Полицейлер үйіне кіріп алып кеткен азаматтың қорланған денесі мәйітханадан табылды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 6 окт 2024
  • «Бас сүйегі, мұрны ішіне кіріп, сүйегі қозғалып кеткен». Алматыда 9 қаңтар күні полиция қызметкерлері үйінен әкеткен Жасұлан Анафияевті жақындары осындай күйде мәйітханадан тапқан. Алаңда болғаны үшін қамауға алынған азаматты туыстары 9 күн бойы қаланың қамау мекемелерінен шарқ ұрып іздеп, тек сенім телефоны арқылы мәйітханада екенін білген. Азаматынан айырылып, алты баласымен жесір қалған келіншек, қазір жалға алып тұратын аядай бөлмесінің жалдау құнын да төлей алмай, қиналып отыр.
    ГҮЛЗИЯ ОМАРБАЕВА, Марқұм Жасұлан Анафияевтің әйелі:
    - Осылай бар ма десе, ол өліп қалды дейді. Мен оны естіп тұрмын бер жақта. Не деп жатсыздар, оны сау қып алып кетті ғой, аяқ қолы балғадай.
    Небәрі 48 жасында қайтыс болған Жасұлан Анафияевтің әйелі, күйеуін полиция алып кеткеннен кейін араға тоғыз күн салып, әрең тапқан. Бірақ қамау мекемелерінен емес, мәйітханадан тауыпты. «Жасұланның 5 қаңтар күні шеруге шыққаны рас. Арандатушылардың кесірінен әскерилер жаралана бастағанда, оларды өз денесімен қорғап, ауруханаға жеткізуге жүгіріп, көмектескенін өзі де айтқан еді, деп әйелі егіліп отыр.
    ГҮЛЗИЯ ОМАРБАЕВА, Марқұм Жасұлан Анафияевтің әйелі:
    Скорыйға салып, үлгере алмай жатты. Қай жер жақын, қай больница жақын. Даусы қарлығып қалыпты айғайлап сөйлегеннен. Үйге келді, қасымызда болды.
    5 қаңтар күні Информбюро тілшілері түсірген мына кадрларда, шапан киіп, бір адаммен амандасып тұрған кісі - Жасұлан Анафияев. Ол сонда тұрған өзге елмен бірге, полиция қызметкерлері өз еркімен жерге тастаған қаруды басқаларға алмаңдар деп тұр.
    Араға төрт күн салып, яғни 9 қаңтар күні Жасұлан Анафияев өзімен бірге көлік жүргізетін досының үйіне шығып кетеді. Сол жерге арнайы жасақ келіп, оны досымен бірге Ақбұлақ ықшамауданындағы үйден алып кеткен. Сол күйі Алматының барлық құқық қорғау мекемелерін табанымыздан тозып, іздедік, таппадық. Тек сенім телефоны арқылы мәйітханада екенін бірақ білдік. Түрі адам танымастай болды, - дейді әйелі.
    ГҮЛЗИЯ ОМАРБАЕВА, Марқұм Жасұлан Анафияевтің әйелі:
    - Хайуанды да олай ұрмайды. Бас сүйегі, мұрны кіріп кеткен. Сүйегі қозғалып кеткен. Тесік қан ұйып қалған. Қабырғалары сынған. Аяғының саусағына дейін бір сау жері жоқ.
    Күйеуінің мәйітін алған Гүлзия Омарбаева, мәйітханадан берген құжатта марқұмның өлімінің себебі панкреатит деп көрсетілгенін айтады. Ал, Алматы ПД баспасөз қызметі, жедел жәрдем өлім себебін жүрек жетіспеушілігі деп қойған, сараптама тағайындалды, нәтижесі содан кейін белгілі болады деді.Ал, Гүлзия алты баласымен қазір мына бөлмені жалға алып тұрып жатыр. Кенже қызы науқас, одан кейінгі баласы небәрі он айлық, келіншек осы айдағы пәтер құнын да төлей алмай отыр.
    Ирина Советжанқызы, Ринат Абулхаиров
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    RUclips - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Комментарии • 1,1 тыс.