Шолпанның күнәсі

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 сен 2024
  • Шолпан Сәрсенбайға шыққан жылы өзіндей жас келіншектермен аулақта кеңескенде: «Баласыз өмірдің қызығы жоқ қой», - деп аузымен ғана айтушы еді. Мал орнына сатылып, жаны сүймеген жанға жар болатын қазақтың сансыз қыздарының ішінен әлдеқалай өзінің сүйгеніне тиген Шолпан шынында бастапқы жылы бала керек қылмады. Ақ отаудың ішінде оңаша жатса да, яки күйеуін құшақтап жатса да, ол ылғи ішінен: «Жасаған-ау, бала бере көрме?!» - деп тілейтін еді.
    «Балалы болсам, әдемі өмірім бұзылады-ау», - деп ойлайтын еді Шолпан... Бала туса, күйеуімен екеуінің ортасында бір тікенек өсетіндей болушы еді... Қиюласып қосылған екі жанның арасына жат бір үшінші жан түскен соң, екеуінің де жалынды, екпінді махаббаты бүлінер, бәсеңдер, суынар деп қорқушы еді Шолпан.
    Осы ойлармен талай түндерде, талай таң мезгілінде Тәңірден: «Бала берме!» - деп тілеп еді. Күншығыстан ақ жібектей таң атып келе жатқан мезгілде, өзге адам сәждеге құлап, маңдайын топыраққа былғап, тасқа ұрып, Тәңірден бақытты тұрмыс, өшпес бақыт, кетпес байлық, әсіресе бала сұрайтын кезінде, Шолпан күрсіне-күрсіне, Жасағанға:
    «Бала бере көрме!» - деп жалынып еді. Затында баланы жек көргендіктен емес, ерімен екі ортасындағы жібектен нәзік махаббат жібі үзілмеу үшін, екі жанды бір-біріне қоса білген иманнан да ізгі махаббатқа басқа бір жан келіп тап салмау үшін, бала болмауын тілеп еді Шолпан.
    / @san_turli_tagdir
    Құрметті менің тыңдармандарым Арнама Тіркеліп қазақша каналдың дамуына үлес қоса отырыңыздар
    #аудиокітап#әсерліәңгіме әңгімелер жинағы жинағы

Комментарии •