Ербол Мырзабосынов: Келесі Олимпиадаға дайындықты бүгіннен бастап кеттік

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 2 сен 2024
  • - Көпшілік спортшыны жарысқа тек бапкері баптайды деп жаңсақ ойлайды. Алайда олар бұл іске ғылыми топ, медицина мамандарының жұмыла кірісетінінен бейхабар. Осы ретте бүгінде елдегі спорт саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу ісі қандай жолға қойылғаны туралы айта отырасыз ба?
    - Дұрыс айтасыз, бір спортшының жетістігі үшін ондаған маман қызмет етеді. Спортшының дұрыс тамақтануынан бастап, физикалық, медициналық, психологиялық, фармокологиялық тұрғыда көмек көрсететін мамандар қатар жүреді.
    Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін алдымен қатарымызды бізге қа­жет салалық мамандармен толықтыруымыз керек. Ол бағытта бірқатар оқу орындарымен бірлескен жұмыстар атқарылып жатыр.
    Қазір Қазақстанда спорт ғылымын дамытудың белсенді бағыттарының бірі - докторантура (PhD) деңгейінде кадрлар даярлау. Док­торанттар жүйелі түрде зерттеулер жүргізеді әрі дене шынықтыру және спорт саласында бірқатар әдістемелерді енгізеді. Бұл тұрғыда Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясымен тығыз байланыстамыз. Олардың көмегімен біраз шаруа істелініп жатыр. Осы ретте аз уақыт ішінде атқарылған жұмыстардың біріне мысал ретінде айта кетейін. Спорт ғылымын одан әрі дамыту, спорт резервін дайындаудың жаңа жолдарын іздеу және жалпы дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін біздің еліміздегі уақытылы өзгерістердің бірі ретінде Performance hub жобасын атап өтуімізге болады. Бұл жоба Парижге аттанған олимпиадашыларын даярлау кезеңінде пилоттық режимде іске қосылған болатын. Аталған хабтағы жұмыс білікті жаттықтырушылар және спортшылармен жүргізілді. Ендігі кезекте бұл ғылыми топтың қарқынын тоқтатпай, ғылыми-зерттеу институтының бірінші қадамына айналдыруымыз керек.

Комментарии •