ҰБТ-2023 | ЖАП-ЖАҢА СҰРАҚТАР | ПЛАТНЫЙ ПРОБНЫЙ ТАЛДАУЫ | ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ | НҰСҚА ТАЛДАУ |ТАРИХ АПАЙ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 19 сен 2024
  • Сәлем-Әлем))) Бүгінгі видеода ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ұсынған ПЛАТНЫЙ ПРОБНЫЙДЫҢ НҰСҚАСЫН талдаймыз. Төменде тесттің жазбаша нұсқасын ұсынамын:
    -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
    Қазақстан тарихы нұсқа талдау - 1: • ҰБТ-2023 | ҚАЗАҚСТАН Т...
    Қазақстан тарихы нұсқа талдау - 2: • ҰБТ-2023 | ҚАЗАҚСТАН Т...
    Қазақстан тарихы нұсқа талдау - 3: • ҰБТ-2023 | ПЛАТНЫЙ ПРО...
    Дүние жүзі тарихы нұсқа талдау - 1: • ҰБТ-2023 | ДҮНИЕ ЖҮЗІ ...
    Дүние жүзі тарихы нұсқа талдау - 2: • ҰБТ-2023 | ПЛАТНЫЙ ПРО...
    -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
    1. 1927 жылы жарияланған «Тулаған толқында» атты повесінің авторы:
    a. Ғ. Мұстафин
    b. І. Жансүгіров
    c. М. Сералин
    d. Ғ. Мүсірепов
    2. ХІ ғасырда өмір сүрген Орта Азия ақыны, ойшыл ғалым:
    a. Жаһиз
    b. Жамал Қарши
    c. Гардизи
    d. Жүсіп Баласағұни
    3. Алашорда автономиялық үкіметінің төрағасы, ғалым, аудармашы:
    a. С. Сейфуллин
    b. А. Байтұрсынов
    c. Ә. Бөкейханов
    d. М. Дулатов
    4. Белгілі сақ ғұламасы Анахарсистен қалған сөз:
    a. «Ізгілікке талпын, өркөкірек болма»
    b. «Қызғаныш пен қорқыныш - адамның ең жаман қасиеттері»
    c. «Азаматтар өзара көмегі мен бірлігі арқылы бақытты»
    d. «Түркі тілі - ең ашық-айқын әрі тура - түзу тіл»
    5. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің болған жылдары:
    a. 1783-1797 жж.
    b. 1824-1825 жж.
    c. 1780-1791 жж.
    d. 1836-1838 жж.
    6. 1925 жылы Қазақ автономиясы құрамынан шығарылған губерния:
    a. Орал
    b. Семей
    c. Торғай
    d. Орынбор
    7. Хақназар Қазақ хандығын билеген тұста сыртқы саясатында қарым-қатынас орнатты:
    a. Мәскеу билеушісі Борис Годуновпен
    b. Батыс Сібір билеушісі Мұхамедпен
    c. Мәскеу билеушісі Иван Грозныймен
    d. Ноғай билеушісі Едігемен
    8. 2012 жылы түрік әлемінің мәдени астанасы болып таңдалған қала:
    a. Ташкент
    b. Бұхара
    c. Астана
    d. Алматы
    9. Бір халықтың екінші халықпен араласып, ұлт ретінде сіңісіп кетуі:
    a. Интервенция
    b. Конфискация
    c. Миграция
    d. Ассимиляция
    10. Ж. Баласағұни «Құтты білік» еңбегінде ұсынды:
    a. Аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарын
    b. Әділ заң-ережелерге сүйенген ізгі, кемел қоғам үлгісін
    c. Сопылықтың негізгі қағидаларын
    d. Халықтың шырқын бұзған соғысқұмар патшаларды жазалауды
    11. Андрондық мәдени-тарихи қауымдастықтың қалыптасқан дәуірі:
    a. Орта тас
    b. Мысты тас
    c. Темір
    d. Қола
    12. Бір мәдени-тарихи қауымдастық ретінде қалыптасқан далалық малшылар мәдениетін құрушылар:
    a. Сайримдер
    b. Исседондар
    c. Андрондықтар
    d. Дахтар
    13. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасқан аймақ:
    a. Шығыс Қазақстан
    b. Оңтүстік Қазақстан
    c. Таяу Шығыс
    d. Шығыс Түркістан
    14. Андрондық мәдени-тарихи қаумдастық мәдениеттері мен олардың негізгі ерекшеліктерін сәйкестендіріңіз:
    1. Сынтасты; 2. Петров; 3. Беғазы-Дәндібай;
    А. Қорғаныс орларының болуы;
    Б. Мүрдені шалқасынан жатқызып жерлейтін тастан құрастырылған кесенелердің болуы;
    В. Мүрдені қабірге сол қырымен алақандарын бетінің тұсына қойып жатқызуы
    a. 1-В; 2-А; 3-Б;
    b. 1-А; 2-В; 3-Б;
    c. 1-В; 2-Б; 3-А;
    d. 1-Б; 2-В; 3-А;
    15. Мәнмәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдаланып, дұрыс дәйектерді анықтаңыз:
    І. Андрондықтарда өгізге шегілетін бес дөңгелекті жүк арбалар және оларға жегілетін үш дөңгелекті әскери арбалар болды;
    ІІ. Б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың соңы мен І мыңжылдықтың басында Ұлы Далада өзара туыстас тайпалар өмір сүрді;
    ІІІ. Андрон ескерткіштерінің басым бөлігі Қиыр Шығыста көптеп кездеседі;
    ІҮ. Андрондықтарының малшаруашылығы мәдениеті - Ұлы Даладағы көшпелі мәдениеттің қалыптасу жолындағы маңызды қадам болды;
    Ү. Андрондық мәдени-тарихи қауымның мәдениеттері: Маргуш, Шаш, Бактрия.
    a. ІІ, ІҮ;
    b. ІҮ, Ү;
    c. ІІІ, ІҮ;
    d. І, Ү;
    16. Mәнмәтіндегі оқиғаның болған ғасырын анықтаңыз:
    a. XVI ғасыр екінші жартысы
    b. XVIII ғасырдың екінші жартысы
    c. XVII ғасырдың бірінші жартысы
    d. XVII ғасырдың екінші жартысы
    17. Aягөз маңы, Ертіс бойы, Жарлы өзені, Шідерті өзені, Шаған Оба аумағында өткен шайқастарда Қытайдың көздегені:
    a. Қазақ жерінде хан билігін жою
    b. Әскери дайындығын көрсету
    c. Қазақтың құнарлы жерлерлерін иелену
    d. Шыңжаң аймағын құру
    18. Қытайлықтардың «қазақтарды жылдам талқандаймыз» деген жоспарының іске асуына тосқауыл қойған жасақ басшысы:
    a. Тәуке
    b. Қабанбай
    c. Әбілпайыз
    d. Бөгенбай
    19. Mәнмәтін бойынша дұрыс дәйектерді анықтаңыз
    I. Шідерті өзенінің бас жағында Цин әскерлері зор жеңіске жетті
    II. Қазақтар Тарбағатайды қазақ қонысы ретінде мойындауын талап етті
    III. Қытай және Қазақ елдерінің арасында дипломатиялық келісім жасалды
    IV. 1761 жылдың жазында жоңғар әскері Тарбағатай таулары арқылы тағы да қазақ жеріне басып кірді
    V. Қожаберген батыр мен Әмірсананың біріккен қолы да Қытай әскерінің шабуылына тосқауыл қойды
    a. І, Ү
    b. І, ІІІ
    c. ІІ, ІІІ
    d. ІІІ, ІҮ
    20. Iс жүзінде екі империяға бағынғанымен, олардың билігін мойындамаған тұлға:
    a. Әбілмансұр
    b. Әбілмәмбет
    c. Әбілпайыз
    d. Әбілқайыр

Комментарии • 51

  • @айымханайтмахан-п1ъ

    өте нақты әрі түсінікті рахмет, керемет айтып жан жақты түсіндірдіңіз апай жұмысыңызға үлкен сәттілік

    • @tarihapai
      @tarihapai  Год назад

      Рахмет, Айымхан)) Сізге де сәттілік))

  • @aqerkeerjanqyzy4194
    @aqerkeerjanqyzy4194 Год назад +2

    Керемет👍

  • @nolnolonushnol5742
    @nolnolonushnol5742 10 месяцев назад

    Огромное спасибо вам ❤

  • @eljanturmanbet1903
    @eljanturmanbet1903 Год назад

    Мә апай күшті нақты түсіндіріңіз ❤ мощный , сощный болды ✨

    • @tarihapai
      @tarihapai  Год назад

      Сіздер мощный болған соң ғой😜

  • @Бббб-х6й
    @Бббб-х6й Год назад

    Күшті 🎉молодец апай❤рахмет😊

  • @aroojeeaannne2935
    @aroojeeaannne2935 Год назад

    Апаййй еңбегіңіздің жемісін көріңіз🥹🥹🫶🏻🫶🏻🫶🏻

    • @tarihapai
      @tarihapai  Год назад

      Амин амин))) сіздер де жемісін көріңіздер🥰

  • @amina.m9973
    @amina.m9973 Год назад +1

    Рахмет❤

  • @akerke8687
    @akerke8687 Год назад

    рақмет!

  • @СагынышАльмурат

    Топсызғой апай рахмет ❤

    • @tarihapai
      @tarihapai  Год назад

      Рахмеет, Сағыныш)) Бәрі сіздер үшін

  • @user-wm8ux9zc9g
    @user-wm8ux9zc9g Год назад

    Саламатсызба апай сабақ өте түсінікті размет, құқықтан сабақ барма маған керек еді

    • @tarihapai
      @tarihapai  Год назад

      Рахмет, Дидар. Өкінішке орай, құқықтан сабақ бермеймін)))

  • @СайдмуратоваМаржан

    👏🏻👏🏻🔥🔥

  • @Бббб-х6й
    @Бббб-х6й Год назад

    Күшті 🎉молодец апай❤рахмет😊🎉

  • @dankaai2900
    @dankaai2900 Год назад

    😍😍😍

  • @Tokanovnaaa_
    @Tokanovnaaa_ Год назад

    😍👍🏼

  • @yerkezhanqurmash7305
    @yerkezhanqurmash7305 Год назад

    Ваауууууу

  • @aishaserikbaeva477
    @aishaserikbaeva477 Год назад

    Платный пробный тест платный ұбтда ғана келеді дегенба сонда қалай түсінбедім

    • @tarihapai
      @tarihapai  Год назад +1

      платный пробный деген сөз, ҰТО сайтынан сатып алынған деген сөз. Сіздерге нағыз тест орталығының сұрақтарымен тест тапсырып көруге арналған мүмкіндік.

  • @ахавхвзадаладвз

    Фарида апай топ топ топ падам падам падам😂❤

    • @tarihapai
      @tarihapai  Год назад

      Осы приколды жылдың басында біраз түсінбей жүрген едім😅😂

  • @ТаңатарАйдын
    @ТаңатарАйдын Год назад

    Осылар келіп жатырма

  • @satbayayazhan
    @satbayayazhan Год назад

    Keremet

  • @yerkezhanqurmash7305
    @yerkezhanqurmash7305 Год назад

    Рахммееетттттт

  • @ЛяззатДанияркызы-т1л

    ент дан келди мекен осы нускалар

    • @tarihapai
      @tarihapai  Год назад

      Келгендері бар, бірақ барлығы емес)))

    • @samandarashirbaev3372
      @samandarashirbaev3372 10 месяцев назад

      маған келді но енді көріп жатырм😢

  • @Бббб-х6й
    @Бббб-х6й Год назад

    Күшті 🎉молодец апай❤рахмет😊

  • @user-bu9de9ms2d
    @user-bu9de9ms2d Год назад

    ❤❤❤❤

  • @yermekaruzhan74
    @yermekaruzhan74 Год назад

    ❤❤❤❤

  • @akerke8687
    @akerke8687 Год назад

    😍😍😍

  • @user-cz6sd6un6g
    @user-cz6sd6un6g Год назад

    😍😍😍😍