ШЫҢҒЫСХАННЫҢ ДІНИ СЕНІМІ ҚАНДАЙ БОЛҒАН?!.

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 1 окт 2024
  • Шыңғыс хан қайсы дінге сенген? Бұл сұраққа еліміздегі және шетелдік тарихшылар да әлі дұрыс жауап тапқан жоқ. Себебі - олардың ешқайсысы түпнұсқа тарихи құжаттарға жүгінбейді. Бұрын шаманизм нанымында болған деушілер көп еді, таяу жылдардан бері «тәңіршілдік» дейтін әлде бір дінге сенген деушілер пайда бола бастады. Алайда, бұл пікірдің де тарихи деректік, ғылыми тұжырымдық негізі жоқ.
    Шыңғыс хан және оның әулетіне қатысты тарихи құжаттарда да дәл солай - Тәңір мен Алла бір мағынада, исламияттық термин ретінде қолданылған. Демек ондағы тарихи тұлғалардың Тәңір дегені - Алла дегені. Шыңғысхан моғол саласынан, оның ішінде қият тармағынан шыққан. Ал қияттар жалайыр, қоңырат қатарлы бірқанша түрік ру-арыстарынан құрам тапқан-ды. Тарихқа осы тұрғыдан назар салсақ, Шыңғыс ханның ата-бабалары сонау Оғыз ханның заманынан тартып бір Аллаға иман келтірген, сондай-ақ олар таза түрік нәсілді болған.
    Осы арада тағы бір жәйтті айта кетейік Шыңғыс ханның туған өлкесі Моғолстан яғни Жетісу деп көне деректерді ұсынып келдік. Бұл өлке тұрғындары Шыңғыс хан дүниеге келген тұста мұсылман қауымына айналып үлгіргені жалпыға аян жәйт. Сондықтан да, басқаны былай қойғанда, жоғарыда есімдері аталған түрік текті екі ұлы бабамыз, Моғолстанда туып, кейін Қашқарда ғұмыр кешкен Жүсіп Баласағұни мен Махмуд Қашқаридың мұсылман екенін жоққа шығару мүмкін емес. Ол екеуінен қалған асыл мұралар араб әрпімен түрік тілінде жазылғанын тағы білеміз. Тіпті Махмуд Қашқари бабамыз кітабының әр тарауын «Бисмиллаһи рахмани рахим» деп бастап, соңын «Алланың рахымымен бұл тарауды да аяқтадық» деп бітіріп отырмаушы ма еді! Бұл нені байқатады? Шыңғыс жорығы басталардан екі ғасырға жуық бұрын түрік халқының бұл өңірдегі өкілдері осы дінге кіріп үлгерген екен. Демек, Шыңғыс хан мұсылман қауымының ортасында ғұмыр кешкен деген сөз.
    Орда тарихшысы Атамәлік Жөбенейдің дерегі бойынша, Шыңғыс хан және оның әулеті исламның Ханафи бағытын ұстанған. Атамәлік: «Шыңғысхан әулетінің болуы - ислам, Ханафи дінінің бақыты болды» - деп жазған-ды Келесі бір орда ұлығы, әлемге әйгілі тарихшы Рәшид әд-Дін: «Шыңғысханның мақсаты, ислам дінін секталарға бөлініп қан төгісуден құтқару, біртұтастыққа келтіру болатын» - деп атап көрсетеді
    .......
    Қорыта айтқанда, Шыңғысхан - ешқашан да «тәңіршіл» немесе «шаманизмшіл» болған емес. Ол сонау Оғыз ханнан тартып, бір Аллаға иман келтірген халықтың - ұлы түріктің ұрпағы. Шыңғысханның діні хақ ислам, оның ішінде Ханафи бағыты, яғни Имам Ағзам жолы - Нұғман ибн Сәбит мазғабы. Ал тегі - түрік, оның ішінде Қазақтың жалайыр арысынан. Олар күні бүгінге дейін бізбен бірге жасап келеді. Орта Азия мен Қазақстанда Шыңғыс хан әулетінен қалған неше ондаған қала, бірнеше жүздеген ескерткіштер бар. Керісінше, Монғолияда мұндай этникалық сабақтастықтар да, археологиялық ескерткіштер де жоқ. Өйткені Шыңғысхан және оның әулеті онда ешқашан болмаған. Ұлттық тарихымызды, мемлекеттік хақымызды саясаттың жемтігіне айналдыруға тыиым салатын уақыт жетті ағайын.
    ҚР ҰҒА Құрметті академигі - Тілеуберді Тыныбайын

Комментарии • 54

  • @maralyskakbay2608
    @maralyskakbay2608 4 года назад +5

    шыңғыс хан мешітті күйретті дегенді қайдан көрдің? Осындай жауапсыз сөзді қалай жаза салады, ей, бұлар. Мешіт түгіл шіркеулерге тимеген. қайта оларға қолдау көрсеткен. сондықтан кейбір орыстар: "Ш. христиан боған болу керек, өйткені шіркеулер мен монастырларға қатты қамқорлық жасаған" деп жазып жүр. Бұл өте толерантты адам болған. Ғасырларға озық ойлы болғаны ғой. біздің заманымызда да дін тартысы тоқтаға жоқ.

  • @Qazmuslim
    @Qazmuslim 2 года назад +2

    Тәңіршілдік деген дін жоқ. Тәңір деген сөз мусылмандар арқылы жеткен, ал шаманимзм мен бақсылар аруақпен жындарға табынған. 19 ғасырда шаманизмден мен пұтқа табынушылық ұстанғандар тәңір сөзін мулде қолданбаған.

  • @АйгеримАманбаева-ф1я
    @АйгеримАманбаева-ф1я 4 года назад +4

    Керемет

  • @Qazmuslim
    @Qazmuslim 2 года назад +1

    Батый хан ислам қабылдаған деген деректер көп, Өзбек хан ғылыммен көп айналысқан 13 мешіт сарайшықта салдырған, Алтын орда кезінде ислам жақсы дамыған еді, кейн 18-19 ғасырларда қазақ даласында дін мақрұм бола бастаған, надандық жайлап дінін, шежіресын ұмыта бастаған. Тек туркестан, бухара, Самарқанд қалаларында білім қалған,

  • @era6519
    @era6519 4 года назад +4

    Таныршыл деп естыгем

  • @НурсултанДжанабеков-л1о

    Ғұлама Шəкəрім шежіре дерегінде Өғыз хан қоңыраттардың түп атасы деп айтылған (Өғыз ханды қытай жазбаларында - Модэ деп айтқан). Егер Өғыз ханнан Шыңғыс ханның түп атасы болса онда Шыңғыс хан қоңырат болып тұр- қоңыраттың ішіндегі көктің ұлы руынан.

  • @ЕсдаулетТемирхан
    @ЕсдаулетТемирхан 3 года назад +1

    Шыңғұзханның сенетін діні йсылам діні болмаған да Өзінің
    тірі кезін де қайтыс болған үлкен ұлы Жошыны мұсылманша жерлетермеді???Йағыный
    Шыңғысханның Сылам дінін ұстанғандығының бұл да бір Айқын дәлелі ғой!!!

  • @МаратИзатолла
    @МаратИзатолла 2 года назад +1

    М Ұ С Ұ Л М А Н 🇰🇿 100%

  • @ҚазақҰлы-н6е
    @ҚазақҰлы-н6е 3 года назад +2

    Сол заманда Наймандар христиан дінінде болған

  • @ФархатУтегенов-ц4ъ
    @ФархатУтегенов-ц4ъ 3 года назад +1

    Дұрыс Шынғыс хан мұсылман.

  • @БактыгалиНургалиев-д3й

    Арабтарға бәрі болады екен да... отаршы, жақандану....

  • @kelesayt6971
    @kelesayt6971 3 года назад

    Burun Qazaqtar qalay bolsa solay bolgan!

  • @QONYRATTARIHY
    @QONYRATTARIHY 3 года назад

    ШЫҢҒЫСХАН - ҚОҢЫРАТ | ОҒЫЗ ХАН, ҒҰНДАР (ХУН), ТӨРЕЛЕР - ҚОҢЫРАТ | ТАРИХЫ, ШЕЖІРЕСІ | ОҢҒАР НАҚЫП
    ruclips.net/video/cvV1OlVNg9s/видео.html
    2-БӨЛІМ: ШЫҢҒЫСХАН - ҚОҢЫРАТ | ХАНДЫҚ БИЛІК | ТҮП АТА НАҒАНАЙ ЕМЕС, ОҒЫЗ ХАН | ШЕЖІРЕ | ОҢҒАР НАҚЫП
    ruclips.net/video/sqGgmC8QWIY/видео.html

  • @ЖанарбекСайлауов-ш3г
    @ЖанарбекСайлауов-ш3г 3 года назад +1

    Егер Шыңғысхан Мұсылман болса.Онда неге қазіргі Моңғолдар Мұсылман емес.Бұлай деуімнің себебі Шыңғысхан Моңғолдардың ұлы тұлғасығой?!🤔

    • @janbolatraiymbaev931
      @janbolatraiymbaev931 3 года назад

      Маңғол емес

    • @kulkistan.kz.
      @kulkistan.kz. 3 года назад

      Олар монгол тунгустар,ал қазақтың бабалары муғулдар шыңғыс баба мұғұл

  • @tokayevyoutube7924
    @tokayevyoutube7924 2 года назад

    Оның діні будда

  • @mmmsss6816
    @mmmsss6816 4 года назад

    Мусылман.болса мешітті киратып,кітапты ортемес еды

    • @ҚазақҰлы-н6е
      @ҚазақҰлы-н6е 3 года назад +4

      Шыңғыс хан дінге еркіндік берген ешбір мешітті қиратып кітаптарды өртемеген себебі дана бейлеуші болған( егер динди қорласа мұсылмандар христиандар т. Б көтеріліс жасап елде бүлік туар еді Шыңғысхандық ұлы 1000 жылдық заман болмас еді) ол Орыс тарихшыларының қазақ пен Шыңғыс ханды ажыратуы үшін ойдан құралған саясаты. Отырады қиратты дегені де өтірік. Қазақ Шыңғыс ханды ұрандатып рухтанып кетпес үшін мәңгілік орыстың құлы болуы үшін тарихты түбегейлі өзгерткен. 7 атасын жаттап тегін ұмытпай келе жатқан қазаққа геноцид(текті құрту) жасап елімізді аздырған. Хан сайла ған Кенесарының басын кесіп қорлаған. Ұлттың зиялыларын молдаларын бір ауылды ауызбіршілікте ұстаған ақсақалдарын, тектілерін халық жауы деп өлтірген. Халықты шопаны жоқ қойдай адастырған. Қазақ хандарының бәрі Шыңғыс хан ұрпақтарынан болған тек Назарбаев қана Шыңғыс хан тегіннен емес. Шыңғыс хан қазақ ақ киізге көтеріп хан сайла ған ақ киізге көтеру тек қазақтың салты Моңғолия да хан деген сөз жоқ хан сөзі оларда қонтайшы деп айтылады. Мешітті қиратты деген мұсылман қазақ халқын өз бабасына қарсы шығарып артынан қарқылдап күліп отыратын Орыс билігінің сұрқия саясаты(Орыстар қазақты қазаққа айдап салып халықты ішінен сасытып сары құртша жалмаған) . Мұсылмандар тек бір Алладан ғана қорқады Ислам үшін өлу Шахит деп аталады бұл Жұмақта силы болатын адамдар Шыңғыс ханның қаталдыңынан мұсылмандар қорыққан емес. Ал орыстар Ленин мырзасы бізді діннен айырды Намаз оқыған дарға жазалар қолданған соның салдары бүгінге дейін қазақтың иманы әлсіреді намазы қаза болды. Біздің жауымыз бабамыз тәңіршіл бір құдайлы Тәңірден қорқатын сиынатын қазақ Шығыс хан емес. Кәпір!!! құдайдан қорықпайтын Орыс.
      Қазіргі кездегі кәпірлік боқтық сөздермен орыстың алқаш жөзекше деген тағы ұлдары намыссыз қыздары арсыз ата анасын силамайтын т.б кәпірлік мағыналарынын иелері Орыстар. Орыс сияқтымыз деп санайтын қазақтар Кәпірлер. Қазақ әлмисақтан мұсылман. Пайғамбарымызға Алланың игілігі мен сәлемі болсын кім де кім бір қауымға еліктесе ол солардан деген. ОРЫСТАР КӘПІР ОСЫНЫ ОЙЛАРЫҢНАН ШЫҒАРМАҢДАР!!!!!!!!!

    • @kzhardwolf1087
      @kzhardwolf1087 3 года назад

      Отырар кайда сонда озинен ози жок боп кеттима. Не болд кайдагы монголжы жактап.

    • @kzhardwolf1087
      @kzhardwolf1087 3 года назад

      @Kara Bala ахахха тарихты караш отырарды ким ортеген

    • @kzhardwolf1087
      @kzhardwolf1087 3 года назад

      @Kara Bala ким айтты монгол емес деп кайдан шыгарып алдн бундай тарихты

    • @kzhardwolf1087
      @kzhardwolf1087 3 года назад

      @Kara Bala кай китапта жазлган шынгыс хан казак деп. Гылыми далелденген китап барма

  • @daddyfreeman6054
    @daddyfreeman6054 Год назад

    Өтірік. Шыңғыс , тәңірдің үш ұлының бірі . Шыңғыс ұрпағының біріншіМұсылман ұрпағы , Берке хан . Ол , өмір бойы , тәңіршіл Хулагумен соғысқан . қазақтар , көп сенімді. тәңіршіл ,аруаққа табынушы , Шариғат жолымен жүретін мұсылман қазақ.