Су ресурстары комитеті біреулердің жем жейтін астауына айналды - Ислам Әбішев

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 26 сен 2024

Комментарии • 205

  • @АйсулуКадырбаева-ч3т
    @АйсулуКадырбаева-ч3т 8 месяцев назад +25

    Ислам бауырымызды қорғау бағытында Қазбек Иса бастаған күресте, жақтап, қолымызды қойып, біраз ат салысқанымыз бар-ды, соның, осы азаматқа мысқалдай да бір пайдасы тигендей де болса, біздің осы тілегімізді қабыл етіп, игілік жолына бұйырғаны үшін Жаратқан Аллаға мың шүкіршілік!
    Бұл істе елге ұйытқы болып, ол кісі басына төнген қауіптен арашалау бағытында тынбай еңбектенген Қазбек Иса мен өз саласы бойынша табанды тартысқа қатысқан мамандарға да Алланың ризашылығы болсын!
    Қазақстанды кеңінен жайлаған жемқорлықтың тамырына балта шауып, ел-халқының болашағы үшін, бел шешіп майданға түскен барша күрескерлпрге Құдай қуат берскн!

  • @azzamnomad872
    @azzamnomad872 8 месяцев назад +21

    Қазақ мемлекетінің намысты, білімді азаматтары көп болсын. Ұры, мәнгүрт жоқ болсын.

  • @ИнкарРахимжанов
    @ИнкарРахимжанов 8 месяцев назад +71

    Ассаламу уағалейкум! Әкемді еске алып тарихтан ұмыттырмай әңгіме қылғандарыңызға рахмет, түнгі 3-те көріп бір жылап алдым! Қазағым аман болсын, коррупция жойылсын! Жампозовтың кенже ұлы!

    • @jambulzeinullin4935
      @jambulzeinullin4935 8 месяцев назад +6

      🙏

    • @АйманБайназарова-т2п
      @АйманБайназарова-т2п 8 месяцев назад +16

      Жаны жаннатта болсын әкеңіздің, бәрі уақыт еншісінде, ақиқаттың жолы күрделі!

    • @АмантайНурахметов
      @АмантайНурахметов 8 месяцев назад +7

      Иманы саламат болсын!

    • @nuradinjumaliyev1867
      @nuradinjumaliyev1867 8 месяцев назад +13

      Иманды болсын, бауырым. “Әкең өлседе, әкеңнің көзін көрген өлмесін” - деген қазақтың сөзінің мән-мағынасы осы екен. Ағамыз әкеңіздің бар жақсылығын айтып өтті, яғни қандай кісі болғанын.

    • @АскарбекОпабеков
      @АскарбекОпабеков 8 месяцев назад +9

      Әкеңіздің Жатқан жері жәйлі, топырағы торқа болсын. Адал азамат екенін,ағамыздың сөзінен байқадым,болашақ ұрпақ білсін және ақтасын деп тілеймін.

  • @НурмаханМустафаев-б6э
    @НурмаханМустафаев-б6э 8 месяцев назад +16

    Аллаға шүкір, осындай ел қамын ойлайтын азаматтар көп болсын. Өміріңізге Аллаһ Береке берсін...

  • @МаратМахимов-г9ц
    @МаратМахимов-г9ц 8 месяцев назад +6

    Керемет сұрақтар қойылды керемет жауап берді жарайсың Ислам аға алла сізге қуат берсін

  • @НурпеисМаликов-б8е
    @НурпеисМаликов-б8е 8 месяцев назад +25

    Ислам атамыз аман болсын. Өте әділ кісі.

    • @Меніңойымша
      @Меніңойымша 8 месяцев назад +1

      Қайдам?

    • @caclimate
      @caclimate 8 месяцев назад +1

      Кишкене сол адам туралы окыныз интернеттен, адал адам деп атауга тилдерин жетпейди сосын

  • @МадинаИслам-х4л
    @МадинаИслам-х4л 7 месяцев назад

    Өте керемет сұхбат, рахмет сіздерге. Алла разы болсын істеріңізге 🙏🙏🙏

  • @Baidauletova_Altynai
    @Baidauletova_Altynai 8 месяцев назад +14

    Аман жүріңіз,әлі де Ал
    ла қолдасын сізді.

  • @k.alax7524
    @k.alax7524 8 месяцев назад +9

    Өте керемет сұхпат болды!
    Білгенге маржандай сөздер айтты!!!
    Еліне қызмет ететін осындай азаматтарымыз аман болсын🤝🇰🇿

  • @k.s.1817
    @k.s.1817 8 месяцев назад +8

    Аға сізге Алла жар болсын 🤲 Акталуға тілектес пыз🤲

  • @ЕрасылСалимов-ю7н
    @ЕрасылСалимов-ю7н 8 месяцев назад +31

    Су ресурстары комитеті дегеннің бар екенін де білмеппін, бірақ қарап отырсақ бізге өте керек комитеттердің бірі, қарт Каспидің, Арал теңізінің мәселесін көтеретін де осы кісілер, ауылдағы ауыз су тапшылығы мәселесін, Астанадағы халықтың суды сатып алып ішіп отқанын айтатын да шешімін де табатын осы кісілер, осы комитет

  • @zhaksygulbatyrbai7293
    @zhaksygulbatyrbai7293 8 месяцев назад +14

    Ислам Әбішұлы Ордабасы ауданында әкім болып тұрғанда , қарапайым еңбеккерлеріне зор пайдасы тиді, талай адал жұмыс атқарды мына интервюді көріп , рахмет айтамын журналистке .Сыртынан жақсы танимын ,жақсы адамнан сұқбат алуың көбейсін

  • @QairatRQ
    @QairatRQ 8 месяцев назад +23

    Ислам аға аман-сау болыңыз! Әділдікке жетуіңізге тілектеспін!

  • @gulmirazeinulla3590
    @gulmirazeinulla3590 8 месяцев назад +36

    Су мәселесі өте өзекті, бірақ ақшаны көздегендер жұмыс істетпейді

  • @АнарАмангельдиева
    @АнарАмангельдиева 8 месяцев назад +7

    Абишов деген барлық мырзаларға рахмет халықтың тұрмыс жағдайларына көп пайдасы тиген кәсіпкер азаматтар.

  • @nursultanjolan8859
    @nursultanjolan8859 8 месяцев назад +24

    Аллах енді алдағы өмірін берсін!!! Денсаулығы мықты болсын!!! Мықты кісі!!!

  • @НурхасымБурханов
    @НурхасымБурханов 8 месяцев назад +20

    Ары таза азаматтар бар болғаны үшін Қазақстан бір қалыпты тұр Егерде бәріде ұры қары болғанда әлде қашан береке кетер еді Елден аман болсын ар намысты қайсар Ағамыз

    • @ЕсболКенжевалов
      @ЕсболКенжевалов 8 месяцев назад +3

      😊😊😊😊

    • @АбдуллаАдек
      @АбдуллаАдек 8 месяцев назад +4

      Жөн айттың , жай айтқанда : жақсы адамдар көптеу боп тұр ал жамандар көбейсе сол қауіпті. Оған жетпейтін шығармыз , әлде қалай ??.

  • @МадиШөмекей
    @МадиШөмекей 8 месяцев назад +9

    Өмірбек Жанпозов ағамыз керемет адам еді, ол кісі өте қарапайым адам еді, Алла қабырын Құран нұрымен нұрландырсын әмин 🤲

  • @zhaksygulbatyrbai7293
    @zhaksygulbatyrbai7293 8 месяцев назад +9

    Дені сау болсын бұл кісінің.

  • @birzhan62
    @birzhan62 8 месяцев назад +8

    Марқұмның жатқан жері жәннәт болсын

  • @Жамила-г6з
    @Жамила-г6з 8 месяцев назад +7

    Ислам Абишев агамыз оте искер азамат. Казакстанда мемлекеттин каржысын унемдеп мемлекетке пайда келтирем деген ащаматтардын сонына шырак алып туседи екен.

  • @ИскаковБакыт
    @ИскаковБакыт 8 месяцев назад +2

    Көке керемет сұхбат

  • @ВероникаВетрова-х7ы
    @ВероникаВетрова-х7ы 8 месяцев назад +15

    Су ресурстары комитетінің алдында өте қиын міндет тұр. Су тапшылығы мәселелерін шешу үшін көп нәрсе істеу керек

  • @Baidauletova_Altynai
    @Baidauletova_Altynai 8 месяцев назад +4

    Рахмет Аға! Керемет ха
    ықшыл адам екенсіз.
    Сізді тыңдап,елде өте
    білім-білікті,тәжірибелі
    мамандар бар деп,-айт
    ып жүргеніміз рас,яғни
    ақиқат шындық екен
    деп қуанып қалдым.

  • @gulmirasabdenova7567
    @gulmirasabdenova7567 5 месяцев назад

    Жүйе өзгермей, жақсылық болмайды екен ғой халқымызға. Елім ай!

  • @МакпалОмарова-б7д
    @МакпалОмарова-б7д 8 месяцев назад +15

    Су ресурстарын ерекше бақылауда ұстау керек.

  • @Мариям-с9ш
    @Мариям-с9ш 8 месяцев назад +8

    Абишев Ислам Алмаханович керемет қала әкімі болды Өскеменде,бұл өте еңбекшіл,білгір Адам, сізді бүкіл Өскемен халқы қолдайды,тіпті петиция жазғанбыз.Жолыңыз болсын!

  • @АбылайАбуов-я6г
    @АбылайАбуов-я6г 8 месяцев назад +8

    Елдің ақсақалы боп жастарға ақыл айтып,аман-сау жүріңіз.

  • @m..q5838
    @m..q5838 8 месяцев назад +17

    Жемқорлық жойылмай әлі талай адам сотталады!!!
    Сол себепті ұлттық қауыпсіздік ком ішкі істер министрлігі және прокуратура органдарыды қаржы саласына араластырмау керек!!!
    Солар жемқорды жасап отырған!!!

  • @zaitunazeinullina9850
    @zaitunazeinullina9850 8 месяцев назад +10

    Өзекті мәселе👍

  • @ЖОМАРТДҮЙСЕНБІ
    @ЖОМАРТДҮЙСЕНБІ 8 месяцев назад +10

    Нағыз Елге пайдасы тиетін Ұлтжанды азамат.
    Ислам аға аман болыңыз, Құдай қуат бесін!

  • @КираМалинина-л4е
    @КираМалинина-л4е 8 месяцев назад +30

    Қазір су тапшылығы мәселесін барлық жағынан шешу маңызды, бүкіл әлем үшін бұл жаһандық проблема

  • @Baidauletova_Altynai
    @Baidauletova_Altynai 8 месяцев назад +6

    Өте жақсы әңгіме бол
    ды.Керемет адал қыз
    мет жасаған адамдар,
    қысым,қудалау,жала
    ның кесірінен,әр қилы
    жағыдайда қазаға ұш
    ырағаны өте өкінішті.
    Сол жемқорлық,жала
    -пәле әлі де өз күшінде
    десек өтірік емес.Сон
    дай жағыдайда,қасың
    да жүрген адамды да,
    кейде тану мүмкін емес
    сияқты ғой Әәә???Сол
    себепті бұл жүйе жасап
    тұрғанда,дұрыс жүрсең
    де,пәле аяқ астында та
    былады екен ғой.

  • @ӘЛҺАМДУЛИЛЛАҺ
    @ӘЛҺАМДУЛИЛЛАҺ 8 месяцев назад +5

    БҰЛ КІСІНІ, АҚЫНДАРДЫҢ ІШІНДЕГІ ӘКІМІ, ӘКІМДЕРДІҢ ІШІНДЕГІ АҚЫНЫ ДЕЙТІН ЕДІ.

    • @АязханСаруар
      @АязханСаруар 8 месяцев назад +3

      Бұл шығарыпты деген бір өлең жолын оқымадық қой. Қалай ақын боп жүр?

  • @КаринаКакенова-с1ж
    @КаринаКакенова-с1ж 8 месяцев назад +13

    Су мәселесі бойынша, бұл салада көп нәрсені шешу керек, ол үшін бар күш салу керек!

  • @БерикЖамбозов
    @БерикЖамбозов 8 месяцев назад +18

    Біздің елде барлық сала ҰРЫ СҰЛТАННЫҢ салып кеткен ҰРЫ ЖОЛЫМЕН ЖҮРІП ЖАТЫР

  • @Кайдыгуль
    @Кайдыгуль 8 месяцев назад +16

    Дұрыс, су ресурстары мәселелер бойынша шешу керек!

  • @СалтанатКд
    @СалтанатКд 8 месяцев назад +1

    АССАЛАУМАҒАЛАЙКУМ ҚҰРМЕТТІ КӨПШІЛІК ҚАУЫМ ЙСЛАМ КӨКЕДЕН ЖАСТАРҒА СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҮЙРЕТУ КЕРЕК

  • @Қазақбаласы-ь8л
    @Қазақбаласы-ь8л 8 месяцев назад +20

    Бұл кісі негізі өте іскер кісі.Кезінде біздің ауданды басқарған,іскерлігімен көзге түскен адам

  • @birzhan62
    @birzhan62 8 месяцев назад +6

    Адал таза азамат еді.

  • @ШАДИЯРТулеев-й1у
    @ШАДИЯРТулеев-й1у 8 месяцев назад +2

    тек алға

  • @ТусипханТусипбеков
    @ТусипханТусипбеков 8 месяцев назад +6

    Ислам өте іскер азамат, сол іскерлігі үшін, адалдығы үшін сотталды.

  • @adebiyetsissen6016
    @adebiyetsissen6016 8 месяцев назад +14

    Ислам Абишев нағыз еркек, батыр

  • @АсатуллаСупбаев
    @АсатуллаСупбаев 8 месяцев назад +2

    АССАЛАУМАҒАЛАЙКУМ Ислма аға !

  • @АбдулханМедетбаев
    @АбдулханМедетбаев 8 месяцев назад +11

    Исламға.Алла.қуат.ұзақғұмыр.берсін

  • @Айзере-в5ж
    @Айзере-в5ж 8 месяцев назад +17

    Енді су тапшылығын тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасау маңызды, бұл мәселеде су ресурстары комитеті жұмыс істейді

  • @МадиШөмекей
    @МадиШөмекей 8 месяцев назад +5

    Ислам Әбіш ағамыз қызметте адал болғаны,мемлекеттің қаншама қаржысын үнемдеген адам ,Алла ұзақ ғұмыр күш қуат берсін ✊️✊️✊️

  • @БолатКурманбеков-з9р
    @БолатКурманбеков-з9р 8 месяцев назад +8

    Басқасын білмеймін, Жампозов адал азамат еді, қарапайым, кісілігі мол болатын, мен ол кісінің әулетін жақсы білемін, жабылған жалаға шыдай алмады асыл азамат, жатқан жері жайлы болсын, ақталып, кінәлілер қатаң жазалансын. Б.Құрманбеков

  • @ДинараНахимова
    @ДинараНахимова 6 месяцев назад

    Бұл кісі өз ісінің маманы. Керемет сұхбат болды. Сіз сияқты елім, жерім деп жүрген азаматтар көп болсын! Ақша алуға оқталды деп соттайды мекен масқараааа. Әділдік жоқ.

  • @БерикМолберген
    @БерикМолберген 8 месяцев назад +6

    Жақсы кісі

  • @МадиШөмекей
    @МадиШөмекей 8 месяцев назад +7

    Әділетсіз Қазақстанда, әділетті құрамыз деп жүрген адал азаматтар сотталды, өлді , қуғын сүргінге ұшырады

  • @zhaksygulbatyrbai7293
    @zhaksygulbatyrbai7293 8 месяцев назад +3

    Менде фезбуке көп жаздым,ол кісінін еңбектерін.Ауыл еңбекеріміз сол кісінін шапағаты тиген

  • @МадинаИслам-х4л
    @МадинаИслам-х4л 7 месяцев назад

    Қазір су проблемасы номер 1 болып жатыр, Ислам Абишев ғана бұл күрделі сұрақты шеше алатын еді, неге осындай азаматтық білімі мен тәжірибесіне қолданбасқа?

  • @НазарУмирзаков
    @НазарУмирзаков 8 месяцев назад +9

    Аға азаттыққа шығуыңызбен сіздің соттарыңызды ютуптан тугел көргем соттардың жиіркенішті жумыстарын сонда көріп жүрегім аурыған. Мен қызыл шаруалардың тумасы мын. Аталарымыз сіздің әке шешелеріңізді жақсы танушы еді.

  • @ГуляГуля-х8ц
    @ГуляГуля-х8ц 5 месяцев назад

    Ислам Алмаханулы оте адил,енбеккор адам, Оскемен акими болганда омири акимдер карапайым адамдарды кабылдамайтын,комекшилерине жиберетин,ол киси бизди 3 рет кабылдады,маселемиз шешилгенше. Карапайым халык жала жауып пара алды дегенде ешким сенген жокпыз.Зор денсаулык тилеймиз

  • @КайратЕрмек-ю2и
    @КайратЕрмек-ю2и 8 месяцев назад +5

    Ислам адал азамат. Алла күш қуат бергеи сізге. Дұшпандарыңыздың сағы сынсын

  • @МураМура-т5й
    @МураМура-т5й 7 месяцев назад

    Өте жақсы кісі бір министерствоада болганбвз

  • @ЛилианаВершинина
    @ЛилианаВершинина 8 месяцев назад +12

    Су тапшылығы мәселесін шешу тұрақты дамудың негізі болып табылады. Дәл осы мақсатқа жету керек

  • @МакпалНазарбекова-д1т
    @МакпалНазарбекова-д1т 8 месяцев назад +9

    Іскер кісі екені көрініп тұр.Осындай кісілер билік басында болса, бүгінгідей жемқорлық болмас еді.Осындай кісіге жала жауып,пара алды деп сонша түрмеге жауып не болды сонша.Бірақ асыл адам айнымайды деген бар ғой.Сынбапты.Жарвйсың азамат

  • @alemalipbaev3451
    @alemalipbaev3451 8 месяцев назад +13

    Казыргы танда осы маселени шешип тастамасак, потом кеш болады

  • @НурмаханКарабалаев
    @НурмаханКарабалаев 8 месяцев назад +5

    АЛЛА қуат берсін Ислам аға жақсы жұмыс жасайтын адамға жұмыс істетпейді дегенді естіп таң қалушы едік енді өзіміз де содан зардап шегіп жүрміз.АЛЛА ның да адамның да алдында адал болу жақсы қасиет.

  • @ГулмираНакимова
    @ГулмираНакимова 6 месяцев назад

    ❤❤❤

  • @berikt.7044
    @berikt.7044 8 месяцев назад +3

    Негізі сөзі дұрыс кісі болатын өз басым түрмеге кеткенде сенбеп едім. Бүгін көріп қуанып отырмын, аман болыңыз.

    • @Turisbekk1961
      @Turisbekk1961 8 месяцев назад +3

      Ислам аға өте искер азамат! Денсаулық отбасыңызға амандық тілеймін! Керемет сұхбат болды.

  • @КульбарамКендирбаева
    @КульбарамКендирбаева 8 месяцев назад +6

    Суга ешкандай катысы жок ,калай су аруашылыгын баскарды, каншама шаруалардын енбектери сусыз куйип кетти,соны Зульфия Сулейменова ойланды ма екен,максаты тек министр болу гана болды ма екен,,,котере алмайтын шокпарды белине байлама,,деп казак атамыз айткан,неге биликте оз мамандыгы бойынша жумыска тагайындалмайды, осындайлардын салдарынан кейин кетип жатырмыз

  • @ДилфузаАхмедкаримова
    @ДилфузаАхмедкаримова 8 месяцев назад +3

    Мынау сухбатты есітіп мемлекеттен кошіп кету керекпа деп қалдым

  • @ЛидаНургалиева-л3л
    @ЛидаНургалиева-л3л 8 месяцев назад +3

    Су саласы ол стратегия, елимиздын корганы! Осындай жерге тек маман келу керек! Маке, Саке жане мошенниктарга жол болмау керек! Окиметте таза, билимды жастар келу керек!

  • @gulmirasabdenova7567
    @gulmirasabdenova7567 5 месяцев назад

    Еліме Жұмыс жасаймын дегендерді жасатпайды екен ғой жауыздар, халық жаулары.

  • @Газовик-ф3л
    @Газовик-ф3л 8 месяцев назад +2

    Дәл қазіргі жемқор, шетелге бар байлығымызды беріп қойғанымыз, сот жүйесінің әділдіктен тайып кетуіне ұры қалмақ кінәлі болмағанда кім кінәлі? Ең сорақысы қазіргі қазақтың ниетінің бұзылғанын қайда қоямыз?

  • @ТалгатИксанов-т8м
    @ТалгатИксанов-т8м 8 месяцев назад +3

    Ағамыз аман есен болсын. Атқарған көп еңбегі бар шығар. Бірақ, мына жағдай түсініксіз "Өскемен қаласындағы 22 шағын ауданданында сапасыз салынған, тұруға жарамай қалған 43 үй қаңырап, бос тұр, 2010 жылдан бері. Қаржы желге ұшты, бұлда қаржыны үнемдеу әдістерінің бірі ме? (су комитетінде қыруар қаржы үнемделді ғой).

  • @НААБЖН
    @НААБЖН 8 месяцев назад +1

    Йслам Әбишов өте адал әділ кісі өз көзімізбен көргенбіз...

  • @НиязбекСабитов-о6ь
    @НиязбекСабитов-о6ь 8 месяцев назад +5

    Кезінде Шардарада Жаушықұм ауылын гүлдендіріп жасыл желек талдар ектіртіп көркейтіп кеткен кісі

  • @ТургунбайСарсенбаев-л3г
    @ТургунбайСарсенбаев-л3г 8 месяцев назад +5

    Ислам Әлмаханұлы ,нақты қанша ақша үнемдеп бюджетке кіргіздің,осыны дәлелімен айтсаң дұрыс болар еді.

  • @АмантайНурахметов
    @АмантайНурахметов 8 месяцев назад +3

    Ислам аға, аман болыңыз! Сіздің ақыл-кеңесіңіз керек-ақ.

  • @zhaksygulbatyrbai7293
    @zhaksygulbatyrbai7293 8 месяцев назад +6

    Бұл әлі солай ғой ,жемқорлар судың басында, таза адамды ол жерге жолатпайды, Ислам Әбішұлы соның құрбаны болды.

  • @МартбекКузембаев
    @МартбекКузембаев 8 месяцев назад +3

    Адал адамдарға қиянат жасағандар оңбайды

  • @ТалгатИксанов-т8м
    @ТалгатИксанов-т8м 8 месяцев назад +1

    Қасқа жол, армысың!
    Ислам Алмаханұлы! Сізге амандық тілеймін! Сіз қазір айтфп отырсыз сүттен ақ, судан тазамын деп. Су комитетінде миллиондаған қаржыны үнемдедім деп отырсыз. Шынайыға келгенде ол қаржы үнемделді ме? Енді, Өскеменде қала бюджетінде қаржы өз деңгейінде игеріліп, бәрі дұрыс болды ма? 22 шағын ауданжағы тұрғын үй құрылысына жұмсалған қаржы қаншалықты дұрыс жұмсалды деп айта аласыз.

  • @sayanzhirenov426
    @sayanzhirenov426 8 месяцев назад +4

    Назарбай жүйесі. Назарбайдан қалған сот жүйесі. Бұл жүйе әлі де бар. Бүдан арылуға әлі талай уақыт керек шығар. Құдай әділетті. Бәрін орнына қоятындығы анық.
    Журналист су шаруашылығы туралы сөйлесу үшін өзі дайындалуы керек. Ислам Әбіш мырзаның су шаруашылығы туралы білімі жоғары екен.

  • @РашидТулегенов-я4у
    @РашидТулегенов-я4у 8 месяцев назад +3

    Айтып отырганы тамаша.Антикор кызметкерлерi НКВД дан откен.Адвокатсыз жауап алуга болмайтынын барi бiледi.Уш сагаттан ары устауга тагы болмайды.Бiрак пенсияга келген адамдарды неге сонша устаган жауапты жумыста.

  • @ШапагатКалилаева
    @ШапагатКалилаева 8 месяцев назад

    Ислам кокемыздын адвакаты Абзал Куспан агайга халкыма ундеу жолда. Сардоба су коймасы жарылды ендыгы кезек Шардара су коймасы. Деп Адвокат Абзал агайдын ютуп каналындагы ундеуын естыгенмын. Казыр жок таппай калдым алып тастаган сиякты. Ислам кокемызге Аллах разлы болсын Кудай куат берсын кокемызге. Сукбатта корып куанып кеттымгой. Жаналыкта турмеден шыкты деп айтпады. Былмейды екенмын босатылганын. Ислам кокемыздын Кудай амандыгын берсын.

  • @Айсулу-б7л
    @Айсулу-б7л 8 месяцев назад +5

    Кеш болмай турганда карастыру керек маселе

  • @НазираЕсимова
    @НазираЕсимова 4 месяца назад

    Ислам ағамыз Оңтүстік онырыне әбден еңбегін сынырген азамат.Облыс акымыне лайык азамат ,бирак Конаев , Аскаров т,б улы жүз азаматтары жасаған трайбализм себебі нен,бул кысы Конырат, басы катты жумыс жасайтын азаматтар аса кадыры жок казахстанда.

  • @Акжолтай-к7б
    @Акжолтай-к7б 8 месяцев назад +4

    Ойбу,мына кысы су мекемесын калай баскарган ,ситуацияны былмей отыргой ,анау Балхаш ,Каспий теныздеры неден тартылып жатыр деген суракка накты жауап жоккой ,ал ол мэселе мынада жатыр ,сол кол ,тенызлерге куйылатын озен сулар жагдайлары калай ,Балхашка Ыле озены куйылады ,ал Ыленын бастауы Кытайда ,ал Кытай ол жактан суды богеп жатыр ,сондытан су министрлыгы кабинеттерде отырмау керек ,дабыл кагу керек ,президентын алдына мэселе кою керек ,программа болу керек ,ал кезынде ,Назарбаев уакытында су министрлыгы сол болынген каражатты, калай жымкырумен айналыскан сиякты, мына келген спикер ренжымесын кетты айтканыма ,бырэк негызынде солай болып тур,бул жалгыз мекеме емес ,анау КазАвтоЖолдада осындай былык ,КТЖда да сондай жагдай

  • @zhooza3393
    @zhooza3393 8 месяцев назад +2

    Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовта өзінің кінәсіз екенін дәлелдеседе сотталды. Қызылорда халқы араша түсседе болмады.

  • @АйгеримБектурган-ж5с
    @АйгеримБектурган-ж5с 8 месяцев назад +4

    Ұзақ уақыт бойы ол Су ресурстары комитетін басқарды, сонымен қатар түрмеде де өте шықты. Көптен бері одан хабар жоқ.

  • @zhaksygulbatyrbai7293
    @zhaksygulbatyrbai7293 8 месяцев назад +6

    Бұл кісіні аяқтан шалды деп айта аламын кезінде,бұл кісі арам ақшаға мұқтаж емес еді

  • @ӘЛҺАМДУЛИЛЛАҺ
    @ӘЛҺАМДУЛИЛЛАҺ 8 месяцев назад +3

    ҚАНША ЖЕСЕ ДЕ ТАУСЫЛМАЙТЫН ҚАЗАҒЫМНЫҢ БАЙЛЫҒЫ АЙ.

  • @БакытыбекСулейменов
    @БакытыбекСулейменов 8 месяцев назад +8

    Журналист мырза ,судың академигі Наиманбаи Қыпшақбаевты сұхбатқа шақырсаңыз ,бұл кісі су маманы емес.

    • @jambulzeinullin4935
      @jambulzeinullin4935 8 месяцев назад +1

      Нариман аға ғой, ол кісімен байланыстамыз. Біз Алматыға жете алмай жүрміз, ол кісі Алматыдан келе алмай жүр...

    • @polbeys5805
      @polbeys5805 8 месяцев назад +2

      Дұрыс

  • @ГулмираНакимова
    @ГулмираНакимова 6 месяцев назад +1

    Бұл менің әкем

  • @Акжолтай-к7б
    @Акжолтай-к7б 8 месяцев назад +3

    Суды унемдеу керек,Европада бул мэселе оте катты колга алган ,соган катты коныл болу керек жыгыттер

  • @РитаМусаева-й3ц
    @РитаМусаева-й3ц 8 месяцев назад +8

    Бұл кісінің қыздарында дүниелері көп,туыстары да осы кісінің арқасында дүниелері мол болып шалқып жүр ғой .

  • @ҚанатбекТугельбаев
    @ҚанатбекТугельбаев 8 месяцев назад +7

    30 жылда Назарбаевтың маңында жүріп қызымет еткендердің бәрі адал болса Қазақстан қалай артқа кетті осыны кім түсіндіріп береді кімнен сұхбат алсада бәрі адалмыз деп шығады

  • @АрдакИсаева-б6ь
    @АрдакИсаева-б6ь 8 месяцев назад +3

    Осы кисини колдайтын едим .жумысты таза жасайды деп .усталганда сенген жокпыз .осынын барлыгынын артында Назарбаев тур деп ойлаймын .Ол кисинин урыксатынсыз курайда сынбайды .

  • @ЛейлаНурманова-в7н
    @ЛейлаНурманова-в7н 8 месяцев назад +5

    Қаншама адамның тағдырына кесірі тиеді осы ұрлықшылардың...

  • @КеримбайТулепбеков-я7э
    @КеримбайТулепбеков-я7э 8 месяцев назад +3

    Мен бул агамды колдаимын

  • @БакытнурТоктарбеков
    @БакытнурТоктарбеков 8 месяцев назад +1

    Қарапайым суға холы жетпейтін қарапайым халық.,астау екені рас.

  • @ЕрболатМухаметжанов-ж5ы
    @ЕрболатМухаметжанов-ж5ы 8 месяцев назад +4

    Бұл кісі назарбаевтың сапарбаиев командасыма

    • @jambulzeinullin4935
      @jambulzeinullin4935 8 месяцев назад +2

      Иә, Сапарбаевтың қоластында істеген

  • @Толеген-э7р
    @Толеген-э7р 8 месяцев назад +6

    Оттамашы ислам
    Жанпозов.пен сеилхангың.каны.сеннің.моиныңда.екенін.ешкашан.умытпа.əлі..сурауы.болады

  • @СагилаКуныс
    @СагилаКуныс 8 месяцев назад +1

    Жеке, адал адамдардың да, бүкіл елдің де жауы жемқорлар! Қазақтың көрін қазушылар! Осындай мамандарға жұмыс істетпей, сондай сұмырайлар билікті басып алған.

  • @ТургунбайСарсенбаев-л3г
    @ТургунбайСарсенбаев-л3г 8 месяцев назад +4

    Ислам Әбішевтің жүрген жерінде айтатыны бюджеттің ақшасын үнемдедім дейді,нақты қанша ақша үнемдеп бюджетке кіргізгенін айтса дәлелді болар еді.

  • @dosymzhankozybakov3677
    @dosymzhankozybakov3677 8 месяцев назад +5

    Бул кісі іскер кісі