Мемлекеттен қайтарымсыз грант алу үшін ақша дәметкен шенділер әшкере болды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 20 окт 2024
  • Түркістан облысында бизнес идеясын іске асыру үшін мемлекеттен қайтарымсыз грант алуға дәмелі болған азаматтар шу шығарды. Олар грантты бөлетін комиссия мүшелерінің өзі үміткерлерден 200 мың теңге сұрады дейді. Айтуларынша, бұл ақшаны бергендер 1 миллион 200 мың теңге көлеміндегі грантты еш кедергісіз алған. Ал мұндай "бармақ басты, көз қысты" әрекеттен қашқандардың бастапқыда мақұлданған жобасы ақыры өтпей қалды дейді. Сондықтан олар комиссия мүшелерін аластатуды сұрап отыр.
    Түлкібастағы мемлекеттік грант бөлу комиссиясына шағым айтқандардың бірі Қатира Алдабергенова. Ол қысқы азық ретінде көкөністерден түрлі салат жасап, оны банкаға жабумен айналысатынын айтады. Енді осы ісін шағын кәсіпке айналдырып, іс бастамақ болған. Тіпті ұсынған жобасын түсіндіргенде, комиссиядағылар әу баста тамсанып, бір ауыздан "өттің" деп шығарып салды дейді. Кейін табан асты шешімдерін өзгертіп, үміткерлер тізімінен сызылғанын жеткізіпті. Келіншек мұнда бір шикілік бар деп отыр.
    ҚАТИРА АЛДАБЕРГЕНОВА, Түлкібас ауданының тұрғыны:
    - Сіз өттіңіз. Сіз гранттың иегерісіз. Сізге әбден болады деді. Мен сол қуанышпен үйге бардым. 2 күннен кейін қуанышым су сепкендей басылды. Сіз комиссия шешімі бойынша грант ала алмайсыз деген хабарлама келді.
    Ал тұрғындарды алғашқы кәсіпке баулып, бизнес жоспар жасауға көмек беремін деген Ернар Иманалы да грант бөлу комиссиясына ашулы. Ол тіпті комиссия мүшесінің бірі келіп өзіне ұсыныс жасағанын да айтты. Онысы ақылы дейді.
    ЕРНАР ИМАНАЛЫ, Түлкібас ауданының тұрғыны:
    - Маған менің адамдарымды өткізіп берсең, мен комиссиядан сенің адамдарыңды өткізіп беремін деп нақты айтқаны видеоға жазылған. - Ақысына қанша сұраған? - Екі жүз мың сұраған.
    Әрі Ернар Иманалы сол күні өзін грант бөлу комиссиясының мүшесімін деп таныстырған Қанат Елеуовпен арадағы әңгімені видеоға түсіріп алыпты. Онысын бізге дәлел ретінде ұсынды.
    Бейнежазбадағы азамат шынында Түлкібастағы мемлекеттік грант беретін комиссияның мүшесі болып шықты. Одан өзге аудандық қоғамдық кеңес мүшесімін деді.
    ҚАНАТ ЕЛЕУОВ, Түлкібас аудандық мемлекеттік грант бөлу комиссиясының мүшесі:
    - Иә. Ол кез келген сараптамадан шығады. Мен оны жоқ, мен емеспін деп айта алмаймын. Сондықтан мен ешкімге кінә да артпаймын. Өзімді де ақтамаймын.
    Алайда, "қолымнан көп нәрсе келеді" деп тек мақтану үшін айттым. Бұл шындыққа жанаспайтын сөздер дейді. Ал, Түлкібас аудандық әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының басшылығы болса, комиссия мүшелеріне қатысты қандай да бір жазбаша шағым түскен жоқ деп отыр. 13 адамнан құралған комиссия құрамына ашықтық сақталсын деген негізбен қоғамдық ұйым мүшелері кіргізілген деді. Ал бейнежазбадағы дерекке қатысты тексеру жүргізіледі.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    RUclips - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Комментарии • 68

  • @РайгульАйдарова
    @РайгульАйдарова 2 года назад +14

    Акша бермесе,грант бермейди.Бундай бурыннан бар.

    • @kanateleuov4684
      @kanateleuov4684 2 года назад

      Не қарап жүрсің???Дәлелің боса,жазсай прокуратураға

    • @РайгульАйдарова
      @РайгульАйдарова 2 года назад

      @@kanateleuov4684 Барі біледі.Дипломмен ауылға үй берілсе,оғанда ақша береді.Менің туысым алып отыр.Міне саған дәлел.Гос программаның бәрінде ұстайды.Әкесінің ақшасындай.

  • @kaukenraimkulov3624
    @kaukenraimkulov3624 2 года назад +10

    Жамбыл обылысы Байзак ауданына жедел тексеріс болса

  • @БахытБайдыбеков-м9к
    @БахытБайдыбеков-м9к 2 года назад +4

    Бұндай комиссияны сотау керек.

    • @kanateleuov4684
      @kanateleuov4684 2 года назад

      Соттасаңдаршы дәлелдерің боса.Айдалада аңырамай ешаки

  • @ТалгатМуратов-в9б

    Таллас ауданы Қаратау қаласынада тексеру керек бир екі адам қойгам өзимде ұстасам көрермиз

  • @СандугашБегасилова-в4в

    Сіздерден аз сұраған екен, қазір 450.000 теңге деп естідім., Түркістан облысында.

  • @karlygashmukhamejanova5150
    @karlygashmukhamejanova5150 Год назад +1

    Аудандардың бәріне тексеріс жүргізу қажет

  • @НуржанЖандаулетов-л4л

    Районда ақша алмаймын деген шенеунік жоқ шығар қазір. Қайда барсаңда ақша бәрі.Ақша бермесең өліп жатсаңда қарамайды

  • @БахтиярЖумакулов-п2и
    @БахтиярЖумакулов-п2и 2 года назад +2

    Осылар адал істесе болмаспекен. Айуандар

  • @СакенСпанов-ч4ь
    @СакенСпанов-ч4ь 2 года назад +3

    Ондаи батпан құирықты жемқор шеновниктер бөліседі

    • @zhassulanamalov1967
      @zhassulanamalov1967 2 года назад

      сенде ондай батпан куйрык чиновник бола калсан жемкордын бирине айналасын...

  • @ЛазатЛазатович
    @ЛазатЛазатович 2 года назад +3

    Коррупцияяяяяяя! Позор

  • @КадишаИльмухамедова-е1ы

    Ол рас 200комиссияга мангыстаудадасолай

  • @АғАБеК-э2о
    @АғАБеК-э2о Год назад

    Жаңалықтарың бар болсын барлығы курста ой біләәә

  • @zhanarrakhymbekova183
    @zhanarrakhymbekova183 Год назад +1

    Оо жаным бізде 400 жүз болып кеткен

  • @МаржанОшыракын-и9г
    @МаржанОшыракын-и9г 2 года назад +1

    Жамбыл ауданы ұзынағаш ауылындада ала алмай отырмыз ақша бергендерге береді

  • @МолдирАзимбаи-з8ь
    @МолдирАзимбаи-з8ь 2 года назад +1

    Камиссияда отырган адамдар ды тексерсин 👀

  • @ЕрекеЕреке-д9п
    @ЕрекеЕреке-д9п 2 года назад +10

    Тулкибаста бардак мектепке еден жуушы бөлу ушин 200 мың сурайды каншама адам 60 мың 50 мың теңге берип койган осы гранты алу ушин бермесең ала алмайсын

    • @madinabala8545
      @madinabala8545 2 года назад +1

      Ол барлык жерде бар

    • @kanateleuov4684
      @kanateleuov4684 2 года назад

      Алсайшы енді сұрағанын беріп)))))))))))))))

  • @Али-у2ц
    @Али-у2ц 2 года назад +4

    Бундай жемкор шакалдарды он жылга соттап омир бакига мемилекеттик жумыстан шеттету керек

    • @kanateleuov4684
      @kanateleuov4684 2 года назад

      Дұрыс айтасың.Қашан енді???))))))))

  • @mirmaster4161
    @mirmaster4161 2 года назад +3

    Я не удивлён мои сосед тоже взял этот гранты шляпа 20%.Туркестанская область Сарыағаш, Абай

  • @АйбарИскалиев-л3я
    @АйбарИскалиев-л3я 2 года назад

    Қазақстанның барлық облыс аудандарын тексеру керек. Барлық жерде жемқорлар. Мен сұрадым бермеді. Тексермесе болмайды

  • @УлугбекИскаков-ц4у
    @УлугбекИскаков-ц4у 11 месяцев назад

    Туркестан обл туркестан калайсын шугыл тексеру кк страшно акша алып адамдарды шулатып жатыр

  • @Дамира-щ7й
    @Дамира-щ7й Год назад

    Биздин район облыста да солай Акша бермесең отпейсин. 7 жылдан бери сол нарсени ешкимге дәлелдей алмай келемиз

  • @a.ri.a31
    @a.ri.a31 2 года назад +4

    Взяточники,список есть,надо на них в суд подавать,было бы хорошо,если бы срок получили,плюс конфискация имущества,наверняка нажитая на эти деньги, народ поверил,что помогают,дает государство деньги,а они на них зарабатывали,это ведь еще и деньги государства,так что по всем правилам судить,и обязательно чтоб все это транслировать на всю страну,чтоб тем ,кто придет на их место,было неповадно

  • @ЖанылКазыбаева-й3в
    @ЖанылКазыбаева-й3в 2 года назад

    Пара алып үиренген көздерін құрту керек комиссияларды

  • @guldanaorinbasarova9781
    @guldanaorinbasarova9781 2 года назад

    Актобеде ешкандай таныссыз кайтарымсыз грантты уттым аллага шукир адил отти

  • @Бек-АйымАхмедова
    @Бек-АйымАхмедова 2 года назад

    Аты жөнін неге айтпайды жемқорлардың.

  • @meralizhetenpirimzhan5331
    @meralizhetenpirimzhan5331 2 года назад +2

    Недеген берекетсiз ел болдык,не болды өзi , екі жүз мың нан не дәмелі

    • @kanateleuov4684
      @kanateleuov4684 2 года назад

      Жатып алып уайымдай бер періште

  • @МуратАлбан
    @МуратАлбан 2 года назад +4

    Буларды халык боп жазасын беру керек шенеуник деген болмау керек адамнын бари тен болу керек

  • @ТамаТама-я1р
    @ТамаТама-я1р 2 года назад

    Аты-жөндері неге жарияланбайды...ылғи да жасырып айтылмайды, халық осындай жемқорларын біліп жүрсін

    • @kanateleuov4684
      @kanateleuov4684 2 года назад

      Айтылып тұрғой Қанат Елеуов деп.Не керек саған жаным???

  • @Айару-щ4л
    @Айару-щ4л 2 года назад

    Кентауды тексеру керек бизде ала алалмаимыз отырмыз

    • @ЛаураАмраева-у5м
      @ЛаураАмраева-у5м 2 года назад

      Неге Сіз ұтуыңыз керек, ұтқан адамнан бизнес идеяңыздың қай жері артық

  • @guljahanbeisenbaeva5974
    @guljahanbeisenbaeva5974 Год назад

    200 мын черезчур гой,макул енбеги акысы жок емес бар,50мын сурасада,канагат,Озинин калтасынан бермейди гой,Анкау елге,Арамза молда деген

  • @АманханЖалел
    @АманханЖалел 2 года назад +1

    Бұл он жылдан бері жалғасып келеді үкімет ауыспаи еш үміт жоқ

  • @БабаханМаханбет-ъ9щ

    Ай Канат ай мектепте осылай сойлеуши един
    Тыныш журмейсинба

  • @azzamnomad872
    @azzamnomad872 2 года назад

    Масқара

  • @ДауренБейсембаев-х8ш
    @ДауренБейсембаев-х8ш 9 месяцев назад

    И енди жемкорлыктын отанында акша сурамай.

  • @Mari-yx9ry
    @Mari-yx9ry 2 года назад

    Шымкентте енбекши ауданы тен когам комиссия адилетсиз воопше ,категорияга воопше карамады

  • @АлмаАбдрахманова-в5р
    @АлмаАбдрахманова-в5р 2 года назад +1

    Каныкканнан куныккан жаман, Кашан тояды осылар, ауызы мурнынан шыгатын болды гои 🤣🤮

  • @МолдирАзимбаи-з8ь
    @МолдирАзимбаи-з8ь 2 года назад +1

    Сарыагаш ты да жаксылап тексерсин 👀👀👀👀👀👀👀👀👀👀👀👀👀

  • @balkengalymjan
    @balkengalymjan 2 года назад

    Байзақ ауданы ставкасы 250000

  • @ЖасуланКайыпбаев
    @ЖасуланКайыпбаев 2 года назад +1

    Кызылордада солго шшс неси жаналык

  • @Рустам1986Чахабаев
    @Рустам1986Чахабаев 2 года назад +1

    Ээээ бауырым енди артына тусип куртады жумыстан

  • @madinabala8545
    @madinabala8545 2 года назад

    Кара жумыска пара бермесен жумыс жок

  • @МерейСүндетбай
    @МерейСүндетбай 2 года назад

    Оның несіне таң қаласың баяғыдан бар нəрсеғой

  • @ЖупарбекАбуов-ъ4м
    @ЖупарбекАбуов-ъ4м 2 года назад

    Қамалсын

  • @АйдосНамазбаев-к8м
    @АйдосНамазбаев-к8м 2 года назад

    🤣🤣🤣🤣