Стресске төзімділікті дамыту тренингі туралы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 10 фев 2025
  • Бүгін, "Астана Тазалық" ұйымының басшылық құрамы және барлық құрылымдық бөлімшелер жетекшілеріне арнайы "Стресс - менеджмент" тақырыбында семинар-тренинг өтті.
    Модератор: білікті тренер, кәсіби коуч - Эльмира Абайдильдинова.
    Тренинг мақсаты: стресстің алдын алу және оның салдарын жеңу әдістерін меңгеру; стресстік жағдайда психоэмоционалды тепе-теңдік пен өнімділікті жедел қалпына келтіру әдістерін меңгеру; стресске төзімділікті дамыту және соның салдарынан - қызметтің өнімділігі.
    Тренинг барысында қатысушылар стресстің мәні мен түрлерін анықтап, оған қарсы тұрудың тиімді әдістерін меңгерді. Сондай-ақ, тренингте қатысушылар үшін әртүрлі ширату жаттығулары ұйымдастырылды.
    Жаттығулардың бірі - күннің ең жағымды жаңалықтарымен бөлісу болса, тағы бірінде қатысушылар жүрек соғысын өлшеп, өз денсаулығына назар аударды.
    Қатысушылардың белсенділігі мен ынта-жігері семинардың жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті.
    Іс-шара соңында қызметкерлер стресспен күресудің жаңа әдістерін үйреніп, алдағы жұмыс күндеріне оң мотивация алды.
    #АстанаТазалық #ТазаҚазақстанЭкологиялықАкциясы #АстанаТазаҚала
    #Экология
    #ЖасылҚазақстан
    #СтрессМенеджмент
    #СеминарТренинг
    #Жаттығулар

Комментарии •