Нақыл сөздер

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 21 сен 2024
  • #КүнделіктіМедитация#ежедневнаяМедитация#dailymeditation#매일묵상#Нақылсөздер#Пословицы#proverbs#잠언
    Нақыл сөздер 14:17-35(25)
    17 Ашушаң мінезді ақымақтық жасар,
    Арамдық ойлаушы жексұрын болар.
    18 Ақымақтық - аңғалдың алар үлесі,
    Білімділік - дананың алар тәжі.
    19 Жақсының алдында зұлым басын иер,
    Әділдің қақпасында арамза тізесін бүгер.
    20 Кедейге өз жақыны да менсінбей қарар,
    Ал байға доссымақтар көп болар.
    21 Жақынын жек көрген күнә жасар,
    Жарлыға игілік еткен жарылқанар.
    22 Зұлымдық ойлаған жолдан адасып кетер,
    Игілік ойлаған мейірім мен адалдық көрер.
    23 Әр бейнеттің зейнеті бар,
    Бос сөзден тек жоқшылық шығар.
    24 Дананың алар тәжі - байлық,
    Наданның алар үлесі - ақымақтық.
    25 Адал куәгер адам жанын сақтар,
    Жалған куәгер көпті алдар.
    26 Жаратқанды шын қастерлеу - берік сүйеніш,
    Әрі келер ұрпақ та бас сауғалар қорғаныш.
    27 Жаратқанды шын қастерлеу - өмірдің бұлағы,
    Ол ажалдың торынан адамды алшақтатады.
    28 Патшаның ұлылығы - халқының молдығында,
    Ал бақытсыздығы - соның аздығында.
    29 Түсінігі мол - ұстамды жанның,
    Ақымақтығы аян - ашушаңның.
    30 Жан тыныштығы ғұмырды ұзартар,
    Ал қызғаныш денеге жара салар.
    31 Жарлыны қанаған - Жаратушысын менсінбеген,
    Жарлыны қамқорлаған - Жаратушысын қастерлеген.
    32 Арамза өз күнәсінен опат болар,
    Ал әділдің өлерде де үміті бар.
    33 Даналық зерделінің жүрегіне орнығар,
    Аңғалдардың арасынан да өзін танытар.
    34 Әділдігі халықтың дәрежесін көтерер,
    Ал заңсыздығы халықты масқара етер.
    35 Парасатты нөкері патшаға жағар,
    Масқара болғаны ашуын туғызар.
    (Аяушылық танытатын жүрек және ашуды басатын даналық )
    1. Жарлыға игілік ету 14:17-27
    1) Дана адамның байлығы оған не сияқты болады?
    2) Айналамдағы жарлыға өзім көрсете алатын игілік пен қамқорлық қандай ?
    2. Жүрек пен ел(халық) қандай мақсат етуі керек 14:28-35
    1) Әділдік жойылып, күнә өршіп тұрған ел(халық) адамдарға қандай әсер етеді?
    2) Әділ ел болуы үшін біз не туралы дұға етіп, қамдарын ойлаумыз керек?

Комментарии •