ӘЙЕЛ АДАМ ЖАЙЛЫ УАҒЫЗ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 20 окт 2024
  • Исламға дейінгі дәуірде отбасында қыз баланың дүниеге келуі қасірет, бас көтертпес ұятты іс болып саналды. Надандық ойдың салдары сансыз нәрестенің өміріне балта шапты. Қызды тірідей көму сынды жағдайлар жалпылама етек жайды. Мінеки қоғамда ешбір орны болмай, құнсыз зат қалпында тіршілік етіп, қатал өмірдің қиындығына көнген әйелдің мәртебесі жер әлемге Исламдай Хақ діннің жіберілуімен жоғарылады. Жапа шегушілер де, жәбір берушілер де сұралып, ақылар зая болмайтын (қайтарылатын) Қиямет күнінде жазықсыз жан тапсырғандар жауабы алынады, жауыздар жазасыз қалмайды. Бұл жайлы Құранның “Тәкуир”сүресінде былай делінген:“Тірідей көмілген қыздың қандай күнәсі үшін өлтірілгендігі, - деп сұралғанда…” (“Тәкуир” сүресі, 8-аят) Исламның таралуымен осы сынды жағдайларға шектеу қойылды. Алланың жаратқан әрбір затының бұл өмірдегі өзіндік орны, қызметі бекітілді.
    Алла Тағаланың көркем жаратылыстарының ішінде тәні нәзік, жаны сұлу болған жаратылыс ол - әйел. Оның күштілігі - оның әлсіздігінде. Әйел неғұрлым нәзік болса, оның бейнесі соғұрлым көркемдене түседі.
    Әйел - ерлерге қарағанда әлсіз, мейірімді әрі сабырлы келеді. Олардың жаратылысындағы ерекшелікті Алла Елшісі с.а.с. былайша сипаттады: “Әйелдердің еркектерден артықшылығы олардың сезімтал етіп жаратылуында. Дегенмен, Алла оларды ұялшақ қылап жаратқан ” [1]
    Әйел сабырының сыналатын жері бұл - бала тәрбиесі. Бала нәрестелік шағында көп жылап, көп мазасызданады. Міне, осы сәттердегі ана жанының төзімділігін сөз етіп, жеткізу мүмкін емес. Ол түндерді ұйқысыз, таңды көзбен атырса да, біреуге налып, біреуден көмек сұрамайды. Мұның бәрін өзінің мойнындағы “аналық” борышы деп біледі.
    Алла Тағала өзі жаратқан жаратылысының ішіндегі еркек затына басқару, билік ету, ажырасу(талақ) құқын беруімен қатар, әйел-баласын бағу, олардың қарнын тойғызып, киімін бүтіндеу сияқты қамқорлық міндеттерін де жүктеді.
    “Еркектер әйелдерге басшы. Өйткені, Алла бірін - бірінен артық қылды. Сондай-ақ олар, мал-мүліктерінен пайдаландырады. (Әйелдерге махр, нафақа береді). Ал, жақсы әйелдер - бой ұсынушы, Алла қорғауға бұйырған абыройын қорғаушы”. [3]
    Бірде Пайғамбарымызға с.а.с. бір кісі келіп, Одан Әйелдердің қандай ақылары барлығын және қандай құқықтарын сақтауы қажеттігін сұрады. Сонда Пайғамбар с.а.с. оған: “ - Өзің тамақтанғанда, оны да тамақтандыр. Өзіңе киім сатып алсаң, оған да алып бер. Оның бетінен ұрма, ұрысқаннан соң мазақ қылма, жалғыз өзін үйде қалдырма” -деді. [4]
    Раббымыз Алла, өзінің Кәләмі -Құранда әйел затының құқықтары жайлы “Ән-ниса”,“Мәриям”,“Нұр”, “Мұмтахина”,“Тахрим” сынды көптеген орындарда сөз етіп, оның мәртебесін көтерді.Өзіндік хақтарын белгілеп берді. “Ерлердің әйелдердегі хақтары сияқты, әйелдердің де ерлерде белгілі хақтары бар” (“Бақара”сүресі, 228-аят).
    Әйелдер хауымы сонау қиын-қыстау кезеңде де Пайғамбарымыз с.а.с. әкелген хақ дініне иман келтірді. Исламның шарттары мен парыздарын берік ұстанды. Дініне төнген қауіпке жанымен, малымен қалқан болды. Алланың разылығы жолында әйелдер қажырлы еңбек етті. Хижреттің алғашқы жылдарында мұсылмандар көп қиындықтарға тап болды. Қаржының тапшылығы салдарынан, ел еңсесі түсіп, таршылықтың тауқыметін бірдей тартты. Халыққа малмен де жанмен де көмек қажет болды. Міне осы уақытта иманды, тахуа әйелдер қолдарындағы әшекей бұйымдарын, алтын-күмістерін әкеп, Алла Елшісінің с.а.с. мүбәрәк қолына табыстады. Мүмін әйелдердің бұл қадамы өздерінің халқына деген сүйіспеншілігі мен дініне деген құрметін көрсетті.
    Мұсылман әйелдер Сенімді Мұхаммедтің с.а.с. ізінен еріп, оның дініне иман келтіргеннен кейін, Хақ діннің болашығы жолында басқа төнген қауіпке де қарамай, жандарын Жаббарға тікті. Кезі келгенде дұшпанға жасырын барып, жау жоспарынан хабардар болып отырды. Мінеки осындай батыл әйелдердің бірі тыңшы әйел-Рукәйка бинт Әбу Сайфи. Ол -Пайғамбарымыздың с.а.с. Мәдинаға қоныс аудармақ болған шағында мүшіріктердің “Мұхаммедті с.а.с. өз үйінде өлтіреміз” деген жоспарынан хабар тауып, оны жылдамдықпен Пайғамбарымызға с.а.с. жеткізді. Нәтижесінде, алдын-ала қамданып, төнген қауіптің бетін қайтаруға, жаудың құрған қақпанынан аман қалуға себеп болды.[5]
    Тұрмыс құрып жатқан мұсылман әйеліне берілетін кәде-сый ол -Махр деп аталады. Исламнан әуелгі кезеңдерде бұл сыйды қалыңдықтың қожасы, не әке-ағалары иеленді. Ислам келіп, әйелге бас бостандығы мен іс еркіндігі беріліп, ақылары анықталғаннан кейін махр тұрмыс құрып жатқан қалыңдықтың өзіне берілді және оның өзі жұмсауына құқылы болды. Қалыңдыққа аталған кәде-cыйдың(махр) көлемі шектелмеді. Ол жайлы былай делінді: “Олардың біріне (әйелдерге) жүк-жүк махр берсеңдер де одан бірде-бір нәрсені кері алмаңдар” (“Ниса” сүресі, 20-аят).
    Ақылды, ұятты, иманды, болған әйелдер олар - ең көркем әйелдер. Бұл жайында Асыл Пайғамбар Мұхаммед с.а.с.: “Ақылды әйелдерге үйленіңдер. Себебі олардың ауыздары тәтті(жақсы сөйлейді), құрсақтары таза, олар аз нәрсеге қанағатшыл” -дейді

Комментарии • 20

  • @АсияМамбеткулова-э4д

    Әумин

  • @ГульмираЕламанова-г2ж

    керемет уағыз🙏

  • @АкеркеАбдихалык-ц9с
    @АкеркеАбдихалык-ц9с 3 года назад +2

    Өте керемет уағыз

  • @ТамараЕшманова
    @ТамараЕшманова 2 года назад

    Алла разы болсын,сизге

  • @ЖибекЖамбекова
    @ЖибекЖамбекова 2 года назад +1

    Иркамукуллах ракмет

  • @student3863
    @student3863 2 года назад

    Машаллаһ

  • @СаляркаЗаправка
    @СаляркаЗаправка 3 года назад +4

    Озге ерлерге козы карайтын караитын аиелдерге уагыздар болса

  • @АйгульГайсина-щ1п

    Шукыр!

  • @Ати-ъ3п
    @Ати-ъ3п 3 года назад +1

    Ок

    • @ayamka
      @ayamka 3 года назад

      Сәлем, менің каналыма кіріп көр 😊

  • @sholpansholpan5323
    @sholpansholpan5323 3 года назад +3

    Намазга куиеум урыксат бермесе нестеуге болады.
    Жауап жазасызба.

    • @meruerterbolkyzy6593
      @meruerterbolkyzy6593 3 года назад +5

      Алладан жолдасыңыздың жүрегіне иман нұрын еңгізуін, Алланың алдына түсуін дұға етіп тілей беріңіз. Бір күні болмаса да бір күні рұқсатын беріп, сізбен бірге намаз оқиды. Ин Ша Аллах

    • @ЖулдызайШамшатова
      @ЖулдызайШамшатова 2 года назад +1

      Намаз оқу үшін күйеудің рұқсаты керек емес

    • @Айя-е2в
      @Айя-е2в 2 года назад +1

      Намаз окуга карсы болсада оку керек. Даже аке шеше карсы болсада тындамау керек. Баска нарсеге карсы болса онда тындау керек

    • @СерикжанАбдикаримов
      @СерикжанАбдикаримов 2 года назад

      Айелыне намаз окуга карсы куеуге дурыстап дарет алгызып уйрет сонда оган приказ берып турган шайтаны кашады

    • @azamatabdrroxman8946
      @azamatabdrroxman8946 Год назад

      Окуга болады

  • @ГалимБимурзайев
    @ГалимБимурзайев 2 года назад +1

    Уш рет емес отыз уш они аитындар. Акеге орын бермеи коиндар. Сол тартип Пен оскен улдар калаи Осип кележатепнын корип жатырсындарма. Жакында ер. Еркек деген Дер санаулы болады

  • @СандугашМамырбекова-й9х

    кызы жоктарше