Отандық ІТ-ағартушының жолы: ауылдан Бостонға дейін

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 30 сен 2024
  • Бүгінгі эпизодымызда еліміздегі атақты ІТ-ағартушы, қазақ тіліндегі ІТ саласының жанашыры, көпжылдық тәжірибесі бар білікті маман Тимур Бектұр мырзамен саланың басты ерекшеліктерін талқыладық.
    Қонағымыз ауылдан АҚШ-тың Бостон университетіне дейінгі оқу және мансап жолының қыр-сырын бөлісті. Сонымен қатар, жасанды интеллект, продукт менеджмент, BigTech компанияларының қызметі, бизнесті цифрлы дамыту бойынша пайдалы ақпарат айтылды. Елімізде кәсіпкерлер технологиялық трендтерді қалай игеріп жатыр? Жастардың мамандық таңдаудағы басты қиындықтары қандай? Неге ІТ мамандарының жалақысы жоғары? Қазақ тіліндегі терминология соншалықты қиын ба? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін эпизодымызды тамашалауға шақырамыз.
    Түсірілім қонағы:
    Тимур Бектұр - ІТ және жаңа технология саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар білікті ағартушы маман, көптеген ІТ бағыттары бойынша бизнес-консультант, Timur Academy мектебінің негізін қалаушы, Boston University түлегі
    Подкаст авторы:
    Абзал Нарымбетов - Бизнес-аналитик, Мұнайгаз саласының аналитигі, Energy Analytics Telegram және Instagram арналарының авторы
    Тайм-кодтар:
    2:35 Спикермен танысу
    3:39 Болашақ бағдарламасы бойынша оқу - life long learning ұстанымы
    5:27 Gap year маңызы туралы
    08:48 Грантқа оқуға түсе алмадым
    11:07 Алғаш компьютермен танысу - жұмыс тәжірибиесінің бастамасы
    13:24 АҚШ-та оқуды неге таңдадым және не көңілімнен шықпады?
    17:06 Қазақстандық оқу орындары АҚШ-тан не үйрене алады?
    20:47 IT саласын қазақ тілінде жеткізу - ағартушылық жол
    22:31 Біздің халықтың потенциалы зор - артқа тартатын сөздер айтпау маңызды
    24:03 "Ойжұмбақ" анимациялық фильміне пікір
    25:51 Қазақ жастарының үрейі қандай?
    29:08 ІТ саласының қазақша терминологиясы туралы
    33:28 Аударма жасағанда барлығы бірдей жауапкершілік алу керек
    37:19 Бізге генератив жасанды интеллект тренді дұрыс емес жеткен
    40:53 GPT продукты қалай жұмыс істейді?
    44:23 BigTech компаниялары арасындағы бәсекелестік
    52:18 Жасанды интеллекттің "өкіл әкесі" не деді?
    56:07 Ақпарат, инженерлер ұрлау процесіне тарихи шолу
    58:07 Ал BigTech компаниялары арасында қалай?
    1:02:19 Google офисінің қарапайымдылығы
    1:04:53 Timur Аcademy оқыту орталығы туралы
    1:07:31 Мамандықты жан-жақты игеру маңызы - көпмодельді ойлау
    1:11:29 Контентке фильтр қалай жасалады?
    1:13:56 Мамандық таңдау - бұрын қалай, қазір қалай?
    1:19:39 Бизнесті цифрлық дамыту және технологиялық трендтер туралы
    1:22:20 Кәсіпкерлердің технологиялық көштен қалуы
    1:26:02 IT саласында неге жалақы жоғары?
    1:31:12 Әрбір азамат жан-жақты сауатты болуы қажет
    1:34:13 АҚШ-та жүріп, отандық кітаптарды сағындым
    1:37:33 Адамның назарының ұзақтығы және қандай кітаптар оқу керек?
    1:40:43 Ең көп инстаграм қолданатын елдер және біздің елге әлеуметтік желінің әсері
    1:44:00 Әр адам дамытуы тиіс топ-5 дағды қандай?
    1:46:00 Қорытындылау
    Біздің парақшаларға жазылыңыз
    Instagram: / energy_analytics
    Linkedin: / analytics-energy
    Telegram: t.me/EnergyAna...

Комментарии • 26

  • @samatsultanov
    @samatsultanov 2 месяца назад +3

    Көп рахмет шығарылым үшін. Көрермен ретінде мен көп ләззат алдым, оған қоса мұнай саласынан айти саласына ауысайын деп, курс оқып жатқан студент ретінде жерлесімнен көп пайдалы ақпарат алдым.

  • @Аудиокітап-я4б
    @Аудиокітап-я4б 2 месяца назад +2

    Жүргізуші сұрақ қойғаннан кейін, жауап берушіні соңына дейін тыңдау керек, қабаттаса бермей.

  • @maratjaucan3855
    @maratjaucan3855 2 месяца назад +3

    Керемет

  • @siko9826
    @siko9826 24 дня назад +1

    Ассалаумағалейкум жарайсың, інім, қазіргі заманғы сауатты маман, осы жігіттерді үлгі көрсетіп, жиі жарыққа шығару керек.

  • @SafiNaz1671
    @SafiNaz1671 24 дня назад +1

    Керемет маман екен. Маңғыстаудың Жетібай ауылынан шыққын , жарайсың інішек. Еңбегің жоғары өрлей берсін👍🏻👏

  • @3damina911
    @3damina911 2 месяца назад +10

    Көзі ашық, кәсіби білімді маман екені көрініп тұр, елдің жанашыры екен, еңбегі елдің игілігіне жарасын! Жастарымызға үлгі болып ісі берекелі болсын, елге қайырлы болсын!

  • @nurlanurla8588
    @nurlanurla8588 2 месяца назад +5

    Пах шіркін, қазақша қалай сөйлейді! Мықты маман екен.

  • @rizarizat6356
    @rizarizat6356 2 месяца назад +5

    Ісіңізге береке тілеймін 🤲

  • @АбдилдаТулкибаев
    @АбдилдаТулкибаев 2 месяца назад +4

    Керемет сұхбат, өте білімді, ең бастысы қазақ тілді маман екен. Осындай азаматтар көбейе берсін, еліміздің болашағына қызмет ететін.

  • @akorkh3934
    @akorkh3934 2 месяца назад +4

    Керемет, өте мағыналы, пайдалы сұхбат болды! Көп рахмет!

  • @ШарипаТурганбаева-ш8у
    @ШарипаТурганбаева-ш8у 2 месяца назад +4

    Керемет подкаст.Жарайсың,Тимур Амантайұлы .Көп нәрсенің мағынасын түсініп қалдым.Жастарымыз сенен үлгі алсын

  • @СәкенЖургенов-ш8н
    @СәкенЖургенов-ш8н 2 месяца назад +4

    Мықты жігіт!

  • @Аудиокітап-я4б
    @Аудиокітап-я4б 2 месяца назад +3

    Көп адамның көзін ашты, жарайсың, Маңғыстау

  • @Est_kb
    @Est_kb 2 месяца назад +4

    Тимур - керемет ағартушы -педагог,👍👍👍
    Сізге сәттілік!!!

  • @БакытБарсай
    @БакытБарсай 2 месяца назад +4

    Осындай білімді, заман талабына сай білімді, болашақты ойлайтын жастарымыз көп болсын.

  • @MrMangistau
    @MrMangistau 2 месяца назад +4

    🔥🔥🔥🔥🔥🔥 Жақсы подкаст, көп рақмет.

  • @zerek_balaqai
    @zerek_balaqai 2 месяца назад +5

    Керемет сұқбат

  • @bilimmarket
    @bilimmarket 2 месяца назад +4

    Керемет! Білім алу ешқашан кеш емес екенін дәлелдеп келесіз

  • @turumzhanniyazkul7369
    @turumzhanniyazkul7369 2 месяца назад +4

    Керемет сұхбат

  • @Аппақтаптазатәптәттімөпмөлдір

    Ооу не деген сұқбат, өте тамаша

  • @ВеселыйКотл
    @ВеселыйКотл 25 дней назад

    Жарнама тым көп, көру қиын

  • @akzcha6346
    @akzcha6346 2 месяца назад +4

    Билимиди азаматтарымыз коп болсын.

  • @akzcha6346
    @akzcha6346 2 месяца назад +3

    МУПК отти )

  • @MusiraliMirzakulov
    @MusiraliMirzakulov 2 месяца назад +4

    👏👍✊

  • @galaxyspace175
    @galaxyspace175 2 месяца назад +1

    Омг, айтайын деп отырған сөзіңді аузыңнан суырып жұлып алатын жүргізушіні қайдан алғансыздар? Интервьюер деген сұрағын қойып, жауап алатын қызмет емес пе? Алайда, бір-екі рет сөзін бөлгендіктен, Тимур ойын жоғалтып, тез арада тауып ала қойған нағыз тәжірибелі маман. Енді жүргізуші адам соны көріп, кішкене қоя салса да болады ғой. Тимурға айтқызбай, бізге тыңдатқызбай- әкетіп бара жатыр. Онда қонақты сұхбат алуға не үшін шақырғансыз?
    Сұқбат алу - ол да бір мәдениет. Сұхбат алушыға тегін кеңес: learn some patience.

    • @johnnyphoenix6458
      @johnnyphoenix6458 2 месяца назад +3

      Өйткені бұл интервью емес, бұл подкаст. Подкастингтің интервьюдан айырмашылығы да сол. Екі адам бұл жерде қатар бір-бірінің сөзін тоқтатып өз ойын айта береді. Яғни талқылау форматы.