Комментарии •

  • @kulekeCS
    @kulekeCS 5 лет назад +29

    Шерхан ағамыз Оралхан ағаның талантын байқап жұмысқа шақырыпты, жатқан жерлері жайлы болсын.🙏

  • @БалзадаАбдибаева-в3ю
    @БалзадаАбдибаева-в3ю 2 года назад +6

    Керемет түсірілім! Шығармашылық топқа ризамыз. Оралхан Бөкей -ерекше жазушы. Бір ғана "Атау кересінде" сан қилы тақырыптарды қозғағаны осыған дәлел. Оралхан оқырмандары көбейе берсін.

  • @АдилбекЖаркынбек-с1д

    Керемет жазушы сайтан көпір әнгімесін жана ғана оқып бітірдім.

    • @filnovirussia3241
      @filnovirussia3241 4 года назад +3

      Сайтан көпір кейіпкерінде өмірмен күресі қатты ұнайды

  • @КазбекОзбаев
    @КазбекОзбаев 5 лет назад +16

    Бір туар асыл тұлға ! Жарықтықтың жаны жұмақта болсын !

  • @ГульмираСағатбекова

    Шығармалары ерекше, Оралхан ағамыздың шығармасынан кейін, табиғатқа ғашық болдым. Жаны жәннаттың төрінде шалқысын🤲🤲

  • @БекБатыр-у9м
    @БекБатыр-у9м 2 года назад +3

    АТАУ-КЕРЕсін оқып шыктым керемет, жаныныңыз жәннәтта болсын!

  • @ТаразДжамбул-щ9з
    @ТаразДжамбул-щ9з 5 лет назад +12

    КЕРЕМЕТ КҮШТІ ЖАЗАТЫН ЕДІ 👍👍👍

  • @КурмановМансур
    @КурмановМансур 3 года назад +7

    Оралхан бөкей менің туысым

  • @УлбосынАлдамуратова-я1р

    Керемет рахмет

  • @АльбинаТуткышева
    @АльбинаТуткышева 5 лет назад +7

    Өте тамаша 😎💪💪💪👍👍👍👍

  • @ТалгатМаркабаев
    @ТалгатМаркабаев 3 года назад +2

    Иманды болсын, Алла разы болсын!

  • @Sanzhar__49
    @Sanzhar__49 3 года назад +21

    Қазақтың Кербұғысы, қазақтың қарапайым ғана Орашы Оралхан Бөкеев туралы оқығаныммен бөлісейін деп едім:
    1.Досы ақын Жүрсін Ерман: Бірде қонаққа бардық бір ақынның үйіне. Жайырақ барып қалып столдың шетіне отырғанбыз әйелім екеуіміз. Оралхан да жайырақ келіп біздің жанымызға отырды да, (бұрын араласпаған кезіміз) Осы мен сені жақтыртпаймын деді. Менде басымнан сөз асыра қоямын ба? Оған: Менде сені жақтыртып тұрғаным шамалы дедім. Кейіннен жұмыс таба алмай жүргенде Оралханға бардым. Ол кезде ол Қазақ әдебиеті газетінің редакторы. Сөзге келген жоқ бірден жұмысқа алды. Кейіннен жақын дос болып араласып кеттік... P/S: Ер шекіспей бекіспейді.
    2.. Шерхан Мұртаза: Үйге келген қонақтар тарағасын. Айман екеуі ғана қалады. Отасқалы қанша жыл болды. Екеуден екеу бала жоқ. Сондайда Оралхан әлгінде аздап қана ұрттаған коняктің әсерін бе? Әлде үйде қоңылтасып қалғаннан ба екен: Жалғыз ұлы бардың шығар шықпас жаны бар, Екі ұлы бардың Өкпе бауыр жалы бар, Үш ұлы бардың Бұхарада малы бар, Төрт ұлы бардың аспанға салған жолы бар, дейді де алақандарын аспанға жайып жіберіп: Құдай ау мен сенен төрт ұл, үш ұл, тіпті екі ұл бер деген жоқпын ғой. Жалғыз ұлды аядың ба? Жалғыз ұлды болып соның тілеуін тілеп, садаға кетіп, шығар шықпас жаным жүрсе болмас па еді, Құдай! дегенде Айман үн түнсіз жылайды екен. Оның Құдайға айтар арызы тек көз жасы. Ақыры опат болды.
    3.Марат Қабанбай: Оның артық туғанын кешіре алмадық. Орекеңе қарадан қарап сүйкеніп, тискісі кеп тұратындар ол кезде мың сан еді. Сол мың санның бірі болдық. Кербұғы жалғызтын.
    4.Дулат Исабеков:Білмеймін ажалына асықты ма,әйтеуір Үндістанға баруға құштар болды.Түркияға барыңызшы деген министр Алтынбек Сәрсенбаевтың сөзін алмай болмай Үндістанға кетті.Оралхан Үндістанға өзі кетіп,табытпен оралды.Мәйітті әуежайдан күтіп алдық.Сүйекті орталық аурухананың моргіне апардық.Олар мәйітті ары бері аунатып Хорошое тело деп мәйітті мақтады.Делиден жеткеше жылып үлгермепті.Біз сонда бар болғаны Хорошое тело болғанымызба? 49-жастағы жігіт бар болғаны Хорошое тело болып қана тынғаны ма?Осы ой жаныма жай таптырмайды.
    5.Нұртөре Жүсіп:Бізді Оралхан аға бастап Үндістанға бардық.Көп араладық,қалжыңды да айтты.Мамырдың 16-сы күні кешке қарай Қазақстан делегациясы құрметіне қонақасы берілді.Орағаң мазасы болмады ма?Ептеп бауырым мазалап тұрғаны деп қойды. Дұрыс тамақтанбады.Қонақүйге келдік.Таңғы тоғызда төменге уағдаласқан жерде кездесеміз деп тарап кеттік.Таңертең бәріміз жиналдық Орағаң жооқ.Алпысбай аға жүгіріп келіп:Жүрші,жүрші.Орағаңа звондасам көтермейді, есігін қақсам ашпайды деді.Тым тырыс есікті қақтық,телефон соқтық ашпайды.Астыдан запас кілтті алып есікті аштық.Төсектің үстінде ақ жацманы кеуде тұсына жамылып,Орағаң ұйықтап жатыр.Ұйқым келмейді деуші еді.Қаннен қаперсіз,еш алаңсыз,балбыраған қалпында жантәсілім етіпті.Дәрігер,полициялар келді.Солқылдап жылап жүрміз.Жүректен қайтыс болды деген шешіп шығарды.Орағаңды сонда жерлейміз деген әңгіме болды.Қайта сол жақтағы Труд газетінің тілшісі көмек жасап,бальзамдалған,табытқа салынған Орағаңды алып елге қайттық.Дәл сол күні Делиде Тәдж-Махал қонақүйінде жылап отырып,табиғаттың бізбен бірге жылағанын көрдік.Елу градус ыстықтан ауа райы бірден 20 градуска түсіп,жаңбыр құйып кетті.Алай дүлей жел.Жаңбыр үсті үстіне құйды.Қуанып барып,қайғырып қайттық...
    (Аңыз адам журналынан алдым)

  • @xrstrax8787
    @xrstrax8787 4 года назад +3

    Өте жақсы

  • @ТолганайКабдыгалиева-т8с

    ...Неге екенін мен түсінбеймін. Біздің шығыстан жарқырап, әсіресе қойнауы киелі Өр Алтайдың бауырайындағы Катонқарағайдан, Марқакөлден қаншама нартұлғалар шықты дейсің, алайда, солардың көбісінің өмірінің ұзақ болғаны есімде жоқ. Оған не себеп? Ооо, Алла! Жерінің сұлулығындай, сөздерін де, өздерін де сұлу, көркем етіп жаратасың да халқымыздың мақтанышы мен аяулысына айналған шағында онсыз да бауыры қатты, тармаңдай қазағымның тірілерінің қатарынан жұлып, алып кетесің! Неліктен олай..? 😢 Біздің аудандар қайнаған орыстың көптеп шоғырланған жері болатын-ды. Ауданымыздың, облысымыздың басшылары үнемі орыс ұлтынан болатын-ды. Толып жатқан шовинистер (кержақ орыстар) еді, қазақ мектептер жабылып, аудан бойынша некен-саяқ ұлттық мектептер ғана қалған еді. Сонда да болса, мұз жарған кемедей, мұзды жарып, Оралхандай Ағаларымыз биіктерді өз ана тілі арқылы-ақ, қаншама биік белестерді бағындыра алды. Амал қанша, асатын асуы, бағындырар Мұзтаудай шыңдары әлі алда еді. Алайда, Алла оған жеткізбеді. Бірақ Оралхан салған із ешқашан суымайды, шығармаларының өзектілігі ешқашан тозған емес, ел аузында, жас ұрпақтар "Оралхан оқуларымен" жаңартып жатыр. Жаны жәннатта болсын!🤲
    Қазір ауылымыз жақтан жарқырап шығып келе жатқан, тұлғалы азаматтар болса, дәл мен өзім Аллаға жалбарынып,сол бауырларымының өмірде тірі жүргенін сұрап, дұғада болатын болдым. Қазір де құдайға шүкір, әлі де Оралханның, Қалиханның, Дидахметтің, Талаптан Ахметжанның, Марат Сахатовтың, Төлеген Рақымжановтың орнын басатын өрендер өсіп келе жатыр(тфәй-тфәй). Басқа да қазіргі аты шығып, халқымыздың алдында ерен еңбегімен еленіп жатқан, адал да іскер, дарынды азаматтарымыз бар, Құдайға тәубә!
    О, Алла! Кейінгі жалын жүректі, рух пен адалдықтан жаратылған қазағыңның ұл-қыздарына назарыңмен қарап, Өзіңнің сыйлаған өміріңді баянды етіп, ұзақ өмір сыйлай гөр, Алла! Елімізге деген көзің түзу болса екен,Мейірімді Алла!!! Аман болсыншы, Еліміз!!!🙏🙏🙏

  • @nursatyt147
    @nursatyt147 4 года назад +2

    Бүгінгі күн ертеңге тарйх

    • @sellshr1484
      @sellshr1484 3 года назад

      Ертеңгі күн құпия

  • @Kirsabyn
    @Kirsabyn Год назад

    44 лицей им.О.Бокея
    Сол мектептин тулегимин
    Рахмет

  • @kukabaibaz3360
    @kukabaibaz3360 5 лет назад +6

    👏

  • @БакыткульМолдашова
    @БакыткульМолдашова 5 лет назад +10

    Қайталанбас тұлғалардың бірі.

  • @ЕркингульСолтанаева

    Оралхан ағаның ұлы қайда екен? Ер жеткен шығар

  • @СаулеЭлгаз-ь5н
    @СаулеЭлгаз-ь5н 2 года назад

    Екі баласы қайда екен,?,
    Текті ағамыздың?!

  • @galelkurmash2482
    @galelkurmash2482 Год назад

    😮

  • @АмантайТурдыхан
    @АмантайТурдыхан 2 года назад

    👍 👍 👍 👍 👍 👍 👍

  • @ЕралиСаубенов-ю7ж
    @ЕралиСаубенов-ю7ж 5 лет назад +7

    КӘЗІР ТІРІ БОЛСА ЕКЕН😟😓

  • @АсылзатИсаева-й7н
    @АсылзатИсаева-й7н 3 года назад

    🔥🔥👏

  • @ЖандосБекмухамед
    @ЖандосБекмухамед 2 года назад

    Оралхан Бөкей жезде Тау Тұлға

  • @---jj7ve
    @---jj7ve Год назад

    6:00

  • @АзатОспан-ж5е
    @АзатОспан-ж5е 2 года назад +1

    Keremet bağdarlama. Ūlylarymyzdy tanytudan jalyqpañyzdar

  • @AbishDalubai
    @AbishDalubai 2 года назад

    Атып кеткен бе сонда?

  • @НазгулАлиакбар
    @НазгулАлиакбар 4 года назад +1

    Назгул

  • @kukabaibaz3360
    @kukabaibaz3360 5 лет назад +5

    👏