Басшылыққа обал-сауапты білетін, Құдайдан қорқатын адамдар келмей, біз оңбаймыз. Осы Санжар сияқты ұлтжанды азаматтаиды қолдап жоғарыға итермелеуіміз керек, ұрпағымыздың келешегі үшін. Санжар інім көп рақмет, мың алғыс....
Тамаша сұқбат болыпты. Малдың сүйегінен түйме де жасайтыны бәрі сол киеге байланысты ғой, кепиеті атпасын деп ата бабамыз киесінен қатты қорқатын еді. Қазіргі заманда құрбан айт кезіндегі қоқысқа тасталған ішек қарын, бас сирақтарды көргенде ішің у дай ашиды. Кепиеті атпаса екен.
Ассаламагалейкум казак ели керемет сухбат болыпты казир жаман ысырапшыл болып кеттикой адамдык касиеттиримиз кетип бара жатыр бизди тастап уят сауап деген нарселерди умыттык Балаларымызди билимге берейик 1ши орында билим дуние куып кеттиккой колдин кирин
Біздің туысқан апайымыз дың күйеуі, апайымыздың ағасымен киік атуға шығады. Апайымыздың ағасы киік атам деп мылтығын оқтағанда күйеу баласы көзіне киік болып көрініп, күйеу баласын атып тастапты. Содан екі жұрт өмір бойы бір бірімен жауласып араласпай кетті. Киіктің киесі тиді деп айтады
Бала күнімізде 80-ж.көршіміз браконьер еді Түркістан жақта.Жағдайы да жақсы болатын.Сол кісі күндердің бір күнінде аңшы мылтығын тазалап орырырғанда өз мылтығы атылып кетіп басын жұлып кетіп қаза болды.Аңның киесі атты деген сөздерді естіп едік сол кезде.
Жылқы атасы-Қамбар ата,сиыр атасы- Зеңгі баба,түйе атасы- Ойсыл қара,қой атасы-Шопан ата,ешкі иесі - Сексек ата деп, қазақ төрт түлік малының қасиетін білген.
Санжаржан дүниенің бір бірінің баиланысты екенін өте жақсы түсіндірдің біліміңе тінтімін сені алтын сақадан білемін теледен бірақ осындаи жігіт ана біреуді тақсыр деп бас иуіңе түсінбеймін
Құрттың атын малта деп әңгіме айта беретіндер көбейіп кетті)) Қазақта ештеңе болмаған сияқты, бәрін апарып айдаладағы аврамдық дүниетанымға қосақтап әңгіме айтатындар қаптап кетті. Қазақтың бүкіл дүниетанымының бәрін айдаладағы арабтың еншісіне беру. Өзіңнің мұрныңды өзің тесіп, оған жіпті өзің байлап, жіптің ұшын арабтың қолына өзің бергенмен бірдей тірлік. "Тайланд экологиялық жүйесін қалыпына келтіру үшін, буддизм идеологиясын пайдаланып экологиясын қалпына келтірді" дейді. Жақсы, экологиялық жүйеге пайдасы болды дейік. Бірақ сол буддизм идеологиясы, Тайланд халқының өзінің төл дүниетанымын тамырымен қопарып тастаған рухани апатты қалай қалпына келтіреді? Буыны әлі қатпаған логикалық, критикалық ойла алмайтын кішкентай балалардың санасына, дінніи мифологияны сіңіру өте қауіпті құбылыс. Ой өресі әлі толыспаған жас балаға мифология емес, рационалды ойлануға жетелейтін ғылым-білім ауадай қажет. КИЕ ұғымы біздің арғы ата-бабамыз көне түркілерден келге жатқан қасиетті ұғым. Оның айдаладағы аврамдық дүниетанымға ешқандай қатысы да жоқ. «Ұлы Далаға» аврамдық дүниетаным келмей тұрған ескі заманан, ата-бабамыз табиғатпен етене тұрмыс-тіршілігінде осы КИЕ дүниетанымын қалыптастырған. Мысалы: Шөпті жұлма. Суға дәрет сындырма. Малды бастан ұрма. Ысқырмай аң атпа. Аңдар төлдейтін кезде аңшылық жасама. Құстың ұясын бұзба. Құмырсқа илеуін бүлдірме. т.б... КИЕ ұғымы табиғатпен ете тіршілік еткен ата-бабамыздың, сана сүзгісінен өткен төл дүниетанымы. Ата-бабамыз ой-өресі толыспаған жас ұрпақты тәрбиелеуде миға симайтын мифологиямен емес. ЖАМАН БОЛАДЫ! ҰЯТ БОЛАДЫ! ОБАЛ БОЛАДЫ! Дейтін үш ауыз сөзбен тәрбиелеп келген.
@@ЖанарЖеменей-я4ы Жанар ханым! Әлбетте мифология бізде болды, болада береді. Тек бізде ғана емес, барлық халықтың өздерінің төл дүниетаным негізінде қалыптасқан төл мифологиясы болады. Мысалы: жапондар өздерінің императорларын Жаратушының (Құдай) баласы дейтін мифологияны әліде дәріптейді. Ол үшін жапон қоғамы бұлай болу мүмкін емес деп дауласып қырлыспайды. Бұл жапондардың бағзыдан келе жатқан өздерінің төл дүниетанымына айналған төл мифологиясы. Сол үшін олар болашақ ұрпақтарына осы мифологияны жеткізіп отырады. Менің айтпағым біздің қоғамдағы жаттың дүниетанымын насихаттайтын тіл-жақтылар туралы. Мен соны меңзеп айтып отырым. Олар біздің халықтың бағзыдан келе жақтан төл мифологиясын теріске (жоққа) шығарып, оның орнына біздің халыққа мың қайнаса сорпасы қосылмайтын басқа жұрттың мифологиясын әкеліп тықпалайды. Немесе біздің халықтың төл дүниетанымдық мифологиясын, айдаладағы басқа жұрттың мифологиясына апарып қосақтап, біздің мифологияның шығу негізі солардан еді дейтін насихат жүргізеді. Мысалы: біздің бүкіл салт-дәстүрдің бәрін айдалалағы аврамдық араб дүниетанымына апарып теліп, біздің салт-дәстүрді бәрін соларлан таратады. Өзіміздің бағзыдан келе жақтан «Көк бөрі»,«Ұмай ана» т. б сол сияқты төл мифологияны күлкіге айналдырып жоққа шығарады. Ана бір салт ана сахабадан, ана бір салт ана пайғамбардан, ана бір сал ана періштеден т. б осылай кете береді. «Шашу», «Көрімдік», « Дастархан әдебі» т. б сияқты төл салт-дәстүріміз бізге сол жұрттан келді дегенді насихаттайды. Тіпті өткенде біреуі «Көкпарды» арабтарға апарып теліп, «Көптар» бізге соларлан келді дейтін ертегісін езіп отыр)) Ондайларды тыңдасаң ҰЛЫ ДАЛАҒА араб дүниетанымы келгенше, ҚАЗАҚ деген халықта ешқандай төл дүниетаным болмаған, ауада халықтап тұрған халық сияқты сипаттайтын. Біздің ата-бабамыз империя құрып, өркениет жаратып, және аттың тұяғы жеткен жерге дейін сол өркениетті таратқан ҰЛЫ ХАЛЫҚ болды.
Киенің артында Тәңір дейсіз бе Құдай дейсіз бе Алла дейсіз бе әйтеуір бір жаратқан құдіретке сену,сол құдіреттің жаратқанына зияныңды тигізбеу жатыр ғой.Киенің артында құдай деген ұғым тұр.Құдайға сенбеген ғана құдайдың жаратқанына зиянын тигізеді.Кие,құдай ұғымдары ИРРАЦИОНАЛ ұғым.Оны РАЦИОНАЛ біліммен дәлелдей алмайсың.Ата бабаларымыз ой өресі әлі толыспаған балаларды сіз айтқандай рационал білім арқылы емес, миға сыймайтын аңыз әңгіме,қисса,ырым тиымдар,ертегілер арқылы тәрбиелеген.
Түүүууу Санжар Аға ютубтан жарқ ете қалғанда, қуанып кеттім ғой❤
Санжар керемет жан жақты білімді азамат.
Алла ұзақ ғұмыр берсін, Санжар ағаға. Дұрыс жолға салатын сіздің болғаныңыз үшін шүкір етемін
Жүргізуші жақсы екен👍. Әңгіме тамаша болды ,керемет,сәттілік тілеймін ❤🇰🇿❤️
Ә бәрекелді Сәке баса беріңіз көптен көрінбей кетіп едіңіз!
Керемет! Аныз - ангиме, ертешилер шыгарынызшы Санжар мырза. Айтпесе уйде балаларым жатарда ертеги сурайд сонда не айтарынды билмей каласын
Керемет сұқбат болған,бір деммен отырып тыңдадым.Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз.Санжар мырзаның білімділігіне тәнті болдым.
САНЖАР, АҢЫЗ АЙТУДЫҢ ШЕБЕРІ.
Рахмет жігіттер, шығармашылық табыс тілеймін!
рахаттанып тыңдап шықтық-ау. Рахмет ! Тамаша, экософияны кітабын қос қолдап көтереміз
Алланың жаратқанының бәріне құрметпен қарау,керемет сұхбат.
Бәрекелді, керек әңгіме!
Керемет сұхбат ❤
Керемет күшті осы Ағаны тыңдағанды өзімді танып жатқандаймын рақымет
Киіктің киесі бар дегенді бұрыннан естиміз, бірақ аңыздарды естіп риза болып қалдым. Ұйып тыңдадым👏👏
Керемет,шариғатта жоқ-бірақ өте бізге қажет дүние екен…
Тамаша салиқалы сұқбат болды. Санжар мырзаға рақмет . Бізді қоршаған дүние түгел қасиетті, киелі.
Тамаша сұқпат болғаг екен😍, жүргізуші бала сыпайы, әдепті екен, сөзді бөлмей ықыласпен бар зейінін салып күлімсіреп тыңдап отырғаны ❤
Басшылыққа обал-сауапты білетін, Құдайдан қорқатын адамдар келмей, біз оңбаймыз. Осы Санжар сияқты ұлтжанды азаматтаиды қолдап жоғарыға итермелеуіміз керек, ұрпағымыздың келешегі үшін. Санжар інім көп рақмет, мың алғыс....
Санжар інім айтқыш екен !жақсы әңгіме болды!!!
Керемет әңгіме 🎉🎉🎉
Тамаша сұқбат болыпты. Малдың сүйегінен түйме де жасайтыны бәрі сол киеге байланысты ғой, кепиеті атпасын деп ата бабамыз киесінен қатты қорқатын еді. Қазіргі заманда құрбан айт кезіндегі қоқысқа тасталған ішек қарын, бас сирақтарды көргенде ішің у дай ашиды. Кепиеті атпаса екен.
👍👍👍👍👍
Керемет ❤❤❤
Жақсы әңгіме Санжар өте білімді азамат.Аман болсын.Еліне қызметі арта берсін.
Өте керемет!!! Кие ұғымынсыз қазақи түсінікте, тарбиеде бола алмайды.
Киік киелі . Киік динозабрлардан бұрын өмір сүрген. Киікті қорғап қаза тапқан Қаныш марқұмда нағыз батыр жігіт. Жаны жәннәта болсын.🤲🤲🤲
Санжар 👍👍👍👍 айтасыз
Өте дұрыс аитасың Алла екі дүниеніғ рахатын жақсылығын берсін
Жақсы сұхбат болды.
Керемет сухбат болды👍👍👍
Керемет сұхбат!
Бiлгенге маржан угынган айтпай туciнер киесi болса жiбермес рахмет нагыз азамат екенсiн жасбуынга жаксы сугбат болды🌏🌎🌍
Иә керемет сұхбат болды
Білмейтініміз көп екен ғой. Экософия кітабын сатып алу керек екен🫡👍
Ағатайым аман болсын😊😊😊
Ассалаумағалеикүм рахмет аға сұқбатыңызға
Тамаша әңгіме болды
Тамаша❤
Керемет
Рақмет❤
Адамзат-киеден ажыраса, адамдық қасиеттен айырылады
Дұрыс айтасыз
Сау бол Санжар інім, Алла разы болсын әнгімеңе. Керемет ақпарат.
керемет
бізде жазылмаған дала заңы мықты болған ғой. иіттң иесі бөрінің тәңірі бар деп ата-балаларымыз айтып кеткен
🔥🔥🔥
Керемет сұхбат,таратайық.
Керемет айттың Санжар. 👍
👍👍👍👍👍👍
❤
Ассаламагалейкум казак ели керемет сухбат болыпты казир жаман ысырапшыл болып кеттикой адамдык касиеттиримиз кетип бара жатыр бизди тастап уят сауап деген нарселерди умыттык
Балаларымызди билимге берейик 1ши орында билим дуние куып кеттиккой колдин кирин
👍🏻👍🏻👍🏻🦌❤
👍
ЖАРАЙСЫҢ. САНЖАР. КЕРЕ ЕТ. СЕН. НАҒЫЗ. АКАДЕМИКСІҢ.. РИЗАМЫН. САҒАН!!!
Қараңыздаршы, кітап оқыған, білім алған кісі, ғылыммен айналысатынның адамның ой өрісі, сөз талдауы қандай керемет🙌 Біліммен ғылыммен айналысайық🎉
👏👏👏👏🌎🌏🌍
Біздің туысқан апайымыз дың күйеуі, апайымыздың ағасымен киік атуға шығады. Апайымыздың ағасы киік атам деп мылтығын оқтағанда күйеу баласы көзіне киік болып көрініп, күйеу баласын атып тастапты. Содан екі жұрт өмір бойы бір бірімен жауласып араласпай кетті. Киіктің киесі тиді деп айтады
👍👍👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿
❤❤❤❤❤❤❤❤
Саке баса бер
Кииктин Киеси урып топан су келди. Канша жаздым, айттым тындамады!!!
Бала күнімізде 80-ж.көршіміз браконьер еді Түркістан жақта.Жағдайы да жақсы болатын.Сол кісі күндердің бір күнінде аңшы мылтығын тазалап орырырғанда өз мылтығы атылып кетіп басын жұлып кетіп қаза болды.Аңның киесі атты деген сөздерді естіп едік сол кезде.
кез келген жаунуардың киесі болады
Жылқы атасы-Қамбар ата,сиыр атасы- Зеңгі баба,түйе атасы- Ойсыл қара,қой атасы-Шопан ата,ешкі иесі - Сексек ата деп, қазақ төрт түлік малының қасиетін білген.
Санжаржан дүниенің бір бірінің баиланысты екенін өте жақсы түсіндірдің біліміңе тінтімін сені алтын сақадан білемін теледен бірақ осындаи жігіт ана біреуді тақсыр деп бас иуіңе түсінбеймін
🫶
Санжар ағаның әңгімесіне тоймайсың
Оралда кейікті қынадай қырып
Ақтөбеге әкеп етін сатқандар болды.халық алмады!!! Қаны машина машинадан ағып жатқан тоба.!! Арты не болғанын білесіздер.
Сәке Сізді тыңдап, кітап оқудың қажеттілігі болмай тұр😂. Төте жол болдыңыз ғой
90 -ШЫ ЖЫЛДАРЫ МҮЙІЗ ҮШІН КИІКТІ АЯМАЙ ҚЫРҒАН АДАМДАР БАР. АМАН , БАЙ ТҰРАДЫ ҚАЗІР. КИЕСІ ТИМЕГЕН БЕ
Өзіне тиімеседе урпағына қалайда тиіеді, ол заңдылық.
Санжар аға Оралға келді ме
Исламисттердің Сөзі құрсын! Қазақ Аталарының Ілімін түсіріп, арабтарды мақтай береді.
Дурыс айтасыз.окулыктарга киргизу керек окымыстылар кайда?
Қазақ түсіну үшін кірме сөз қолданбаса осы.Рассианализм деген не
2+2=4 деп әдемі айтты. Санжар аға 2+2=5 емес деп отыр ғой.
Куралай кот жуар деген ды естыгем
Тақырып қою білмейсіңдер? Автор мына тақырыпты дұрыс қойсаңдар масқара просмотр жинайды
Тақырып киік жайлы, нақты не айтылды - сол қойылды
Салафитер қаптап бекболат пен сатыпалды бастап мұхамеджан қоштап елдің быт шытын шығаруға сәл қалды
Құрттың атын малта деп әңгіме айта беретіндер көбейіп кетті)) Қазақта ештеңе болмаған сияқты, бәрін апарып айдаладағы аврамдық дүниетанымға қосақтап әңгіме айтатындар қаптап кетті. Қазақтың бүкіл дүниетанымының бәрін айдаладағы арабтың еншісіне беру. Өзіңнің мұрныңды өзің тесіп, оған жіпті өзің байлап, жіптің ұшын арабтың қолына өзің бергенмен бірдей тірлік. "Тайланд экологиялық жүйесін қалыпына келтіру үшін, буддизм идеологиясын пайдаланып экологиясын қалпына келтірді" дейді. Жақсы, экологиялық жүйеге пайдасы болды дейік. Бірақ сол буддизм идеологиясы, Тайланд халқының өзінің төл дүниетанымын тамырымен қопарып тастаған рухани апатты қалай қалпына келтіреді? Буыны әлі қатпаған логикалық, критикалық ойла алмайтын кішкентай балалардың санасына, дінніи мифологияны сіңіру өте қауіпті құбылыс. Ой өресі әлі толыспаған жас балаға мифология емес, рационалды ойлануға жетелейтін ғылым-білім ауадай қажет. КИЕ ұғымы біздің арғы ата-бабамыз көне түркілерден келге жатқан қасиетті ұғым. Оның айдаладағы аврамдық дүниетанымға ешқандай қатысы да жоқ. «Ұлы Далаға» аврамдық дүниетаным келмей тұрған ескі заманан, ата-бабамыз табиғатпен етене тұрмыс-тіршілігінде осы КИЕ дүниетанымын қалыптастырған. Мысалы: Шөпті жұлма. Суға дәрет сындырма. Малды бастан ұрма. Ысқырмай аң атпа. Аңдар төлдейтін кезде аңшылық жасама. Құстың ұясын бұзба. Құмырсқа илеуін бүлдірме. т.б...
КИЕ ұғымы табиғатпен ете тіршілік еткен ата-бабамыздың, сана сүзгісінен өткен төл дүниетанымы. Ата-бабамыз ой-өресі толыспаған жас ұрпақты тәрбиелеуде миға симайтын мифологиямен емес.
ЖАМАН БОЛАДЫ! ҰЯТ БОЛАДЫ! ОБАЛ БОЛАДЫ! Дейтін үш ауыз сөзбен тәрбиелеп келген.
мына комментарии-ақ жеткілікті сияқты 30 мин уақытымды басқа нәрсеге жіберейін. Рақмет! Жақсы айттыңыз! Обал болады дегенмен өстік қой.
Мифология унеми болды гой казакта. Мифология урпакты тарбиелейди гой
@@ЖанарЖеменей-я4ы Жанар ханым! Әлбетте мифология бізде болды, болада береді. Тек бізде ғана емес, барлық халықтың өздерінің төл дүниетаным негізінде қалыптасқан төл мифологиясы болады. Мысалы: жапондар өздерінің императорларын Жаратушының (Құдай) баласы дейтін мифологияны әліде дәріптейді. Ол үшін жапон қоғамы бұлай болу мүмкін емес деп дауласып қырлыспайды. Бұл жапондардың бағзыдан келе жатқан өздерінің төл дүниетанымына айналған төл мифологиясы. Сол үшін олар болашақ ұрпақтарына осы мифологияны жеткізіп отырады. Менің айтпағым біздің қоғамдағы жаттың дүниетанымын насихаттайтын тіл-жақтылар туралы. Мен соны меңзеп айтып отырым. Олар біздің халықтың бағзыдан келе жақтан төл мифологиясын теріске (жоққа) шығарып, оның орнына біздің халыққа мың қайнаса сорпасы қосылмайтын басқа жұрттың мифологиясын әкеліп тықпалайды. Немесе біздің халықтың төл дүниетанымдық мифологиясын, айдаладағы басқа жұрттың мифологиясына апарып қосақтап, біздің мифологияның шығу негізі солардан еді дейтін насихат жүргізеді. Мысалы: біздің бүкіл салт-дәстүрдің бәрін айдалалағы аврамдық араб дүниетанымына апарып теліп, біздің салт-дәстүрді бәрін соларлан таратады. Өзіміздің бағзыдан келе жақтан «Көк бөрі»,«Ұмай ана» т. б сол сияқты төл мифологияны күлкіге айналдырып жоққа шығарады. Ана бір салт ана сахабадан, ана бір салт ана пайғамбардан, ана бір сал ана періштеден т. б осылай кете береді. «Шашу», «Көрімдік», « Дастархан әдебі» т. б сияқты төл салт-дәстүріміз бізге сол жұрттан келді дегенді насихаттайды. Тіпті өткенде біреуі «Көкпарды» арабтарға апарып теліп, «Көптар» бізге соларлан келді дейтін ертегісін езіп отыр)) Ондайларды тыңдасаң ҰЛЫ ДАЛАҒА араб дүниетанымы келгенше, ҚАЗАҚ деген халықта ешқандай төл дүниетаным болмаған, ауада халықтап тұрған халық сияқты сипаттайтын. Біздің ата-бабамыз империя құрып, өркениет жаратып, және аттың тұяғы жеткен жерге дейін сол өркениетті таратқан ҰЛЫ ХАЛЫҚ болды.
Киенің артында Тәңір дейсіз бе Құдай дейсіз бе Алла дейсіз бе әйтеуір бір жаратқан құдіретке сену,сол құдіреттің жаратқанына зияныңды тигізбеу жатыр ғой.Киенің артында құдай деген ұғым тұр.Құдайға сенбеген ғана құдайдың жаратқанына зиянын тигізеді.Кие,құдай ұғымдары ИРРАЦИОНАЛ ұғым.Оны РАЦИОНАЛ біліммен дәлелдей алмайсың.Ата бабаларымыз ой өресі әлі толыспаған балаларды сіз айтқандай рационал білім арқылы емес, миға сыймайтын аңыз әңгіме,қисса,ырым тиымдар,ертегілер арқылы тәрбиелеген.
АНЫЗ АДАМЫ ҚЙАЛ БАЛАСЫ
Тілге жатып алған сопы
Киік жайына калды
Керемет
👍👍👍👍
❤
Керемет
👍👍👍
Керемет
👍👍👍
👍👍👍