Сайлаушылардың белсенділігі байқаушыларды ерекше қызықтырды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 18 сен 2024
  • Қарағанды облысындағы саяси науқанның әділ әрі заң шеңберінде өтуін 2600-ден астам байқаушы мұқият қадағалады. Халықаралық ұйым өкілдері облыс орталығымен қатар, ауыл-аймақтағы элкекторальды жағдайды жіті бақылауға алған.
    Ал Астанада әлемнің түрлі елдері мен халықаралық ұйымдаратынан келген байқаушылар сайлау участкелеріндегі дауыс беру барысын қадағалауды жалғастыруда. Ұлттық Академиялық кітапханада олар дауыс беру бюллетендерін алу мен сайлаушыларды тіркеу үдерістерімен танысты. Байқаушылардың пікірінше, дауыс беру үдерісі барысында ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ. Шетелдік қонақтарды ерекше қызықтырғаны - сайлаушылардың белсенділігі.
    Валерий Федоров, Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының бас директоры /Ресей/
    - Менің бұл Қазақстанға алғаш келуім емес. Бұған дейінгі сайлауларға да байқаушы ретінде қатысқанмын. Бұл жолғы саяси науқанда сайлаушылардың белсенділігі байқалады. Таңертеңнен бері бірнеше сайлау учаскесінде болдық. Ешқандай заңға қайшы келетін әрекеттерді байқамадық.
    Тор Вестби, байқаушы /Норвегия/
    - Сайлау участкелеріне адамдар лек-легімен келді. Менің еліммен салыстырғандаолардың саны өте көп екен. Сайлаушылардың өз шешімдеріне сенімді екендіктері көрініп тұр. Сайлау үдерісі өз деңгейінде ұйымдастырылған. Адамдар ерекше ықылас білдірді.

Комментарии •