Амантайды шақырсаңдар Нұр үстіне нұр болар еді Олжас!👍💯

  • @gladiator9476
    @gladiator9476 Месяц назад +3

    Казак бир туугандар Алга.казак кыргыз бир тууган.Бишкектен САЛАМ

  • @user-tj3pk2vs1b
    @user-tj3pk2vs1b Месяц назад +6

    Айбек пен Нурбек нормальный жігіттер, сеткасы мыкты болса да солардан алтын күтем, қойған тактиканы до конца апаратын жігіттер!

  • @user-tu8ch4bw4c
    @user-tu8ch4bw4c Месяц назад +13

    Не масқара ертең сонда сасық шошқалар не айты екен деп күтіп отырамыз ба😮

    • @qabylasylbek5154
      @qabylasylbek5154 Месяц назад +2

      Амал жоқ. Ана журналистер жігіт барса ол өз ақшасына барады. Ал ана кеңкелестер мемлекеттің ақшасына барып тайраңдап қайтып келеді

  • @user-of8lc9wr4v
    @user-of8lc9wr4v Месяц назад +4

    Осы подкастта Исатай Мадиды коргениме куаныштымын

  • @Astanabaskala
    @Astanabaskala Месяц назад +5

    Негізі жәймен жәймен елге тілге спортқа қоғамға жаны ашыйтын адамдар көбірек болып кәтірше

  • @user-og2gd7er1x
    @user-og2gd7er1x Месяц назад +8

    Казах тили кенинен колдану керек !

    • @user-fq9xv8wt1w
      @user-fq9xv8wt1w Месяц назад

      @@user-og2gd7er1x ол үшін қазақтар қатесіз жазып үйрену керек бірінші.

  • @Rusya87
    @Rusya87 Месяц назад +12

    Кениялықтар просто қатты жүгіретін кроссофки киіп алады ғой, менде сондай болған кішкентай кезімде

  • @user-tp1gx6zk1n
    @user-tp1gx6zk1n Месяц назад +4

    Біз қашан олимпиада басталады деп жүрсек, сонда біз17 млн қазақ өз тілімізде олимпиада көрмейміщ бе? Қазахстан НОК комитеті сондақай мемлекеттің комитеті? Мемлекеттік тілде неге біз көрмеуіміз керек қаржы халықтікі. Жауапқа тартылсвн !

  • @freedomjustice6488
    @freedomjustice6488 Месяц назад +5

    1992-2012 жыл арасында боксшылар аш жүрді. Жағдай нашар болған. Ал кәзір жағдай жаман емес.

  • @user-eg3gc1tz4l
    @user-eg3gc1tz4l Месяц назад +3

    Шығырылым жақсы.Асланды жие шақырсанызжар✊

  • @user-vr6zt8pp9p
    @user-vr6zt8pp9p 22 дня назад

    Жігіттері жараисыңдар қазақ тілінің жанашырлары екенсіңдер аянбаңдар

  • @KM-sj1pb
    @KM-sj1pb Месяц назад +1

    Күшті шығарылым! Тек тез бітіп қалғаны болмаса

  • @user-fs6pj9vd7u
    @user-fs6pj9vd7u Месяц назад +4

    Созди шыны керек жане уяатка калайтын сияктымызго барлык жерде жемкорлык осы жигиттер неге бармайды

  • @user-ry1jd7ws4e
    @user-ry1jd7ws4e Месяц назад +7

    Ассалаумағалейкум Қазақтар. Көп алтын медаль алуды нәсіп етсін. Көшпенділер туралы бір подкаст болса, көкпардың мамандарымен. Бәрі қазақтың жігіттері, бәрі қазақ тілінде сөйлейді мысалы Нұрдәулет Момынов, Қуан Құрамаев, Құрманбек палуан жаттықтырушы Ақылбай Манкеев коментаторда бар, жасашы подкаст бауырым

  • @user-ev6zf4gu6k
    @user-ev6zf4gu6k Месяц назад +5

    Головкинді қою қателік болды, Ол қазақша түсінбейдіғой

  • @7000Soundsyouneed
    @7000Soundsyouneed Месяц назад +2

    Нора сияқты пайдасы жоқ легионерлердің керегі жоқ. Ешқандай жаттығуларын біздің спортшыларға көрсетпесе, біздің жаттықтырушылар келген легионерлерден ешқандсй шебеилік сабақтарын ала алмаса не үшін керек ондай спортшяняң? Сол легионерді сатып алған басшылармен антикор айналысу керек сияқты. Қаржыны бекерге шашқандары үшін.

  • @user-ku6mq7dv5z
    @user-ku6mq7dv5z Месяц назад +1

    Бір Отан сүйгіш қызымыздың былай дегені маған қатты ұнады : Қазақты жамандама қазақ бала,Қазақ деген жер бетінде аз-ақ қана.Домаланған мына жұмыр жер бетінде.Қазаққа жаны ашитын ҚАЗАҚ қана!!!.Егер намысымызды оятпасақ,тілімізді,дінімізді,салт дәстүрімізді сақтап қалмасақ Қазақ жоқ болып кетері анық, Бұл жерде тек Қазақ өзгені емес Өзін ойлаған, Халқын ойлаған Намысқа тырысқан халық қана елін тоз -тоз болып кетуден сақтап қала алады.Намыстаныңыздар,ағайын,Болашақ ұрпақ үшін!

  • @aidar6983
    @aidar6983 Месяц назад +5

    Баска тілде сөилеитін адамды неге коиады ақмак тар биліктегі лер

  • @nurdauletuly011
    @nurdauletuly011 Месяц назад +7

    Аслан Қаженов сияқты журналистерді комитеттің апармайтынына қарап түсіне беруге болады.

  • @user-cb9wz1qc4o
    @user-cb9wz1qc4o Месяц назад +3

    Головкиннің мәлімдемесі өз пікірі деп оиламаимын оған аитқызып отырған күштер бар шығар

  • @user-pp3hv9ey2f
    @user-pp3hv9ey2f Месяц назад +1

    Лецензия алғанға берген ақшаларын кайтарсын түк бытырммеды

  • @aselborasheva5626
    @aselborasheva5626 Месяц назад +4

    Айбек , Нұрбек нашар адамдар екен

    • @user-tk2rv7yj5p
      @user-tk2rv7yj5p Месяц назад

      Бұл Аслан Қаженов үнемі Оралбайларға хейт жасайды да сұқбат берщі дейді, ол батыр жігіттер дұрыс гордый болу керек, әр хайпажёр артынан жүрмеу керек

  • @Nomad620
    @Nomad620 Месяц назад +13

    Ауыр атлетика кезінде Олимпиада да Қазақстан дүркіреп тұру шеді. Құлдырап кеткені өкінішті.

    • @bake_sake
      @bake_sake Месяц назад +1

      Келесі олимпиада Лос-Анджелес те дүркіретед уайымдамаңыздар 😅😅😅

    • @corporationofsheikh2736
      @corporationofsheikh2736 Месяц назад

      Әмин ​@@bake_sake

    • @user-jz8wz3gj5e
      @user-jz8wz3gj5e Месяц назад +1

      Иа Лондонда атлеттердің арқасында 12 орынға көтерілдік емеспа

    • @Нурлан-б6о
      @Нурлан-б6о Месяц назад

      Кулдырамаганда кайтеди мыкты штангистерди кангыртып жиберди гой спорт министрликтери Филимонов Алмас Отешов Жасулан Кыдырбаев Айлыктары да жок Спорттын министрликтери спортка катысы жок адамдар олар калай жаны ашиды спортка

  • @user-rk9qm4wt6s
    @user-rk9qm4wt6s Месяц назад +2

    Осылай жалғастыра беріңдерш

  • @user-vg2yr3xn8i
    @user-vg2yr3xn8i Месяц назад +4

    Казак тили 1 орында болуы керек Казак бокысын Казактар ғана кореди Казактын бокысы орыстарға не керек карамайтта олар

  • @user-kn9wr7fk4v
    @user-kn9wr7fk4v Месяц назад +1

    Айбек пен Нұрбек олда адамдар, жүйкеңе тисе сенде айтасың, мен болсам сабар едім.

  • @unknown099kz
    @unknown099kz Месяц назад +3

    мына Аслан Қаженов Симпатичный ))

  • @user-qp7gj7mo1m
    @user-qp7gj7mo1m Месяц назад +6

    ОК басшылығымен толық ауыстырылуы тиіс

  • @AnsarAblaiev
    @AnsarAblaiev Месяц назад +1

    жаксы подкаст болды. Бирак казак боксшыларынан куман алгандары кате болды. Коресындергой барлыгы топ жарады биздинкилер. Жайдан жай алем рейтингинде 1-ши орында турган жок. Олимпбеттен колдаймын озимздын батырларды!

    • @fanat991
      @fanat991 Месяц назад +1

      Дурыс айтасын, толкыктай келисемын. Биздын арландар оз азуларын корсетеды Парижде. Бокс тан алем мойындайдыгой бизды,неге озимздиклер куманга алып отыр?!

    • @AnsarAblaiev
      @AnsarAblaiev Месяц назад

      @@fanat991соны айтамынгой менде. Ол калай болганы, оз спортшыларын жаманга тенеп. Жай гана колдау корсетип, бир улкендыгын танытып наставление берип жберсе болганы!

  • @user-gl2zm6ul8c
    @user-gl2zm6ul8c Месяц назад +1

    Хасонбай отлично формада озбекский тактика анкау казактар😂😂😂

  • @user-nh3lg2kw1o
    @user-nh3lg2kw1o Месяц назад

    Қазақ тіліміз сіздер барде еш қашан өшпейді✅🇰🇿

  • @user-op7wb3bv1u
    @user-op7wb3bv1u Месяц назад +1

    Қазақ елі қолдайық каналды

  • @user-tq6dm4so3k
    @user-tq6dm4so3k Месяц назад +3

    Кайсар мен Тауасар барсын! Лайк басып жиберейк

  • @MukambetKayirbaev
    @MukambetKayirbaev Месяц назад +5

    Тагы ауыздан сыкты дегеннын отты😂😂

  • @user-db8ec7pv7c
    @user-db8ec7pv7c Месяц назад +5

    Сиздерди апарса былыгынын барин айтады деп коркады

  • @user-hy1xm5ui6x
    @user-hy1xm5ui6x Месяц назад +3

    Жалпы..орыстілді..журналистерлі..жібермеу..керек..аздап..болады...қазақты..таныту.үшін.тек..қазақша..болсын..олар..мəңгүрт..болмасын.

  • @user-sy9oi3kc7y
    @user-sy9oi3kc7y Месяц назад +5

    Сметов алуы мүмкін, ол сияқты ҚР дарынды дзюдошы әлі жоқ, алып қалу себебі адам аз әлем чемпионатына қарағанда, шаршап қалмаса Сметовқа жететін және асатын жапондық Руюджи Нагояма ғана сияқты 🎉🎉🎉

    • @user-kw5gn2sb7o
      @user-kw5gn2sb7o Месяц назад +1

      Тайпейлік жігіт бар, азербайжанның әлем чемпионы бар, испаниялық әлем чемпионы бар. Оңай емес Елдосқа

    • @user-sy9oi3kc7y
      @user-sy9oi3kc7y Месяц назад

      @@user-kw5gn2sb7o иә оңай емес

  • @user-bx4ln2dg4f
    @user-bx4ln2dg4f Месяц назад +1

    Олжас жараисың інім Абыроиың арта берсін

  • @freedomjustice6488
    @freedomjustice6488 Месяц назад +2

    Лигионерлердің пайдасы жоқ

  • @user-nu9zt6rt9u
    @user-nu9zt6rt9u Месяц назад +2

    Кісілік алысқа апармайды. Айбек Нурбек түсіңдер жоғарыдан

  • @By_Baglan
    @By_Baglan Месяц назад +2

    Соңында сюрприз бар екен😅

  • @aitkalibekterbekov2419
    @aitkalibekterbekov2419 Месяц назад +2

    Головкин жарайсын Аибадан шыгу керек

  • @user-vs5qg8he2q
    @user-vs5qg8he2q Месяц назад +1

    Журналистер орысша сұрақ қойса қазақша жауап беру керек.

  • @user-kn9ne5oc6t
    @user-kn9ne5oc6t Месяц назад +1

    Фрибет бергенше 5-10 килә ет бергенің дұрыс қой!...😂😅🤣

  • @Saulet-bv5jl
    @Saulet-bv5jl Месяц назад

    Олипиядағы шегеріс бізді 30 жыл кері шегеріс болды,сол үшін тренерлерді жазалау керек

  • @user-rk9qm4wt6s
    @user-rk9qm4wt6s Месяц назад +3

    Галовкинды шакырындарш

  • @dauletbaitov5073
    @dauletbaitov5073 Месяц назад +1

    Қазақша подкасттар мен каналдарға комментарий мен лайктар көбірек басу керек, ал орысшаны қарамасаңдар өз өзімен орысша видеолар азаяды. Сол үшін лайк, коментарии

  • @tugelbaykulzhanov9266
    @tugelbaykulzhanov9266 Месяц назад +4

    AIBA дан шығу керек дұрыс Гена айтса біліп айтады

  • @user-dh6bi2rb8q
    @user-dh6bi2rb8q Месяц назад +1

    Головкин будет выступать на Олимпиаде 😮,до чего опустились ради медали

  • @user-tp1gx6zk1n
    @user-tp1gx6zk1n Месяц назад +1

    Ағайындар олимпиадаға қазақ мемлекеті атынан , туымен гимрімен бпратвн шығар. Сондықтан комментаторлпр мен журнслистер мемлекет тілінде сөйлейтін шығар! Көшеде өз ара қай тілде сөйлесе де комунаксбнльді бола ма шаруамыз жоқ! Ал теледидармен экранда тек мемлекеттік тілде болуы керек заң бойынша.Басқа тілде тура аударып тұрама әлде субсит бола ма шешу керек! Ресей туы астында шықпайтын шығар біздіңспортсмендер! Позор қылмакдаршы барлвқ хабар тек мемлнкнттік тілде болкы керее

  • @Elim7237
    @Elim7237 Месяц назад +3

    Қазақстан Бокстан 2 федерациа ашу керек

    • @user-jn6fz5qs5x
      @user-jn6fz5qs5x Месяц назад +1

      Оте дурыс конкуренция бар жерде сапа бар

    • @maqsat5969
      @maqsat5969 Месяц назад

      Екі федерацияда болудың мүмкіндігі жоқ. Қазақстанға таңдау керек болады.

  • @user-lz9rb9qs7r
    @user-lz9rb9qs7r Месяц назад

    2024 ж 10 тамызында көріп отырмыз, медальдан жұрдай боп, позор біздің спортқа. Легионерлер керек емес. Бокс, күрес т.б түгел кінәлілерді жауапқа тарту керек. Спрос болса ғана нәтиже болад. А так ақша үшін әр олимпиадаға барып отырад, орын алмасам да, қатыссам болды деп

  • @user-iw4rz6bh1q
    @user-iw4rz6bh1q Месяц назад

    Керемет сұхбат.

  • @user-ik9sd5dv4h
    @user-ik9sd5dv4h Месяц назад +3

    Орыс тылды журналистерды апарады дейды сонда сол кысылерды ырыктейтын адамдарда миы бары жайындама негызы ойына келгенды ыстейды кай елде турамыз озы ангымесы жок

  • @user-fq9xv8wt1w
    @user-fq9xv8wt1w Месяц назад +2

    Олимпиада бізде біраз алтын болады, курес, дзюдо орыстар жоқ.

  • @Абдигаппар
    @Абдигаппар Месяц назад

    Жигиттер жарайсындар Аман болындар жандарым

  • @NurzatAbildaev
    @NurzatAbildaev Месяц назад

    Ассалаумағалейкүм
    Қалайсыздар
    Өте дұрыс айттыңыздар
    Бірақ бәрі керісінше болды ма
    Ату дан қола
    Асланбек ұшып кетті
    Күрестен 1 емес 2кі медаль бар
    Бокс шіріп жатыр
    Нұрбектің жеребесі жақсы болды

  • @1golkz
    @1golkz Месяц назад +5

    😎😎😎

  • @madishegebayev4561
    @madishegebayev4561 Месяц назад +1

    👏👏👏👏

  • @user-cx8yw8zn4z
    @user-cx8yw8zn4z Месяц назад +2

    Гена политик болып популисттік пікірлер айтайын деген ғой. Абыройынан айырылып қалмаса екен политикаға кіріп. Националист болудың қажеті жоқ қай организацияда болсақ та нәтиже берсе болды бастысы

  • @user-fx2wb3cw9x
    @user-fx2wb3cw9x Месяц назад

    Алла сактасын.Ондай жагдай болды.Барлыгы тыгылып калды.Казспорт каналынан бастап.Тренерлерды айтпаганда.Етимиз уйренген.

  • @user-uo8nd3or1l
    @user-uo8nd3or1l Месяц назад +1

    кудай каласа Мухамедсабыр алтын алады 63.5 кг биздин жигит

  • @user-hg5ro6ej7y
    @user-hg5ro6ej7y Месяц назад +3

    Головкиннин иси орыс журналисин апарады

  • @namazaiabdul1358
    @namazaiabdul1358 Месяц назад

    Соңы кушті болды

  • @IT-rl3ff
    @IT-rl3ff Месяц назад +2

    Әбден тойғанғой бокс уже мал бағуға жіберу кереккой

  • @zhanibeksagyngali897
    @zhanibeksagyngali897 Месяц назад +3

    Айбек пен Нұрбек көрініп тұр сондай екендері

  • @kz.2960
    @kz.2960 Месяц назад

    Масқара ғой мынау,егер шын болса!

  • @aitolkynmerkibai1970
    @aitolkynmerkibai1970 20 дней назад

    🔥

  • @user-dj3ge3uw4u
    @user-dj3ge3uw4u 23 дня назад

    Айналайын Ағайтайлар сұхбаттан 1 ші Нариман братанға машина кім береді дым болмағандай отырсыздаргой Сұхбат беріп 🙄😡Нариманға машина қашан береді деп күтіп отырмыз тик токта халық шулап жатыр..
    Нариманға көлік берсін ☝️

  • @user-bp4rc5kj4i
    @user-bp4rc5kj4i Месяц назад +3

    Узбекистаннын блогери бар деп айткасын ким, кай блогер екенин толык айтпайсындарма.

  • @Нурлан-б6о
    @Нурлан-б6о Месяц назад

    Винокуров бизге неге керек Казакстанга не Шетелде турып Казакстаннын акша алып отыратын Алмас Отешов Сергей Филимонов Бактияр Артаев Турсынгали Едилов шететпей доканса айлыктарын берсе болмайма Спортка катысы жок спорт министрлердин бизге тукке катысы жок олар талай спортшылардын сорына тышадады

  • @theaidyn50-42
    @theaidyn50-42 Месяц назад +1

    80кг страшный вес
    Арлен-2олимп чемп и мир
    Тохтарбек-азия ойын чемп и 2 орын мирда
    Оралбай- алем чемп
    Перейра- 2орын мир
    Хабибуллаев-жастар арасында алем чемп
    Хижняк-2орын олимп, алем чемп
    Марсиаль-2орын мир, 3орын мир
    Сальваторе-европа 2 орын и кола мирда
    Айуан

  • @user-tw8fv1oe9n
    @user-tw8fv1oe9n Месяц назад

    Баяғыда олимпиаданы күтетін едім сөйтсем алған алтындарымыз өтірік екен,қазір қарамаймын нестеп жатыр дым қызық емес негізі спортшыларды хостолға жаткызу керек гостиницаға қате шығар,хостолға жатқызып ақшасын өзіне төлету керек и так допингке тойып жүр