Іле өзенінің атырауы балық аулау

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 3 окт 2024
  • Жаздың қызған шағы. Мыңдаған қала тұрғындары су қоймаларына ағылуда. Өздерінің демалыстарын сонда өткізбекке. Бізде демалыс күндердің бірінде балық аулауға жолға шықтық. Бұл жолы бізді ескі досымыз Алексай қонаққа шақырған еді. Атырапқа келгенімізде әль Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің экспедициялық тобын кездестірдік. Саяхатқа халықаралық деңгейде жиналыпты. Марғұлан - биология факультетінің ихтиология кафедрасының магистранты, Никита туризм кафедрасының қызметкері. Тия - Германияның технологиялық университетінің аспиранты. Бұл жолы Іле өзеніне әр түрлі маман иелері жиналыпты. Өйткені, бүгінгі таңда өзен атырабындағы тіршілікпен танысу әрі сақтау үшін осы маман иелері тәжірибелік жұмыстар жүргізуі керек. Заманауи экология өзен су қоймасының жүйесін толықтай зерттеу керек, өйткені бұл да тірі организм деген тоқтамға келген.

Комментарии • 8