Су тапшылығын тудырып отқан Ойыл өзені бойындағы заңсыз бөгеттердің барлығы тексеріледі

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 11 сен 2024
  • Ақтөбе облысындағы Ойыл өзені бойына салынған заңсыз бөгеттер тексерілді. Нұр-Сұлтан қаласының су комитетінен келген арнайы коммисия өзенді қайта қалпына келтіру үшін бөгеттерді бұзу керек деген шешім шығарған. Және аудан басшыларына өзенді жағалап жатқан бұлақ көздерін ашуды тапсырмақшы.
    Бұған дейін әкімдіктегілер Ойылдың бойында небәрі 5-6 бөгет бар екенін айтқан еді. Ал тексеріс барысында иесіз жатқан 34 бөгет анықталды. Шенеуніктер неліктен осы уақытқа дейін есептен шатысқандарын түсіндіріп бере алмады. Ойылдың бойын жайлаған Атырау облысы Қызылқоға ауданының халқы да соңғы жылдары өзеннен су келмей, судан әбден тарыққандарын айтып, шағымданған. Тіпті Атырау облысының белсенді азаматтары өзенді өздері тексеру үшін Ақтөбе облысынан бастап арна бойымен дрон ұшырып, 40-қа жуық заңсыз бөгетті анықтап берген еді. Бірақ мамандар, өзендегі судың тартылуы бөгеттерден емес, құрғақшылықтан деп отыр. Ал Су комитеті басшылық ететін комиссия мүшелері иесіз бөгеттерді бұзудан бөлек, аудан басшыларына бұлақ көздерін ашуды тапсырмақ. Сөздерінше осыдан кейін ғана Ойыл өзенінен су жүруі мүмкін.
    АСХАТ КӨБЕНОВ, Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:
    - Ойыл ауданында он бес республикалық, бір коммуналдық, төрт иесіз, бір бұлақ және көпір тексерілді. Зерттеу қорытындысы бойынша төрт нысан «Ақшатау», «Ашықбай» және «Қайыңдыны» транзиттік режимге көшіру ұсынылды. Ойыл өзенінде жасанды түрде салынған «Құрман», «Қарасу» көпірлерін бұзу ұсынылды.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    RUclips - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
    #Ойыл #су_тапшылығы #Ақтөбе

Комментарии • 19

  • @zinaassangaliyeva702
    @zinaassangaliyeva702 3 года назад +11

    Бөгеттермен бөгеп тастаған соң, өзен тартымай не істейді. Қанша уақыттан бері Атырау облысының Қызылқоға ауданының халқы зардап шегіп отыр.
    Сансыз бөгеттерді неғып көрмеген? Әлде көрмегенсіді ме
    Халықтың осынша уақыт зардап шеккеніне кім жауап береді? Бөгет салушыларды жауапқа тарту керек қой.
    Бұған кім кінәлі?

  • @Kazakh-Balasy
    @Kazakh-Balasy 3 года назад +5

    Оо жақсы болды әйтпесе қызылқоғада су жоқ болып кетті бұрын балық аулап керемет у-шу болып жататын едi

  • @user-ve6tt5nh3v
    @user-ve6tt5nh3v 3 года назад +4

    Жалпы Ойыл озеннің бойында бұлақ оте коп ойылдың аимақтарында бұлақ деген оте копқғо сол бұлақтың барлығынның козін ашып тазартса озенде кобеиеді басқа сулы аимақтарда толар еді

  • @user-ww8di7nv5l
    @user-ww8di7nv5l 3 года назад +6

    Арнасын терендетип, булактардын барин тазарту керек. Барлык озендерди тазалау керек.

  • @user-vo5uh6kx5r
    @user-vo5uh6kx5r 3 года назад +6

    Ойыл өзенінің экологиялық жағдайына көңіл бөлінсе екен.

  • @user-bi8kv7dg3v
    @user-bi8kv7dg3v 3 года назад +4

    Заңсыз бөгетті кім екен салған.Қазаншының еркі бар қайдан қулақ шығарса.Әрине биліктегі тоғышарлар.АРАЛ ТЕҢІЗІН ҚУРДЫМҒА ЖІБЕРГЕН ДЕ ӨЗЕН ОЛАРҒА СӨЗБОЛЫП ПА

  • @ГюльнараАлмажаева
    @ГюльнараАлмажаева 3 года назад +1

    оте дурыс балдарым рахмет

  • @user-xi5wx8qn6d
    @user-xi5wx8qn6d 3 года назад +4

    Мыналар ояныпты гой Арты жаксы болгай Сапарбаев кусап булдирип тастамаса

  • @user-mb1sy8gb5u
    @user-mb1sy8gb5u 3 года назад +7

    Коррупция явно.

  • @user-oy8rw4ot5v
    @user-oy8rw4ot5v 3 года назад +1

    Аудан басшыларын орнынан алып тастау керек өтрік айтқаны үшін

  • @ГюльнараАлмажаева
    @ГюльнараАлмажаева 3 года назад

    соны котеруге киммен хабароасымын акет айтып кеткен еди 73 жаска келдим соны киммен хабарласуымаболады

  • @chryslernorth4745
    @chryslernorth4745 3 года назад

    Қазақша дұрыс жаз 31 канал , отқан емес жатқан.

  • @user-ul6uu7wv8t
    @user-ul6uu7wv8t 3 года назад +2

    Отқан??? не кытайша окыдыңдарма?

  • @tanateraliev290
    @tanateraliev290 3 года назад +1

    Айй суға кетып калмасак болар барин ашамыз деп жүргенде итак жөндеу көрмеген бөгеттерге сеным жок

  • @ГюльнараАлмажаева
    @ГюльнараАлмажаева 3 года назад

    мен алмажаева алмаш калмажиткызымвн темир озени карабулак деген жерден басталады сонын козин ашу керек кимге айтарымды билмеймин темир озени курып бара жатыр жаным ауырады

    • @user-mb1dj6yq1q
      @user-mb1dj6yq1q 3 года назад

      Привет спасибо за информацию новости